1-кесте.
Спорт түрі
Энергиялық шығындар
(к/кал-сағ.)
Майдың ықтимал азаюды (грамм
есебімен)
Гимнастика
200-220
30
Жүру (5 км./сағ.)
220-250
34
Белсенді жүгіру (6 км./сағ.)
260
38
Жүзу
300-340
46
Шаңғымен жүру
600-320
88
Үстелдегі теннис
320-340
48
Үлкен теннис
400-500
54
Велосипед тебу (10-15км./сағ.)
260-360
48
Аэробика
300-360
48
Скакалкамен секіру
540
76
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
46
“Денсаулық дегеніміз тек дененің сыртқы бүтіндігі деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны
организмнің жан-жақты дамуы мен бүкіл дене қызметтерінің жүзеге асырылы деп ұққан жөн” – деген
екен Н.А. Добролюбов [4].
Саламатты өмір салты дегеніміз – әрбір жеке адамның өнімді еңбек етіп, тұрмыс құруы, бос
уақытында дем ала білуі, қысқасы, адамның күнделікті дұрыс қалыптасқан өмір тіршілігі. Саламатты
өмір салтының маңызды элементі ретінде соңғы уақытта халықтың спортқа қызығушылығының
артуына байланысты, халық арасында дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы сауықтыру
және бастапқы оңалту жұмыстарын қамтамасыз ететін сауықтыру және оңалту орталықтарын,
пунктерін, диагностика-консультациялық пункттер мен кабинеттерді ұйымдастыруда.
Сонымен, еліміздің кез келген азаматы саламатты өмір сүру үшін парасатты, зерделі, білімді,
саламатты болуы міндетті.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. “Қазақстан-2030” бағдарламасы. -1997 ж.
2. Валеология дене тәрбиесі спорт. -№ 4, 2004 ж. 3-б.
3. Валеология. Л.З.Тель, Е.Д. Даленов. -Астана, 2005 ж. -87 б.
4. Денсаулық. - №8, 2004. 4-б.
5. Авраменко В.А.Физическая культура и здоровый образ жизни. -М.: Наука, 2003. -С.86.
Редакцияға 22.08.2011 қабылданды.
Ұ.С. МАРШЫБАЕВА, Қ.Қ.ҚҰЛАНОВА
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
In the work is looked over the problems of giving to young people military-patriotic education, especially,
to be able to teach deeply the physical training connecting it with primary military preparation. It is necessary
to bring up the children from his the very first steps to be the future sadder of the troops, the healthy member
of the society, the patriotical citizen of our country. All these enumerated qualities will be developed, if the
physical training and the special military preparation are tightly connected between themselves.
Қастерлі де қасиетті тәуелсіздігіміздің тірегі – білімді әрі саналы, парасатты, жан-жақты
мәдениетті, көкірегінде Отанға деген сүйіспеншілігі бар азаматты тәрбиелеп өсіру, қазіргі заманның
басты міндеттерінiң біріне айналуда. Еліміздегі білім берудің бүгінгі жағдайы қоғамдық өмірдің
барлық салаларында түбегейлі мәнге ие және оның дамуы жалпы мемлекеттік саясаттың бағыттары
ретінде қарастырылуда. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім
беру жүйесінің басты міндеті азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздері құрметтеуге, халық дәстірлерін қастерлеуге, Конституцияға
қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» - деп көрсетілген. Сондай-ақ
«Білім» мемлекеттік бағдарламасындағы тәрбиелеу жүйесін жетілдірудің мақсаты: «Қазақстандық
ұлтжандылық, азаматтық, ізілік пен жалпы азаматтық, құндылықтар идеяларының негізінде
тәрбиелеушінің жеке тұлға ретінде сапа қасиетін қалыптастыру» делінсе, жоғарыда көрсетілген
тәрбиелеу жүйесін жетілдірудің мәнінде: «білім беру ұйымындағы ұлттық мәдени ерекшеліктерді
ескере отырып, тәрбиелеудің тиімді жүйесін әзірлеу мен енгізу» – деп көрсетілген. Адамның рухани
ішкі және сыртқы тазалығы адамгершілік, имандылық қасиеті, ақыл-ойының, дене бітімінің саулығы,
тәлім-тәрбиесі туралы мәселелерді адамзат тарихи тамырын тереңнен алады. Халқымыз жас ұрпақты
рухани-адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеуге ерекше көңiл бөлiп, кейiнгiге талай ұлағатты
сөздерiн, iс-тәжiрибесiн қалдырған. «Қазақстан – 2030» Жолдауында Республика Президенті еліміздің
ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын
анықтады [1]. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті – елін сүйген адал азаматты тәрбиелеу болса,
осыған сәйкес «қазақстандық ұлтжандылық пен ұлттық елжандылық» студенттердің тәрбиелік
деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып қарастырылады. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ,
содан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені, ең алдымен ненің болсын
бас алып, жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Ойынды біз бар өнердің бастауы деп білеміз. Ал
қай өнер болса да кең арнаны, сулы шалқар дариядай болып кемеліне келгенше жолында кездескен
сандаған үлкенді-кішіні арналардан бас құрайтын өзен сияқты ғой. Сол алып өзеннің орта тұсынан
шыққан адам, оның басы әуелде жылжып аққан бұлақтан басталып еді дегенге онша илана қоймас та
№ 1 (86) 2012
47
еді. Ұлт ойындары біздің алдымызға тап осы суреттерді елестетеді. Өйткені бір кезде ол бар өнердің
басы, олардан нәр алатын бастауы болғаны анық. Шынында да, көне мәдениет пен әдеби туындылар,
ең алдымен, сан халық жиналған думанды-сауықта, ойын-той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне
айналған. Сөйтіп, бүгінгі және болашақ ұрпақ ұлт ойындарының өзі адам еңбегінің жемісі, халықтың
фантастикалық ой құбылысының нышаны ретінде өмірге келгенін, оның бар өнердің бастамасы,
халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінің айнасы екенін білуге тиіс.
Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге
арналған осы кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне жараған.
Сөйтiп, көшпендi деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесiн, оның iшiнде спортты дамытуға
көп көңiл бөлгенi байқалады. Ежелден садақ тарту, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт
түрлерiмен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерiмен айналысу арқылы өздерiнiң рухани
байлықтарын жетiлдiрiп, толықтырып отырған. Халық өзiне лайықты деп санаған ұлттық спорт
түрлерiн, әр түрлi дене жаттығуларын үнемi жетiлдiрiп келген. Алғашқы кезеңде спорт пен дене
тәрбиесi еңбекшiлердiң денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру
даярлығын жақсарту мақсатында жүргiзiлдi. Ұлттық спорт түрлерi де жақсы жолға қойылған. Атап
айтқанда қазақша күрес, тоғызқұмалақ, сайыс, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу, жорға жарыс,
атан жарыс, асық ату, бестас сияқты спорт түрiнен арнайы федерациялар құрылған. Ресми жарыстар
өтiп тұрады. Тоғызқұмалақ ойыны Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарында кейбiр
мектептерде пән ретiнде оқытылады.
Бүкіл елімізде студенттерді ұлтжандылыққа тәрбиелеудің басты мәселелерінің бірі – ол дене
шынықтыру сабағымен терең оқыта білу. Дене шынықтыру сабағы негізі ер балалардың табиғатына
тән пән. Олардың бойында Отан алдындағы жауапкершілікті қалыптастыруымыз керек. Дене
шынықтырудағы ойындар баланың ептілігімен, шыңдалуымен қатар оның ақыл-ойын да дамытады.
Қазіргі таңда студенттердің дені сау, жан-жақты болғанын талап ететіні белгілі. Осы және басқа
да себептерге байланысты мектеп, лицей бітірген әрбір жасөспірім оқу бағдарламасында берілген
білімді толық меңгеруі тиіс. Дене тәрбиесі сабағында жоғарғы сыныптағы ер балалардың дене
қасиеттерін дамыту процесінде бірыңғай заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады: жаттығулар мен
жүктемелерге сапалы көзқарас, сабаққа белсенді қатысу, ұжымдылыққа тәрбиелеу қабілеттілігін
арттыру, дене мүмкіншіліктерін дамыту. Ер балалардың сапалы және болашақ өмірде керек қимыл
қозғалысты жақсы және дұрыс меңгерген жағдайында денсаулығы жақсы, дене қасиеттері мен
қабілеттері дамыған жауынгерді көруге болады.
Біз ұрпақ тәрбиесінде дене күштері мен рухани күштері сай жетіліп, шынығып өсетіндей етіп
тәрбиелеу ісін қамтамасыз етуді дене тәрбие саласының аса маңызды міндеттерінің бірі деп санаймыз.
Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие – ұлтжандылық тұрғыдағы тәрбие үлгісі
болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани
құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып
жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып, әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір-
салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Ұлтжандық тәрбие –
адам өмірінің алтын арқауы. Ұлтжандық тәрбие жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды жоққа
шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-бірін байытып, құнарландырып отырады.
Ұлжандық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай адам. Ондай адам жалпы адамзаттық
тұрғыдан мәдени және рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл
адам дәрежесіне тезірек жетеді. Студенттерге жан-жақты тәрбие беруде үлкен жауапкершілікті
мойындарына алған студент жастар ұйымдары негізінен коммунистік тәрбие принциптеріне сүйенді.
Жоғарғы оқу орындары оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар ұлттық тәлім-
тәрбиенің ерекшеліктерімен санаспады. Ұлттық тәрбиедегі ұрпақ сабақтастығы сақталмады. Осыған
орай, кейбір мәселелердің басын ашып алмай тұрып ұлттық тәрбиені дұрыс жолға қою мүмкін емес
екені анық. Республикамыз бір саяси құрылымнан екіншісіне ауысып, басқару жүйесі жаңа сападағы
қарым-қатынасқа бет бұрған өтпелі кезеңде қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге ұлттық
тәрбие беру жұмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Мұндай жағдайда заман ағымына қарата
пайда болған тың ұғымдарды айқындап, оларға анықтама беру қажеттігі туындады.
Ұғымдар, түсініктер, ереже, қағидалар арқылы студенттер санасында білім қалыптасып, ол
өз кезегінде оның іс-әрекетіне бағыт береді. Біздің пайымдауымызша, ұлжандыққа тәрбиелеуде
қазақстандық патриотизммен қатар сүйенетін негізгі ұғымның бірі – ұлттық патриотизм. Бұл орайда
ұлттық дәстүрлердің, олардың құрамдас бөліктерінің(мұның ішінде ұлттық спорт түрлерінің де,
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
48
адамдардың отан сүйгіш қасиеттерін қалыптастыруда және дамытуда қандай орын алатынының
маңызы зор.
Халқымыздың ардақты ұлы Бауыржан Момышұлының мына бір сөздері дәл бүгін айтылғандай
қымбат: «Патриотизм түсінігін мемлекеттің азаматы ретіндегі жеке адамның мүддесінен тыс
жалпылама, жадағай түсіндіруге болмайды. Патриотизмнің құрамдас бөлігі болып табылатын
маңызды элементтердің бірі-ұлттық рух немесе ұлтжандылық өз халқына деген сүйіспеншілік ретінде
қарастырылуға тиіс. Ұлтжандылық өзінің шыққан тегінің бірлігі мен ортақтығы, туған жеріне, тіліне,
өскен ортасына, мінез-құлқына, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктеріне басқалардан
өзгеше әрі ерекше тарихи ұлттық дәстүрлерге тығыз байланысты. Ұлттық сезімдерді патриотизм
арнасына, Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілік рухына бағыттау үшін бұл ерекшеліктерді жақсы білу
және олармен міндетті түрде санасу қажет» [2].
Ұлтжандылықты қалыптастыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Ұлтжандылық
дегеніміз – ең алдымен, белгілі бір ұлттың өкіліне сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа
үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіру. Тереңірек пайымдасақ, мұның өзі
ұлттарды ұлылауға бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмтылып
қалған дәстүрлердің жаңғыруы арқылы әрбір адамның ұлтшылдығын күшейте түсіру болып табылады.
Жоғары оқу орындарында студенттерге ұлттық тәрбие беру ісінің маңызы зор екенін біз көріп жүрміз.
Өйткені егеменді ел болған соң сол елдің елдік белгісі ұлттық патриотизм тәрбиесі айқын көрінуге
тиіс. Ұлтының наным-сенімдерін, саяси көзқарастары мен ұстанған бағыт-бағдарын, өз ұлтының
ерекшеліктерін ұлттың әрбір азаматы танып білуі керек. Ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау,
оның тілі мен ділін, дінін сыйлау, жетістіктеріне шаттану – ұлттың әрбір өкілінің азаматтық борышы.
Біздің көтеріп отырған ұлттық тәрбие мәселесі студенттердің өз ұлтының тарихы мен географиясын,
батырлары мен біртуар тұлғаларының ерлік істерін білуіне негізделеді.
Қазақ елінің егеменді ел болуы ана тілінің салт-дәстүрінен, мәдениетімен, тарихынан, рухани
дүниенің ұлттық сана сезімін, тілі мен ділін, бауырмашылық қадыр-қасиетін өскелең ұрпаққа
қалыптастырудың тәлім-тәрбие идеясын басшылыққа алу деп түсіну қажет. Ендеше тәуелсіз
мемлекетіміздің бүгінгі таңдағы білім беру саласының басты міндетінің бірі – жас ұрпақ бойына өз
қоғамына деген ұлтжандылық сезімін қалыптастыру.
Ұлттық қасиеттеріміздің ұрпақ бойында қалыптасуы қоғам игілігі үшін маңызды. Студенттерге
ұлттық тәрбие беру жоғары оқу орындарында кең көлемде жүргізілуі тиіс. Ұлтжандылық тәрбие –
ұлттық тәрбие негізі деп білеміз. Ал ұлттық тәрбие ғаламдағы құндылықтарды бойына сіңіріп, өз
құндылықтарын арттыра береді. Бірақ ол өндіріс және экономика сияқты «ғаламдастыруға» келмейді,
өркениеттілікпен дамып, қалыптасады. Сондықтан студенттер ұлтжандылыққа сусындасын десек,
ұлттық тәрбие беруді жүйелі талдап, жоғары оқу орындарында патриот студенттер тәрбиелеуді
енгізу керек. Ұлтжандылықты қалыптастырудың құралдары болып саналады: ұлттық тіл, ұлттық-
әдеп ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ауызекі халық шығармашылығы, ұлттық тарих, ұлттық сәндік-
қолданбалы өнер, ұлттық ойындар, т.б. Ұлттық мәдениет, ұлттық тіл, салт-сана мен дәстүр әрбір
халықтың өмір сүруінің және жер бетінде сақталып қалуының негізгі кепілдері болып табылады.
Бұған қоса дәстүрлер, салттар, қоғамдық пікір адамдардың мінез-құлқын қалыптастыратын әлеуметтік
реттеу екенін ұмытпау қажет. Сайып келгенде, бұлар адамдардың өзіндік санасына негіз болады.
Тәрбиелеудің негізі университет қабырғасында дене тәрбие ісін жақсартудың маңызын
халықтық тәрбиемен ұштастырудан қаланады. Халықтық тәрбие, ол ұлт болып қалыптасуымен
бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи көне үрдіске жатады. Ондай тәрбие жүйесінің
халықтық педагогикамен тығыз жүргізілуі тиіс. Себебі, адамның ішкі қасиетін, сыртқы күш-қасиеті
толықтырып, қанағаттандырып отырса, керісінше сыртқы күшті, ішкі қасиеттер қуаттайтындай
үйлесімділікте болса, жеке тұлғаның нағыз толық тұтастығы сонда қалыптасатын болады. Ішкі
күшке ақыл-ой, жүрек, қайрат қуат, тазалық, т.б. жатады. Ал, сыртқы күшке жататындар, ол бүкіл
дененің қимыл-қозғалысы, бұлшық ет күші, қол, аяқ, иық, бас. Ұрпақ тәрбиесі қоғам үшін лайықты
мұрагерлер тәрбиелеу ісі. Бұл асқан жауапкершілікті талап етеді, мемлекеттік маңызы зор жұмыс
«сегіз қырлы, бір сырлы», ақыл-ойы жетік, сезімі сергек, жауапкершілігі мен іскерлігі жетілген,
дені сау адам өсіру ісі ғасырлар бойы халқымыздың ең ізгі арманы болып келеді. Бұл арман дене
тәрбиесін, адамгершілік тәрбиесін, кәсіптік тәрбие беруді сіңіріп, іске асып отырады. Студенттердің
денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Барлық студенттердің
сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып
қолайлы жағдайлар жасау қажет. Студенттерге дене тәрбиесін беру үшін спорт ұйымдары мен
№ 1 (86) 2012
49
клубтардың, кәсіпорындар мен мекемелердің базасы кеңінен пайдалануы керек. Өмірге қажетті
дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады. Жастардың денесі түрлі
жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты
адам қабілеттерін дамыту студенттердің қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалғысын
үйлестіреді. Студенттердің сапалы және болашақ өмірде керек қимыл қозғалысты жақсы және дұрыс
менгерген жағдайда Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің қатарында денсаулығы жақсы,
дене қасиеттері мен қабілеттері дамыған жауынгерді көруге болады. Сондықтан да студенттерді
сабаққа белсенді қатыстыра білу, дене тәрбиесі сабағының атқаратын қызметі мен міндеттерін білу,
қағидаларды, патриоттық-ұлттық сезімді ояту мен дамыту жұмыстарын сапалы түрде өткізу.
Қазақ ұлттық ойындарының студенттерге тигізетін тәрбиелік мәні орасан зор және де дене
тәрбиесінің баға жетпес құрамы. Қазақтың ұлттық ойындары тек ойын сауық жағынан ғана емес
ол-спорт, ол – өмір сүру үшін маңызы бар үлкен тәрбие құрамы сонымен қоса ұлттық ойындар
ерлікті, ептілікті,тапқырлықты, табандылықты тағы басқа мінез ерекшеліктерін қалыптастырады.
Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындар студенттердің денесін шынықтырады, рухани жағынан
өсіреді, ой- өрісін кеңейтеді. Ұлттық ойындарды пайдаланумен студенттердің денсаулығын жақсарту
жолында, қан айналымын, тыныс органын, зат алмасу процесін және жүйке жүйелері жұмысын
нығайтуда маңызы зор. Қазақтың ұлттық ойындары дененің шынығуын қажет етеді. Сол секілді
қозғалыс спорт ойындары да адамның еңбекке деген қажырлығын және шыдамдылығын талап етеді.
Бала жасынан ойнаған ойындарының әсерінен болашақ жұмысшы ғана тәрбиеленіп қоймай, мүсінді,
дені сау, қоғамның қиындығына төзімді азамат шығады. Отанның болашақ азаматтарын жан-жақты
тәрбиелеуге әсерін тигізеді [4].
Ұлттық ойындармен шұғылданатын студент қандай іске болсын қабілеттері артып, жылдамдық,
шыдамдылық сияқты сапа қасиеттері өседі. Ұлт спорты да спорттың басқа да түрлері сияқты барлық
спорт ойындармен ұқсастығы бар. Мысалы: доп ойнау, қуыспақ, жасырынбақ, атысу ойындарын барлық
ұлттың балалары ойнайды. Демек, ойындардың да бірыңғай негізі және заңдылығы бар. Біріншіден,
ойындар барлық дәуірлерде, тарихи кезеңдерде болған, адам алғашқы қауымынан бастап, мәдениеттің
жоғарғы даму сатысына дейінгі кезеңде қозғалыс қимылдарымен дене дамуының небір жетістіктерін
дәлелдеп келеді. Ұлт ойындары қай қоғамда қалыптаспасын, ол даму ерекшеліктеріне байланысты
барлық өнерді өз бойына сиғызудың салдарынан да қазақ халқының көретін киносы көңіл ашар
театрының рөлін атқарады. Демек, қазіргі бізге жеткен мәдениет пен өнердің, театр элементтерінің
қай-қайсысы болса да ойын үстінде көрсетіліп, сол ойыншылардың әр түрлі мәнерлі орындалуының
нәтижесінде келіп, яғни қайталау жаттығулардың салдарынан бүгінгідей үлкен мәдениет пен өнердің
негізін қалады. Ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындары жеткiншек ұрпақты үйлесiмдi тәрбиелеудiң
ажырамас бөлiгi болып табылады. Қазiргi дене шынықтыру әдістемесінде ғасырлар бойы сомдалған
және сыннан өткен халық ойындары мен ұлттық спорт түрлерi арқылы студенттер тәрбиелеудiң бай
тәжiрибесiн пайдалану қажет. Бұл халықтық педагогиканың сарқылмайтын қазынасы және қазiргi
заман жағдайында оның пәрмендi күшi бар, себебi онда халық арасында дене шынықтыру-сауықтыру
және спорттық-бұқаралық жұмысты дамытудың және саламатты өмiр салтын қалыптастыру үшiн
қажеттi дайын қалыптарының негiзi салынған. Олардың сауықтыру мүмкiндiктерi мен қолданбалы
сипатын аша отырып, ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарын одан әрi дамыту жөнiнде нақты
шаралар қолдану қажет. Ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындарын дамыту студенттер арасындағы
мәдениеттердiң де өзара кiрiгу үрдісінде үлкен рөл атқарады.
Ұлттық ойындар – ата-бабамыздан бізге жеткен асыл қазынамыз, өткен мен бүгінгіні
байланыстыратын баға жетпес байлығымыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа
пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан
өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді Ұлттық
ойындар – адамның ойын жетелейтін, қиялымен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі,
денсаулық кепілі, өмір тынысы [3]. Ұлттық спорттық ойындардың мақсаты, міндетті түрде жеңіске
жету емес, денсаулықты сақтау,ағзаның дұрыс өсуіне,қалыпты дамуына жағдай жасау.Жастардың
денесінің мығым,шымыр болуы келешекте Отанын қорғауға даиын сарбаз екенін аңғартады.Оның
кепілі ретінде халықтың спорттық ойындарының да маңызы зор. Дене тәрбие сабағында – ұлттық
негізінде тәрбие беруде үлкен маңызды рол атқарады. Ұлттық ойындар адамның шығармашылық
қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштасып отырады. Ойынсыз ақыл ойдың қалыптасып отыруы да
мүмкін емес. Ойын дегеніміз ұшқын білімге құмарлықпен еліктеудің маздап жанар оты. Міне сол
сияқты қазақтың ұлттық ойындарының тынысы осындай ғажайып нәрсе.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
50
Тұжырымдай келе, студенттердің тәрбие жұмыстарында ұлтжандылық сезімді оятатын шараларды
кеңінен өткізу. Студенттердің бойындағы ұлттық тәрбиені дамыту. Жоғарғы оқу орындарында оқу-
тәрбие жұмысын жоспарлауда дене тәрбиесі сабағымен тығыз байланысты. Ұлттық сезімді
оятуға спорттық шаралар кеңінен өткізу керек. Сонымен бірге ұлттық тәрбиемен байланыстыра
тәрбиелесек, Қазақстан елінің әрі сапалы, білімді, саламатты, кез келген уақытта өз елін қорғай
алатын айбынды азаматтары бар, ата-бабамыздан қалған ұлағатты сөз «тепсе темір үзетін жігіт»
болатыны кәміл. Тарихының көнелігіне қарамастан ойын үнемі жаңа, ол топ бастайтын, ескірмейтін
нәрсе, өйткені, күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын,
денеге қуат жанға саулық беріп, рухани азық болатын да осы ойын. Ұлттық ойын арқылы ғана ұлттық
сезімге жететіндігіміз айқын.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. -Алматы: Білім,1997.
2.ТаникеевМ.Т. Мир народного спорта: Научное издание. -Алматы, Санат,1998. -38 б.
3.Төтенаев Б.Қазақтың ұлттық ойындары. –Алматы: Қайнар, 1994. -57 б.
4. «Қазақстан мектебі» журналы. -№ 9-10. 2005 ж.
Редакцияға 11.11.2011 қабылданды.
Қ.М. НАҒЫМЖАНОВА
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КРЕАТИВТІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ИМПРОВИЗАЦИЯЛЫҚ
ҚАБІЛЕТТІҢ РОЛІ
The article considers theoretical aspects and methodological principles of development of improvisation
in formation of pedagogical creativity of future specialists.
Бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Болон үдерісіне
енді. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі еліміздің білім беру жүйесін жетілдірудің жаңа
бағдары инновациялық білім беру субъектілерін даярлауды талап етеді. Университет студенттерінің
қоғамдық өмірдің өзіндік дамуы мен қалыптасуының субъектісі ретінде инновациялық білім беру
ортасында педагогикалық креативтігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін
анықтау және оның ішкі тетіктерін табу аса маңызды. Инновациялық білім беру үдерісі университет
студенттеріне білім берудің әр кезеңінде жаңашылдық идеялар ұсынудағы жаңа тұғырлар немесе
туындылар, ақыл-ой әрекеттерінің дәстүрлі жүйелермен сабақтастықта және түрлі іс-әрекетте
педагогикалық креативтікті қалыптастыру мүмкіндігін тудырады.
Педагогикалық креативтіктің әдіснамалық негіздерін алыс және жақын шетел ғалымдары
Г.Ю.Айзенк, Ф. Баррон, Д. Векслер, М. Вертгеймер, Дж. Гильфорд, С. Медник, В.Смит, С. Тейлор,
E.P. Toрренс, X. Tpик, M. Уоллах және басқалар өз еңбектерінде қарастырған. Соңғы жылдары
түрлі ғылым салаларында креативтік мәселесін кешенді тұрғыдан зерделейтін, креативті білім беру
парадигмасын ойластыруға талпыныс жасаған зерттеулер көбеюде (Д.Б. Богоявленская, Ч.К. Борисов,
А.В. Брушлинский, Н.В. Вишнякова, М.С. Каган, А.М. Матюшкин, Я.А. Пономарев және т.б.).
Креативтікті қалыптастыру мүмкіндіктерін ресей ғалымдары Т.Н.Галич, Л.Д.Лебедева, Н.В. Бибикова,
А.В. Морозов, Е.В. Алфеева, Т.П. Васильева, оқушылардың креативтігін дамыту мәселесін С.К.Турчак,
Г.В.Терехова, педагогикалық креативтік жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби қалыптасуының
негізгі факторларын Е.Е. Щербакова, Т.А. Дронова, Л.Г. Пузеп, А.Н. Колпакова, және т.б. қарастырған.
М.М.Зиновкина білім берудің барлық деңгейінде шығармашылық ойлауды үздіксіз дамытудың тұтас
креативтік педагогикалық жүйесінің әдіснамалық негіздерін алғаш рет зерделеген.
Соңғы жылдары педагогика ғылымында «педагогикалық импровизация» термині кеңінен қолданыла
бастады. В.А. Кан-Калик педагогтің шығармашылық үдерісінің маңызды элементі «педагогикалық
импровизация», өзгермелі қағидаларда үлкен рөлге тең деп пайымдаған [1].
Педагогикалық іс-әрекет барысында туындаған, міндетті, жедел түрде қарым-қатынастық
мақсаттарды шешуде, күтпеген жағдаятқа тап болуы мүмкін. Бұл жағдайда эрудиция және
педагогикалық мәдениеттің, кәсіби ойлауы, тіл байлығының мол болуы және жалпы сөз мәдениеті,
оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы үлкен рөл атқарады. Әңгімелесудің әр түрін қолдана
алмағанда күтпеген, дайындалмаған қарым-қатынаста еркін шығудың қағидалық маңызы зор.
№ 1 (86) 2012
51
Педагогикалық қарым-қатынаста креативтікті дамытуда импровизацияны басшылыққа алу қабілетіне
ие болу керек. Оқушылардың іс-әрекеттерін және жағдаяттарын жедел бағалау, шешімді бірден
шығару, алдын ала логикалық талқылаусыз, педагогикалық білімнің эрудицияның, интуицияның,
балалармен әңгімелесуде бұл шешімдерді пайдалану, жағдаяттың өзгеруін бақылай отыра, өзінің іс-
әрекетін көрсетуде маңызды.
А.К.Маркова педагогикалық импровизацияны мұғалімнің педагогикалық эрудициясының
психологиялық сапасы, педагогикалық мақсаткерлік, педагогикалық тапқырлық, педагогикалық ойлау,
педагогикалық интуиция, педагогикалық бақылау, педагогикалық рефлексия және оны педагогикалық
шешімнің күтпеген тапқырлығы және оның қабылдауының көптүрлігі, қалыптастырудың үдерстік
сәйкес келуі және шағын үзіліс кезіндегі пайдаланылудың маңыздылығын анықтаудың бірі деп
есептейді [2].
В.И. Загвязинский педагогикалық іс-әрекетте импровизацияның белгіленуін талқылай келе, педагог
үнемі жетілуге міндетті, импровизациялық қабілет болу керек, ойлағанын тиімді және толық айту
үшін, сабақта тиімді шешімді іздеу және жасау керек деп белгіледі. Педагогикалық импровизациялық
қабілеттің бір түрі екенін ескере отырып, ғалым оны педагогтің жағдаятты жедел бағалау қабілеттілігі
деп көрсетеді. Шешімді тез шығару, логикалық талқылаусыз, интуицияның және тәжірибе мен
білімнің негізінде жетіледі деп анықтайды [3].
В.Н. Харькин педагогикалық импровизацияны талдауда, В.И. Загвязинскийдің мәліметі бойынша,
«шешу» және «бағалау» қабілетін педагогикалық импровизация деп анықтайды. Мұндай шешім
оған жеткіліксіз болды, себебі қабілеттілік әрқашан шыңдалмайды, сонымен қатар маңызды
импровизациялық үдерісте түсіп қалады. Педагогикалық импровизацияны зерттеуші оқытушының,
тәрбиешінің педагогикалық импровизациялық іс-әрекеті, педагогикалық әңгімелесуде пайда болған,
деп түсінеді [4].
Педагогикалық оқу орындарының студенттердің басты зерттеу әрекеті, яғни теориялық негізі
оқу іс-әрекетіне байланысты. Біріншіден зерттеу нәтижесі бойынша креативтікті қалыптастыруда
педагогикалық импровизация іс-әрекетпен тығыз байланысты. Екіншіден әлеуметтік тәжірибенің
тез меңгерілуі, мағыналы іс-әрекет барысында ғана тұлға бойында қалыптасады (С.Л. Рубинштейн).
Үшіншіден креативтікті қалыптастыруда педагогикалық импровизацияға дайындығы теориялық
білімге сондай-ақ, әр кезеңге қойылған мақсатқа әсер етуіне байланысты.
Зерттеуші ғалымдардың ойы мен теориясын сараптап, педагогикалық импровизацияға болашақ
мұғалімдердің іс-әрекетін біз, жоғары оқу орындарындағы студенттерде импровизациялық қабілеттің
қалыптасуының алғы шарттары деп алдық.
70-жылдарда ғалым Кузьмина Н.В. мұғалімдерді дайындаудың психологиялық-педагогикалық
дайындығы осы іс- әрекеттің бір жолы екенін анықтаған. Кузьмина Н.В. идеясына сүйене отырып,
студенттерге педагогикалық-психологиялық оқытушылар арқылы оларда педагогикалық шеберлік,
білім, дағды қалыптасады. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық-психологиялық білімдері және
мұғалімдердің тәжірибе іс-әрекеті, оқыту барысында әсіресе маңызды. Өз зерттеуінде А.И.Щербаков
психологиялық-педагогикалық білімдердің жүйелік нәтижесі, студенттердің педагогикалық
тәжірибелік тапсырмаларды шешуде, білімдерін нығайтуда белсенді көмек көрсететінін айтады [5].
Л.Ф. Степинский және М.А. Спирин педагогикалық міндетті анықтауға, педагогикалық жағдаят
жағынан қарастырады. Олардың ойынша: «Педагогикалық тапсырма – бұл мәселелік жағдаят, ол
субьектіге өзінің барлық педагогикалық тәжірибесін және шеберлігін талап етеді.
Ал, А.К. Маркова өз тұжырымдамасында мұғалімнің шеберлігін педагогикалық іс-әрекеттің
бірінші педагогикалық міндеті деп қарастырады. Автордың айтуынша, 2-ші тапсырма жалпы түрде –
бұл , есеп пәндері кіретін жүйе. Әрине, мұғалім жұмысында педагогикалық тапсырма психологиялық
та сипат алу керек. А.К. Маркова педагогикалық тапсырманың ерекшеліктерін көрсете отыра былай
дейді: «Педагогикалық тапсырманы шешуде мұғалімнен тез арада педагогикалық жағдаяттан шыға
білу талап етіледі». Педагогикалық тапсырманы шешу бірнеше кезеңдерден өтеді. Ю.Н.Кулюткин
және Г.С. Суховская келесі кезеңдерді көрсетеді: талдау кезеңі (жағдаяттағы талдау мен бағалау);
құрылымдық кезеңде алға қойылған тапсырманың мазмұны жоспарланады; атқарушы кезеңде мұғалім
мен оқушы өз іс-әрекеттерін жүзеге асырады.
С.В. Меленшин, И.Ф. Харламова, А.И. Щербаков және т.б. зерттеулерінде жоғары оқу
орындарында студенттер педагогикалық тапсырмаларды көптеп орындаса және ол олардың
тәжірибелерінде өз қызметін атқарса, олар білімді жақсы меңгерген деп көрсетеді. Педагогикалық
оқу орындарының оқытушыларының алдында студенттерге мәселені шешуде жағдаяттарды қою
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
52
талап етіледі. Осыны ойлай келе, студенттер оны шешудің жолдарын іздей бастайды. Осылай оқу
үдерісінде педагогикалық тапсырмаларды пайдалану педагогикалық импровизацияға студенттердің
алған теориялық білімдерін тәжірибеде жүзеге асыру барысында дайындалады. Мектептің оқу-
тәрбие ісінде туындаған осындай педагогикалық талаптар алған теориялық білімдерін педагогикалық
импровизация негізінде тәжірибеде қолдануға үлкен мүмкіндік береді.
Оқыту үдерісіндегі студенттің педагогикалық импровизацияға дайындығын қалыптастыруда
технологиялық қадам жасау маңызды. Бұл қадам В.П. Беспалько, М.В. Кларин, С.А. Маврин,
В.В.Юдин және т.б. ғалымдармен танысып және бағаланған.
Педагогикалық технологияның компоненттері туралы мәселе өте маңызды. В.В. Сериповтың
ойынша, педагогтің іс-әрекеті технологиялық деңгейде былай көрінеді:
1. Қойылған мақсаттың болжамының анықтылығы.
2. Оқылып жатқан тапсырманың танымдық және тәжірибелік жүйесі.
3. Тақырыпты меңгерудегі бірізділік және ойының анықтылық кезеңдері.
4. Оқу үдерісіндегі оқушылардың әр кезеңдегі қарым-қатынас көрсеткіші.
5. Осы үдерістегі оқушы мен мұғалімнің түрткілік іс-әрекеті.
6. Шығармашылық іс-әрекеттегі дұрыс шекараны көрсету.
Осылай кез келген педагогикалық технологияның алдына қойған мақсаты оның негізгі компоненті
болып табылады. Студенттердің педагогикалық импровизацияға дайындығын қалыптастыруда
біз В.И.Харькиннің ұсынысына жүгіндік. В.И. Харькиннің зерттеулерінде педагогикалық
импровизацияның теориясы мен әдістемесі, студенттердің төменгі деңгейден жоғары деңгейге
көтерілуі, педагогикалық импровизацияға дайындығын қалыптастырудың негізі болып есептеледі.
Автордың ойынша, педагогикалық оқу орындарында педагогикалық импровизацияға дайындау –
болашақтың ісі, бірақ бұндай дайындықтың кейбір жолдары анықталып қойған.
Бірінші жолы - педагогикалық оқу орындарында импровизациялық оқытудың элементтері берілген
мерзім ішінде білім беру.
Екінші жолы - педагогикалық импровизацияның арнаулы тренингі, автордың ұсынуы бойынша
оның мазмұнына келесі тақырыптар кіреді:
- педагогикалық импровизация оқу-тәрбие феномені;
- педагогикалық импровизацияға дайындалудың диагностикасы;
- педагогикалық импровизацияның құрылымдық жүйесі;
- педагогтің назарының дамуы;
- педагогикалық бастама және шығармашылықтың дамуы;
- педагогикалық импровизациядағы сабақтың талдауы;
- банктегі педагогикалық импровизацияның экспресс-талдауы;
- педагогикалық тапсырмалардың импровизациясы және шешімі;
- іс-әрекеттің және ойлаудың жылдамдық тренингі;
- педагогикалық импровизацияға өзіндік даярлау.
Берілген мәселенің аспектісін зерттеуді қорытындылау барысында біз педагогикалық
импровизацияға болашақ мұғалімдердің дайындығын қалыптастыруда отандық педагог-
психологтардың тұжырымдарына (П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, А.И. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн,
М.Н. Щербаков) сүйенеміз. Психологиялық, педагогикалық және философиялық әдебиеттерге талдау,
болашақ мұғалімдердің педагогикалық импровизацияға дайындау мынандай қорытындыларды береді:
1. «Педагогикалық импровизация», түсінігіне әр түрлі ғалымдар, түрлі анықтамалар беріп, дәл
ойларын айтты. Біреулер оны педагогтің педагогикалық жағдаяттан тез шығуы (В.И. Загвязинский);
тағы біреулер - мұғалімнің психологиялық сапасы ретінде (А.К. Маркова); үшіншілері - қарым-
қатынастағы шығармашылық (В.А. Кан-Калик, И.Д. Никандров); төртіншілері педагогикалық
ойлаудың маңызды бөлшегі деп (Л.Ю. Баринханова) қарастырды, Біздің ойымызша, педагогикалық
импровизация мұғалім мен оқушының қарым-қатынасындағы педагогикалық іс-әрекет.
2. Болашақ мұғалімдерді педагогикалық креативтікке даярлаудағы импровизациялық қабілетті
дамыту мәселесіне талдау жасау барысында мынандай дайындықты талап етеді:
-педагогикалық жағдаяттарды шешуде импровизациялық қабілеттің қажеттігі;
- импровизациялық қабілет туралы білім мен дағды.
3. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі болашақ мұғалімдерді креативтікке даярлаудағы
педагогикалық импровизациялық қабілеттің құрылымдық іс-әрекеті. Студенттердің жоғары
оқу орындарында педагогикалық креативтікті қалыптастыруда импровизацияға құрылымдық
дайындығына түрткілік қажеттілік, когнитивті-еріктік бағалау компоненттерінің бір-бірімен
байланыстылығы қарастырылады.
№ 1 (86) 2012
53
Жоғары мектептерде дидактикалық үдерістерін басқару және ұйымдастыру мәселелеріне арналған
зерттеулердің жеткілікті саны психологиялық- педагогикалық ғылымында бар:
- бұл үдерістерді басқарудың өзекті мәселесі жоғары оқу орындарында дәлелденген оқу үдерісінің
функционалды ерекшеліктерінің талдау негіздері бар зерттеулер (С.И. Архангельский, В.И. Каган,
В.В. Краевский, Л.Н.Ландау және т.б.);
- ЖОО-дағы дидактикалық үдерістерді басқару және ұйымдастыру бойынша нұсқаулар беріледі
және мүмкіндіктер қарастырылатын зерттеу (Е.Л. Белкин, В.Н. Беспалько, П.Я. Гальперин,
В.И.Загвязинский, Н.М. Зверева, Е.Э.Смирнова, Н.Ф.Талызин және т.б.);
- педагогикалық ЖОО жағдайларында болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау жүйесінің жүзеге
асуына арналған зерттеулер (О.А. Абдуллина, Ю.Н. Кулюткин, В.А. Сластенин, А.Ю. Щербакова және
т.б.);
- педагогикалық әрекеттің әртүрлі аспектілеріне болашақ мұғалімдерді даярлаудың дидактикалық
жүйесін жобалауға арналған зерттеулер (Ю.В. Варданян, В.И. Завязинский, Н.Ю. Посталюк,
Е.Г.Скворцова, И.А. Чемерилова және т.б.).
Бұл жұмыстардың талдауы педагогикалық ЖОО-да дидактикалық үдеріс «студенттерді
педагогикалық әрекетке нақты айтқанда шығармашылық сияқты, жағдайға және оқу мен тәрбие
жұмысында шығармашылық сипаттағы педагогикалық тапсырмаларды шешуге тәрбиесін
қалыптастыру» үшін ұйымдастыру қажет. Бірақ та, студенттерді педагогикалық креативтікке
қатынастыру үдерісі ұзақ және күрделі болып табылады. Біріншіден, шығармашылық үдерістің
өзіндік табиғаты қатаң тәртіпке бағынбайтынға байланыстылығы аталып өтті.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде бұл қиындықтарды тиімді шешуге мүмкіндік
беретін тәртіптер бар. Жоғары мектептерде дидактикалық үдерістерді басқару мен ұйымдастыруға
арналған зерттеулерге сүйене отырып, шығармашылық педагогикалық әрекетке ЖОО студенттерінің
дайындығын қалыптастыру үдерісін тиімді ұйымдастыруға негізделген жалпы белгілер қатары
ерекшеленді:
1) жағымды шығармашылықтың пайда болуына жағдай жасау (педагогикалық ЖОО-ның оқу
үдерісіне В.И. Загвязинскийдің әртүрлі эвристикалық бағдарламаларын енгізу; педагогикалық ЖОО-
дағы оқу үдерісін белсендендіруге дидактикалық құралдар мен әдістер, формаларды қолдану –
В.В.Давыдов, Н.М. Зверева, В.А. Сластенин; педагогикалық тәртіп бойынша тәжірибе сабақтарында
педагогикалық жағдаяттарды орындау және жобалау, олардың бағалау кезектестігі – Ю.Н. Кулюткин,
Г.С. Сухобская және т.б.);
2) студенттерді шығармашылық педагогикалық әрекетке қатынастыру тұрақтылығы
(Г.Ш.Гайнутдинов, З.С. Левчук және т.б.);
3) төменгі курстардан бастап студенттерді үздіксіз педагогикалық тәжірибеге енгізу, оларды нақты
педагогикалық тапсырмаларды шешуге белсенді араластыру (О.А. Абдуллина, А.Ю. Щербаков және
т.б.);
4) педагогикалық тәжірибенің көлемі бойынша психологиялық – педагогикалық теорияларды
оқыту маңыздылығын терең сәйкестігі (О.А. Абдуллина, В.И. Загвязинский және т.б.);
5) шығармашылық педагогикалық әрекеттің құрылым есебі және болашақ мұғалімдерді даярлауын
оларға дамудың объективті қиындықтары (Э.П. Бронникова, В.А. Кан-Калик, С.А. Новоселов,
Э.Ф.Зеер және т.б.);
6) педагогикалық шығармашылық әрекетке ЖОО студенттерін даярлауын қалыптастырудың
дидактикалық жүйесін құру (В.И. Загвязинский, Н.Ю. Посталюк және т.б.).
Сонымен қатар, шығармашылық педагогикалық әрекетке болашақ мұғалімдерді даярлауды
ұйымдастырудың аталған жағдайларын орындауда, бұл үдеріс күрделі әрі нәтижелі болып табылады.
Берілген қорытынды креативтік әрекетті дамытушы ретінде педагогикалық импровизациялық
қабілетті арттыруды ұйымдастыру қажеттігін дәлелдейді.
ЖОО-ның студенттеріне креативтікті қалыптастыруда педагогикалық импровизацияға даярлауды
ұйымдастыру үдерістерінің қағидаларын көрсетуге көшелік.
Жоғары мектепте дидактикалық үдерісті ұйымдастыру және басқару сұрақтарына арналған
зерттеулерге сүйене отырып және шығармашылық педагогикалық әрекетке ЖОО-ның студенттерді
даярлау үдерісін тиімді ұйымдастырудың жоғарыда аталған жағдайларын ескере отырып педагогикалық
импровизацияға студенттердің даярлығын қалыптастырудың негізін қалаушы қағидалары:
1) педагогикалық импровизацияға ЖОО студенттерін даярлығын қалыптастыру үдерісін
ұйымдастырудың шығармашылық қағидалары;
2) психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, жалпы мәдени, пәндік білім мен ақыл- ой
сапаларына, сонымен қатар педагогикалық импровизацияның теориялық негіздері бойынша білім
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
54
сипат, мазмұн, оқу-танымдық, имитация-жобалы, оқу-тәжірибелі және студенттердің өзіндік
әрекетінде ұйымдастырудың әдістері мен формаларының сапасына байланысты қағидалар;
3) педагогикалық тәжірибе көлемі бойынша маңыздылығымен психологиялық - педагогикалық
терең оқытудың сәйкестік қағидасы;
4) шығармашылық педагогикалық іс-әрекет түрі ретінде педагогикалық импровизацияға
студенттерді жиі және үздіксіз қатынастыру қағидасы;
5) педагогикалық импровизация құрылымының есебі қағидасы;
6) факультет құрылымы мен педагогикалық импровизацияға даярлықты қалыптастыру үдерісінің
мазмұнды жағымен өзара байланыс қағидасы.
Педагогикалық импровизацияға ЖОО студенттерінің даярлығын қалыптастыру үдерісіндегі
Достарыңызбен бөлісу: |