Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет33/39
Дата29.12.2016
өлшемі2,91 Mb.
#676
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39

Literature: 
1.
 
Hardy Thomas. A Group of Noble Dames // London: Macmillan, 1903. –270 p. 
2.
 
Abercombie  L.  Thomas  Hardy  a  Critical  Study  /  New  York:  Russell  and 
Russell, 1964. –224 p. 
3.
 
Abrams M.H. et al. “Woman Question.” In The Norton Anthology of English 
Literature. // Eds. Abrams M.H. Vol. II 6th ed. New York: Norton, 1993. –2543 p.  
4.
 
Boumelha  Penny.  Thomas  Hardy  and  Women:  Sexual  Ideology  and 
Narrative Form. // Brighton: The Harvester Press Limited, 1982. – 178 p. 
5.
 
Child H. Thomas Hardy. // London: Nisbet, 1966. –126 p. 
6.
 
Drabble  M.  The  Oxford  Companion  to  English  Literature.  6th  ed.,  rev.  // 
NewYork: Oxford University Press. – 1172 p.  
7.
 
Dutta  Sh.  Ambivalence  in  Hardy:  A  Study  of  His  Attitude  to  Women.  / 
London: Anthem Press. – 246 p. 
8.
 
Johnson L. The Art of Thomas Hardy. // London: Elkin Mathews, 1894. – p. 
275. 
9.
 
Macdonell A. Thomas Hardy. // London: Hodder, 1894. –232 p. 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
276 
10.
 
Macmillan English Dictionary for Advanced Learners: International Student 
Edition. 1st publ. / Oxford: Macmillan, 2003. – 1692 p. 
11.
 
Stribrny Z. Dějiny anglickй literatury // Praha: Academia, 1987. – P. 421-837.  
 
Шамғонова Р.Ғ. 
Томас Гардидің қысқа әңгімелеріндегі әйелдер бейнесі 
Мақалада  автор  Викториан  кезеңіндегі  белгілі  ағылшын  жазушысы  Томас  Гардидің 
әңгімелеріндегі  әйелдер  бейнесіне  талдау  жасайды.  Жұмыста  Викториандық  әйелдерге 
сипаттама  берілген,  сондай-ақ,  олардың  әлеуметтік  жағдайы  мен  қоғамдағы  қарама 
қайшылықтар бейнеленген. 
Кілт  сөздер:  Гарди,  Викториандық  әйелдер,  мораль,  қысқа  әңгімелер,  әйел  бейнесі, 
ақсүйек ханымдар. 
 
Шамгонова Р.Г. 
Женские образы в коротких рассказах Томаса Гарди 
Статья  посвящена  анализу  роли  женских  образов  в  рассказах  выдающегося 
английского писателя Томаса Гарди на фоне викторианского общества. В работе описывается 
общий  подход  Гарди  в  отношении  женщин  и  акцент  делается  на  описании  и  анализе 
конкретных  рассказов  с  общими  функциями,  такими,  как  мужество  и  решимость  женщин,  а 
также роль социального статуса. 
Ключевые слова:  Гарди, викторианские женщины, мораль,  рассказы,  женский образ, 
благородные дамы. 
ӘОЖ: 811.512.122’373.21 
 
Бұғыбаева Ж.Б. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  
университетінің докторанты 
(Алматы қ., Қазақстан) 
E-mail: tzhan7@mail.ru 
 
СӨЗЖАСАМДЫҚ ЖӘНЕ ТОПОНИМЖАСАМДЫҚ  
ҚҰРЫЛЫМДАР 
 
Аннотация. Мақалада тіліміздегі атаулар, жалқы есімдер, жер-су аттарының барлығы 
сөзжасам  заңдылықтары  бойынша  жасалатындығы  айтылады.  Алайда,  топонимжасамдық 
құрылымдар  сөзжасамдық  құрылымға  негізделіп  жасалғанымен,  топонимжасамдық 
құрылымының жеке өз талаптарының да болуы қажет екендігі талданған. 
Кілт  сөздер:  сөзжасам,  топонимжасам,  сөзжасамдық  құрылым,  топонимжасамдық 
құрылым, сөзжасам тәсілдері, сөзжасамдық жұрнақ, топонимжасамдық жұрнақ. 
 
