Әдебиеттер:
1.
Атырау облысы мемлекеттік мұрағаты (АОММ), 193 қор, 2 тізбе, 47 іс.
2.
АОММ, 855 қор, 1 тізбе, 142 іс.
3.
Справочник по истории колхозов и совхозов Атырауской (Гурьевской)
области. – Алматы: Асем-систем, 2008. – 176 с.
4.
Оразалиева Г. Нұртас Оңдасынов Алматы: «Мұнайшы» қоғамдық қоры,
2007. – 452 б.
5.
АОММ, 193 қор, 2 тізбе, 48 іс.
Ахмет А., Шманов Ж.
«Мастер организации сельского хозяйства» (С. Кубашеве: государственный,
общественный деятель)
В статье отражен трудовой путь общественного и государственного деятеля
С.Кубашева, его вклад в восстановление народного хозяйства в трудные послевоенные годы, а
также показана его работа в 1953-1960 гг. на посту руководителя колхоза «Передовик»
Есболского района Гурьевской области, основыванная на архивных материалах.
Ключевые слова: С.Кубашев, сельское хозяйство, кадр, управление, колхоз,
экономика, председатель.
Ahmet A., Shmanov Zh.
«Organizer agriculture» (about C.Kubashev: statesman, public, figure)
The article reveals the career public and state figure S.Kubashev, his contribution to the
recovery of the economy after the war days, and based on archive materials, shows his, his work
through 1953-1960 on the post of th head of his farm «Intermediate» of Yesbol district, Guriyev
oblast.
Keyword: C.Kubashev, agriculture, establishment, management, kolkhoz, economics,
chairman.
ӘОЖ: 94 (574)
Мұқтар Ә.Қ. – тарих ғылымдарының докторы, профессор, М.Өтемісов
атындағы БҚМУ
E-mail: muktar64@mail.ru
Нурмуханов Ж.К. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
(Орал қ., Қазақстан)
Хабаршы
№1- 2015ж.
294
БӨКЕЙ ОРДАСЫНДАҒЫ ҚОЖАЛАР ТАРИХЫ
Аннотация. Бұл мақалада Бөкей Ордасындағы қожалардың тарихы, яғни олардың кім
екені, қайдан келгені және Орталық Азияға, нақтырақ айтқанда Қазақстанға келгеннен кейінгі
тағдырлары қарастырылады.
Кілт сөздер: қожа, Мұхаммед пайғамбар, ислам діні, сопылық, Бөкей Орда.
Қазақ тарихында қожалар институтының өзіндік рөлі ерекше. Олар
қазақтың дәстүрлі басқару жүйесінде өзіндік орнын тапты.
Жалпы, қожалар – Орталық Азияда ислам дінін таратуда белсенділік танытқан
әулеттер. Қожалардың арғы тегі бойынша Мұхаммед пайғамбардан кейінгі халифалар
немесе халифтар Әбу Бәкр ас Сыдық (632-634 жж.), Омар (634-644 жж.), Оспан (644-656
жж.) және Әли Әбу Талиб (656-661 жж.) ұрпағы болып есептеледі. Мұндағы халифалар
немесе халифтар дегеніміз – халифатты басқаратын адам. Мәселен, сол кезде
Қазақстаннан халифат құрамына Фараб, Испиджаб, Яссы кірген болатын.
ХІІІ ғасырдың І жартысында Маулана Сафи ад-дин Орын Қойлақи жазып
қалдырған «Насабнама» шежіресінде дін таратушы Ысқақ баб (Баб ата), Әбдіжәлил
баб (Абд ал Жалил, Хорасан ата), Әбдірахим бабтардың (Абд ар Рахим) Орталық Азия
аумағына, соның ішінде Қазақстанға 766 жылы келгендігі айтылады.
