ӘДЕБИЕТТЕР
1. Богоявленская Д.Б. Пути к творчеству / Новое в жизни, науке, технике. Сер. Педагогика и психология. –
М.: Знание, 1981. – 96 с.
2. Гальперин П.Я. Психология мышления и учение о поэтапном формировании умственных действий // Сб.
Исследования мышления в советской психологии. – М.: Наука, 1966. – С.236-277.
3. Гальперин П.Я., Данилова В.Л. Воспитание систематического мышления в процессе решения малых
творческих задач // Вопросы психологии. – 1989. - №1. – С.31-38.
4. Давыдов В.В., Маркова А.К. Развитие мышления в школьном возрасте // Кн. Принцип развития в
психологии. – М.: Наука, 1978. – 365 с.
5. Выготский Л.С. Речь и мышление // Собрание сочинений. – Т.2. – С. 231.; Регуш Л.А. Психология
прогнозирования: способность, ее развитие и диагностика. – Киев: Вища школа, 1997. – 88 с.
6. Нағымжанова Қ.М. Болашақ мамандардың педагогикалық кретивтілігін дамытудың негіздері.-Өскемен:
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2007.-223 с.
Редакцияға 20.10.2011 қабылданды.
С.Қ. ҚОЖАЕВА
БОЛОН ҮДЕРІСІ – ЖАҺАНДАНУ ФОРМАСЫ
The Bolon process as a form of globalization. The basic directions of high school developing
of Kazakhstan in joining in the Bolon process. The creation of the Bolon process institution around the
estimation centre of National Educating Quality by the ministry of Educating and Seience order.
Болон декларациясына қол қойған кез-келген елдің білім беру жүйесі жаһандану жағдайында
төл халқының тарихына, мәдениетіне және рухани өміріне, ана тіліне сүйіспеншілік пен құрмет
қалыптастыратын ұлттық ерекшелікке тән. Басқаша айтсақ, дамыған елдердің білім беру жүйесі – өз
халқының нағыз патриоттарын қалыптастыруға негізделген. Осыған байланысты біз дүниежүзілік
білім сахнасына бір жағынан әлемдік өркениетті байытатын, екінші жағынан ұлттық білім беру
моделін жетілдіруге жаңа көкжиек ашатын, өзімізге тән мәдени және рухани құндылықтармен енуіміз
қажет.
Білімнің ықпалдасуы түрлі мақсаттарды көздеуде: шетел студенттерін ақылы бөлім негізінде
оқытуының қаржылық тұрғыда өсуі және диверсификациялануы; оқу бағдарламаларының кеңейуі, өз
студенттерімізді шетелдік серіктес-оқу орындарында оқыту, білім сапасының артуы және мұғалімдер
мен студенттердің халықаралық білім алмасу негізіндегі бірлескен зерттеулерінің нәтижелілігі.
«Білім беру саласын модернизациялау білімнің базалық құрамдылығын сақтауға бағытталуы тиіс
және оларды үздіксіз жаңартып, толықтырып отыру қажет. Ең тәуір білім беру жүйесі жақсы оқитын
оқушы мен нашар оқушының арасындағы айырмашылықтың жоққа таяулығы болып саналады», - деп
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрсеткендей, білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және
бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту, білім беру мзмұнын жаңа мәдени бағытта жаңарту
қажеттігі туып отыр [1].
Дүние жүзінде білім берудің әр түрлі жүйесі мен түрі бар екені белгілі. Атап айтсақ, еуропалық,
америкалық, жапондық, кеңестік (ресейлік) және т. б. Оларда мемлекеттік деңгейде білім берудің
тиімділігінің, оның экономиканың дамуына оң әсер ететін ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қалыптасқан
жүйесі бар. Дегенмен, ХХ ғасырдың соңында дүние жүзінде барлық салаларда ықпалдасу үдерісі
кеңінен дамып келе жатқанын білеміз. Сондықтан халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр
түрлі елдің ұлттық білім беру жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік
тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады.
№ 1 (86) 2012
41
Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы
құнды шешім болып табылған 1997 жылғы Лиссобон конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты
басшылыққа алып, оқу жүйесіне ұтымды түрде пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Ал 1998
жылы Батыс Еуропаның 4 елі (Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания) білім берудің жүйелері
мен құрылымдарын сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылдаған болса, 1999 жылы
Еуропаның 30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон декларациясына қол қойды. Бұл декларацияға
сәйкес 2010 жылға дейін Еуропалық білім берудің бірыңғай жүйесіне көшу көзделген болатын.
Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі
ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Білім беру нормаларын өзара мақұлдау
жөніндегі Лиссабон конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты
Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында
Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа
талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап береді.
Бұл – білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам. Европа
мемлекеттері қолдап, бүгінде Ресей де қосылып ықылас білдіріп отырған Болон декларациясының
негізгі қағидалары қандай, кредиттік технология деген не, оның қандай артықшылығы бар?
Біріншіден, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында және халықаралық бәсекелестік
жағдайында Европа білімінің беделін көтеру үшін біртұтас білім мен ғылым мәртебесін қабылдау;
Екіншіден, білімнің бакалавр, магистратура, PhD докторантураға негізделген үш сатысын бекіту;
Үшіншіден, оқу процесін ұйымдастыру мен білім үлгерімінің қорытындысын бағалау бойынша
еуропалық кредиттік жүйені енгізу;
Төртіншіден, Еуропа елдері мен университеттері арасында профессорлар мен студенттердің
тәжірибе алмасуын өрістету;
Бесіншіден, оқу үрдісін Еуропалық сапа деңгейіне көтеру;
Алтыншыдан, жоғары оқу орындарында халықаралық аттестаттау мен аккредиттеуді жандандыру.
Болон үдерісінің қағидалары сонымен қатар білім бағдарламасының салыстырмалылығы мәселесін
шешетін және академиялық ұтқырлықтың кеңеюіне көмектесетін сынақтың бірліктер жүйесін
дайындау мен қолдануға мүмкіндік береді [2].
Болон үдерісі - жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпыеуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға
бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі [4].
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа
онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына сәйкес Болон
декларациясына қосылу ерекше маңызға ие. Онда «Сапалы жоғары білім беру халықаралық талаптарға
сәйкес болуы тиіс» деп нақты міндеттер көрсетілген. Қазақстанның Болон декларациясына қосылуы
туралы шешімді 46 елдің өкілдері бірауыздан қолдады. Сөйтіп, Қазақстан Болон үдерісіне 47-ші
қатысушы-ел болды.
Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының құрметіне аталған Болондық
декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық үдеріске 40 ел мүше болды. Мүше-
мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді ұйымдастыруды
көздейді. Болон үдерісі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам
талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, тандау еркіндігін және өзіндік білім жолын
игерумен, білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады.
Болон үдерісінің басты мақсаттарының құрамында еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы
университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу
қажеттігі; білім орталықтарына қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жұмылуы; түлектердің кәсібін
айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар қабылдау; әртүрлі
мәдениеттерге, тілдерге, ұлттық жүйелерге сый-құрметпен қарау; университеттік автономияны және
академиялық еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон үдерісі мүшелерінің арасында сенім
философиясын орнату жатады. Ресми заңдық тұрғыда Болон үдерісі Батыс Еуропа мен Қазақстанда
қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі «бакалавр-магистр» формуласымен теңестіріп, қазақстандық
жоғары білім құжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді. Болон үдерісі
еуропалық жоғары білімге төңкеріс жасады десе де болады. Болон үдерісі 1970 жылдардан бастау
алады. Сол жылдары еуропалық одақтың министрлер кеңесі білім саласындағы ынтымақтастыққа
қол қойған болатын. Ал 1998 жылы Париждегі Сорбон университетінің 800 жылдығына жиналған
Еуропа елдерінің білім министрлері құрлықтағы білім мен ғылымның әртүрлі жүйесі оның дамуына
кедергі келтіреді деген шешімге келіп тарасты. Сол кездесуде «Сорбон декларациясы» жасалды. 1999
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
42
жылы Италияның Болон қаласында 29 еуропалық елдің өкілдері бас қосып, «Болон декларациясын»
қабылдады. Бұл үрдіске ТМД мемлекеттерінен Ресей 2003 жылы, Украина 2005 жылы енсе, 2010
жылы Будапештте Қазақстан да толыққанды мүше мемлекет ретінде таныстырылды. Орталық Азия
мемлекеттері ішінде бірінші болып енуіміз үлкен жетістік болып табылады. Ресей Болон үдерісіне
2003 жылы еуропалық елдер білім министрлерінің Берлин кездесуінде қосылды. 2005 жылы Берлинде
Болон декларациясына Украина білім министрі қол қойды. Енді 2010 жылы Будапештте Қазақстанның
Болон декларациясына қосылуы туралы түпкілікті шешім қабылданды. Біздің еліміз – еуропалық
білім кеңістігінің толыққанды мүшесі болып танылған алғашқы орта азиялық мемлекет [3].
Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасуы жөніндегі жұмыс бірнеше жылдардан бері
жүргізіліп келеді. Айталық, 2007 жылы Университеттердің Ұлы хартиясы обсерваториясының Бас
хатшысы доктор Андрис Барблан оқытудың несиелік технологиясы бойынша алғашқы халықаралық
семинар өткізді. Сонда Қазақстан университеттерінің меморандумына (Тараз декларациясы) еліміздің
18 жоғары оқу орны қол қойған болатын. Тараз декларациясы Еуропалық Университеттердің ұлы
хартиясының принциптерін ұстанады. Бұл құжат университеттердің қоғам өміріндегі рөлін арттыра
түсуді көздейді.
Болон үдерісі (Болондық қайта құрылулар) – жоғары білім министрлерінің Декларациясына сәйкес,
еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген
термин. (Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003).
Болон үдерісі – жалпы қызмет принциптеріне негізделген жоғары білімнің бірыңғай еуропалық
жүйесінің құрылу процесі.
-Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату;
-ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;
-жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық
қайта құрылу процесі, көпдәрежелі жоғары білімді енгізу;
-академиялық кредиттер жүйесін қабылдау;
-білім сапасын бақылау;
-студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту;
-нәтижелерге және студенттік орталықтандырылған оқытуға бағытталу - Болон үдерісі шеңберіндегі
басты ұстанымдарға жатады.
Болон үдерісінің толыққанды қатысушысы болып 2010 жылдың наурызында Қазақстан Болон
декларациясына қол қойды. Қазақстанның Болон үдерісіне қатысуының негізгі мақсаты болып – оның
негізгі принциптерін жүзеге асыру арқылы Қазақстанның жоғары білімінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру [4]. Болон үдерісіне енуде Қазақстанның жоғары мектебінің дамуының негізгі бағыттары мен
артықшылығын анықтады. Әлемдік білім кеңістігіне ену ұлттың зияткерлік потенциалы мен бәсеке
қабілеттілігі қарқынды түрде өсуіне себепкер болады.
Қазақстан өзіне алған міндеттемелері бойынша 2020 жылға дейін келесі іс-шаралар атқарылуы тиіс:
«ашықтылықты» қамтамасыз ету, бір типті білім циклдерін кең ауқымды тарату арқасында барынша
жоғары түрде салыстыру, бірыңғай білім несиелерінің жүйесін енгізу, алынып отырған біліктілікті
арттыру мамандықтарының бекітілген қалыптарының бірдей болып келуі және екі жақтылығын
қабылдау, мамандардың білім сапасын қамтамасыз ететін дамыған құрылымдарды құру және т.б.
Бүгінгі таңда Қазақстанның жоғары білім жүйесінің Болон үдерісіне қатысушы мемлекеттердің білім
жүйесіне барынша ұқсас, жақын болып келуі бойынша айтарлықтай үлкен жұмыс атқарылуда.
Болон үдерісінің негізгі қағидаларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда жоғары оқу
орындарының қызметін реттеу және өткізліп жатқан реформалардың тиімділігін бағалаушы құрылым
құру қажеттілігі туындады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
министірлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығының шеңберінде
Болон үдерісінің институты құрылды.
Институт миссиясы: Болон үдерісінің қағидаларын жүзеге асыра отырып Қазақстанның жоғары
білім сапасын және бәсекеге қабілетілігін жоғарлату.
Мақсаты: Болон үдерісінің негізгі қағидаларын Қазақстанның жоғары оқу орындарында енгізу
мен тарату, Болон үдерісінің тиімділігін бақылау
Институттың негізгі міндеті:
- Болон үдерісiнiң қағидаларын iске асырудың шетел тәжiрибелерін талдау және оның Қазақстан
болмыстарына бейiмделуі;
- Болон үдерісiнiң қағидаларын iске асыруы бойынша Қазақстандағы шаралар жүйесiн құру;
№ 1 (86) 2012
43
- Қазақстандағы Болон үдерісінiң дамуы, халықаралық талаптарды есепке ала отырып, құрылымы
мен мазмұнын өңдеу арқылы жоғары оқу орындарының қызметiн үйлестiру;
- бiлiм бағдарламаларының үйлестіру әдiстемелерін құру;
- қазақстандық және халықаралық еңбек нарығының қажеттіліктеріне және дублин дескрипторларына
сәйкес көп деңгейлi бiлiм беретiн бағдарламаларын өңдеу бойынша кеңестер, семинарларды өткiзуі;
- салыстырмалы жалпы еуропалық әдiстері мен бiлiм сапасының бағалау белгiсiн өңдеу;
- сапалы бiлiм алу мүмкiндiгі туралы азаматтардың сенiмдi деректермен қамтамасыз ету;
- жоғары бiлiмнiң сапасын айқындау бойынша ЖОО-ды және мүдделi ұйымдарды әдiстемелiк
қамтамасыз ету;
- жоғары оқу орындарының қызыметкерлерін жаңа бiлiм беретiн ортада жұмыс жасауға үйрету;
- оқу процесіне және академиялық мойындау бойынша ECTS жүйесін енгізу мақсатында жоғары
оқу орындарына кеңес беру және нормативтік құжаттаманы енгізу;
- жалпы еуропалық стандарттарына сәйкес ұлттық мамандық шеңберін құрастыру мен оқу
нәтижелерiн анықтауға арналған жұмыс берушiлермен өзара әрекеттесу бойынша жоғары оқу
орындарана кеңес беру [5].
Тұтастай алғанда Болон үдерісі жолына қосылған университеттердің басты міндеті студенттерге
білімді бүкіл өмір бойы жинақтау екендігін жеткізу болмақ. Бұл орайда Елбасы Н. Назарбаевтың «Кейбір
мемлекеттік оқу орындарына айрықша мәртебе беру туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Жарлығының
маңызы зор болды. Бұл жарлықпен ұлттық университеттерге бұрынғыдан гөрі кең құқықтар берілді.
Бұл жоғары оқу орындарының басшылары Президент Жарлығымен тағайындалатын болды. Мұның
өзі сонымен қатар оқу орындарына жоғары жауапкершілік жүктейді. Қазақстанның дамуының
жаңа кезеңі еліміздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру мақсаттарына
бағдарланған. Соған сәйкес ұлттық білім моделі әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырылуы, әлемдік
еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз етуі тиіс.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Долженко О. «Болонский процесс» между Куром и Елчиком или о приоритетах дела // АIma-mater.2004.
№6 –С. 49-51.
2. Медведев С. Болонский процесс, Россия и глобализация. Высшее образование в России №1, 2009. С 10-12 .
3.WWW.Қаз Ақпарат
4. Әділханова Л. Жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы және интеграциялануы. III
Халықаралық ғылыми “Алтынсарин оқулары” конференциясының материалдары. Астана 27-27 қазан 2010 ж.
5. Айткожин К.А. Международные измерения образовательного процесса. Высшее образование в России.
-№1, 2009. -С 50-57 .
Редакцияға 28.09.2011 қабылданды.
Қ.Қ. ҚҰЛАНОВА, А.Т. АХАНОВ
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАДА САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
The healthy way of life is the main condition of human living, working and spending free time. Therefore,
properly organized public health improving measures are the important way of being healthy.
Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың, тіршілік деңгейінің төмендеуі және
экологиялық қолайсыздық халықтың, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Қазақстанда соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштердің нашарлап, халықтың табиғи өсімі
төмендеп, ауру-сырқау мен өлім-жітім көбеюде. Бұл, әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығына
қауіп төндіруде. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестенушілік пен
адамгершілікке жат мінез-құлық кеңінен таралуда. Аурулар санының өсуі адамның болашағына қауіп
төндіріп отырған жағдайда саламаттанудың пайда болуы заңдылық. Саламаттану ғылымы – аурудың
алдын алуды, денсаулықты сақтау мен нығайту шараларын, саламатты өмір салтын қалыптастырудың
ғылыми негізі болып табылады.
Саламатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы істелініп жатқан жұмыстар: Елбасы
Н.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі “Қазақстан азаматтарының
денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты тармағында “...азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау
болуы және оларды қоршаған ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір салтына
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
44
әзірлеу” қажеттігі көрсетілген [1]. 1998 жылы қазан айында қабылданған “Халықтың денсаулығын
сақтау жөніндегі” мемлекеттік бағдарламаның 4-тарауында “Аурудың алдын алу дегеніміз – таза
су мен кенеулі асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, қоршаған ортаны ластайтын және
экологиялық зиян келтіретін объектілерді қысқартуды, басқа да қауіпті факторларды төмендету
жөніндегі осыған ұқсас шараларды білдіреді. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың
дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді,темекі мен ішімдікті
тұтынуды қойып, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған” деп сипаттама
береді [2].
Күнделікті тіршілікте кез келген адам саналы түрде ұзақ өмір сүрсем екен деп қиялданады. Адам
баласының денсаулығы және ұзақ өмір сүруі ең алдымен қоғамның әлеуметтік-саяси құрылысына
байланысты болып келеді. Адам өмірі қысқа емес. Солай десек те, адамзат қоршаған ортаның,
яғни, табиғат құбылысының толық бұзылуы ең әуелгі оның жүйке жүйесін тоздырады. Жүйке
жүйесінің бұзылуына әсер ететін келесі бір жағдай – жеке бастың саналы түрде денсаулығын бұзуы:
атап айтқанда, адамның ішімдікке салынуы, тамақты уақтылы ішпеуі, нашақорлық сияқты зиянды
әрекеттер адамның адами болмысын бұзып, өмірді қысқартады. Айталық, орыстың белгілі дәрігер
ғалымы Н.М.Амосов – “Аурулар жайында көп жазылады, бірақ денсаулық туралы аз:
1. Аурулардың көбіне табиғат та, қоғам да кінәлі емес, тек адамның өзі ғана кінәлі. Көбінесе ол
жалқаулықтан, қомағайлықтан, сайып келгенде, өзінің қисынсыз қылықтарынан ауырады.
2. Медицинаға сене бермеңіздер. Олар көптеген ауруларды дұрыс емдейді, бірақ адамды сауықтырып
жібермейді. Әзірше ол адамды сау болуға да үйрете алмайды.
3. Дені сау болу үшін адам саналы түрде өзінің жеке басымен үнемі шұғылданып отыруы керек.
Бұл шараларды ештеңемен алмастыруға болмайды. Адамның санасының жетілгендігі соншалықты
қабілетіне қарай өз денсаулығын әрқашан қалпына келтіре алады.
4. “Саналы түрде істеген ісі жеке бастың ынтасымен анықталады” – деген тұжырымдама жасады.
Сол үшін әрбір адам өзі үшін, ғұмыр жасы ұзақ болу үшін кейбір ережелерді сақтаған жөн. Олар:
спортпен айналысу, бос уақытты тиімді пайдалану, дұрыс тамақтану, миды дұрыс қоректендіру т.б.
Адам өзі үшін, ғұмыр жасы ұзақ болу үшін кейбір ережелерді сақтаған жөн. Олар: спортпен
айналысу, бос уақытты тиімді пайдалану, дұрыс тамақтану, миды дұрыс қоректендіру және т.б.
Ғалымдар дұрыс тамақтанбау көптеген аурулардың пайда болуының себебі екенін дәлелдеген
[3]. Аз қозғалу нәтижесінде жиі гиподинамия ауруларына ұшырайды. өмірлік маңызды мүшелер
мен жүйелердің жұмысының бузылу себебі неде? Шамадан тыс көп тамақ ішу, дұрыс тамақтанбау
семіздікке және салмақтың нормаға жетпеуіне әкеліп соғады. Семіру, көбінесе күнделікті өмірді
дұрыс ұйымдастыра алмауға, калориялығы жөнінен организмнің жұмсаған қуат шығынынан асып
түсетін тамақ ішуге байланысты болады. Сондықтан семіруге қолайлы жағдай туатын фактордің
бірі – қозғалыстың аздығы болып табылады. Алкогольдік ішімдіктерді үнемі ішуде семіртеді өйткені
ішімдіктің колориясы жоғары, ал оны ішкенде адамның тамаққа тәбеті артады. Семіргенде дененің
массасы (салмағы) едәуір артады. Семіру 4 дәрежеге бөлінеді. Бірінші дәрежеде дененің салмағы әдеттегі
қалпынан 30% артық болады, екіншісінде 50% үшіншісінде - 100%-ке дейін, ал төртіншісінде100%-
тен асып кетеді. Семірудің бірінші және екінші дәрежесі кезінде адамдардың еңбекке қабілеттілігі
мен өмірлік белсенділігі өзгермейді, бірақ семірудің бір сатысы біртіндеп, екіншісіне ұласатынын
естен шығармаған жөн. Зат алмасуының бұзылуы және сүйек пен буынға салмақ түсуінің өсуі
тірек-қимыл аппараттарында өзгерістер туғызады. Қатты семіру тыныс алу және жүрек-қантамыр
жүйелерінде де, өзгерістер туғызады, мұның өзі өкпе мен жүрек қызметін әлсіретеді. Тіпті семірудің
бастапқы сатысының өзі организмге зиян: артық салмақ қант диабетінің, гипертониялық аурулардың,
стенокардия мен миокард инфарктісінің, өтке тас байлану және басқа да бірсыпыра аулардың пайда
болуына әсер етуі ықтимал. Тамақты мөлшермен ішу және дененің қимыл-қозғалысын арттыру
семіруге қарсы күрестің негізгі әдісі болып табылады. Дегенмен салмағы артық адамдардың міндетті
түрде дәрігерге қаралып, тамақтанудың тәртібі және емдік физкультурамен айналысу режимі жайлы.
Ақыл – кеңес алғаны жөн, өйткені семіру эндокриндік өзгеріс салдарынан да болуы мүмкін. Мұндай
жағдайда әдеттегі рационның калориялылығын азайту және тағам құрамына сеңімді углеводтар
мен жануарлар майын қоспау дұрыс болмай шығуы мүмкін. Дәрігердің ақыл-кеңесісіз, көбінесе
семіздіктен зардап шегіп жүрген аураларға ұсынатын, ашығу күнін енгізуге болмайды. Әсіресе, емдік
ашығуды және тәбетті төмендететін дәрілерді өз бетімен қолдану денсаулыққа өте қауіпті. Семірудің
алдын алуды бала кезден бастаған жөн. Баланы аса тойғыза тамақтандыруға болмайды, оны әр түрлі
тамақ ішуге, әр мөлшерде ішуге үйрету керек. Белсенді қимылдап, үнемі таңертеңгілік гимнастика
№ 1 (86) 2012
45
жасауға, физкультура және спортпен айналысуға дағдаландыру қажет. Әр адам өз салмағын қадағалап
жүрген жөн. Егер салмақ өсе бастаса, онда тамақ мөлшері мен калориялылығын организмнің энергия
шығынына сәйкес келмегендігін дәлелдейді. Бұл кезде рациондағы сеңімді углеводтар мен жануарлар
майларының мөлшерін азайту керек. Тола бастаған кезде таразыға түсіп, салмақты қадағалап отыру
керек, семірудің белгілері басталысымен-ақ, ең алдымен жоғары калориялы тағамдар ішіп-жеуді
шектеп, дене еңбегімен айналысу қажет. Артық салмақтың алдын алу үшін:
- дұрыс тамақтану режимін спортпен және емдік гимнастикамен үйлестіру қажет. Сонымен
қатар белсенді қозғалған, табиғи суларда шомылған, бассейіндерде жүзу, денені шынықтыратын су
процедураларын өткізу пайдалы;
- біртіндеп аз калория тамақтануға, тамақтардың энергетикалық құндылығын төмендете отырып
еттің, балықтың майлы емес түрлеріне, сүт және сүт өнімдеріне көшу;
- құрамында қанты бар (балмұздақ, кондитерлік тағамдар) тағамдарды шектеу;
- ас тұзын пайдалануды шектеу;
- қара бидай, кебек нан мен өсімдік майларын пайдалану;
- ашығу күнін (алма, айран, салат) жасау;
- дене салмағын бақылау;
- ащы, ысталған, бұрыш, қыша, ішімділікті ішуді шектеу;
- артық салмақ байқалған кезде ашығу әдістемелерін пайдалану;
- қосымша спорттың кейбір түрлерімен айналысу.
Организмнің қоректік заттарға деген қажеттілігі калориямен өлшенеді. Қоректік заттардың
ыдырауы кезінде организмнің өмір сүруіне (тамақ ішу, қозғалыс және басқаларына) пайдаланатын
энергия бөлінеді. Калориялардың қажетті саны шығындалған энергияны жабу үшін және қоректі
заттардың қорын жинауды қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл күніне 2050-2500 килокалорияны құрайды.
Осылайша, тәулік қажетті коректік заттардың калориялығы есептелінеді. Тамақтың калориялығы
тәуліктік шығынның 10%-нан аспауы керек. Егер тамақтың тәуліктік калориялығы энергия
шығындарынан кем дегенде 300 ккал асып кеткен болса, онда организмде тәулігіне 15-30 гр. қорлық
майдың жиналуы басталады, бір жыл ішінде бұл 5,4-10,8 кг.-ды құрайды. Егер дене массасы 15-20%
нормадан асып кетсе, мұның өзі семіздік ауруы болып саналады.
Семіздіктен арылу жолы - жеңілденген диета. Атақты американдық дәрігер Поль Брегг өз кітабында
«Бірде-бір адам өлімнен қашып көрген емес, бірақ әрбір адам тамақтанудың белгілі бір гигиеналық
ережелерін сақтай отырып, өз өмірін ұзарта алады» деген [5].
Азық- түлікпен бірге организмге келіп түсетін түрлі химиялық заттар мен ыдырау қалдықтарынан
организмді тазалау үшін аптасына бір рет тәуліктік ашығуды жүргізген пайдалы. Ашығуды кешкі
тамақтанудан келесі күнгі кешкі тамақтануға дейін өткізген жөн. Ол кезде тәулік бойы кез келген
тамақтан бас тарту керек. Осы тәулік ішінде тек қайнатылған су немесе қою емес салқын май қолдануға
болады. 24 сағат ашығудан соң жеңіл тамақ, жемістермен тамақтану қажет.
1 сағат бойы спорттың келесі түрімен айналысқан кездегі майдың ықтимал азаюы және энергияның
орташа жұмсалуы 1-кесте.
Достарыңызбен бөлісу: |