Топонимдер  белгілі  бір  мерзім,  кезеңнің  ғана  емес,  сан  мыңдаған 
жылдардың,  тұтас  бір  дәуірдің  жемісі.   
  Олар    –    халықтың  басынан  кешкен 
тарихынан ақпарат беріп қана қоймай, халықтың тіршілігінен, өмір сүру дәстүрі 
мен  жердің  табиғаты  туралы  да  мәлімет  беретін    атаулар.  Әрбір  географиялық 
атау  тарихи  бола  тұра,  оның  мағыналық  өрісі  де  кең  болып  келеді.  
Топонимдердің  құрамына енетін апеллятивтер объектінің табиғи ерекшеліктерін 
(жер 
бедері, 
өсімдіктер, 
топырақ 
т.б.) 
білдіреді. 
Этноним 
мен 
антротопонимдерден жасалған топонимдер де бар.  Олардың барлығы  тіліміздегі 
сөзжасамдық заңдылықтар негізінде  жасалған. Ал, сөзжасам мәселесі қазақ тіл 
білімінде    жеке  сала  ретінде  ХХ  ғасырдың  соңында  қалыптасып,  ғылыми-
теориялық  мәселелері  мен  ұстанымдары  айқындалғаны  бізге  мәлім.  Ол  1989 
жылы  шыққан  «Қазіргі  қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесі»  атты  монографияда 
дәлелденген  еді.  Аталған  монографияда  алғаш    рет  тілдің  сөзжасам    жүйесі 
зерттейтін мәселелер – сөзжасамдық жүйе, сөзжасамдық бірліктер, сөзжасамдық 
заңдылықтар,  сөзжасамның  амал-тәсілдері,  сөздердің  жасалу  жолдары, 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
277 
сөзжасамдық  үлгілер  және  басқа  да  сөзжасамға  қатысты  тілдік  құбылыстар 
алғаш рет ғылыми тұрғыда сараланып, айқындалды. 
Кез келген тілдердегі сияқты қазақ тілінің сөзжасам жүйесі де қазақ тілінің 
сөздік  қорының  молаюына,  жаңа  сөздермен  толығуына  қызмет  етеді.  Сөзжасам  
–  сөздік қорымызды толықтырып отыратын негізгі тілдік құбылыс. Әрине, жаңа 
сөз  тілде  пайда  болмас  бұрын  орындалатын  іс-әрекеттер  бар.  Мысалы,  жаңа 
ұғымның пайда болуы немесе жаңа бір заттың дүниеге келуі немесе белгісіз бір 
нысанға  ат  беру  сияқты  тілден  тыс  болатын  сыртқы  факторлар.  Ал,  сол 
факторлар  үнемі  тілмен  бейнеленіп  отырылады.  Бұл  –  тілдің  ұғыммен,  санамен 
байланысының  көрсеткіші.  Міне,  осындай  сыртқы  факторлардың  бірі  –  жер-су, 
елді  мекендерге  атау  беру.    Көне  замандардан    бері  жасап  келе  жатқан 
топонимдерден  бастап,  күні  бүгінге  дейінгі  жер-су,  елді-мекен  атауларының 
жасалуы  тілдің  сөзжасам  заңдылықтары,  әдіс-тәсілдері  арқылы  жүзеге  асады. 
«Тілдің  сөзжасамдық  заңдылықтары,  әдіс-тәсілдері  көне  замандардан  бері 
қолданылып,  дамып,  іріктеліп,  түрлі  өзгерістерді  басынан  өткізіп,  қазіргі 
қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан. Тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай болса солай 
жасала  бермейді.  Ол  тілде  қалыптасқан  заңдылықтар  арқылы  жүзеге  асады»  - 
дейді  белгілі  ғалым,  қазақ  тілі  сөзжасамының  ғылыми-теориялық  негізін 
қалаушы,  профессор  Н.Оралбай  және  сөзжасамның  табиғатын  зерттеген 
ғалымдар  –  К.Құрманәлиев,  Ж.Балтабаева  [1,  4  б.].  Бүгінде  сөзжасам      өзінің 
зерттеу  нысанын  айқындаған,  тіліміздегі  сөздерді  жасаушы  күрделі  тілдік 
механизм екендігін дәлелдеген сала. 
Тілдің  негізгі  қызметінің  бірі    –    атауыштық  қызмет  болатын  болса, 
сөзжасам  тілдің  осы  қызметін  атқаруға  белсенді  қатысып  отырады.  Оны 
сөзжасамның саласы – топонимжасамнан да көруге болады. 
Топонимдерді  айтпас  бұрын,  ең  алдымен  сөзжасамдық  құрылым  туралы 
түсінік бере кетейік. Сөзжасам ілімінде туынды  түбір  –  сөздердің сөзжасамын 
белгілейтін заңдылық ретінде сөзжасамдық  құрылым  деп аталады. Жалпы  тіл 
біліміндегі  терминдік  атауы    –  сөзжасамдық  тип.    Қазақ  тіл  білімінде 
сөзжасамдық  құрылым  мәселесі  1989  жылдан  бері  «Қазіргі  қазақ  тілінің 
сөзжасам жүйесі» монографиясының жарыққа шығуына орай ғылыми айналымда 
бар.      Ол  туралы  ғалымдар  пікірінде  алалық  жоқ.  Алайда,  қазақ  тіл  білімінде 
аталған  терминді  тіліміздің  байырғы  сөзімен  атау  дұрыс  деп  санап,  оны 
сөзжасамдық құрылым деп атаған [2, 79 б.]. 
Заманауи ақпарат алу жүйесі Уикипедия ашық энциклопедиясында (дерек 
көздері  көрсетілмеген)      «Сөзжасамдық  тип  (орыс.  словообразовательный  тип) 
—  белгілі бір сөз  табына жататын сөздердің  құрылымдық желісі. Әр  тип  өзінің 
жасалуына  арқау болған  сөздердің  сөз  табы  жағынан  бірыңғай  болуымен,  негіз 
сөз  бен  туынды  сөздің  мағына  жағынан бір-біріне  қатыстылығымен және ұқсас 
форманттарының 
материалдық, 
семантикалық 
бірлігімен 
сипатталады. 
Сөзжасамдық  тип  тілдің  сөзжасам  жүйесіндегі  негізгі  буын  болып  табылады. 
Мысалы: қуаныш, өкініш, суйініш сөздері бір тип жасайды, тудырушы негіздері 
бірыңғай  етістіктер,  туынды  заттық  мағыналары  нақты  қимыл-әрекетті 
білдіретін  мағыналарға  негізделген,  тудырушы  қосымшалары бірыңғай дерексіз 
зат есім тудыратын -ыш, -іш жұрнақтары» - деген анықтама берілген [3]. 
Сөзжасамдық  құрылым  ережесіне  сай  топонимдердің  жасалуында  да 
құрылым бар. Мысалы, Қарағанды обылысында кездесетін  – Теректі, Арқарлы, 
Асулы, Шиелі, Алмалы, Аюлы, Майлы, Жосалы, Білеуті, Бақты, Бұғылы, Егінді
Жосалы,  Қарағайлы,  Қайыңды,  Қоянды,  Талды,  Изенді,  Қияқты,  Ошағанды, 
Соналы, 
Балықты
Арықты, 
Аршалы, 
Құмды, 
Шөпті, 
Жыланды, 
Құрайлы,Ошағанды,  Шыбынды,  Тұзды,  Жезді,  Қабыршақты,  Ағашты,  Тасты, 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
278 
Шилі,  деген  туынды    түбір    жалқы  есімдердің  бәрі  бір  топонимжасамдық 
құрылымға  жатады.  Өйткені,  сөзжасамдық    құрылымға  негізделген 
топонимжасамдық  құрылымының    талаптарына  сай.  Тіліміздегі  атаулар,  жалқы 
есімдер,  жер-су  аттарының  барлығы  сөзжасам  заңдылықтары  бойынша 
жасалады. 
Сөзжасам  заңдылығынсыз  еш  бір  жаңа  сөз  жасалмайтындықтан,  жер-су 
атаулары  да,  белгілі  сөзжасамдық  ережелер  бойынша  туады,  жасалады. 
Сондықтан,  топонимжасамдық  құрылым  болу  үшін,  сөзжасам  талаптарына 
сәйкес: бір топонимжасамдық құрылымның уәждемелері бір сөз табынан болуы 
керек,    бір  топонимжасамдық  құрылым  бір  жұрнақ  арқылы  жасалады  және  де  
бір  сөзжасамдық  құрылымда    жасалған  туынды  түбір    топонимдердің  бәрі  бір 
сөзжасамдық  мағынаны  білдіреді.  Бұл  жерде  жер-су,  елді-мекен  мағынасы 
туралы  айтылып  отыр.  Аталған    талаптарға  төмендегі  келтірілген  мысалдар 
жауап  береді.  Өйткені,  олардың  бәрі  зат  есім  уәждемеден  жасалған,  мысалы, 
терек,  арқар,  асу,  шие,  алма,  аю,  май,  жоса,  білеу,  бақ,  бұғы,  қарағай,  қайың, 
қоян,  тал,  изен,  қияқ,  ошаған,  сона,    балық,  арық,  арша,  құм,  шөп,  жылан, 
шыбын,  тұз,  жез,  қабыршақ,  ағаш,  тас,  ши,  сөздері  бір  сөз  табының  сөздері 
яғни  зат  есімдер.  Олар  топонимжасамдық  құрылымның  бірінші  талабына  сай 
келеді  деп  санауға  болады.  Алайда,  сөзжасамдық  құрылымда  сөзжасамдық 
мағына  атаулық  мағынаға  қатысты  емес,  тар  мағынада  берілген  деп  санауға 
болады.  Мысалы,  «Қазақ  тілінің  сөзжасамы»  оқу  құралында:  «  ...  таулы,  сулы, 
малды,  желді,  қарлы,  жалды  сияқты  туынды  түбір  сын  есімдер  де  зат  есім 
уәждемелерден    жасалған.  Бірақ,  олар  алғашқы  сөзжасамдық  құрылымдағыдай 
уәждемелері  бір  сөз  табынан  болса  да,  олар  басқа-басқа  сөзжасамдық 
құрылымдар. Өйткені, олардың жұрнақтары да, мағыналары да басқа» - делінген 
[4,  125  б.].  Айтылған  ғылыми  тұжырым  сөзжасамдық  құрылымға  жатады.  Ал 
біздің 
айтып 
отырғанымыз 
топонимжасамдық 
құрылым. 
Яғни, 
топонимжасамдық  құрылымның  бірінші  талабы  уәждеме  сөздердің  бір  сөз 
табынан болуы. Бұл жерде мысалға берілген атаулар сөзжасам құрылымының да
топонимжасам құрылымының да талабына сай келетіндігі. 
Екіншіден,  жоғарыдағы  туынды  түбір  сөздердің  бәрі  бір  сөзжасамдық  –
лы/-лі,-ды/-ді,-ты/-ті  жұрнағы  арқылы  жасалған.  Бұл  келтірілген  мысалдар 
сөзжасамдық  құрылымның,  яғни  топонимжасамдық  құрылымның  екінші 
талабына сай келетіндігін білдіреді. 
Үшіншіден,  ол  мысалдардың  бәрі  жер-су    атауларын  білдіріп,  ішкі 
мағыналарында  ерекшелік  бола  тұра,  сөзжасамдық  мағыналары  әр  түрлі  болып 
келсе  де,    топонимжасамдық  құрылымның  үшінші  талабына  сай  келіп  тұр  деп 
ойлаймыз.  Өйткені,  олардың  бәрі  атау  мағынасын  білдіріп  тұр,  және  ішкі 
мағыналық  ерекшеліктері  әр  түрлі,  мысалы  қияқ,  ошаған,  сона,    балық,    арық, 
арша,  құм,  шөп  сөздері  түрлі  мағыналық  топтағы  сөздер.    Қияқ,  ошаған,  арша, 
шөп өсімдікке қатысты болса, сона, балық жан-жануарлар әлеміндегі сөздер, ал 
арық, құм сөздері жер қыртысына байланысты сөздер. 
Топонимжасамдық  құрылым    –  сөзжасамдық  жұрнақ  тәсілінің  мәселесі. 
Өйткені,  сөзжасамдық  құрылымда  жұрнақ  негізгі  қызмет  атқаратындықтан, 
топонимдердің  жасалуында  да  жұрнақ  негізгі  қызмет  атқарады.  Себебі,  әр 
сөзжасамдық әрекеттің өз сөзжасамдық морфемдік құрамы, өз мағынасы болады, 
жер-су  атауларының  жасалуында  да  олардың  өзіндік  морфемдік  құрамы  бар. 
Топонимдердің  барлығы  дерлік  туынды  сөздер  деп  айтуға  болады. 
Лексикологияда  сөздің  негізгі  мағынасы,  тура  мағынасы,  лексикалық мағынасы 
деген  түсінік  бар.  Сондықтан  «Топонимдердің  білдіретін    мағыналары    негізгі 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
279 
лексикалық    мағыналар  ма,  болмаса  туынды  лексикалық    мағына  ма?»  деген 
сұрақтар  да  топонимжасамның  зерттеу  құзіретінде.  Топонимжасамды  зерттеген 
кезде,  атауларды  жасауда  қызмет  ететін  топонимжасамдық  бірліктерді 
(морфемаларды)  анықтау,  олардың  қолданыстағы  заңдылықтарын  белгілеу 
қажет.  Ол  үшін  топонимжасамның  морфемдік  құрамын,  топонимжасамдық 
бірліктердің  жаңа  атау  жасаудағы  қызметін,  мағыналарын  ашу,  олардың 
қолданылу заңдылықтарын анықтау керек. 
Тілімізде  сөзжасамдық  жұрнақтар  –  морфемалар  өте  көп.  Олардың 
әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Алайда топонимжасамға олардың барлығы 
қатыса  бермейді.  Топонимжасамға  мүлдем  қатыспайтын  сөзжасамдық  жұрнақтар  - 
морфемалар бар. Топонимжасауда тілдік бірліктерді таңдаудың өз заңдылықтары, өз 
жолы  бар.    Өйткені,  топонимнің  мағынасы  туынды  мағына  болғандықтан  сөздің 
құрамдық  ерекшелігімен  байланысты.  Тілімізде  топонимдерді  жасауға  белсене 
қатысатын ең өнімді топоморфема  –лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті сөз тудырушы жұрнағын 
жатқызуға  болады,  мысалы  –  Арқарлы,  Бақты,  Бұғылы,  Жарлы,  Жосалы,  Теректі, 
Алаботалы,  Арықты,   Аршалы,  Соналы ,  Жезді,  Шиелі,  Талдысай,  Шыбынды, 
Жыланды, Шідерті, Қабыршақты, Тасты , т.б. 
Сөзжасам  жүйесіндегі  жұрнақтардың    түбір  сөзге  жалғанғанда  көрінетін 
әрқайсысының өзіндік мағыналары бар. Тілдегі  сөзжасамдық жұрнақтардың бір 
ерекшелігі  –  олар  әр  сөз  табына  телеулі.  Аталған  сөз  тудырушы  жұрнақ  -  көне 
жазба  ескерткіштерінен  бері  қолданылып  келе  жатқан  көне  форма.  Өзге  түркі 
тілдеріндегі сияқты –лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ты форманты бірнеше мағына білдіреді. 
1) 
Зат  есімдерге  жалғанып,  заттың  қосалқы  сынын  білдіру  үшін 
қолданылады.Мысалы,  жағалы  киім,    күмбезді  үй,  тымақты,  тақиялы  адам, 
түймелі жең, қойлы ауыл, т.б. 2) Адамның жеке басының қасиетіне, мінез-құлық 
ерекшеліктеріне  қарай,  сындық  дериват  негізінде  қолданылады.  Мысалы, 
тәртіпті, тәрбиелі, сымбатты, көрікті, т.б. 3) Түрлі асыл тасты бұйымдарға, 
сәндік  заттарға  қатысты  туынды  сын  атауларын  білдіреді.  Мысалы,  күмісті, 
алтынды, шілтерлі, зерлі, өрнекті, жезді, т.б. 4) Ғылыми терминдерде, мысалы, 
хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, жақты сөйлем, күрделі атау, шартты оралым, 
мақсатты  оралым,  тұрақты  тіркес,  ареалды  лингвистика,  дәстүрлі 
грамматика, болжалды келер шақ, дауысты дыбыстар, үйірлі мүшелер, нүктелі 
үтір,  т.б  [5].  Сонымен  қатар,  -лы,  -лі,  -ды,  -ді,  -ты,  -ті    көпмағыналық 
сөзжасамдық  жұрнағы  жалпы  сөздерге  жалғануымен  қатар  жалқы  есімдерге  де 
жалғанып,  бір  заттың,  бір  нәрсенің  көптігіне,  молдығына  тағы  да  басқа 
қасиеттеріне байланысты заттың атауын да білдіреді. Мысалы, Талды - өзен, елді 
мекен  аты.    Талдысай -  ауыл.  Қазақ  тілінде  тал  тұлғасына  -ды  жұрнағын  және 
сай  сөзін  қосу арқылы  қалыптасқан  атау.  Аршалы –  өзен  аты,  «арша  көп  өсетін 
жер»  деген  мағынаны  білдіреді.  Арықты -  Нұра  ауданының  солтүстігінде 
Арықты  деп  аталатын  көл  бар.  Ұзындығы  -  1,8  км,  ені  -  1,3  км.  Көлдің  суы 
ертеректе  одан  тартылған  арықтар  арқылы  жер  суғаруға  пайдалынылған,  содан 
Арықты аталған.
 
Балақұндызды – Үлкен құндызды өзенінің саласы. Қазақ тілінде 
бала және құндыз сөздеріне -ды жұрнағы тіркескен атау:  «Кіші өзен» мәніндегі 
атау.  Балықты –  көлдің  атауы,  «балығы  мол,  көп»  мәніндегі  атау.
 
Шөптікөл 
 
көлдің  атауы,  шөбі  көп  болғандықтан  атаған.
  Алаботалы -  көл,  Изенді 
селосының солтүстік батысынан 3 км жерде орналасқан. Көне түрі ала + бота - 
бот. «биік бұта» мәніндегі атау [5]. 
Топонимдердің  жасалу  әрекеттерін  анықтау  үшін  топонимжасамдық 
талдау сөзжасамдық талдау негізінде жүргізіледі. Ол үшін сөзжасам теориясына 
сүйенеді.    Сөзжасам  теориясында  «Жаңа  сөздің    жасалу  әрекетін  анықтау  үшін 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
280 
жасалатын  сөзжасамдық  талдау  туынды  сөзді  оның  негізін,  яғни  уәждемесін 
анықтауды  мақсат  етеді.  Ол  үшін  уәж  сөз  бен  одан  жасалған  туынды  сөзді 
салыстыру керек. Негіз сөзден туынды сөздің морфемдік құрамы күрделі болады. 
Салыстыратын  екі сөздің қайсысы уәждеме, қайсысы туынды сөз екені туынды 
сөздің уәждемеден күрделі құрамына қарай ажыратылады. Уәждемеден құрамы 
күрделі  сөз  туынды  сөз  болады»  -  дейді  сөзжасамның  теориялық    мәселелерін 
зертттеген  ғалымдар.  Осыған  топонимдерден  мысал  келтіретін  болсақ,  алма  - 
Алмалы, шие – Шиелі, тал – Талды, балық – Балықты, шөп - Шөпті  атауларын 
салыстарсақ,  Алмалы,  Шиелі,  Талды,  Балықты,  Шөпті    сөздерінің 
құрамдарының  күрделі  екендігі  байқалады.  Мысал  ретінде  аланып  отырған 
сөздер жұбында Алмалы, Шиелі, Талды, Балықты, Шөпті атауларының туынды 
сөздер  екендігін  күрделі  құрамынан  білеміз.  Негіз  тұлғалы  алма,  шие,  тал, 
балық,  шөп  бір  морфемді  сөздері  –  туынды  топонимдердің  уәждемелері.  Олар 
тұлғасы,  мағынасы  жағынан  да  дара  мәнді  Алмалы,  Шиелі,  Талды,  Балықты, 
Шөпті туынды сөздерінің жасалуына уәждеме болған. 
Сондықтан,  морфемдік  құрамы  күрделі,  уәждеме  сөз  бен  сөзжасамдық 
жұрнақтан  тұратын мағынасы да күрделі атаулар - туынды топонимдер болады. 
Кейінгі жылдары сөзжасамның табиғатын ашуға арналған зерттеу жұмыстарында 
жаңа терминдер қолданылған: «Мазмұны жағынан келгенде, орыс тіл біліміндегі 
жаңа  терминдер  әдеттегі  терминдерден  гөрі  туынды  сөз  жасаушы  бірліктердің 
мәнін  аша  түсетін  сияқты»  [5].  Соңғы  кездері  орыс  тіл  білімінде  сөзжасамның 
құрамын  екі  блокқа  бөліп,  оны  мынандай  терминдік  атаулармен  атап  жүр: 
бірінші  блог  -  «сөздің  фундаменті»  яғни  туынды  сөздің  фундаменті,  екіншісі  - 
«құрылыс  материалы», яғни туынды сөзді жасаушы құрал.  
Сөзжасамдық  бірліктердің  туынды  сөз  жасауда  қатаң  сақталатын  бір 
заңдылық  бар.  Ол  –  туынды  сөз  жасауға  бір  ғана  уәждеме  және  бір  ғана 
сөзжасамдық  жұрнақ  қатысатыны».  Ал  күрделі  топонимдердің  жасалуында  екі, 
үш  уәждемелердің  болуы  жиі  кездеседі.  Мысалы,  Талдыбұлақ,  Екібастұз, 
Егіндісу, Талдықорған және т.б. 
Сонымен  қатар,  сын  есімнің  өнімді  жұрнағы  болып  саналатын  -лы/-лі,  - 
ды/-ді,  -  ты/-ті    жұрнағы  және  жер-су  атауларын  жасауда,  яғни  зат  есімдері, 
оның ішінде жалқы есімдерді жасауда белсенді қызмет атқарады. Сонда аталған 
форманттың екі сөз табына телеулілік қасиеті көрінеді. 
Жаңа  сөздің  жасалуында  қатаң  сақталатын  заңдылықтардың  бірі 
сөзжасамдық  құрылымның  морфемдік  құрамы.  Яғни,  уәждеме  сөз  бен 
сөзжасамдық  жұрнақтың  бірлігі.  Сөзжасамдағы  барлық  құрылым  осы 
заңдылыққа  баынатындықтан  олардың  нақтылы  өз  морфемдік  құрамы,  өз 
мағынасы  болады.  Ал  топонимжасамдағы  құрылымның  барлығындағы 
сөзжасамдық мағына жер-су аттарының мағынасы, яғни атаулық мағыналар. Ал 