Түркі даласына келген қожалар орта ғасырларда түрлі сопылық ағымдарды
ұстанады. Әли Әбу Талибтің әйелі Хауладан дүниеге келген имам Мұхаммед ибн
әл-Ханафиядан тарайтын қожа әулеті Қожа Ахмет Иассауи ағымының өкілдері
болып табылады. Осы ағымдағы қожалар Алтын Орда мемлекеті дәуірінен
бастап, қазақ халқының рулық, тайпалық, жүздік құрылымдарының пірлеріне
айналды. Аққорғандық қожалар Ұлы жүз рулары мен Орта жүздің бір бөлігінің,
хорасан қожалар Орта жүздің бір бөлігі мен тұтас Кіші жүз руларының, сонымен
қатар Жошы ханның Шайбаннан тараған ұрпақтарының пірі болып саналды.
Дуана қожаларды Орта жүз бен Ұлы жүздің кей рулары, сондай-ақ Орда Ежен
ұрпақтары, кейіннен қазақ хандары пір тұтты. Қарахан қожалар – Ұлы жүздің
кейбір руларының және өзбек халқы мен қырғыз халқына сіңіп кеткен ру-
тайпалардың пірі болды. Иассауи ағымындағы қожалар әулеті қазақ халқының
рухани-мәдени, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлік бірлігін қамтамасыз етуде, қазақ
мемлекеттілігінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Қожалар әулетіндегі
қылышты және сабылт қожалар нақшбандийа ағымын ұстанды. Мұндағы
нақшбандийа тариқаты – Қожа Ахмет Йассауи мектебі негізінде қалыптасқан
сопылық ағымының бір тармағы [1].
Қожаларға қазақ хандығында жоғары құрмет көрсетіліп, ерекше құқықтық
артықшылықтар берілді [2, 12 б.]. Мәселен, Мұны Тәуке ханның «Жеті
жарғысының» бірінші жарлығында халықтың ханы, сұлтаны, пірі, Әзіреті
қастандықпен өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде
құн төленсін деп көрсетіледі. Ал қожалардың орны былайша анықталған:
«Сұлтанды немесе қожаны өлтірген адам өлтірілген адамның туыстарына жеті
адамның құнын төлейді, тіл тигізіп, ренжітуші – 9 мал, ал соққыға жығушы 27
мал айып төлейді» немесе саусағын кеседі. Сонымен, Тәуке ханның бірінші
жарлығын бізге келіп жеткен бұл дерек растап отыр. Қарапайым ер адамның
құны 1000 қой немесе 100 түйе, не болмаса 200 жылқы болса, сұлтан мен
қожаның құны, әдетте, олар халықтың ханы, сұлтаны, пірі, Әзіреті болған
жағдайда 7000 қой, болмаса 700 түйе немесе 1400 жылқыға тең.
Екінші жарлығы бойынша, төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі
өлтірілсе, олардың әрқайсысына (ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны
төленуі тиіс. Ал қожаларға немесе сейіттерге (қожалардың аға буыны) өлім жазасы
Хабаршы
№1- 2015ж.
295
мен жан қинау жазасы қалай болғанда да қолданылмайды және олар алым-салықтан
босатылған. Халық оларға сиынып, мейлінше қадір тұтқан [3, 45-49 бб.].
Қазіргі уақытта қожалар Орталық Азия елдеріндегі этностардың тарихи
құрамдас бір бөлігі болып қалыптасқан. Отбасылық әдет-ғұрыптарында кейбір
этномәдени ерекшеліктері сақталғанымен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жергілікті
халықтармен астасып кеткен. Өмір сүрген ортасына қарай шартты түрде «өзбек
қожа», «түрікмен қожа», «татар қожа» т.б. болып аталады. Қазақстанда қожалар көп
шоғырланған жерлер Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары [2, 12 б.].
Соған қарамастан қожалар Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей Ордасы
аумағында, соның ішінде сейіт немесе саид тармағы, қоныстанған болатын.
Сейіттер — қожалар ішіндегі аға буын болып саналады. Бұл топ алғашқы
қожа тайпасын құраушылар. Саид тобын құраушылар арабтың Саид руынан
және басқа да арабтық дін уағыздаушылардан құралған. Саид руынан
(Арабиядағы) Мұхаммед пайғамбарымыздың үзеңгілес серіктері Омар шыққан.
Саид руынан шыққан Шайхы Бұзырық атты адамның ұрпағы белгілі ислам
дінін уағыздаушы қазірет Аиуб Әминнің ұлы Гимарад Әзиз VIII ғасырдың орта
кезінде араб әскерлерімен бірге Түркістан жеріне келеді. Бірақ та дін
уағыздаушыларды жергілікті тайпалар тосырқай қарсы алады. Түріктерді ислам
дініне кіргізбек болған олардың әрекеттен ештеңе шықпаған соң, күштеп
енгізбек те болады. Бірақ одан да нәтиже шыға қоймайды. Сонан соң мешіт,
медреселер ашып ислам дінін уағыздай бастайды. Жергілікті адамдарды арабша
оқытып, ислам дінін қабылдаушыларды көбейтуге көңіл аударады. Осы әрекет
іске асып, жергілікті тайпалардың көпшілігі ислам дініне кіреді. Сол бір дін
уағыздаушы Гимарад Әзиздің ұрпақтары Баба Туклас пен Ысқақ Баб қазіргі
қазақ халқының арасында өмір сүрген адамдар. Ал ЬІсқақ Баб өте білімдар кісі
болған. Оның кезінде қазіргі Баба Ата қаласы үлкен ғылым ордасына айналады.
Ысқақ Баб жергілікті тайпалардың беделді көсемі ретінде танылады. Оның
кезінде Баба Ата өңірінде ғылым мен дін (ислам) қатар өрбіді. Ысқақ мешіті Баба
Ата қаласында әлі сақтаулы тұр. Оның ұрпақтары Арыстан баб пен Қожа Ахмет
Яссауи де тарихқа белгілі адамдар. Саид тобына қазіргі қожа рулары сейіт қожа,
аққожа, дуана қожа, қылышты қожа, қырықсадақтар кіреді.
Алайда зерттеуші С.Саттарұлы былай деп ескертеді: «Саидтар тобына тек қана
сейіттер кіреді. Сейіттер деп Хазреті Алидің әйелі Фатимайи Зохрадан туылған Хасан
мен Хусайынның әулетін ғана айтады. Орталық Азия (Түркістан) өлкесінде Имам
Хусайынның ғана әулеті бар. Бұлар саид ата және қылышты қожалар болып үлкен-
үлкен екі топқа бөлінеді. Ары қарай өз іштерінде бірнеше атаға бөлініп қыз алысып
кетеді.Ақ қожа дегенді есіткен емеспіз. Бар болса біз көрмеген бір топ бар шығар. Ал
дуана қожа хазреті Алидің Мұхаммад Ханафия атты баласынан тарайды.Қырықсадақ
қожалар халифа Хазреті Омар ибн Хаттабдан тарайды. Шайхы Бұзырық деген адамды
есіткен емеспіз. Аиуб Әминнің ұлы Гимарад Әзиз дегенді тарихтан іздеп
таппадым.Баба Туклас пен Исхақ баб Гимарад Әзиздің ұрпағы бола алмайды. Себебі
Баба Туклас Қадырғали Жалайридің айтуынша Абу Бакр Сыдықтың ұрпағы.Исхақ баб
Мұхаммад Ханафияның ұрпағы» [4].
Жалпы, қожалардың мұсылман дінінің таралуындағы рөліне келетін болсақ,
қожа-молдалар, діндарлар жанұяларында мұсылман дінінің әсерінен дүниеге келген
нәрестеге діни имандылық кітаптар мен Құраннан алынған есімдер қойған. Нәресте
«қырқынан» шығарылып, «қарын шашы» алынған, «нәресте», «сәби», «шақалақ»
атанған әлеуметтенудің ең алғашқы кезеңіндегі тұлға ретінде оған азан шақырылып, ат
қойылған. Бұл рәсім бойынша нәрестенің оң құлағына «Аллаһу акбар» деп 3 рет, сол
құлағына «сенің атың пәленше» деп 3 рет айтылып, Құран оқылған. Ат қоюдағы тағы
бір ерекшелік – «Ұлы», «әулие», «қасиетті» деп саналатын адамдардың (мысалы, Алла
Хабаршы
№1- 2015ж.
296
елшісі – Мұхаммед, оның ең жақын серіктерінің, сахабаларының) аттарын қойғанда,
«балаға ауыр тимесін» деген ниетпен «нәзір», қайыр-садақа береді немесе ауыл-аймақты
шақырып, Құран оқытатын болған. Мұсылман дінінің таралуына байланысты бала өсе
келе жасалатын салт-дәстүрдің бірі – сүндетке отырғызу. Әйтсе де «сүндеттеу» ғұрпы
ислам діні таралғанға дейін Ежелгі Мысырда және осы кезеңге дейін еврейлер арасында
да көрініс алып, бүгінде ислам қағидаларымен байланыстырылған. Бала 5, 7, 9 жасқа
толғанда сүндетке отырғызуды қожа молдалар немесе осы ғұрыпты кәсіп еткен арнайы
«сүндетші» жасаған, бала сауығып, орнынан тұрғаннан кейін осы ғұрыпты орындағаны
үшін қожа молдаға үйірден жылқы берген, яғни қазақ даласында сүндетке отырғызу
ғұрпы қожа молдалардың кәсібі болды [3, 45-49 бб.].
Сонымен қатар қожалардың тағы бір қызметі идеялық тұрақтылық болды, яғни
олар ағартушылық қызметі арқылы қоғамдағы тұрақтылықты қалыптастырды.
Қазақстанға ислам дінінің келуіне байланысты бір тоқтала кететін мәселе, оның
білім мен ғылымға ықпалы. Мектеп пен медреселердің даму тарихы әлі күнге дейін
дұрыс бағаланған жоқ. Кеңес уақытында қалыптасқан пікір бойынша Қазақстанда
мектептердің пайда болуы XІХ ғасырдың бірінші жартысымен байланыстырылады.
Ал тарихи деректерге сүйенетін болсақ, Қазақстан жерінде, көбінесе оның
отырықшы аймақтарында, орта ғасырдың ерте дәуірінде-ақ көптеген мектептер:
мұсылманша бастауыш орны мен медреселер, яғни діни білім беретін оқу
орындары мешіт жанында жұмыс істей бастағаны мәлім. Мәселен, көне әдіспен
араб тілін үйрету қазақ елінің ислам діні мен араб жазуын қабылдаған кезінен,
яғни VIII ғасырдан басталады [4].
Сонымен бірге қожалардың батырлық және биліктегі қызметін т.ғ.д.,
профессор Ә.Қ. Мұқтар ашып көрсеткен болатын. Ол өзінің «Абылай хан және
Ахмад шах» атты мақаласында сол кезде өмір сүрген, қожалардан шыққан
тұлғалар туралы мол мағлұмат береді.Ол XVIII ғасырдың екінші жартысында
Шығыс Түркістан маньчжур-қытай билеушілері үшін Орта Азияны бағындыру
жоспарындағы плацдарм болғанын аута отырып, олардың жаулап алушылық
әрекеттеріне бірден-бір қарсылық танытқан мұсылман дінінің өкілдері қожалар
болғанын баяндайды. 1759 жылдың басында Жихан қожа (бір деректе Жаһангир)
Орта Азия мен Қазақстанға үміт артып, адамдарын жіберген. Қожа елшілерінің
Орта жүзге келгенін көрген орыс көпесі У.Сеюшев Жиханның ташкенттіктермен
келісімге келгенін хабарлайды.Қытайдың жоспарлы экспансиясынан Ресей де
шошынады. Сондықтан Орта Азиядағы мұсылман халықтарының Қытайдың
жаулап алушылығына қарсы басталған өзара келісімдерін пайдалану үшін Ресей
барын салды. 1759 жылы Нұралы хан жанында болған капитан Тевкелев орыс
үкіметіне «қытайлықтар «Яркендті, Қашқарды, Ташкентті бағындырды» деп
естігендігін хабарлайды. Мұндай хабардан соң Ресей саясаткерлері қазақтарға
«жаңа қорқынышты» жиі-жиі жеткізіп, оларды Қытайға қарсы дайындау үшін
«способным человекам немедленно и через то взять бы повод по условию с ним
ханом о подвижении киргизов противу китайцев и мунгалов» деген шешім
шығарып адамдарын қазақ хандарына атандырады. 1759 жылы жаз айларында
қазақ даласына жоғарыдағы тапсырмамен келген М.Арапов Әбілмәмбет,
Абылай хандарға Шығыс Түркістаннан жаңа елшілердің келгендігін хабарлап,
«қожалар ханнан қолдау сұрады. Қазақ билеушілері өтінішті қабылдағанымен,
«алдымен ұйғыр бектері өзара қырғынды тоқтатып, келісімге келсін» деген талап
қойғандығын анықтайды.
Қазақтардың мұндай талабы заңды саналды. Өйткені Шығыс Түркістанды
билеген қожалардың өздері 1755 жылдан бастап екіге бөлініп, өзара таласты
қыздырған еді. Ш.Уәлихановтың анықтауынша, қожалардың бір тобы «ақтаулықтар»
ұлттық еркіндікті қолдаса, екіншілері, «қаратаулықтар» қытайлар жағына шыққандар
Хабаршы
№1- 2015ж.
297
болатын. Ақтаулық қожаларды Қашқар, Яркенд, Үш-Тұрфан, Ақсу тұрғындары,
қаратаулықтарды тұрфандықтар, комулдар т.б. қолдаған. Бурхан ад-Дин қожа
қытайлықтар көмегімен 1756 жылдың басында Жақия қожаны жеңіп, Қашқар мен
Яркендті иеленеді. Алғашқы жеңісті ақтаулықтар мүддесіне пайдаланған Бурхан ад-
Дин Жоңғариядан қашып келген бауыры Жаһангирмен бірге халқын қытайлықтарға
бағындырмай өз соңдарына ерте бастайды. Ағайынды қожалардың атағы осы азаттық
үшін күреспен шықты. Азаттық үшін күресті кезінде жоңғарларға қарсы бастаған
олардың әкесі Махмуд қожа 1755 жылы қаза тапқан-ды. Ішкі тартыстың арты
созылмалы соғыстарға ұласты. Соның кесірінен Қытай 1759 жылы тамызда 30 мың
әскерімен Яркендті, Қашқарды бағындырады. Ақтаулық қожалардың Шығыс
Памирге, Бадахшанға өту жоспары жүзеге аспай қалады. Орыс зерттеушісі
В.В.Григорьев «Қытай ықпалымен Бадахшан билеушісі Сұлтан шах белді қожаларды
шақырып, оларды өлтіріп, біреуінің басын Чиң патшасына жолдады. Қашып
құтылған Мұхаммед Эмин қожаның ұлы Ай қожа Кабулге келіп, Ахмадтан көмек
сұрайды. Содан Ахмад әскерімен Бадахшанды бағындырып, Сұлтан шахты жазалады»
деп түйіндейді [5, С.355]. Зерттеуші пікірін Қытай деректері де қуаттайды.
Қожалардың Шығыс Түркістаннан күшпен ығыстырылып, толықтай Қытай билігінің
орнауы көрші мемлекеттерге әсерін тигізді [6, 3-4 бб.], [7, 13-23 бб.].
Шоқан Уәлиханов өз шығармаларында, әсіресе толық жинағының 3-4
томдарында қожалар жайында мол деректер береді. Үшінші томының өзінде
жүзге тарта қожа, ишан, сопы, т.б. аттары аталады. Ізденген жанға, әрине, бұл –
бұлақ, ал сол бұлақтың көзін ашу, ел игілігіне жарату, ислам дінін ұстанған әрбір
мұсылманның абыройлы ісі, абзал борышы. Шоқанның осы шығармаларынан
(«Жоңғар очерктері», «Қашқарға сапар») [8, 341-371 бб.], [9, 208-248 бб.] біраз
деректер бере кетсек, Шоқан Уәлиханов 1858 жылғы сәуір-мамыр айларындағы
Батыс Сібір Генерал-губернаторы Г.Х. Гасфортқа жіберген «Қашқарға сапарды
ұйымдастыру туралы жазбаларындағы» алғашқы үш хатында Шығыс
Түркістанның қытайлықтарға Жанқиян деген тарихшылары арқылы екінші
ғасырдың өзінде-ақ белгілі болғанын баяндайды. Қашқар, Жаркент, Хотан, Ақсу,
Үш, Куча, Қарашар қалаларының өз билеушілері болған, қытай тарихнамасы
бойынша бұл билеушілер үнді өркениетінің ықпалында болып, будда дінін
ұстанған. Шығыс Түркістан Жошы хан дүниеден өткен соң билік Шағатайға
көшеді де, ол астанасын Бешбалық деген жерден таңдайды. Шыңғыс хан өз
империясын ұлдарына үлестіргенде шығыс Түркістан Шағатайға тиеді де, әкесі
оған бүкіл Мауераннаһрды өсиет етіп қалдырды. Шағатай кейіннен
астанасынСамарқандқа көшіреді [10, 433-474 бб.].
Ал Бөкей Ордасына қоныстанған қожалардан шыққан қилы кезеңде ғұмыр
кешкен тарихи тұлғаларымыз жөнінде айтар болсақ, халқымыздың танымал
ұлдарының бірі, зерделі ғалым-этнограф Қарауылқожа мен Мұхаммед Салық
Бабажановтарды,
Төке Тілеуқожаұлымен
Сырым
батырдың
замандасы
Абдулжалил туралы айтпай кету мүмкін емес. Алайда Қарауылқожа мен
Мұхаммед Салық Бабажановтардың да әлі бізге танылмай жатқан қырлары
баршылық. «Бұрынғы қазақ-кеңес энциклопедиясында Қарауылқожаны татар
деп көрсеткен. Ал оның қожадан шыққанын аты әйгілеп тұр», - дейді Бөкей
Ордасы тарихи мұражай кешенінің бөлім меңгерушісі Т.Шәріпқали [11, 6 б.].
Шындығында да, қарап тұрсақ, бұрын қожадан шыққан тұлғаларға «қожа»
сөзі тіркестірілген. Мәселен, Қарауылқожа, Қожамсейіт, Қожа Ахмет Йассауи
т.б. Бірақ кейінгі кездері бұл дәстүр мәнін жойған болатын.
Каспий теңізі маңын жайлаған қазақ руларына басшы болған
Қарауылқожаның қол астындағы халыққа қатал болғаны белгілі. Көтеріліс
кезінде Исатайдың қол жинап келіп, ауылын шабуы сол бір кезде өткен
ызасының қарымтасы болса керек.
Хабаршы
№1- 2015ж.
298
Жалпы, Т.Шәріпқалидің айтуы бойынша, Бөкей Ордасындағы, яғниКіші
жүздегі қожалар: төреқожа, мырзақожа, кедейқожа болып үшке бөлінеді. Төреқожа
тармағына осы Бабажановтар әулеті жатады. Қарауылқожаның туған, қайтыс болған
жылдарын Т.Шәріпқалидің мұрағат қойнауынан тапқан мына бір тың құжатқа сүйеніп
анықтауға болады. Бұл – Қарауылқожаның артында қалған әйелдері Жәмила
Піралиханова мен Ұлбибі Данысбаққожиналардың 1850 жылы 20 желтоқсанда
Орынбор әскери губернаторына жолдаған үш беттік хаты. Хатта олар
Қарауылқожаның өткен 1849 жылдың наурыз айының ішінде 75 жасқа қараған
шағында дүниеден озғанын, көзі тірісінде орыс патшасына адал қызмет етіп, есаул
шені мен бірнеше медальға ие болғанын айта келіп, артында қалған ұлдары мен
немерелерін Орынбордағы Неплюев кадет корпусына қабылдауын сұраған екен.
Осы хатқа сүйенсек, ол 1774 жылы дүниеге келіп, 1849 жылы өмірден
озған болып шығады. Қарауылқожаның жоғарыда есімдері аталған Жәмила мен
Ұлбибі атты әйелдерінен бірнеше бала, немере сүйгені белгілі. Т.Шәріпқалидің
айтуы бойынша және мұрағат құжаттарына сүйене отырып, таратып айтсақ,
үлкен ұлы Көпболсын Ордадан барған алғашқы үш баланың бірі болып Неплюев
әскери училищесін бітіріп шыққан екен. Оқуын бітіріп келіп, Ордада хан кеңсесінің
басшысы болып жүрген шағында 1844 жылы тосын кеселден қайтыс болыпты. Одан
кейінгі баласы Сұлтан Мұстафа сол училище қабырғасында жүрген кезінде көз
жұмған. Кейін Мұхаммед Салықтың 1852 жылы Ордадан барған бес баламен бірге
осы Неплюев кадет корпусын үздік бітіріп шыққаны мәлім.
Т.Шәріпқали Қарауылқожаның бізге белгілі Салықтан өзге қанша ұл-қызы
болғанын білмек болып, мұрағат қорларын қарағанда, сол кездегі Бабажановтар
әулеті түгел тіркелген 1851 жылдың 18 тамызында толтырылған формулярлық
тізімге кезіккен. Оның басында Мұхамедшах атты ұлы тұр, жасы – 27, Сұлтан
Мұстафа – 25-те, Мұхамед-Салық – 18-де, Мұхамед-Сабыр – 15-те, Хайыр-Сафа
– 12-де, Сайыд – 10-да болса, Көпболсыннан тараған немерелері: Мұхамед-
Сахып – 16-да, Мұхамед-Садық –12-де, Халел – 7-де, сұлтан Мұстафаның ұлы
Нұрғали 2 жаста болған екен. Тізімде көрсетілгендей, сол кезде корпуста білім
алып жатқан Мұхамед-Салық пен хан кезінен Орал желісі бағытында депутаттық
қызметтегі Мұхамедшахтан өзгелері тек үй шаруасымен айналысқан.
Қорытындылай келе, кеңестік кезеңдегі идеология ислам дінінің
таралуына кедергі жасағанымен, оны мұсылман халқының рухынан жойып
жібере алмады. Мәселен, араб ойшылдарының шығармалары жарық көрді. Аз
болса да медреселер жұмыс істеді. Бірақ 1954 жылы КПСС Орталық Комитеті
дін жұмысына байланысты, дінге қарсы атеистік жұмыс жүргізуге қаулы
қабылдады [12]. Ол қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, міндеттер
белгіледі. Қаулыда балабақша, мектептегі әрбір іс, пән-оқу, жұмыс орындары,
баспасөз-ақпарат құралдары, қойылатын кинолар, жазылатын кітаптар, қысқасы,
барлық салалар діннің жоқтығын айтуы, атеизмнің растығын дәлелдеуі керектігі
қатаң талап етілді. Рухани өмірімізге, дамуымызға бетбұрыс жасады. Алайда
мұның бәрі тек уақытша құбылыс болатын.
Әдебиеттер:
1.
Нақшбандийа
тариқаты
-
http://kk.wikipedia.org/wiki/Нақшбандийа_тариқаты
.
2.
Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. АяғанБ. – Алматы: «Қазақ
энциклопедиясының» бас редакциясы, 2004. – 696 б.
3.
Ибадуллаева З. Қожалар әлеуметтік топ ретінде қазақ руларынан
жоғары тұрды // Аңыз адам. – Алматы: Отбасы, 2014. - №13.
4.
Жүсіпұлы С. Жүзге кірмейтін қазақ рулары // kozhalar.kz
5.
Восточный или Китайский Туркестан / ГригорьевВ.В. – СПб.,Наука, 1873. – 532 с.
Хабаршы
№1- 2015ж.
299
6.
Мұқтар Ә.Қ. Абылай хан және Ахмад шах (XVIII ғасырдағы қазақ-
ауған қатынастары хақында) // Егемен Қазақстан. – 2013, 4 қазан.
7.
Мұқтар Ә.Қ. XVIII ғасырдағы қазақ-ауған қатынастары және Абылай
хан // Отан тарихы. – Алматы: Дәуір, 2014, №1 (65).
8.
Уәлиханов Ш.Ш. Көп томдық шығармалар жинағы. Т. 3. / Шоқан
Уәлиханов. – Алматы: «Толағай групп». 2010.– 424 б.
9.
Уәлиханов Ш. Алтышаһарға сапар. – Алматы: «Атамұра», 2006. – 304 б.
10.
Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2-бас. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б.
суретті, 2 парағы суретпен көркемд. портр.
11.
Шәріпқали Т. Бабажановтар әулеті // Орал өңірі. – Орал: Жайық
Пресс,2002. – 17 қыркүйек. – 6 б.
12.
Қожалардың келу тарихы // kozhalar.kz
Достарыңызбен бөлісу: |