Literature:
1.
Bachman L.F. (1990). Fundamental Considerations in Language Testing.
Oxford: Oxford University Press. Bachman, L. F., & Palmer, A. S. (1982). The
construct validation of some components of communicative proficiency. TESOL
Quarterly, 16 (4): 449-65.
2.
Canale M. ,& Swain, M. (1980). Theoretical bases of communicative
approaches to second language teaching and testing. Applied Linguistics, 1 (1): 1-47.
3.
Canale M. (1983). From communicative competence to communicative
language pedagogy. In J. C. Richards and R. W. Schmidt, eds. Language and
Communication. New York: Longman.
4.
Carroll J.B. (1968). The psychology of language testing. In A. Davies, ed.
Language Testing Symposium: A Psycholinguistic Perspective. London: Oxford
University Press. Chomsky, N. (1965). Aspects of the Theory of Syntax. Cambridge,
MA: MIT Press.
5.
Goffman E. (1981). Forms of Talk. Philadelphia: University of Pennsylvania Press.
6.
Gumperz J.J. (1982). Discourse Strategies. Cambridge: Cambridge University Press.
7.
Gumperz J.J. (1997). Communicative Competence. In N. Coupland and A. Jaworski,
eds. Sociolinguistics: A Reader and Course - book. London: Macmillan Press.
Хабаршы
№1- 2015ж.
240
8.
Gumperz J. J. (2001). Interactional sociolinguistics: A personal perspective.
In D. Schiffrin, D. Tannen, and H. E. Hamilton, eds. The Handbook of Discourse
Analysis. Malden, MA: Blackwell.
9.
Hymes D.H. (1972). On communicative competence. In J.B. Pride and J.
Holmes, eds. Sociolinguistics. Harmondsworth, England: Penguin Books.
10.
Hymes D.H. (1974). Foundations in Sociolinguistics: An Ethno - graphic
Approach. Philadelphia: UniversityofPennsylvaniaPress.
11.
O’Malley J.M. and Chamot, A. U. (1990). Learning Strategies in Second
Language Acquisition. Cambridge: CambridgeUniversityPress.
12.
Saville-Troike M. (1989). The Ethnography of Communication: An
Introduction. Oxford: Basil Blackwell. Saville-Troike, M. (1996). The ethnography of
communication. In S.L. McKay and N.H. Hornberger, eds. Sociolinguistics and
Language Teaching. Cambridge: Cambridge University Press.
13.
Swain M. (1985). Communicative competence: some roles of comprehensible
input and comprehensible output in its development. In S. M. Gass and C. G. Madden, eds.
Input in Second Language Acquisition. Rowley, MA: Newbury House.
14.
Widdowson H. G. (1978). Teaching Language as Communication. Oxford:
OxfordUniversityPress.
Аманбаева З.Ж., Бигалиева С.Б.
Коммуникативтік құзыреттілікті анықтаудағы негізгі тәсілдерін талдау
«Коммуникативтік құзіреттілік» ұғымы жылма жыл әр түрлі журналдар мен
диссертациялық жумыстарда талданғанымен, осы сөздердің қандай дәл мағына беретіні
туралы айқын консенсус жоқ.«Коммуникативтік құзіреттілікті» анықтаудағы көптеген
тәсілдер болғанымен, біз аталмыш мақаламызда солардың ең басты тәсілдеріне тоқталамыз.
Сонымен қатар, біз коммуникативтік құзыреттілік ұғымынсоциолингвистика және
екінші тілді меңгеру жағынан бөліп қарастырамыз.
Кілт сөздер: коммуникативтік құзыреттілік, коммуникативтік құзыреттілік ұғымы,
социолингвистика, коммуникативтік тілдік қабілеті, екінші тіл меңгеру.
Аманбаева З.Ж., Бигалиева С.Б.
Анализ основных подходов к определению понятия «коммуникативной
компетенции»
Несмотря на большое количество различных значений понятия "коммуникативной
компетенции», которые появляются в журналах, конференциях и диссертаций ежегодно, до
сих пор не ясно, консенсус о том, какое точное значение передает эти слова. Есть много
определений и дискуссий по коммуникативной компетенции, но в этой статье мы будем
рассматриватьнаиболее важные из них. Кроме того, мы представляем, как понятие
коммуникативнаякомпетенцияиграет важную роль в области социолингвистики и вовладении
второго языка,на протяжении многих лет.
Ключевые слова: коммуникативная компетентность, концепт коммуникативной
компетенции, социолингвистика, способность коммуникативной языка, овладения вторым
языком.
ӘОЖ: 821. 512. 122 (091)
Әбдіқалық К.С. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
(Алматы қ., Қазақстан) E-mail:
kun_jan.16@mail.ru
НАРМАНБЕТ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ҰЛТ ТАҒДЫРЫ
Аннотация. Бұл мақалада ұлт тағдырын, отаршылдық қанауды терең жырлаған
Нарманбет ақынның өлеңдері талданады. Ең алдымен «Патшаның тағы бір политикасы»,
Хабаршы
№1- 2015ж.
241
«Әждаһаның аузында» өлеңдерінің басты идеясы ашылып, өз дінін қорғаған ақынның
миссионерлердің әрекеттері мен қазақтың аңғалдығын қалай сынағаны жан-жақты сөз етіледі.
Мұнда 1905 жылғы тарихи жағдайдан бастап ел мен жер, дін мәселесін қозғаған Нарманбет
шығармаларынан ақынның ұлт жоқтаушысы екені айқындалады. 1916 жылғы патшаның июнь
жарлығына қатысты өлеңдеріндегі тұспалды ойлар ашылып көрсетіледі. ХХ ғасырдың
басындағы ел ішіндегі түрлі саяси мәселелерде өз ойын ашық білдіріп, Алаш азаматтарының
тілеуін тілеген ақынның басты мұраты зерделенді.
Кілт сөздер: мұсылман, миссионер, шоқындыру, дін, ақын, заман, қоныс, июнь
жарлығы, Құрылтай, Алаш қозғалысы.
XX ғасырдың басы алғашқы орыс революциясымен қоса отарлық саясатқа
наразылық танытқан Алаш қозғалысын да алып келгені белгілі. Ал Алаш
қозғалысының 1905-1920 жылдарда еліміздегі Қарқаралы петициясын
ұйымдастыру, мемлекеттік Думаға депутат сайлау, бүкілодақтық съезд өткізу,
баспасөз
бетінде
үгіт-насихат
жұмысын
жүргізу,
Алаш
партиясы
бағдарламасының жобасын жасап, Алашорда үкіметін құру сияқты саяси
күрестің күрделі сатыларынан өткендігін тарихтан білеміз.
Орыс отаршылдығының қанауы күшейген тұсында қиналған халықтың
жан ашуын айтуға қаламын қару еткен ақындарымыздың ішінен Нарманбет
Орманбетұлы да шығып, қазақ халқының тағдырына қатысты оқиғаларға өз
көзқарасын ашық білдіріп отырды.
Алаш қозғалысын зерттеуші ғалымдардың айтуынша оның тарихы 1905
жылғы Ресей патшалығының озбырлық саясатына қарсы жазылған Қарқаралы
құзырхатынан бастау алады. Ал Алаш қозғалысының алғашқы толқынын
бедерлейтін осы оқиға ең алдымен Нарманбет шығармашылығынан көрініс
тапты. Мәселен, ақынның «Қазақты жүруші едің қойдай бағып» [1] деген
өлеңінде Қарқаралы петициясы туралы, осы іске ұйытқы болған қазақ аза-
маттарының ел ісіндегі адал қызметі таңбаланған еді.
Жазылды жәрмеңкеде патшаға дат,
Мұнан соң мәшһүр болды бұл ғазағат...
Халықты аяйтұғын асыл заттар,
Бір-екі тұйғын ұшты қанат қағып...– деген өлең жолдарынан ақынның
халық үшін еміренген Алаш зиялыларын асыл зат пен тұйғын құсқа теңей
отырып, оларды биікке көтергенін байқаймыз. Ал осы «тұйғындардың» бірі
Ахмет Байтұрсынов болатын. Оған нақты дәлел де жоқ емес. Мұны М.Әуезовтің
1923 жылы жазған «Ахаңның елу жылдық тойы» деген мақаласынан аңғарамыз:
«1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік
хүкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген. Ол пети-
циядағы аталған үлкен сөздер: бірінші – жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды
тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші – қазақ жұртына земство
беруді сұраған. Үшінші – отаршылардан орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін,
ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында қазақ жұртын
муфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол
күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан,
Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан,
көпшіліктің оянуына себепші болған».
Алайда осындай ұлт қозғалысына «тілеулес кісілердің» бірі Нарманбет 1905
жылға дейін-ақ, яғни «Патшаның тағы бір политикасы», «Әждаһаның аузында»
сияқты өлеңдерімен «қазақ баласының дертті мәселелерін» ашық айта білді.
«Христиан дініне кіргізу – патша өкіметінің отаршылдық саясатының ең
өктем саяси әдістерінің бірі» деп тарихшы Н.Никольский жазғандай, расында да
отарлаушы үкіметтің қазақтарды өз дінінен айыру жолында түрлі әдіс-тәсілдерді
Хабаршы
№1- 2015ж.
242
пайдаланудан тайынбағандығын тарихи деректерден білеміз. Солардың бірі
қазақ арасына орыс миссионерлерін жіберу арқылы діттеген мақсаттарын жүзеге
асыру еді. Орыс отаршылдарының осы бір дін саясатындағы сұрқия әрекетін
алдымен сезінген Нарманбет «Патшаның тағы бір политикасы» деген өлеңінде
олардың шынайы келбетін ашады. «Қырғыз, қазақ әр тарап, Дінге салды
шатақты», – деп бастап алады да әрі қарай патшаның атынан сөйлейді. «Дін жоқ
сенде атақты...» деп патша елді азғырып қана қоймай, «...Құдайдан сірә
қорықпайсың, Орыстан қорқып жүрсің тек», – деп мысқылдайды. Жаратушы
Алладан емес, өзі сияқты Алланың құлынан қорыққан халқына ызаланған ақын
елінің соншалықты азғындап кетпеуін қалап, осындай кекесін, намысқа тиетін
сөздерді патшаның аузына салады.
«...Табындың отқа май жаққан...
«Әулие тас» деп үңгірге –
Түнейсің барып бір түнде;
Жартастан бала сұрауың –
Мұсылман болсаң бұл жөн бе?»
Нарманбет бұл арада осы кезге дейін жалғасқан қазақтардың аруаққа
сыйыну әрекетін сынап тұрған жоқ, қайта халқының бүкіл болмысынан хабардар
әрі соған қарсы айла-әрекет те тапқыш орыс саясатының тереңде жатқанынан
сақтандырғысы келеді. Олардың осылайша азғыртудағы түпкі мақсатын ақын
«...Сендерге таза дін таптық – Боласың бізбен ағайын» деген өлең жолдары
арқылы сездіреді. Сөйтіп, отарлаудың бір жолы шоқындыру екенін Нарманбет
өзі ұғып қана қоймай, ел-жұртының да білгенін қалады.
Шығарды елге миссионер:
«Қазаққа барып дін білдір,
Наданы көп қой қазақтың,
Кейбіреуін еліктір».
Тарихи деректерге сүйенсек, қазақтарды шоқындыру жоспары іс жүзінде
1868 жылдан бастап нақтыланып, оны жүзеге асыратын бағдарламасы әр кезеңге
(1892, 1898, 1902) жасалынған көрінеді. Нәтижесінде 1869 жылы Мәскеуде
миссионерлер қоғамы құрылып, олар шоқындыруды жоспарлы түрде іске асыру-
ға белсене кіріскен екен. Міне, осындай тарихи шындықтар Нарманбет өлеңінде
де нақты көрініс тауып, айқын бедерленіп отыр.
Алайда миссионерлердің алғашқы әрекеттерінен түк шықпағаны да ақын
жырынан қалыс қалған жоқ. «Елге шықты екі-үш поп, Айнытам деп әуре боп.
Ақшаны көп берсе де, Ешкім тілін алған жоқ», – деген өлең жолдары христиан
дінін уағыздай бастаған өзге діннің оқымыстылары мен поптарының бастапқы
ісінің бірден жүзеге аспағандығын мәлім етеді. Бірақ олардың бұған да амал
табатыны белгілі. Осы арада христиандық отарлау саясатының маманы
В.Говиттің сөзіне жүгінсек, ол: «Отарлаушылардың шеңгеліне іліккен мұсылман
діндегілер мен бөтен нәсілділерге христиандықтардың көрсеткен тағылығы бұ-
рынды-соңды болған қырғын-топалаңнан асып түсті», – деп жазады. Демек,
ақынның «Үкімет сөзін бұзбайды, Бұзған соң үміт үзбейді», – деуі де осыны
меңзесе керек. Әйтеуір қандай жолмен болса да миссионерлердің діттеген мақ-
сатына қол жеткізгенін өлең соңында аңғарамыз. «Елу сом беріп, айнытып,
Тауып алды Дүзбайды», – деген мәліметтің де сыры тереңде. Ұтымды айлаға
оңай алданған қазағымыз осылайша отарлықтың қармағына іліне бастады.
Бақыттың көзі ақшада деп білген Дүзбайлар оларға қолдау бола түсті. Сөйтіп,
ақшаға сатыла салатын қазақты тапқан миссионерлердің жолдары болып, өз
діндерін насихаттаудағы жұмысын одан әрі жалғастыра түскеніне ашынған ақын
Хабаршы
№1- 2015ж.
243
осындай жырларымен елінің көзін ашқысы келеді. Қазіргі қазақ өмірінде де
болып жатқан осындай құбылыстарға ой жүгірткенде, Қазақстандағы
вахаббитер, яғни әр түрлі сектада жүргендер бүгінгі зымиян саясаттың құлдары
екенін білсе ғой дейміз. Тіпті, ел сеніміне кірген кей ағаларымыздың Дүзбай
сияқты ақша үшін солардың сойылын соғып жүргенін естіп, біліп жүрміз. Ал
оларға Нарманбеттің осы өлеңі сабақ болса ғой, шіркін!
«Әждаһаның аузында» деген өлеңіне келсек, мұнда өз нәтижесін берген
Ресей империясының түрлі реформаларына ашынған ақын орыс патшалығын
айдаһарға теңеп қана қоймай, келімсектер иелігіне кеткен, яғни, «Әждаһаның
аузында, Айырылып қалдық қоныстан» деп орыс мұжықтарының қысымынан
жайлы мекенінен айрылған қазақтардың ауыр халі басты нысанаға алынады.
1905 жылғы тарихи ахуалдан бастап Нарманбет ел мен жер мәселесін
жырлауды тіпті күшейте түседі. Ақынның халықты ояту мақсатында жазған
«Сақараға қарасақ», «Қазақ ұлы, біз тұрмыз», «Бұл күнде байлар ғаяр, билер
мекер» деген өлеңдері де отаршылдық саясаттың зардаптарын шынайы
суреттеуімен бағалы еді. Ал «Мектеп бастығына», «Жақыпқа» сияқты өлеңдері
ұлт тағдыры үшін арпалысып жүрген Алаш көсемдеріне арналса, 1906 жылы
жазылған «Кей таудың басы биік, мағданы жоқ» өлеңінде ұлт зиялыларының
ісіне сүйеу болмақ түгіл, оларды бағалай алмайтын кейбір азаматтар «Кей жігіт
сырты сұлу, аузы білгіш, Ақтарсаң жүрегінің ақ дәні жоқ», – деп сынға алынады.
«Сандуғаш, сары шымшық, сансыз торғай, Ұшқан соң бәрі құс боп амал бар
ма?», – дегенде де ел ісіне араласып жүрген оқығандардың бәрі бірдей еместігін
аңғартып тұрғандай. Сондай-ақ «Қол жетпес көкте айналып қыран да жүр, Жол
жетпес жерде жосып құлан да жүр. Қырқадан қырқын мінсе аса алмайтын, Қыл-
тиып көп ішінде қылаң да жүр», – деу арқылы ақын ел тұтқасын ұстайтын
азаматтарды дұрыс таңдау қажеттігін насихаттағандай. Бұл ақынның Ресей
Мемлекеттік І Думасына қазақтан депутаттыққа кандидат ұсыну жөніндегі ұлы
жиынға ат салысқанын аңғартады.
1907 жылы Ресей Мемлекеттік ІІ Думасын таратқан патшаның 3 июньдегі
жарлығынан кейін есеңгіреп қалған халқына ұлт зиялылары «Оян, қазақ!» деп
жар салса, Нарманбет те отаршылдық озбырлыққа деген наразылығын одан әрі
күшейте түседі. Мәселен, отарлаушылардың жергілікті жердегі жағымпаздары –
пристав пен оның төңірегіндегілердің екіжүзділігін, парақорлығын әшкерелейтін
«Кер заман», бұрынғы ата-баба қоныстанған қазыналы мекен, көк майса, көкорай
шалғынды, шұрайлы жердің жат қолына кетіп бара жатқанын күйіне жырлаған
«Сарыарқа» өлеңдері осының айғағы.
«Қалмады, ей, Сарыарқа, сенде қызық,
Сандал тау, сары өлкені алды мұжық...».
Ресей Мемлекеттік ІІІ Думасынан кейін қазақ жеріне орыс мұжықтарының
қаптап қоныс аударуын ақын қаймықпай-ақ ашық жырлады. «Жұлын сау,
омыртқаны қойды мұжып», – дегенінде де Ресей империясының қазақтардан
қанша жер алғанын сөзбе-сөз есептеп береді. Сондай-ақ «Жолым тар,
жолбарыстай жорта алмаймын, Айтуға мүмкін емес бәрін тізіп», – деп ескертіп
те қояды. Осы өлеңіне қатысты ғалым Е.Ысмайылов мынадай пікір білдіреді:
«Бұл өлең Столыпин реформасы дәуірінде жазылған. Патша үкіметі қазақ дала-
сына колонизатор элементтерді – орыстың кулак, помещиктерін келтіріп,
қазақтың 100 жыл бойы таланып алынып келе жатқан жеріне, соңғы рет мол
ауыз салады. Талай ауыл, талай елдер өзінің атамекенінен қонысын аударып,
құба жон, қу тақыр, шөл далаға қуылады». Расында да ақын өз жерінен көшкен
қазақтардың аянышты халін «Суырдай іннен шыққан сүмірейіп, Дариға-ай,
мекенінен ел кете ме?» – деп күңірене баяндаған.
Хабаршы
№1- 2015ж.
244
Ұлт жоқтаушысы Нарманбет ел ішіндегі түрлі саяси мәселелерден
ешқашан көз жазбаған. Мәселен, Алаш зиялыларының ел мүддесін қорғауға
ұмтылысының бірі «бас қосу» мәселесі, яғни, «Айқап» пен «Қазақ» арасындағы
түрлі келіспеушіліктен туған мақалалар мен хаттар да ақын назарынан тыс
қалмады. Қазан төңкерісіне дейінгі ұлт баспасөзін зерттеуші ғалым
Ү.Субханбердинаның «Н.Орманбетұлы «Қазақ» газетіне хабар жазып, тілшілік
міндет атқарған», – деген мәліметіне және ондағы «Қазақ» газетін
шығарушыларға жазған ақынның хат мәтініне сүйенсек, ұлт зиялыларының
талаптарын қолдауы, «бас қосу» мәселесіндегі айтыс-тартыстарға өзіндік ой біл-
діріп, даулы мәселелерде пайымды пікір айтуы Нарманбеттің елдегі болып
жатқан саяси мәселелерге де араласатындығын нақтылай түседі.
Қазақ жұртына ауыр қайғысын ала келген 1916 жылғы патшаның июнь
жарлығы да ақынның «Келтірген Сарыарқаға құдай бастап», «Сарыарқа сайран
жерім-ай» өлеңдерінде кеңінен көрініс тапты. «Сарыарқа сайран жерім-ай»
өлеңінде «Он тоғыз бен отыз бір, Шақырды бабаң «тойға» кел» деп патшаны
«бабаға», ал қара жұмысты «тойға» балаған ақын 1916 жылғы оқиғаны түгелінен
баяндап береді. «...Жасы қате жазылған Отыз бірден артықтар. Араласып кетті
ғой, Мертік пенен шартықтар», – деп ақын ел басына күн туғанда болыс, тілмаш,
ауылнайлардың өз ұлтына жасаған қиянаттары да сынға алады. Сондай-ақ
«Балам қайда кетті» деп Кемпір шеше жылады, Кемпірінен жасырып, Шал да
көзін бұлады», – деп сол кезеңнің шындығын, «Балам жетім, келін тұл, Құдай қа-
шан иеді?», – деп адамнан ешқандай көмек қалмаған соң, Алладан медет сұраған
жұртының тағдырын осылай көз алдыңа әкеледі.
1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс, Патша үкіметінің тақтан құлауы,
Алашорда үкіметінің құрылуы сияқты тарихи құбылыстар да ақын назарынан
тыс қалмады. Осы кездерді жырлаған «Тілекті хақтың берген күн», «Жасқаншақ
бас», «Құрылтайға барғанда», «Ұран», «Даусың қалай ашылды?», «Олқын-
толқын» өлеңдерінің бәрінде Нарманбеттің шынайы тілегі, келер күннен күтер
үміті, өлмес рухы сезілетіні анық. «Тілекті хақтың берген күн» өлеңінде «Әлемді
жұтқан айдаһар Мерт болып бүгін өлген күн», – деп патшаның тақтан түскеніне
шаттанған ақынның зор қуанышы байқалса, «Жасқаншақ бас» өлеңінде «жұрт
үшін жанын қиған сарбаздарды» еске алып өтеді. Ал «Құрылтайға барғанда»
өлеңінде «Алаштап қарақшыдан өткізейік!» деп ұрандап, «Алаш Орда»
сайлауының дұрыс өтуіне ізгі ниетін аңғартса, осындай қарқынмен жазылған
«Ұран» өлеңінде «Ұйықтап жатқан алашты Оятуға қозғалық!» – дейді. Барша
қазақты бірлікке шақыра отырып, «кел, ұйқыдан тұралық» деп қозғау тастайды.
Адасып жүрген халқының теңіз іспетті буырқанған заман толқындарынан аман-
есен өтіп, азаттықтың жағалауына қоныс тепкенін көргісі келеді. Сөйтіп, ақын
«...Ортамыздан бек сайлап, Ынтымақпен көп сайлап, Қарақшыдан озалық!» – деп
«қарақшыны» тағы да еске алып өтеді. «Алаштап қарақшыдан өткізейік!» немесе
«...Қарақшыдан озалық!» дегендегі ақынның «қарақшы» деп отырғаны қазақ
жерін тонаған келімсектерді мегзесе керек.
Жалпы, «Мұжық алып жер кетті қоныстықтан» деп жырлап өткен
Нарманбет ХХ ғасырдың басында алаш қозғалысына қатысты ел ішіндегі түрлі
саяси мәселелерде өз ойын ашық білдіріп отырды. Отарлықтың тар қыспағынан
әбден қажыған ақын «Ақ туын пайғамбардың жықпай тәңірім, Жалғыз-ақ өзің
сақта орыстықтан», – деген ұлы тілегін келешек ұрпаққа аманат етіп қалдырады.
Әдебиеттер:
1.
Нарманбет Орманбетұлы. Шығармалары. – Қарағанды: Болаша, 1998. – 356 б.
Хабаршы
№1- 2015ж.
245
Абдикалык К.С.
Судьба народа в стихотворениях Нарманбета
В данной статье подвергаются анализу стихи акына Нарманбета, воспевшего судьбу
нации и колониальный гнет. В первую очередь раскрывается основная идея стихотворений
«Патшаның тағы бір политикасы» и «Әждаһаның аузында». Всесторонне раскрывается
миссионерская деятельность акына, вставшего на защиту своей религии, и его критика
доверчивости казаха. Также выявлено, что Нарманбет поднимал в своих произведениях темы
народа и земли, религии, оплакивая тяжелую долю народа. Раскрыт подтекст стихотворений,
посвященных июньскому указу царя от 1916 года. Исследованы передовые мысли акына
относительно политических вопросов начала ХХ века и его жизненное кредо.
Ключевые слова: мусульманин, миссионер, принимать крещение, религия, поэт,
эпоха, стойбище, июньский указ, Курултай, движение Алаш.
Достарыңызбен бөлісу: |