морфемдік  құрамдары  әртүрлі  болып  келуі  мүмкін.  Мысалы,  Егінді  атауының 
морфемдік  құрамы  жоғарыдағы  топонимжасамдық  құрамнан  өзгеше.  Егінді 
сөзінің  топоним  жасамдық  құрамында    уәждеме  сөздің  өзі  уәждемелі  туынды 
түбір  болып  тұр.  Ек    уәждемеден  Егін  уәждемелі  сөз  жасалып,  егін  сөзі  Егінді 
атауына  уәждеме  сөз  болып  тұр.  Сонда  Егінді  атауының  топонимжасамдық 
құрылымы уәждеме + уәждеме + топонимжасамдық жұрнақ болады. 
«Қазақ  тілі  сөзжасамы»  оқулығында:  «Сөзжасамдық  құрылымдардың  тек 
жұрнақтары  ғана  бірдей  болса,  не  мағыналары  бірдей  болса,  олар  бір  сөзжасамдық 
құрылымға  жатпайды.  Өйткені  сөзжасамдық    құрылым  болу  үшін,  оның  барлық 
белгілері түгел болып, толық сақталу керек. Тек үш шарты толық болса ғана, ол бір 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
281 
сөзжасамдық құрылым болып танылады. Олай болса, бір сөзжасамдық құрылым болу 
үшін, құрылымда оның үш белгісі де болуы шарт»- делінген [4]. 
Тіліміздегі  жаңа  сөздердің  барлығы  белгілі  бір  тәсіл  арқылы  жасалады. 
Тілде  сонау  көне  замандардан  бастап  қалыптасқан  сөзжасамдық  заңдылықтар 
бар. Сол заңдылықтар жер-су атауларын жасауда да қолданылады.  Тіл білімінде 
туынды  сөздердің  белгілі  сөзжасамдық  тәсілдер  арқылы  жасалатыны  ерте 
танылғандығы,  бірақ  сөзжасамдық  тәсілдер  түрліше  аталып,  оның  терминдері 
қалыптаспағандығы  туралы  белгілі  ғалымдар,  филология  ғылымдарының 
докторлары,  профессор  Н.Оралбай,  К.Құрманәлиев  және  Ж.Балтабаевалар  
сөзжасамдық тәсілдер мәселесінің әлі толық шешілмегенін айтады [1, 57 б.]. 
Сөзжасамдық  тәсілдердің  А.Ысқақов  үш  түрі  -  тәсілі  туралы  айтады: 
морфологиялық,  синтаксистік,  морфологиялық-синтаксистік  (синтаксистік-
морфологиялық)  тәсіл  [6,  90  б.].  Ал  зат  есім  сөзжасамында:  «Зат  есімдер 
лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады» -дейді [6, 
155 б.]. 
2014  жылы  шыққан  сөзжасамның  жаңа  оқулығында  осы  уақытқа  дейін 
сөзжасамдық  тәсілдердің  бәрін  қазақ  тілінің  байырғы  сөздерімен  беруге 
болатынына  қарамай,  орыс  тілінің  ықпалына  сүйеніп,  орысша  терминдерді 
қолданудың  зиянды  әсеріне  берілу  дұрыс  емес  екені  ескеріліп,  оқулықта 
сөзжасамдық  терминдер  тіліміздегі  байырғы  сөздермен  беріліп,  қазақ  тілінің 
сөзжасамдық  тәсілдерінің  терминдері  жаңаша  аталған:  «Қазақ  тілінде  3  түрлі 
сөзжасамдық тәсіл бар. Ол сөзжасам тәсілдер: 1) сөзжасамдық жұрнақ тәсілі; 2) 
сөзжасамдық  күрделендіру  тәсілі;  3)  сөзжасамдық  мағына  тәсілі»  [1,  202-203 
бб.]. 
Бірінші, топонимжасамдық жұрнақ тәсілі. Қазақ тілі жалғамалы тілдерге 
жататын болғандықтан жаңа жер-су атаулары  жұрнақтар арқылы жасалынады. 
Топонимдердің жұрнақ тәсілі арқылы жасалуында екі тілдік бірлік қызмет 
атқарады: 1) лексикалық мағыналы уәждеме сөз, 2) топонимжасамдық жұрнақ. 
Жер-су  атауларын  жасауға  қатысатын  бұл  тілдік  бірліктердің  
әрқайсысының   атқаратын    өзіндік  қызметі  бар. Сол  қызметтеріне  орай    оларға  
қойылатын    талаптар    да    бар.  Н.Оралбай,  К.Құрманәлиев,  Ж.Балтабаевалар: 
«Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік, яғни уәждеме сөздің толық 
лексикалық  мағыналы  сөз  болуының  талап  етілуінің  өз  себебі  бар.  Өйткені 
уәждеме  сөздің  лексикалық  мағынасы  туынды  сөздің  лексикалық  мағынасын 
жасауға  арқау,  негіз  болады.  Туынды  сөздің  лексикалық  жаңа  мағынасы  
уәждеме  сөздің  лексикалық  мағынасын өзгерту, түрлендіру арқылы жасалады. 
Мысалы,  көк-көгер,  жақсы-жақсар,  ақыл-ақылды,  жұмыс-жұмыскер,  орман-
орманшы  сияқты  уәждемелер  мен ол уәждемелерден жұрнақ арқылы жасалған 
туынды  түбір сөздердің  мағыналары  байланысты  екені  көрініп  тұр»  деген  пікір 
айтады [3, 59 б.]. Сол сияқты топонимдердің жасалуында жұрнақ уәждемелердің 
мағынасын өзгерту арқылы, уәждемеге негізделген туынды сөз - туынды түбір - 
топоним  жасайды.  Уәждеменің  мағынасы  мүлдем  жойылып  кетпейді, 
топонимдік мағынаға негіз  болады.  Мысалы, Бақты, Шилі,  Қоянды,  Мойынты, 
Түндік, Егінді, Күйгентас, Батпақ, Бұзықтам, Бұрма, Бүгіл, Еспе,  және т.б. 
Бұдан шығатын қорытынды: топонимдер жалқы есімдер болғандықтан зат 
есім сөз табына жатады. Ал зат есімнің өз сөзжасамдық жұрнақтары бар. Алайда 
топонимдердің жасалуында сын есім жұрнақтары болып танылып жүрген -лы/-лі, 
- ды/-ді, - ты/-ті жұрнағын жатқызамыз.  Аталған жұрнақ сөзжасамды сын есім 
тудырушы қосымша саналады. Мысалы, «Сулы жер. Таулы мекен. Балықты көл. 
Ақылды  қыз.  Көргенді  бала»  деген  тіркестерде  сулы,  таулы,  балықты,  ақылды, 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
282 
көргенді  сөздері  «қандай?»  деген  сұраққа  жауап  беріп,  заттың  бойындағы 
қасиетін  білдіріп  тұр.  Ал    жер-су  аттары  зат  есімдер  –  жалқы  есімдер 
болғандықтан  -лы/-лі,  -  ды/-ді,  -  ты/-тіжұрнағы  атауыштық  қызметте  тұр.  Бұл 
аталған  жұрнақтың  бойында  субстантивтік  қасиет  барын  білдіреді  және  оны 
мекен мәнді жұрнақтарға жатқызуға болады. 
Түндік,    Егінді,    Күйгентас,  Батпақ,  Бұзықтам,  Бұрма,  Бүгіл,  Еспе 
атауларында -тік, -ін, -ді, -ген, -пақ, - ық, - ма, -іл, -пе сөзжасамдық жұрнақтары 
қолданылған. Олар әр сөз таптарына телеулі болса да, жер-су атауларын жасауда 
туынды сөздік құрамында тұрып, атау болып тұр.  Мұнда сөзжасам заңдылығына 
сәйкес түн, ек, күй, бат,  бұз, бұр, бүк, ес уәждемелері жұрнақ мағынасын жүзеге 
асыруға қызмет етіп тұр. Уәждеме сөз де, сөзжасамдық  жұрнақ  та сөзжасамдық 
жұрнақ тәсілінің бірліктері болып саналып, туынды түбір жасалынып, ол жер-су 
аттарын атауда қолданылып тұр. 
Күрделі  топонимдер  топонимжасамдық  күрделендіру  тәсілі  арқылы 
жасалады. Сөзжасамда  күрделендіру тәсілі де   көне замандардан келе жатқан, 
тілімізді  көптеген  күрделі  сөздермен  толықтырған,  өнімді  тәсіл.  Ол  көпшілік 
тілдердің  сөзжасамынан  орын  алады.  «Қазақ  тілі  сөзжасамы»  оқулығында: 
«Сөзжасамдық күрделендіру тәсілі деп екі я одан да көп сөзден бір лексикалық 
мағыналы  сөздің  жасалуы  аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғау, Нұрдәулет, 
Қызылорда,  баспасөз,  он  сегіз,  келіп  кет  т.б.»  сөздерді  жатқызған  [4,  62  б.]. 
Топонимдердің  жасалуындағы  күрделі  топонимдердің  құрылымдық  сипаты 
өзгеше  болып  еледі.  Онда  екі,  үш  сөздік  қатар  қолданылуымен  қатар,  олардың 
морфемдік құрамында да өзгешеліктер кездеседі. Ол негізінен жоғарыда аталған 
-ды/-ді,  -ты/-ті,  -  лы/-лі  жұрнағымен  байланысты.  Аталған  қосымша  күрделі 
атаулардың  сыңарларында  ауысып  қолданылып  отырады.  Мысалы,  Ақтасты, 
Шөптікөл,  Талдысай,  Алаботалы,  Балақұндызды,  Балықтыкөл,  Жарлыкөл, 
Талдынұра, Шөптікөл және т.б. 
Күрделі  топонимдердің    құрамы  екі,  не  одан  да  көп  сөзден  тұрады  және 
біртұтас  атауыштық  мағына  береді,  мысалы,  Жезқазған,  Биебайлаған, 
Шотқалған, Қостіккен, Есекартқан, Нұрбай, Бекетата, Ерментау,  Шалқаркөл, 
Шолаққарасу,  Шөптікөл,  Ақтүбек,  Ақшоқы,  Атасу,  Бестамақ,  Жаңаарқа, 
Қазықұрт,  Айнабұлақ,  Айғыржал,  Айыртас,  Ақбастау,  Ақбұлақ,  Ақтасты, 
Ақшоқы, Әулиетас, Балатүндік, Бозшакөл, Егізқызыл, Көктөбе, және т.б. 
Топонимдер, туынды сөз болғандықтан  - тұлғасы, мағынасы жағынан өте 
күрделі тілдік құбылыс. Сондықтан топонимдерді сыртқы материалдық құрамы 
жағынан зерттеумен бірге ішкі мазмұны, мағынасы жағынан  да қарастыру керек. 
Қазіргі сөзжасам туынды сөзді оның сыртқы морфемдік құрамын қараумен бірге, 
оның  мағынасын  да  зерттейтіндіктен,  топонимжасам  да  жер-су  атауларының 
морфемдік құрамымен бірге мағыналық ерекшеліктерін де қарасырады. 
Туынды 
атаулар 
тілде 
қалыптасқан 
тілдік 
бірліктер 
арқылы 
жасалатындықтан,  топонимжасамда    топонимжасамдық  бірліктер,  олардың 
түрлері, қызметі қарастырылады. 
Топонимжасамның    тілдік  бірліктері  -  өте  жүйелі  құбылыс.  Сондықтан 
олардың  түрлерін,  байланысын,  бір-біріне  қарым-қатынасын,  атқаратын 
қызметін, топоним жасауда алатын орнын, топонимдердің мағынасын жасаудағы 
ерекшеліктерін 
анықтауда 
олар  кешенді 
зерттелуі 
қажет. 
Өйткені, 
топонимжасамдық бірліктердің түрлері де, атқаратын қызметі де бір-бірімен өте 
тығыз  байланысты.  Топонимжасамдық  бірліктерді  білу  топонимдерді 
жасалымына  қарай  ажыратуға,  оларды  туынды  сөздің  қай  түріне  жатқызуға 
болатындығын,  олардың  жасалу  әдісін,  морфемдік  құрамын  тануға  және  т.б. 
сөзжасамдық негізгі мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, Құрамыс – 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
283 
Шахтинск,  Іргелі,  Шиелі,  Қамысты,  Құмды,  Үміткер,  Шөпті,  Балықты, 
топонимдеріндегі  топожасам  бірліктерін  алып  қарайық:  Осы  сөздердің  
әрқайсысы  екі  топожасамдық  бірліктерден  тұрады.  Олардағы  бірінші 
топожасамдық  бірліктер: құра,  шахта, ірге, шие, қамыс, құм, үміт, шөп, балық
Олардың  әрқайсысының  лексикалық  мағынасы  бар,  олар  осы  қалыпта  тілде 
қолданыла береді.  Келесі  топожасамдық  бірліктер:  -  мыс,  -инск,  -лі,  -ты,  -ды,  -
кер, - ті, -ты сөзжасамдық жұрнақтар. Олар жеке қолданылмайды,  тек туынды 
түбір  сөздің  құрамында  ғана  қолданылып,  туынды  сөз  құрамындағы 
сөзжасамдық бірліктің лексикалық мағынасын өзгертіп, одан туынды түбір сөз - 
туынды түбір топоним жасап тұр. 
Осы  топонимдердің  құрамындағы  топожасамдық  бірліктердің  әрқайсысы 
туынды  сөз  -  топоним  жасауда  өзінше  екі  түрлі  қызмет  атқарған.  2-  топтағы 
сөзжасамдық бірліктер яғни жұрнақтар топонимдердің - туынды сөздердің жаңа 
лексикалық мағынасын жасаған. Яғни екінші топтағы сөзжасамдық бірліктер 1-
топтағы  сөзжасамдық  бірліктердің  лексикалық  мағыналарын  өзгертіп  жаңа 
лексикалық мағыналы туынды сөздер жасаған. 
Ал  1-топтағы  топожасамдық  бірліктер  яғни лексикалық мағыналы  сөздер 
туынды сөздің – топонимнің  лексикалық  мағынасына негіз болған. Сондықтан 
олардың  мағыналары  байланысты: құра – Құрамыс, шахта – Шахтинск, ірге – 
Іргелі,  шие  -  Шиелі,  қамыс  –  Қамысты,  құм  -  Құмды,  үміт  -    Үміткер,  шөп  -  
Шөпті-көл, балық - Балықты. 
Бұдан  тілдегі  екі  түрлі  сөзжасамдық  бірліктің    екі  түрлі  қызмет 
атқаратыны  анықталды.  Бірақ  1-топтағы  сөзжасамдық  бірліктер  топоним 
сөздерді  жасауға  фундамент,  уәждеме  болады  да  топожасаушы  жұрнақтар 
«құрылыс  материалдары»  болады.  Бірінші    топтағы  топожасамдық  бірліктер  – 
лексикалық мағыналы сөздер. Олар топожасамдық  тәсілдердің  барлық  түріне 
қатысады.  Лексикалық    бірліксіз  ешбір  туынды  сөз  жасалмайтындықтан, 
топонимдер де лексикалық бірліктерден жасалады. 
Сонымен  қорытындылай  келе,  тіліміздегі  жаңа  сөздер  тек  сөзжасамның 
құрылымы  арқылы  жасалатынына  көз  жеткіздік,  сонымен  қатар,  сөзжасамдық  
тәсілдер  арқылы  жасалған  туынды  сөздер  сияқты  топонимдердің  бәрі  де 
сөзжасам  үрдісінің  нәтижесіне  жатады.  Сондықтан топонимдер    туынды сөздер 
қатарына  жатады  және  олар  сөзжасамның  заңдылықтары  бойынша  зерттеледі. 
Соның ішінде топонимжасамның зерттеу нысаны болып табылады да, сөзжасам 
жүйесінде өзіндік  орын алады деп білеміз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет