Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет5/26
Дата09.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#8594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Литература
1.  Назарбаев Н.А. В потоке истории. - Алматы. 1999 
2.  Абай. Слова назидания. - Алма-Ата: Жалын, 1982 
3.  Абдильдин С. Становление парламентаризма в Казахстане. - Санкт-Петербург, 1993 
 
 
 
УДК 342 (574) 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДА ҮШ ТҰҒЫРЛЫ  ТІЛ  САЯСАТЫНЫҢ  НЕГІЗГІ 
МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
Батырбекова З.А., Жұмасұлтанова Ғ.Ə. 
(Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды  мемлекеттік университеті) 
 
 
 
«Тіл –  халықтың  тарихы,  шежіресі,  халықтың  күллі  өмірінің  жаңғырығы  мен  
ізі,    онан    сол    тілді    жасаушы    халықтың  арманы  мен  үміті,  қайғысы  мен  қуанышы, 
күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы. 

 
35 
Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің жəне дамуының  қажетті  шарты.  Ол  əрбір  
адамға  ана  сүтімен  бірге  еніп,  қалыптасады»,-  деп  К.Аханов  айтқандай,  тіл  –  біздің 
өміріміз  бен қоғамымыздың ажырамас бөлігі.  Қазіргі Қазақстанда  тіл мəселесіне көп 
мəн  беріледі.  Əсіресе,  үш тұғырлы тіл туралы  айта  кеткен  жөн.  
Елбасымыз    «Үш  тұғырлы  тіл»    туралы    идеяны    алғаш    рет    2006  жылдың 
қазанында  өткен  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  XII  құрылтайында  жария етіп,  
2007  жылғы  жолдауында  “Тілдердің  үштұғырлылығы”  атты  мəдени  жобаны  кезең-
кезеңмен  іске  асыруды  ұсынды [1].  Бұл жоба  бойынша  Қазақстан  халқы  үш  тілде  
сөйлейтін  жоғары  білімді  ел ретінде  бүкіл  əлемге  танылуы  тиіс.  Бұлар:  қазақ тілі  
–    мемлекеттік    тіл,    орыс    тілі    –    ұлтаралық    қатынас    тілі    жəне    ағылшын    тілі    –  
жаһандық  экономикаға  ойдағыдай  кіру  тілі.  
Біздің халқымыз  үшін  қазақ тілінің маңыздылығын  жəне оның  еліміздегі  орын 
алуы туралы  қазақ  халқының зиялы азаматтарының  ерте  заманнан бастап айтқандары  
белгілі.  Қазіргі  уақытта  да  бұл  мəселеге  мемлекет  тарапынан  аса  назар 
аударылатындығы  баршамызға  мəлім.  Мысалға  айтатын  болсақ,  Елбасымыз  өз  
еңбектерінде 
бұл 
мəселені 
назардан 
тыс 
қалдырмайды. 
Соның 
ішінде   
Президентіміздің біз үшін  аса  маңызды  2012  жылғы  Жолдауындағы  тіл  мəселесіне  
байланысты   ойларын  айтуға  болады.  Оның  айтуы  бойынша: «Қазақ тілі  –  біздің  
рухани  негізіміз.  Біздің  міндетіміз  –  оны  барлық салада белсенді пайдалана отырып 
дамыту.  Біз  ұрпақтарымызға  бабаларымыздың    сандаған    буынының    тəжірибесінен  
өтіп,    біздің    де    үйлесімді    үлесімізбен    толыға    түсетін    қазіргі    тілді    мұраға  
қалдыруымыз    керек.    Бұл    –    өзін    қадірлейтін    əрбір    адам    дербес    шешуге    тиіс 
міндет.  Мемлекет  өз  тарапынан  мемлекеттік  тілдің  позициясын  нығайту  үшін  көп  
жұмыс  атқарып  келеді.  Қазақ  тілін  кеңінен  қолдану  жөніндегі  кешенді  шараларды  
жүзеге    асыруды    жалғастыру    керек.    Келер    ұрпақтың    болашағы    үшін    осындай 
шешім  қабылдауға  тиіспіз  жəне  бұл  əлеммен  бірлесе  түсуімізге,    балаларымыздың 
ағылшын    тілі    мен    интернет    тілін    жетік    игеруіне,    ең  бастысы  –    қазақ  тілін 
жаңғыртуға  жағдай   туғызады.   Біз  қазақ  тілін  жаңғыртуды  жүргізуге тиіспіз.  Тіл  
саясатын  сауатты  жəне  дəйекті,  қазақстандықтар  сөйлесетін  бірде-бір тілге  қысым  
жасамай  жүргізу  керек» [2].  Осыдан  Елбасымыз  Н.Ə. Назарбаев  2025  жылға  қарай  
қазақстандықтардың  95  пайызы  қазақ  тілін  білуге  тиіс деген талап қойып отыр.  
Бұл талаптарды орындауда елімізде шаралар жасалып жатыр. Соның  нəтижесінде  
қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік  тілде  оқиды. 
Мемлекеттік    тіл    барлық    мектептерде    оқытылады.  Осындай    шараның    қолданылу  
барысында,  біздің  ойымызша,    елімізде    он-он    екі    жылдан    соң    жаппай    қазақша  
білетін  қазақстандықтардың  жаңа  ұрпағы  қалыптасады  деген  сенімдеміз. 
Қазақ    тілі  –  тек    қазақ  халқының    тілі    емес,    мемлекеттік    тіл  –  ортақ    тіліміз.  
Қазақстанда тұратын,  оны  Отаным  деп қабылдайтын,  өзін  Қазақстанның  патриоты 
деп  есептейтін  азаматтардың  тілі. Əрине, Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде.  
Себебі, əрбір  ұлт  өз  ана  тілін  меңгеріп, күнделікті өмірде  кеңінен  қолданбаса, оны  
жекеленген ұлт деп  толық  айта  алмаймыз.  Сондықтан  да Елбасымыз  Н.Ə. Назарбаев  
бұл    мəселеге    ерекше    назар    аударады.    Ол    өзінің    2012    жылғы   14  желтоқсандағы  
Жолдауында:  «Қазақ    қазақпен    қазақша    сөйлессін,    сонда    ғана    қазақ    тілі    барша  
қазақстандықтардың жаппай  қолданыс тіліне айналады. Тілге  деген  көзқарас, шындап  
келгенде,  елге  деген  көзқарас  екені  даусыз.  Сондықтан  оған  бей-жай  қарамайық. 
Қазақ    тілі    жаппай    қолданыс    тіліне    айналып,    шын    мəніндегі    мемлекеттік    тіл  
мəртебесіне  көтерілгенде,  біз  елімізді  «Қазақ елі»  деп атайтын  боламыз»  -  деді [2].  
Осыған орай, қазақ  тілі  2025  жылға  қарай  өмірдің барлық  саласында  үстемдік  етіп,  
кез-келген  ортада  күнделікті  қатынас  тіліне  айналады  деген  үміттеміз.   

 
36 
Енді келесі кезекте біздің  республикамызда мемлекеттік тілмен бірдей  дəрежеде  
қолданылатын  орыс  тіліне  тоқталамыз.  Ұзақ  уақыт  бойы  Қазақстан  Ресей  
империясының,    кейіннен    КСРО-ның    құрамында    болды.    Сол    уақытта    орыс    тілі  
ұлтаралық  қатынас  тілі  болып  бекітілді.  Қазақстандағы  орыс  тілділіктің  ерекшелігі  
осы  тілде  сөйлейтін  адамдардың  көпшілігі  этникалық  орыстар  еместігінде  болып  
табылады. 
Сонымен 
қатар, 
Қазақстан 
Республикасының 
1995 
жылғы  
Конституциясының 
2-бабында 
мемлекеттік 
ұйымдар 
мен 
өзін-өзі 
басқару  
органдарында  қазақ  тілімен бірдей дəрежеде орыс  тілі  қолданылатындығы  жазылған 
[3].    Орыс    тілі    жаңа    Қазақстан    жерінде    ХХ    ғасырдың    басында    кеңес    билігі  
орнауымен,    түрлі  этникалық  топтардың  көшірілуімен,  орыстандыру  саясатының 
орнатылуының  нəтижесінде  кең  таралды  жəне  ұлтаралық  қатынас  тіліне айналды.  
Орыс  тілін білу  –  біздің  ұлтымыздың  тарихи артықшылығы  екені  баршаға  белгілі. 
Бұл    жайлы    қазақтың    біртуар    ақыны  ұлы  Абай    да    айтып    өткен    болатын.  Ақын 
«Орысша  оқу  керек,  хикметте,  мал  да,  өнер де,  ғылым  да – бəрі  орыста  зор»,  «сен  
оның  тілін  білсең,  көкірек-көзің  ашылады»  дейді [4].  Дəл  осы  орыс  тілі  арқылы  
қазақстандықтар    бірнеше    ғасыр    бойы    қосымша    білім    алып,    ел    ішінде    де,  шет  
жерлерде  де  өз  дүниетанымдары  мен  араласатын  ортасын  кеңейтіп  келе  жатқанын  
жоққа  шығармауға  тиіспіз. 
Бүгін  елімізде  136  ұлт  пен  ұлыстың  өкілдері  бір  тудың  астында  тату-тəтті  
ғұмыр  кешіп  жатыр.  Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы,  
бейбітшілігі – біздің  еліміздің  ең  басты  байлығы.  Осыған  байланысты  Елбасымыз  
тіл    саясаты    бірде-бір    тілге  қысым    көрсетілмей    жүргізілу    қажеттігін    айтып    өтті.  
Қазақстанда    мемлекеттік   тілдің   рөлі,   орыс    тілінің    ресми    мəртебесі    жəне  барлық 
этностар  мен  олардың  мəдениеттерінің  тең  жағдайда  дамуы  туралы  мəселе  шешілген. 
Болашақта  бүкіл  азаматтардың  мемлекеттік  тілді  білуі  бізді  бұрынғыдан  бетер 
теңдестіріп, бірлікті нығайта түседі.  Ширек  ғасырдан  бері  біз  тіл  саясатында  айқын  
бағытпен  келеміз  –  мемлекеттік  тілді  біртіндеп  дамытудамыз  жəне бүкіл этностар 
тілдерінің  дамуы  үшін  жағдайлар    жасаудамыз.    Бүгінде    Қазақстан    тұрғындарының  
көпшілігі    кем    дегенде    екі    тілде    сөйлейтін    елдердің    бірі.    Мемлекеттік    тілдің  
жоспарлы    дамуы    орыс    тілінің    дəрежесіне    нұқсан    келтірмеуі    тиіс.    Бізге  
мемлекеттің    келешегі,  болашақ    дамуы    үшін    ең    негізгі    сыртқы    саясаты    –  
көршілермен    тату  болуымыз    керек.    Онсыз    мемлекеттің    болашағы    бұлыңғыр  
болады”, -деді  ол [5].  
Орыс    тілі    –    ұлтаралық    қарым-қатынас    пен    интеграциялық    қызметтердің  
діңгегі.    Ақпараттық    кеңістігімізде    орыс    тілі    əлі    де    маңызды    рөл    атқаратынына  
ешкім  де  дау  айта  алмас.  Сондай-ақ,  əлемдік  алты  ресми тілдің  қатарына  кіретін  
орыс    тілін    меңгеруге    бəсекеге    қабілетті    ұлттың    кез-келген    өкілі    ұмтылуы    тиіс  
деген  отандық  ғалым Н. Кекілбекованың  пікірімен  келісуге  болады. [6]. 
«Үштұғырлы  тіл»  идеясының  үшінші  құрамдас    бөлігі  –  ағылшын  тілін  үйрену. 
Бүгінгі  таңда  ағылшын  тілін  меңгеру    –  ғаламдық  ақпараттар  мен  инновациялық 
технологиялардың  ағынына  кіру  деген  сөз.  Əлемдік  білім  алу  кеңістігінде 
интеграциялық    үрдістердің  тереңдеп  кең  қанат  жайған  жағдайында  ағылшын  тілін 
оқыту өзекті болып отыр.  Əлемнің  ең  дамыған  30  елінің қатарында  болу  егемендік  
алған    еліміздің    жаңа    даму    кезеңіңде,    оның    дүниежүзілік    аренаға    шығып,    басқа  
елдермен    саяси-экономикалық,    мəдени  қатынастарды  калыптастыруы,  Қазақстан 
Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына  мүше  болуы,  əр  түрлі  дипломатиялық  
қызмет    атқаруы    ағылшын    тілінің  рөлін  көтеруді  қажет  етеді.  Қоғамдағы 
геополитикалық,    коммуникациялық,    технологиялық    өзгерістер    жəне    интернет  
жүйесі    арқылы    тілдесу    əр    түрлі    мамандықтағы,    əр    түрлі    жастағы    адамдардың  
санын  мейлінше    көбейте    түсуде.    Осыған    байланысты    шетел    тілдерін    пайдалану  

 
37 
қажеттілігі  де  артып  келеді.  Тіл  –  тек  қатынас  құралы  емес,  тілін  үйреніп  жүрген  
елдің    рухани    байлығын    меңгеруде    де    үлкен    рөл    атқарады.    Осы    мəселені  
қолданысқа    алуда    елімізде    ағылшын    тілін    игеруде    серпіліс    жасау    мақсатымен  
2013  жылдың  1-қыркүйегінен  бастап  ағылшын  тілін  1-сыныптан  оқыту  енгізілді. 
Бүгінгі  күні  тəуелсiздiкке  қол  жеткізген  жылдардан  берi  əлемдегi  көптеген  
елдермен  саяси-əлеуметтiк,  экономикалық  жəне  мəдени  байланыс  жасауға  кеңiнен  
бет    бұрдық.    Бұл    қарым-қатынастың    нəтижелi    болуы,    ел    мен    елдiң,    халық    пен  
халықтың  өзара  ынтымақтасқан  бiрлiгiн  өркендеуге   тiл  бiлудiң   мəнi  күн  сайын  
арта    түсуде.    Елімізде    бұл    жайлы    біраз    қоғамдық    пікірлер    айтылуда.  Мысалы, 
ағылшын  тілінің    мəртебесі    жөнінде    мынадай    пікір    бар:  «Көптілді    оқыту    –    жас  
ұрпақтың    білім    кеңістігінде    еркін    самғауына    жол    ашатын,    əлемдік    ғылым  
құпияларына үңіліп,  өз  қабілетін  танытуына  мүмкіншілік  беретін  бүгінгі  күнгі  ең  
басты  қажеттілік» [7]. 
Ағылшын  тілі  –  халықаралық  тіл.  Ағылшын  тілі  қазіргі  таңда  халықаралық  
қарым-қатынас  тілі  жəне    дүние  жүзіне  кең  таралған  тіл  болып  танылады.  Қазіргі  
кезде    ағылшын    тілі    АҚШ,    Ұлыбритания,    Канада,    Австралия    сияқты    көптеген  
дамыған  мемлекеттердің  ресми  тілі,  БҰҰ-ның  алты  ресми  тілінің  біреуі.  Дамыған  
отыз    елдің    ішіне    кіру    үшін    бəсекеге    қабілетті    жан-жақты    дамыған    маман  
дайындауға  көп  мəн  берілуде.   
«Ағылшын    тілі    бізге    əлемдік    аренаға    шығу    үшін    қажет.    Бүгінгі    таңда  
əлемдегі    шығарылатын    оқулықтардың    85  %-ы    ағылшын    тілінде.    Қазақстанда    3,5 
мың  шетелдік  компаниялар  жұмыс  істеуде.  Біз  олармен  қандай  тілде  сөйлесеміз?  
Үштілділік  біз  үшін  қалыпты  жағдай  болуы  тиіс», - деді  Елбасы  Н.Ə. Назарбаев 
[8].  
Расында  да,  ағылшын    тілін    білу    жастарға    əлемнің    ең    үздік    ЖОО-да    білім  
алуға,    алдыңғы    қатарлы    мемлекеттерде    тəжірибе    жинауға    мүмкіндік    береді.  
Сонымен  қатар,  бұл    əлемнің    əр    түкпірінде    кəсіпкерлікпен    айналысудың,    іскерлік  
қарым-қатынас    жасаудың    маңызды    талабы    болып    табылады.    Бірнеше    тілді  
меңгерген    азаматтардың    өз  елінде    де,    шетелде    де    бəсекеге    қабілетті    тұлғаға  
айналары    сөзсіз.    Қазіргі    уақытта  қазақстандық    қоғамда    ағылшын    тілін    білу    жас  
ұрпақтың    жаңа    ақпарат    алуында    үлкен    мүмкіндіктер    береді    деген    пікірмен    де  
келісуге  болады. 
Тəжірибе    көрсеткендей,  тіл    –    мəдениеттің    кілті,    ұлттық    бірліктің    жалпы  
механизмі,  ұлттың  əлеуметтік  құрылым  болуының  басты  құралы.   «Тілі  бірдің  –  
тілегі  бір»,   «тіл тағдыры  –  ел тағдыры»  екендігін  жадымызда  ұстай  отырып,  ел 
бірлігінің  негізі  –  тіл  бірлігіне  қол  жеткізу  жолында  қызмет  ету  –  парыз», - дейді 
Д. Ғаббасова.  Сондықтан да, «жас  ұрпақтың  қазақ  тіліне  деген  сүйіспеншілігін,  өзге  
тілдерді    оқып-білуге    деген    қызығушылықтары  мен  ұмтылысын  арттыру    арқылы  
олардың  Отанға  деген махаббатын  оятып,  өз  тағдырын  ел  тағдырымен  мəңгілікке 
байланыстыратын  ұрпақ  болып  қалыптасуына  қол    жеткізу  басты    міндетіміз    болып  
табылады» - деп  жалғастырады осы  отандық ғалым [9].  
Жоғарыда  айтылғандырдың  барлығын    ескере    отырып,  тіл    тағдыры    –    ел  
тағдыры деп айтсақ  қателеспейміз.
  Өркениетке  құлаш  ұратын  елдің  өрісі  қашанда  
білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек.  Өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың 
лебі  есіп  тұрғанда   көп    тілді   игергенге    ешкімнің   таласы    бола    қоймайтыны    анық.  
Əлемдегі    мүйізі    қарағайдай    елдердің    санатына    енуді    көздеген    халықтың    басты  
мақсаты  сауатты  ұрпақ  тəрбиелеу  болып  табылады.  Ол  дегеніміз  –  өз  ана  тілін  
терең  меңгерген,  сол  тілде  еркін  сөйлей  алатын, сонымен  қатар  бірнеше  халықтың  
тілін    білетін    ұрпақты    тəрбиелеу.    Білім    мен    ғылымның,    инновацияның,    жалпы  
Қазақстанның    дамыған    жағдайында    Елбасы    біздің    алдымызға    үш    тілді    меңгеру  

 
38 
қажеттігін    қойды.    Қазақстан    азаматтарының,    яғни,    біздің    парызымыз    –    «өзге  
тілдің  бəрін  біл,  өз  тіліңді  құрметте»  дегендей,  мемлекеттік  тілді  меңгеріп  қана  
қоймай,  шет  тілдерді  де  білу  деп  ойлаймын. 
Сонымен,  біз    көрсеткендей    тілдердің    үштұғырлылығы    –    уақыт    талабы.    Үш 
тілді    білу    жас    ұрпақтың    білім    кеңістігінде    еркін    самғауына    жол    ашады.    «Үш  
тұғырлы    тіл»  идеясы    –    жарқын    болашақтың    кепілі.  Тілдердің  үштұғырлылығы 
мəдени  жобасында  көрсетілгендей      «қазақ    тілі    –    мемлекеттік    тіл,    орыс  тілі    –  
ұлтаралық  қатынас  тілі  жəне  ағылшын  тілі  –  жаһандық  экономикаға  ойдағыдай  
кіру  тілі» [10].   Біз  осы  істің  тек  жанашыры  ғана  емес,  орындаушылары  болуымыз  
керек.   
 
 
 
Əдебиет: 
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы. 
2007 жылғы 28 ақпан. 
2.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы. 
2012 жылғы 14 желтоқсан. 
3.  Қазақстан    Республикасының    Конституциясы  (  7  қазан,  1998  ж.  жəне  21мамыр    2007ж. 
өзгерістер  жəне  толықтырулармен) – Алматы: «Юрист» , 2007. 
4.  Абай Құнанбайұлы  шығармаларының екі  томдық  жинағы. –Алматы: Жазушы. -2005. -109 б. 
5.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы. 
2007 жылғы 28 ақпан. // http://www.akorda.kz 
6.  Кекілбекова  Н.  Үштілділік  –  игілікті  құбылыс  //  Қазақ  тілі  мен  əдебиеті  орыс  мектебінде.  – 
2014. № 4. - 48 б 
7.  Рысбаева Г.  Ағылшын тілінің мəртебесі //http://45minut.org 
8.  Трехъязычие для Казахстана должно быть нормальным явлением. //  http://newskaz.ru/society 
9.  Ғаббасова Д.  Көптілділік – полимəдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі // Қазақ тілі мен 
əдебиеті орыс мектебінде . – 2014. № 4. -8 б. 
10.  Тілдердің үштұғырлылығы  // http://strategy2050.kz 
 
 
 
ƏОЖ 314(5Қ) 
 
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ НҰСҚАУЛЫҚ КІТАПТАРЫӨЛКЕНІҢ  
ƏЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕГІ РЕТІНДЕ 
(ХІХ ғ. СОҢЫ −−−− ХХ ғ. БАСЫ) 
 
Бексейітова А.Т., Жақсылықов Б.Ғ. 
(Ш. Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті) 
 
 
 
ХІХ  ғасырдың  2-ші  жартысынан  бастап  Қазақстан  аумағындағы  Статистикалық 
комитеттер  Ресей  империясы  Ішкі  істер  министрлігінің  Орталық  статистикалық 
комитетінің  ережесіне  сəйкес  өлкенің  əр  түрлі  мəселелері  бойынша  мағлұматтар 
беретін  облыстық  «Нұсқаулық  кітаптарын»  шығарды  [1;  240-242].  «Нұсқаулық 
кітаптары»  –  бұл  Ресей  империясының  шет  аймақтардағы  губерниялармен  облыстар 
туралы,  белгілі  бір  жыл  бойынша  мəліметтержазылған,  жергілікті  басқару 
органдарының  ресми  анықтамалық  басылымдары.  Əдетте,  нұсқаулық  кітаптары  4 
тараудан  тұрды:  адрес-календарь,  анықтамалық,  статистикалық  жəне  өлкетанулық 
(міндетті емес) тараулар. 

 
39 
–  адрес-календарь  (барлық  губерниялардың,  облыстар  мен  уездердің    үкіметтік 
жəне қоғамдық мекемелерінің, олардың жеке құрамының тізімі); 
–  əкімшілік  анықтамалық  (əкімшілік  бөліну,  почта  жəне  телеграф  мекемелері, 
облыс  аумағындағы  жолдар  мен  қатынас  желілері,  өнеркəсіп  жəне  сауда 
кəсіпорындары,  ауруханалар  мен  дəріханалар,  оқу  мекемелері,  мұражайлар  мен 
кітапханалар,  кітап  дүкендері  мен  баспаханалар,  облыста  шығарылатын  мерзімдік 
басылымдар туралы мəліметтер мен елді мекендердің тізімдері); 
– 
статистикалық 
шолу 
(халықтың, 
жер 
иелену 
түрлерінің, 
ауыл 
шаруашылығының  статистикалық  кестелері;  сот,  медицина,  фабрика-зауыт,  халыққа 
білім беру ісі, өрттер, кірістер мен қарыздардың статистикасы бойынша мəліметтер); 
–  ғылыми-өлкетану  жинағы  (деректану,  сипаттамалық,  ғылыми-зерттеу, 
археографиялық жəне библиографиялық материалдар).  
Аталған  элементтердің  барлығы  Нұсқаулық  кітаптарының  өте  жоғары  
құндылығын 
жəне 
тарихи, 
генеалогиялық, 
биографиялық, 
географиялық, 
демографиялық, этнографиялық, өлкетанулық зерттеулер үшін кешенді түпдеректердің 
маңыздылығын көрсетіп тұр. 
Ресми  түрде  əкімшіліктің  қажеттілігін  қанағаттандыруға  арналған  Нұсқаулық 
кітаптары біртіндеп өлкенің шаруашылығы, мəдениеті, тарихы, этнографиясы жөнінде 
жан-жақты  мəлімет  беретін  маңызды  деректерге  айналды.  Нұсқаулық  кітаптарының 
құрылымы  мен  мазмұны  жылдар  өте  келе  өзгеріске  ұшырады,  олардың  саны  мен 
түрлері  көбейді.  1890-шы  жылдардан  бастап  Нұсқаулық  кітаптарының  коммерциялық 
бағыты  күшейіп,  онда  кəсіпкерлерге  арналған  ақпараттар,  жеке  хабарландырулар  мен 
жарнамалар  басылып  отырды.  Сонымен  бірге  статистикалық  комитеттер  1897-1902 
жылдар  аралығында  Нұсқаулық  кітаптардың  құрамына  «Адрес-календарьды»  енгізді, 
ал кейін олар жеке шығарылып тұрды [2; 243]. 
Бұл  деректердің  барлығында  Ресейдің  Қазақстанға  ішкерілей  енуінің  жалпы 
тарихи  шарттары,  ресейлік  əкімшіліктің  жергілікті  жерлердегі  іс-əрекеттері 
сипатталып,  статистикалық  ақпарат  көрсетілген.  Қазіргі  кезеңде  Отан  тарихын 
толықтай  зерттеуде  Нұсқаулық  кітаптары  мен  адрес-календарьлардыңмəліметтерін 
оқып білу маңызды қадам болып табылады.   
Ақмола  облысының  Нұсқаулық  кітаптарының  ерекше  құндылығы  сонда,  оларда 
облыстың немесе оның аумағындағы жекелеген елді мекеннің күнделікті өмірі бейнесі 
туралы түсінік беретін мəліметтер сақталған. Ақмола облысының Нұсқаулық кітаптары 
7  рет:  1887,  1909,  1912,  1913,  1914,  1915  жəне  1916  жылдары  Омбы  қаласында,  Омбы 
статистикалық комитетінде шығарылды. 
1867-1868  жылдардағы  «Уақытша  ережеге»  сəйкес  жүргізілген  əкімшілік 
реформалар  бойынша  Қазақстанның  негізгі  аумағы  үш  генерал-губернаторлыққа: 
Түркістан,  Орынбор  жəне  Батыс  Сібір  генерал-губернаторлықтарына  бөлінді.  Оларды 
азаматтық  жəне  əскери  билікті  толығымен  өз  қолдарына  алған,  Ресейдің  Əскери 
министрлігінің қарамағындағы генерал-губернаторлар басқарды [3; 448]. 
Генерал-губернаторлықтар 
облыстарға 
бөлінді: 
Орынбор 
генерал-
губернаторлығының  құрамына  Орал  жəне  Торғай  облыстары,  Батыс  Сібір  генерал-
губернаторлығының  құрамына  Ақмола  жəне  Семей  облыстары,  Түркістан  генерал-
губернаторлығының  құрамына  Сырдария  жəне  Жетісу  облыстары  кірді.  Əрбір  облыс 
бірнеше  уездерге  бөлінді,  уездер    болыстарға,  ал  болыстар  100-200  үйден  тұратын 
əкімшілік ауылдарға бөлінді. 
Ресей  императорының  атынан  жоғары  мемлекеттік  орган  –  Үкіметтік  билікті 
атқарушы  Сенатқа  1868  жылы  21  қазанда  берілген  жарлық  бойыншаБатыс  Сібір 
генерал-губернаторлығының 
құрамындағы 
Ақмола 
жəне 
Семей 
облыстары 
құрылды.Облыстарды  тікелей  патша  үкіметі  тағайындаған  əскери  губернаторлар 

 
40 
басқарды,  олар  да  барлық  əскери-азаматтық  билікті  өз қолдарына  шоғырландырды  [4; 
186]. 
Жарлыққа  сəйкес  Ақмола  облысының  құрамына  Сібір  қырғыздары  облысына 
қарасты  Көкшетау,  Атбасар  жəне  Ақмола  округтері,  Сібір  казак  əскерінің  1,  2,  3,  4,  5 
жəне ішінара 6-шы полктік округтерінің жерлері жəне Омбы мен Петропавл қалалары 
енгізілді.  Облыстың  орталығы  ретінде  Ақмола  қаласы  бекітілді,  бірақ  онда  Облыстық 
Басқармаға арналған ғимаратты тұрғызғанға дейін басқару орталығы уақытша Омбыда 
қалдырылды. 
1869  жылы  1  қаңтарда  құрамына  бес  уезд:  Омбы,  Петропавл,  Көкшетау,  Сарысу 
жəне Ақмола уездері енгізілген Ақмола облысы ресми түрде ашылды. Кейін 1878 жылы 
13 қыркүйекте Сарысу уезінің атауы Атбасар уезі болып өзгертілді [5; 19]. 
Облыс  орталығы  болған  Омбы  қаласында  Дала  генерал-губернаторлығының 
басқармасы,  облыстық  басқарма,  əскери  округ  штабы,  Сібір  казак  əскерінің 
шаруашылық  басқармасы,  сот  палатасы,  округтік  сот,  бақылау  палатасы,  қазыналық 
палата,  мемлекеттік  мүлік  басқармасы,  акциздік  алымдар  басқармасы  жəне  т.  б. 
мекемелер орналасты. 
Сібір казак əскері əкімшілік жағынан 3 əскери бөлімге бөлінеді, оның ішінде 1-ші 
жəне 2-ші бөлімдер Ақмола облысында орналасқан казак поселкелеріне кіреді.  
ХІХ ғ. 70-80 жж. мəліметтер бойыншасол кездегі Ақмола облысының аумағы 479 
200,2  в  (верста)
2
немесе  545  329  км
2
  жерді  қамтыды.  Халық  саны  –  467  401  адам, 
тығыздығы жағынан орта есеппен 1 в
2
 жерге бір адамнан аз қоныстанған. Бұл есептен 
халық  мекендеуге  мүлде  жарамсыз  Бетпақдаланың  70  000  в

аумағын  алып  тастаса, 
онда 1 в
2
 жерге 1,1 адамнан келеді.  
Облыстың  жер  аумағы  мен  халқы  ерекшеліктеріне  қарай  екіге  бөлінді.  Жер 
аумағы  оны  иелену  жүйесі  бойыншабылай  бөлінді:  1)  Сібір  казак  əскерінің  жерлері, 
қалалық  жерлер  жəне  қоныстанушы  шаруаларға  берілген  жерлер  (25  464,9  в
2
)  жəне               
2)  мемлекеттік  жерлер  жəне  қазақтар  мекендеген  жерлер  (453  735,3  в
2
).  Ал  халық 
экономикалық  жəне  азаматтық  жағдайына  сəйкес:  отырықшы  халық  (Сібір  казак 
əскерінің казактары, қала халқы, шаруалар, əр түрлі шенділер, барлығы – 132 578 адам) 
жəне  көшпелі  халық  (қазақтар,  334  823  адам)  болып  ажыратылды.  Көріп 
отырғанымыздай,  көшпелі  халықтың  саны  отырықшы  халықтан  екі  жарым  есе  көп 
болған.  
Облыстың солтүстік уездері (Омбы, Петропавл жəне Көкшетау) облыстың барлық 
аумағының 1/3-нен астам бөлігін алып жатты жəне бұл аумақта 278 000-ға дейін адам 
(немесе  облыс  халқының  60%-ға  дейінгі  бөлігі)  мекендеді.Оның  ішінде  отырықшы 
халық  125  000-ға  дейін  (немесе  облыстың  барлық  отырықшы  халқының  94%-дан 
астамы)  жетті.  Бұл  үш  уезде  халық  облыстың  оңтүстігіндегі  Ақмола  жəне  Атбасар 
уездеріне қарағанда үш есеге жуық көп қоныстанған: солтүстік уездерде 1 в
2
 жерге 1,7 
адамнан, ал оңтүстік уездерде небəрі 0,6 адамнан келді. Облыстағы 113 отырықшы елді 
мекендердің  103-і  солтүстік  уездерде  орналасқан.  Жер  аумағының  кеңдігі  жəне 
отырықшы  тұрғындар  үлесінің  неғұрлым  төмен  болуы  себепті  облыстың  оңтүстік 
бөлігі  көшпелі  мал  шаруашылығымен  айналысқан  халықтың  өзіндік  мəдениетін 
дамытуға қолайлы аймақ болып табылды.     
1909  жылы  жарық  көрген  Ақмола  облысының  нұсқаулық  кітабындағы  
мəліметтерге  сəйкес,  облыс  қалаларындағы  халықтың  əлеуметтік  құрамы  келесі  түрде 
көрінді:  1909  жылғы  1-қаңтарда  Петропавл  қаласында  халық  саны  37  973  адамды 
құраса,  оның  ішінде  18  727  ер  адам,  19  246  əйел  адам  болды.  Сословиелер  бойынша: 
дворяндар  −  300,  православие  діни  қызметшілері  −  41,  еврей  діни  қызметшілері  −  8, 
мұсылман  діни  қызметшілері  −  33,  құрметті  азаматтар  −  40,  саудагерлер  −  373, 
мещандар − 16 070, шаруалар − 6 839, қазақ жəне т.б. орыс емес ұлт өкілдері − 11 640, 

 
41 
шетел  азаматтары  −  106  адамды  құрады.  Діни  сенімі  бойынша:  православие  дінін 
ұстанушылар − 25 876 адам, иудейлер − 399 адам, мұсылмандар − 11 355 адам. Тұрғын 
үйлер  саны  −  10  026,  сауда  дүкендері  −  677,  православие  шіркеуі  −  6,  синагога  −  1, 
мешіттер − 6. Фабрикалар мен зауыттар саны − 137, оларда 974 жұмысшы жұмыс істеп, 
жалпы өнімділігі 565 мың сомды құраған.  
Қарастырылып  отырған  кезеңдегі  Ақмола  қаласы  халқының  əлеуметтік  құрамы: 
қала тұрғындарының саны − 14 293 адам; оның ішінде 6 989 ер адам, 7 304 əйел адам 
болды.  Сословиелер  бойынша:  дворяндар  −  94,  православие  діни  қызметшілері  −  11, 
мұсылман діни қызметшілері − 5, құрметті азаматтар − 33, саудагерлер − 93, мещандар 
− 3 201, шаруалар − 1 655, қазақ жəне т.б. орыс емес ұлт өкілдері − 7 491, əскерилер − 
442, басқалары− 227 адамды құрады. Діни сенімі бойынша: православтар −6 064 адам, 
иудейлер  −  152  адам;  мұсылмандар  −  7  532  адам.  Үй  саны  −  1  221,  сауда  дүкендері 
−185,  православие  шіркеуі  −  1,  синагога  −  1,  мешіттер  −  2.  Фабрикалар  мен  зауыттар 
саны  −  104,  оларда  172  жұмысшы  жұмыс  істеп,  жалпы  өнімділігі  47  мың  сомға  дейін 
жеткен. 
Көкшетау қаласы халқының əлеуметтік құрамы: қала тұрғындарының саны −3 523 
адам;  оның  ішінде  1  790  ер  адам,  1  733  əйел  адам.  Сословиелер  бойынша:  саны 
жағынан  ең  көбі  −мещандар  −2  058,  шаруалар  −  655,  қазақ  жəне  т.б.  орыс  емес  ұлт 
өкілдері  −393  адамды  құрады.  Діни  сенімі  бойынша:  православтар  −2  858  адам, 
мұсылмандар  −  647  адам.  Тұрғын  үй  саны  −  566,  сауда  дүкендері  −108,  православие 
шіркеуі  −  1.  Фабрикалар  мен  зауыттар  саны  −45,  оларда  102  жұмысшы  жұмыс  істеп, 
жалпы өнімділігі 36 600 сомды құрады. 
Атбасар қаласы бойынша: қала тұрғындарының саны − 2 741 адам; оның ішінде 1 
492  ер  адам,  1  249  əйел  адам.  Сословиелер  бойынша:  саудагерлер  −  45,    мещандар  − 
230, шаруалар −385, қазақ жəне т.б. орыс емес ұлт өкілдері −964 адамды құрады. Діни 
сенімі бойынша: православтар −1 761 адам, мұсылмандар − 937 адам. Тұрғын үй саны − 
586,  сауда  дүкендері  −197,  православие  шіркеуі  −  3,  мешіттер  −  2.  Фабрикалар  мен 
зауыттар  саны  −20, оларда 65 жұмысшы жұмыс істеп, жалпы өнімділігі 44 500 сомды 
құрады[6; 176-189]. 
Ақмола облысына халықты қоныстандыру қазақ даласын отарлау тарихындағы ең 
маңызды  жəне  күрделі  кезеңдердің  бірі.Қоныстандыру  қозғалысы  1846-1850  жж., 
Орынбор  жəне  Саратов  губернияларынан  шақыртылған  орыс  казактары  мен 
шаруаларын дала өлкесіне қоныстандыруға арналған үкімет бұйрығы шыққаннан кейін 
жүйелі сипат алды. Шақыртылған шаруалар мен казактар,барлығы 3  852 адам,Ақмола 
облысына  ең  алғаш  қоныстанушылар  болды.  Олар  Көкшетау  уезіндегі  егіншілікке 
жарамды ең жақсы жерлерді иеленіп, мұнда бай жəне халқы көп станицаларды құрды. 
Осыдан кейін Ақмола жəне Атбасар уездерінде бір уақытта дерлік екі казак станицасы 
құрылды жəне осы уақыттан бастап отарлау ісі жоспарлы түрде əрі жылдам жүргізілді. 
Ақмола облысының құрылуы қарсаңында оның сол кездегі аумағында халық саны 375 
370 адамға, оның ішінде отырықшы халық 101 910 адамға жетті. 
Ақмола  облысы  құрылған  кездегі  отырықшы  халықтың  санын  28  жыл  өткеннен 
кейінгі  кезеңдегі,  яғни  ХІХ  ғ.  80-90  жж.  халық  санының  жағдайымен  салыстыратын 
болсақ, онда отырықшы халықтың 1,8 есеге өсіп, жалпы саны 185 500-ге жуық адамға 
жеткенін  көреміз.  ХІХ  ғ.  60-90  жж.  аралығындағы  отырықшы  халықтың  өсімін  мына 
кестеден көре аламыз:  
 
 
 
 

 
42 
Кесте 1 
 
Уездер 
Қалаларда 
Казак станицаларында 
Шаруа қоныстарында 
барлық 
келгендер 

барлық 
келгендер 

барлық 
келгендер 

Омбы 
Петропавл 
Көкшетау 
Атбасар 
Ақмола 
21 987 
11 025 
2 318 
1 383 
2 620 
77 
108 
136 
150 
52 
6 970 
13 734 
13 140 
– 
– 
50,8 
53,2 
80 
– 
– 
9 268 
34 820 
46 079 
9 337 
12 868 
– 
– 
– 
– 
– 
Барлығы: 
39 333 
85,8 
33 814 
60,3 
12 868 
112 372 
Ескерту:  Атбасар  жəне  Ақмола  уездеріндегі  казак  станицаларының  халқы  қала 
халқының құрамында көрсетілген.  
 
Бұл  кестеден  отырықшы  халықтың  саны  ең  алдымен  қоныс  аударушы 
шаруалардың  есебінен,  одан  кейін  Омбы  жəне  Петропавл  қалаларында  халықтың  өсуі 
есебінен ұлғайғаны байқалады [7; 75]. 
Облыс  халқының  жалпы  өсімінің  ең  көп  бөлігі,  атап  айтқанда  61  537  адам   
Көкшетау уезінің үлесіне тиді. Оның себебі, Көкшетау уезінің табиғи жағдайы жағынан 
отарлау үшін қолайлы болуында. Петропавл уезінде де халықтың күрт өскені байқалды, 
мұны  қоныс  аударушыларға  арналған  мекендердің  салынып,  оларға  шаруаларды 
көшіріп əкелумен түсіндіруге болады.  
Шындығында, Ақмола  облысына шаруалардың қоныс аударуы 1870-ші жж. 2-ші 
жартысында  басталды.  1889  жылы  13  шілдеде  «Қоныс  аударушылар  туралы»  заң 
шыққанға  дейін-ақ  орыс  шаруалары  көп  жағдайда  өз  еріктерімен  келіп  қоныстанып 
отырған.Мəселен,  1866  жылдың  өзінде-ақ  Көкшетау  уезіндегі  Саумалкөл  маңында 
Пермь  жəне  Тобыл  губернияларынан  келген  шаруалар  қоныс  тепкен  кішігірім  елді 
мекен  пайда  болып,  төрт  жылдың  ішінде  ондағы  үй  саны  50-ге  жетті.  Алғаш 
қоныстанушылар  бастапқыда  қазақ  жерлерін  егін  салу  үшін  жалға  алушылар  болды. 
Кейін,  1884  жылы  өздігінен  көшіп  келгендер  тағы  екі  қоныс:  Петропавл  уезінде 
орналасқан  Явленное  жəне  Көкшетау  кезінде  орналасқан  Құндықкөл  елді 
мекендерінқұрды.  
Қоныс  аударушылар  толқыны  негізінен  Көкшетау,  Атбасар  жəне  Ақмола 
уездеріне  қарай  ағылды.  Есіл  өзені  бойындағы  жерлер  егін  шаруашылығы  үшін  өте 
қолайлы,  шабындығы  мен  қайыңды  ормандары  мол,  өзен  салалары  мен  көлдерінде 
балық  көп  кездесетін  жерлер  еді.  Сондықтан,  бұл  жерлерге  шаруалар  көптеп 
қоныстанып,  нəтижесінде  Явленное  (2  633  тұрғыны  бар),  Коноваловское  (2  393 
тұрғын), Мариинское (3 175 тұрғын) сияқты ауқатты селолар пайда болды[8; 76]. 
Ақмола  жəне  Атбасар  уездеріне  негізінен  далалық  ішкі  губерниялар:  Самара, 
Воронеж,  Харьков  губернияларынан  жəне  Дон  облысынанқоныс  аударған  шаруалар 
келді. Бұны Ақмола жəне Атбасар уездерінің далалық губерниялар халқы ғана тіршілік 
ету  үшін  бейімделе  алатын,  орман-тоғайы  жоқ  дала  аймағы  болуымен  түсіндіруге 
болады. 
1889  жылы  13  шілдеде  Мемлекеттік  Кеңестің  аса  маңызды  шешімі  қабылданып, 
соған  сəйкес  шаруалардың  қазақ  даласына  қоныс  аударуының  жаңа  кезеңі  басталды. 
Өйткені,  бұл  заң  бойынша  Ақмола  облысы  шаруалардың  бос  жатқан  қазыналық 
жерлерге  өз  еркімен  қоныстануына  рұқсат  берілген  аймақтардың  қатарына  енгізілді. 
Осының  нəтижесінде  отарлау  қозғалысының  ауқымы  айтарлықтай  кеңейе  түсті,  атап 
айтқанда, 1889 жылдың басында облыста 8 352 адам тұратын 19 шаруа елді мекендері 
болса, сол жылдың аяғында облыста 24 шаруа қоныстары, ал олардағы халық саны 11 

 
43 
740 адамға жетті. 1890 жылдың мамыр айында Орынбор арқылы Ақмола облысына 905 
жанұя, оның ішінде 810 жанұя Самара губерниясынан, барлығы 5 326 адам келді. 1890 
жылы  қоныс  аударушылар  легінің  көп  болғаны  соншалық,  күзге  қарай  Ресейдің 
еуропалық бөлігінің 32 губерниясынан Ақмола облысына жер алуды көздеп келген 15 
000-нан астам шаруалар шоғырланды. 
1891  жылы  Еуропалық  Ресейдің,  Орал  бойы  мен  Батыс  Сібірдің  көп  бөлігін 
қамтыған  ауыр  қуаңшылықтың  салдарынан  шаруалардың  қалың  легі  Ақмола 
облысының  жері  арқылы  Томск  губерниясының  Барнаул  округіне,  сондай-ақ  Семей 
облысына  қарай  жаппай  көше  бастады.  Бірақ,  күз  мезгілі  болуы  себепті  олардың 
айтарлықтай бөлігі Көкшетау, Атбасар жəне Ақмола уездерінде, Перопавл жəне Омбы 
қалаларында,  жол  бойындағы  казак  станицалары  мен  поселкелерінде  қыстап  қалды. 
Ақмола облысында қыстап қалуға мəжбүр болған қоныс аударушылардың жалпы саны 
7 000 адамға дейін жеткен. Аса қажеттіліктен туындаған бұл қоныс аудару 1892 жылы 
да  тоқтамады  жəне  қарастырылып  отырған  кезеңде  ешқайда  жайластырылмаған  4  390 
адамнан  тұратын  915  шаруа  жанұясы  Ақмола  облысында  қалып  қойды.Осыған 
байланысты, қалып қойған шаруалардың ауыр жағдайы ескеріле отырып, 1892 жылы 26 
наурызда  жəне  23  сəуірде  олардың  Ақмола  облысының  аумағындағы  бос  жатқан 
қазыналық  жерлерге  орналасуына  үкімет  тарапынан  рұқсат  етілді.  Сонымен  қатар, 
жерге  тұқым  сеуіп,  үй  салулары  үшін  оларға  қоныс  аудару  қорынан  несиелер  мен 
жəрдемақылар берілді. 
Транссібір  темір  жолының  салынуы  (1891-1905  жж.)қоныс  аударушыларды 
жеткізу үшін қажет материалдық инфрақұрылымды жасап берді [9; 215]. 
Қорытындылай  келе,  адамдарды  əлеуметтік  институттармен  жəне  мемлекеттік 
билік органдарымен өзара қарым-қатынастарына көмектесетін түрлі ақпараттар легінің 
ішінде  Нұсқаулық  кітаптары  мен  адрес-календарьлар  құнды  мағлұматтар  дереккөзі 
болып  табылады.  Олардағы  мəліметтер  өздері  жазылған  кезде  қабылданған,  нақты 
уақыт  аралығындағы  қоғамдық  қатынастар  жүйесінде  қалыптасқан  методологиялық 
тұжырымдамаға  сəйкес  жалпыланған,  құрастырылған  жəне  іріктеліп  алынған.  Осыдан 
жүз  жылдан  астам  уақытта  қандай  өзекті  болса,  қазіргі  заманда  да  сол  өзектілігін 
сақтап  қалған  адрестік-анықтамалық  əдебиеттің  практикалық  жəне  тарихи  жоғары 
құндылығы осыдан көрінеді.    
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет