Əдебиет:
1. Игибаев С.К. История Казахстана в источниках и материалах. Астана: «Фолиант», 2013 г.
−320 с.
2. Бұл да сонда. С. 243.
3. К.Ə. Жиреншин. Қазақстандағы ХІХ ғ. 60-90 жж. əкімшілік-саяси реформалар // Қазақстан
тарихы. 3 том. Алматы: «Атамұра», 2002.
4. Ерофеева И.В. Эволюция ханской власти и включение Казахстана в состав Российской
империи (1731-1865) // История Казахстана. Народы и культуры. Алматы: «Дайк-Пресс»,
2001. − 608 с.
5. Памятная книжка Акмолинской области на 1887 год. Омск, 1887. − 203 с.
6. Памятная книжка Акмолинской области на 1909 год. Омск, 1909. − 263 с.
7. Бұл да сонда; С. 75.
8. Бұл да сонда; С. 76.
9. Ерофеева И. В. Крестьянские переселения в ХІХ в. // История Казахстана. Народы и культуры.
Алматы, 2001. − 608 с.
44
ƏОЖ 930.2 (5Қ)
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ШОЛУ КІТАПТАРЫ
ХАЛЫҚҚА БІЛІМ БЕРУ ІСІ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕГІ РЕТІНДЕ
(ХІХ ғ. СОҢЫ −−−− ХХ ғ. БАСЫ)
Бексейітова А.Т., Хайыржанов М.М.
(Ш. Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті)
ХІХ ғасырдың 2-ші жартысынан бастап Қазақстан аумағында Статистикалық
комитеттер құрылды. Н.В. Алексеенконың мəліметтері бойынша, алғашқы болып 1877
жылы желтоқсанда Семей облыстық Статистикалық комитеті құрылды деп есептеледі,
бірақ, ол іс жүзінде 1878 жылы маусымда ашылды. Сонымен бірге, 1878 жылы Ақмола
облыстық, 1879 жылы Жетісу облыстық, 1895 жылы Торғай облыстық жəне 1896 жылы
Орал облыстық Статистикалық комитеттері ашылған болатын [1; 10].
ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап облыстық статистикалық комитеттер
əскери губернаторлардың есеп беруіне қосымша ретінде шолу кітаптарын шығара
бастады. Облыстардың шолу кітаптарында құнды статистикалық мəліметтер сақталған.
П.А. Зайончковскийдің редакциялауымен жарық көрген «Революцияға дейінгі Ресей
тарихы бойынша анықтамалықтар» атты жинақта Ақмола облысында барлығы 31 шолу
кітабы (1883-1891 жəне 1893-1914 жж. аралығында), Семей облысында – 30, Торғай
облысында – 32, Жетісу облысында – 32, Орал облысында – 33 шолу кітаптары басып
шығарылған [2; 132].
Шолу кітаптары мазмұны жағынанбірыңғай болды жəне олар 8 тараудан тұрды:
1. Облыстың жалпы сипаттамасы.Бұл тарауда облыстың географиялық жағдайы, оның
ауданы, əкімшілік бөлінісі, жер бедері, ауа райы, минералдық байлықтары, өсімдіктер
мен жануарлар дүниесі, суару жүйесі сипатталды. 2. Халқы; 3. Экономикалық өмірі,
оның ішінде егіншілік, бау-бақша өсіру, темекі өсіру, мал шаруашылығы, ара өсіру,
балық аулау, аңшылық жəне орманшылық кəсіптері, тау-кен ісі, алтын өнеркəсібі, тұз
өндіру, фабрика-зауыт өнеркəсібі, ұсақ өнеркəсіп, сауда жəне несие сияқты
шаруашылық түрлерін сипаттады; 4. Салықтар мен міндеткерліктер; 5. Халық
тұтынатын азық-түліктер; 6. Қоғамдық көріктендіру: сот, межелік (шекаралық),
құрылыс бөлімдері мен қатынас жолдары; 7. Халықтық денсаулық сақтау ісі мен мал
дəрігерлік ісі; 8. Халыққа білім беру. Облыстық шолу кітаптарының ведомость
түріндегі қосымшалары болды. Ведомостарда облыс халқының сословиелер бойынша,
діни сенімдері бойынша саны; облыстағы егін егу; халықтан астық жинау; мал
шаруашылығы; зауыттар мен фабрикалардың саны; жəрмеңкелер; салықтар мен
міндеткерліктер; өрт жағдайлары; қасақана жəне кездейсоқ болған кісі өлімі туралы
мағлұматтар берілді.
Облыстық шолу кітаптары ел тарихын, мал шаруашылығы мен егіншіліктің, білім
беру ісінің тарихын зерттеуде маңызды дерек болып табылады. Шолу кітаптарына
қажет материалдар Ресей империясы Ішкі істер министрлігінің уездік, болыстық
органдары арқылы жинақталды [3; 240-242].
1867-1868 жылдардағы «Уақытша ережеге» Ақмола облысының құрамына Сібір
қырғыздары облысына қарасты Көкшетау, Атбасар жəне Ақмола округтері, Сібір казак
əскерінің 1, 2, 3, 4, 5 жəне ішінара 6-шы полктік округтерінің жерлері жəне Омбы мен
Петропавл қалалары енгізілді. Облыстың орталығы ретінде Ақмола қаласы бекітілді,
бірақ онда Облыстық Басқармаға арналған ғимаратты тұрғызғанға дейін басқару
орталығы уақытша Омбыда қалдырылды.
45
1869 жылы 1 қаңтарда құрамына бес уезд: Омбы, Петропавл, Көкшетау, Сарысу
жəне Ақмола уездері енгізілген Ақмола облысы ресми түрде ашылды. Кейін 1878 жылы
13 қыркүйекте Сарысу уезінің атауы Атбасар уезі болып өзгертілді [4; 19].
Ақмола облысы өзінің орналасқан жері мен халқының құрамы бойынша далалық
облыстар қатарына жатады. Далалық облыстарға Ақмола облысымен бірге Орал,
Торғай жəне Семей облыстары да кіреді. Бұл облыстарға тəн бірқатар ерекшеліктер:
1) халықтың өте сирек қоныстануы, орта есеппен бір шаршы верста жерге 1,1 адамнан
келді; жəне 2) көшпелі өмір салтын ұстанған қазақ халқының отырықшы (орыс, татар,
т.б.) халықтан саны жағынан басым болуы [5;1].
Ақмола облысы 45° жəне 55° солтүстік ендік пен 84° жəне 91° шығыс бойлық
аралығында орналасқан, ауданы шамамен 479 200,2 в (верста)
2
жерді қамтиды. Халық
саны 467 823 адам, 1 в
2
жерге орта есеппен 0,98 адамнан келеді. Дегенмен, бұл
келтірілген мəліметтен облыстың оңтүстігіндегі ауданы 70 000 в
2
жететін шөлейіт əрі
құнарсыз, тіршілік етуге мүлдем жарамсыз Бетпақдала деп аталатын бөлігін алып
тастаса, онда 1 в
2
жерге 1,14 адамнан келеді.
Əкімшілік басқарылуы жағынан Ақмола облысы бес уезге бөлінді. Олар:
оңтүстіктегі Ақмола жəне Атбасар уездері, солтүстіктегі Петропавл жəне Омбы уездері
жəне орталық бөлігіндегі Көкшетау уезі [6; 1].
Облыстың солтүстік уездерінде оңтүстік уездерге қарағанда халық 3 есеге жуық
көбірек қоныстанды. Өйткені, облыстың 110 отырықшы елді мекендерінің 74-і немесе
67%-ы, оның ішінде халық неғұрлым көбірек тұратын Перопавл жəне Омбы қалалары
солтүстік уездерде, 9 елді мекен немесе 8,2%-ы оңтүстік уездерде, ал орталықтағы
Көкшетау уезінде отырықшы елді мекендердің 27-сі орналасқан.
Ақмола облысының аумағы мен халқы ерекше түрде екіге бөлінді: аумағы – оны
иелену жүйесі бойынша Сібір казак əскерінің, қалалар мен шаруа мекендерінің жерлері
(27 732,2 в
2
) жəне қазақтар мекендейтін мемлекеттік жерлер (450 468 в
2
) болып екіге
бөлінді. Ал халқы экономикалық жəне азаматтық жағдайы бойынша отырықшы халық
(қалалық сословиелік, казактар, шаруалар мен əр түрлі шенділер, барлығы 126 379
адам) жəне көшпелі халық (қазақтар, жалпы саны 341 444 адам) болып ажыратылды. [7;
2].
1881 жылы Ақмола облысында 129 оқу орны болды. Олар дəрежелері бойынша
былай бөлінді:
− ер балаларға арналған мұғалімдер семинариясы – 1;
− бастауыш мектептер – 121, оның ішінде ер балаларға арналған – 87, қыз
балаларға арналған – 34;
− орта мектептер – 3, ер балаларға арналған – 2, қыз балаларға арналған – 1;
− медициналық оқу орындары – 4, ер балаларға арналған – 3, қыз балаларға
арналған – 1.
Бұл мектептерде негізінен облыстың отырықшы халқы білім алды жəне 1881
жылғы мəлімет бойынша олардағы оқушылар саны − 5 556, оның ішінде ер балалар −
4 114, қыз балалар − 1 442. Орта есеппен əрбір 21,7 отырықшы тұрғынға 1 оқушыдан
келді, оның ішінде əрбір 15,5 ер адамның жəне əрбір 39,5 əйел адамның ішінде 1-уі
оқыды.
Оқу орындарының дəрежесі бойынша ондағы білім алушылар келесі түрде
орналасты:
− мұғалімдер семинариясында − 89 ер бала білім алды;
− бастауыш мектептерде − 3 264 ер бала, 1 018 қыз бала оқыды;
− орта мектептерде − 579 ер бала, 402 қыз бала оқыды;
− медициналық оқу орындарында – 182 ер бала, 22 қыз бала оқыды.
46
Алдыңғы жылмен салыстырғанда жаңадан тағы 2 оқу орны ашылған, білім
алушылардың саны ер балалар арасында 196-ға дейін, қыз балалар арасында 66-ға дейін
артты [8; 33].
Оқушылар саны əсіресе төменгі мектептерде айтарлықтай өсті. 1881 жылы
Мемлекеттік Кеңестің Ақмола жəне Семей облыстарында училищелік білім беруді ашу
туралы жоғарыдан бектілген шешімі негізінде Ақмола жəне Көкшетау қалаларының
əрқайсында үшкластық училищелер ашылды.
Қазақ балаларын оқытуға арналған оқу орындарының ішінде Омбы қаласындағы
10 қазақ баласына арналған пансионды жəне уездерде орналасқан 10 интернатты (əр
уездік басқарма жанында екеуден: ер балалар жəне қыз балалар үшін) атауға болады.
Бұл оқу орындарында қазақ халқының ер балаларына орыс тілі мен жазуын, етікші,
тігінші, ағаш ұстасы, т.б. кəсіптерін оқытып, егіншілікті үйретті. Ал қазақ қыздарына
орыс тілі мен жазуынан басқа, қолөнер мен үй шаруашылығын жүргізу үйретілді.
Интернаттағы қазақ балаларынан басқа фельдшерлік жəне мал дəрігерлік
мектептерде онға дейін қазақ балалары оқытылды.
1898 жылы Ақмола облысында əр түрлі оқу орындарының саны 196-ға жетті.
Оларда барлығы 10 891 оқушы білім алса, оның ішінде ер балалар − 7 793 жəне қыз
балалар − 3 098.
Оқу орындары мен білім алушылардың басым бөлігі Омбы қаласында
шоғырланды. Омбыда Сібір кадет корпусы, 2 гимназия, қыздарға арналған
прогимназия, 1857 жылы ашылған уездік училище, мұғалімдік семинария, қала
есебінен ұсталған 11 бастауыш училище, 1 техникалық жəне 1 медициналық
училищелер болды. Сібір кадет корпусыалғаш 1813 жылы Əскери училище деген
атаумен ашылған оқу орны болатын. Оқушыларды кадет корпусына түсуге дайындау
үшін əскери дайындық пансионы жұмыс істеді. Қыздар гимназиясының жанында
ашылған пансионда басқа қалалардан келген тəрбиеленушілер ақылы түрде
орналастырылды.Омбы уездік училищесінің жанында 3 паралелльді бөлімшелер
ашылды, сондай-ақ тоқыма қолөнері сыныбы мен қарапайым коммерциялық
бухгалтерияның қосымша курсы жүргізілді. Облыстың басқа қалалары − Петропавл,
Көкшетау, Атбасар жəне Ақмола қалаларында 1872 жылғы 31 ақпандағы Ереже
бойынша Халық Ағарту министрлігі ведомствосының қалалық училищелері ашылған
болатын. Атап айтқанда, Петропавлда − 5 сыныптық қалалық училище жəне 4
сыныптық қыздар прогимназиясы, Көкшетауда − 3 сыныптық қалалық училище,
Ақмолада − 3 сыныптық қалалық училище, Атбасарда −1881 жылғы Ереже бойынша
ашылған бастауыш қалалық училище жұмыс істеді. Уездердегі оқу орындары: казактар
тұратын елді мекендерде станицалық жəне поселкелік мектептер, ал шаруалар
қоныстарында селолық, шіркеулік-приходтық жəне жеке меншік сауат ашу мектептері
болды. Станицалық жəне поселкелік мектептер Сібір казак əскерінің қоғамдық жəне
əскери қаржысы есебінен ашылды. Оларды Халық Ағарту министрлігі өкілінің арнайы
бақылауымен əскери бөлімдердің атамандары басқарды.
Мектеп жасындағы (7-ден 15 жасқа дейінгі) балалар жалпы халық санының
шамамен 1/5 бөлігін құрады. Облыстағы оқу орындары мен оқушылардың саны келесі
түрде бөлінді:
47
Кесте 1
Мектеп
жасындағы
балалар саны
Мектеп
тер саны
Оқушылар
саны
1 мектепке келетін
балалар саны жəне ер
балалар мен қыз
балалардың %-дық үлесі
ер
қыз
ер
қыз
1 мектеп
ер
қыз
Омбы
қаласында
5 660
4 935
26
2 013
1 186
407
35,5
24
Басқа
қалаларда
3 724
3 601
18
925
383
407
25
10,6
Казак село-
ларында
9 815
9 507
99
2 589
848
195
26,3
9,0
Шаруа
елдімекен-
дері
12 850
11 612
66
1 981
631
370
15,4
5,4
Барлығы−
32 049
29 655
209
7 506
3 048
300
23,4
10,2
Бұл кестеден шаруа елді мекендерінде мектептер мен оқушылардың
жетіспеушілігін, соған сəйкес, сауатты адамдардың да аз болғанын көре аламыз [9;
80].Дегенмен, алдыңғы жылдармен салыстырғанда, шаруа қоныстарында мектептердің
29-ға, ал оқушылар санының 1 048-ге дейін көбейгені шаруалардың арасында өз
балаларын оқытуға деген қажеттіліктің артқанын көрсетеді. Жеке меншік мектептер
заң бойынша діни ведомствоның бақылауына алынуы тиіс болғанымен, қарастырылып
отырған кезеңде шаруа мекендерінде шіркеулердің жетіспеушілігі салдарынан, бұл
мектептер іс жүзінде тиісті бақылауға алынбады. Шаруаларды түпкілікті түрде
орналастырып, олардың мекендерінде шіркеулер салынғаннан кейін жеке меншік
мектептер діни қызметшілердің бақылауына берілуі қажет, өйткені, жергілікті
əкімшіліктің бұл жеке меншік мектептерді үнемі өз қамқорлығына алуы үшін
жетерліктей қаржысы да, уақыты да болған жоқ.
Станицалық жəне поселкелік мектептердің жағдайы туралы берілген есептерге
жəне əскери əкімшіліктің оларды жеке бақылауына сəйкес, мектеп ісінің материалдық
жəне рухани маңызының əскери адамдар арасында жылдан жылға артып отырғаны
байқалады.Оны мынадан көруге болады: оқушылар саны əр жыл сайын артып отырды,
жергілікті станица тұрғындары тарапынан мектептерге жасалатын көмектің көлемі
ұлғайды, əсіресе, жыл сайын мектептерде өткізілетін шіркеулік ғибадат кезінде хормен
əн айту, діни қызметшілердің сауаттылықтың пайдасы туралы өсиет айтуы, марапаттау,
өлең оқу, патриоттық жəне халық əндерін айту сияқты салтанатты актілер кезінде
айқын көрініс тапты.
Қалаларға қатысты айтсақ, оларда оқушылардың %-дық үлесі уездермен
салыстырғанда көбірек болғанымен, мектептер саны жетіспеді, əсіресе, Омбы
қаласында мектеп жасындағы 407 балаға 1 мектептен келді. Қала есебінен
жабдықталған 11 приходтық училищелер оқушыларға толы, сондықтан оқу жылының
басында көптеген оқушылар бос орын болмағандықтан, қабылданбай қалады. Осындай
жағдайда қаладағы мекемелердің бірі −1884 жылы ашылған Бастауыш білім жөніндегі
қамқорлық қоғамы жəрдем көрсетеді. Бұл қоғам 1898 жылы 3 приходтық қалалық
училищені, оның ішінде 2-уі қыз балаларға, 1-уі ер балаларға арналған, қыздарға
арналған 2 жексенбілік жəне 1 қолөнер мектептерін өз қамқорлығына алды. Қоғам
Кеңесі оқушыларға киім-кешек, аяқ қиім жəне оқу құрал-жабдықтарын тарату арқылы
48
көмек көрсетіп қана қоймай, балалардың тəн саулығы мəселесіне назар аударды. Бұл
тұрғыда ашық аспан астында дене қимылдары ойындары өткізілуі үшін ерекше қор
құрылып, балабақша жəне жыл сайын қысқы сырғанақ тебетін орын ашылды.
Бастауыш білім жөніндегі қамқорлық қоғамы жарғысының негізгі идеясы бойынша
бастауыш білімді дамыту ғана емес, оқушылардың білімін одан əрі жалғастыруына
көңіл аударылды. Бұл мақсатқа жетудің ең жақсы құралы ретінде Қоғам Кеңесінің
ерекше мəн беруі нəтижесінде дамыған кітапхана қызмет етті. 1893 жылы Омбыда
«Қоғамдық кітапхана» ашылып, бұған дейін жұмыс істеген халық кітапханасы тегін
«халық оқуларына арналған кітаптар бөлімі» болып өзгертілді. Кітапхананы
орналастыру үшін қалалық қоғам тастан салынған флигельді (қосалқы үй) тегін берді
жəне оны жабдықтауға қалалық дума жыл сайын 250 сом қаржы бөліп отырды. 1898
жылы қоғамдық кітапханадан 38 140 кітап, газет-журналдар, ал халық кітапханасынан
19 140 кітап оқырмандарға берілгені туралы мəлімет тіркелген. Əдеби сөздің көмегімен
білім беруді дамыту мақсатында Қоғам жанынан халық оқуларын ұйымдастыру
жөніндегі ерекше комиссия құрылды. Уақыт өте келе, оқырмандардың көбеюі
нəтижесінде кітапхана орналасқан ғимарат тарлық етіп, Қоғам Кеңесінде ерекше
қайырымдылық қорының қаржысы есебінен кітапхана ғана емес, халық оқуларына
арналған аудитория да орналасатын жаңа ғимаратты салу туралы ұсыныс туындаған
[10; 81].
Облыстың қазақ тұрғындарына келсек, олардың арасында халық ағарту ісі
ұйымдастырылмаған. Шаруа елді мекендеріндегі сияқты, қазақ ауылдарында бірқатар
жеке меншік мектептер болғанымен, олардың саны аз жəне шала сауатты қазақтар,
моллалар жəне тағы басқа ел аралап жүретін мұғалімдер ешқандай жүйесіз жəне
бағдарламасыз сабақ берумен айналысты. Олар татар тілін оқытумен жəне қазақтарға
түсініксіз араб тілінде Құранның кейбір үзінділерін жаттатумен шектелді. Омбы
қаласындағы орыс жəне қазақ ер балаларына арналған жалғыз пансионнан басқа, ХІХ
ғасырдың аяғында егіншілік жəне мемлекеттік мүліктер ведомствосына қарасты 4
бастауыш ауылшаруашылық мектептеріне қазақ балалары оқуға түсе алды. Бұл
мектептерде жалпы білім беретін жəне арнайы пəндер бағдарламаға сəйкес оқытылды;
мектептердің жанында аяқ киім жөндейтін шеберханалар, ағаш жəне темір
ұстаханалары ашылды. Егіншілік ведомствосына қарайтын мектептердің учаскелерінде
ауыл шаруашылығы ісі жүргізілді. Жергілікті ауылшаруашылық жағдайлары туралы
мəліметтерді жинақтау үшін тəжірибелік алаңдар ұйымдастырылып, онда жергілікті
мал тұқымдарын күтіп баптау арқылы олардың сапасын арттыруға жəне сүт өнімдерін
алуға баса назар аударылды.
Қазақтарда жүйелі түрде білім алуға деген талап-тілектер болғанымен жəне
оларға орыс тілінде оқытатын мектептерге түсуге рұқсат берілгенімен, қазақ балаларын
орта оқу орындарына түсуге даярлайтын бастауыш мектептер болған жоқ. Сондықтан,
қарастырылып отырған кезеңде облыс əкімшілігі қазақтарға арналған бастауыш
мектептердің екі түрін ұйымдастыруды қолға алды: 1) қазақ балалары мен қыздарын
селолық бастауыш училищелердің бағдарламасына сəйкес оқытатын көшпелі ауыл
мектептерін; жəне 2) болыстық екі сыныптық орыс-қырғыз (қазақ) училищелері, олар
біріншісінің жалғасы іспетті болды [11; 82].
Қорытындылай келе, Ақмола облысының шолу кітаптары ХІХ ғасырдың соңы −
ХХ ғасырдың басындағы өлкедегі шаруашылық жəне халық ағарту ісі тарихының
дамуы туралы құнды мағлұматтар дереккөзі болып табылады. Олардағы мəліметтер
өздері жазылған кезде қабылданған, нақты уақыт аралығындағы қоғамдық қатынастар
жүйесінде қалыптасқан методологиялық тұжырымдамаға сəйкес жалпыланған,
құрастырылған жəне іріктеліп алынған. Осыдан жүз жылдан астам уақытта қандай
өзекті болса, қазіргі заманда да сол өзектілігін сақтап қалған адрестік-анықтамалық
əдебиеттің практикалық жəне тарихи жоғары құндылығы осыдан көрінеді.
49
Əдебиет:
1. Алексеенко Н.В. Статистические источники по демографии Казахстана. Усть-Каменогорск.
1999 г.
2. Зайончковский П.А. Справочники по истории дореволюционной России. Москва:«Книга»,
1978 г. – 640 с.
3. Игибаев С.К. История Казахстана в источниках и материалах. Астана; «Фолиант», 2013 г. −
320 с.
4. Памятная книжка Акмолинской области на 1887 год. Омск, 1887. − 203 с.
5. Обзор Акмолинской области за 1881 г. Омск, 1882 г. − 74 с.
6. Обзор Акмолинской области за 1882 г. Омск, 1883 г. − 73 с.
7. Бұл да сонда. С. 2.
8. Обзор Акмолинской области за 1881 г. Омск, 1882 г. − 74 с.
9. Обзор Акмолинской области за 1898 г. Омск, 1900 г. − 117 с.
10. Бұл да сонда. С. 81.
11. Бұл да сонда. С. 82.
ƏОЖ 341. (235)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ
МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Бексеитов А.Т., Бексеитова А.Т.
(Ш. Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті)
Қазақстанның тыныштығы, еліміздің өмірдің барлық саласында жасампаздықпен
алға жылжуы ұлтаралық қатынастар саласындағы мемлекетіміздің сындарлы саясатына
байланысты екендігі мəлім. Қазақстан мемлекеттік тəуелсіздікке көп ұлтты жəне көп
дінді күрделі құрамда қол жеткізді. Сондықтан да, тəуелсіздіктің бірінші күнінен
бастап, барлық ұлттар өкілдері арасындағы теңдікті, туысқандықты достықты жəне
бірлікті өз саясатымыздың өзегі қылып ұстандық.Тəуелсіз еліміздің Конституциясы да
«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...» деп басталып, болашақ
дамуымыздың негізгі бағытын айқындады[1]. Яғни, жаңа Қазақстан, өз мемлекеттілігін
орната отырып, бүкіл адамзаттық қауымдастықпен тату-тəтті өмір сүруді, өз ішінде
ұлтаралық ынтымақты нығайтуды көздейді. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңынан
бастап ұлттық сана сезімнің күрт өсуі байқалды. Қоғамдық санадағы бұндай түбірлі
өзгерістер Қазақстанда ұлттық қатынастарды реттейтін заңдарды қажет етті.
Осылайша, Қазақстандағы ұлттық мəдени орталықтар Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің
1989 жылғы 14 сəуірдегі «Қоғамдық ұйымдардың құрылу тəртібі мен қызметі туралы»
Жарғысы негізінде жұмыс істей бастады. Сонымен қатар оған қосымша 1995 жылы 14
шілдеде «Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің аймақтық органдарында
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тəртібі жөніндегі ережелер», 1996 жылы 30
мамырда «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық ұйымдар туралы» заңдар
қабылданды, Қазақстан Республикасының Конституциясында көп ұлтты Қазақстандағы
барлық ұлттардың тең құқықтық дамуы үшін заңдық негіз жасалды. Конституциялық
құқықтық базалар негізінде ұлттық мəдени қайта өрлеу үрдісі басталды. Тек 1994-1996
жылдары республикалық жəне аймақтық ұлттық-мəдени орталықтардың 27-сі
қоғамдық ұйым ретінде заңдық статусқа ие болды. Олардың əрқайсысының облыстық
құрылымдарда бөлімшелері ұйымдастырылды. Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін,
50
посткеңстік елдер ішінде бірінші болып Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясы
құрылып, халқымыздың құрамындағы өзге ұлт өкілдері үшін елдің саяси өміріне
араласуда, мəдени-рухани салада зор мүмкіншіліктер жасалды [2]. Еліміздің Президенті
Н.
Назарбаев
тəуелсіздігіміздің
алғашқы
жылын
мерекелеу
қарсаңында
отандастарымызбен алқалы кеңес құрып, оларды реформаны тереңдету, жалпы ұлттық
татулыққа шақыру үшін Қазақстан халықтарының форумын өткізу жөнінде ұсыныс
жасады.
Тұңғыш
рет
өткен
басқосу
1992
жылы
желтоқсанда
Алматыда
ұйымдастырылды. Осы форумда Президент кездесуді тұрақты негізге көшіру жөнінде
жаңа қоғамдық институт, яғни, қазақстан халықтарының татулығы мен бірлігі
Ассамблеясын –биүкіметтік, бисаяси ұйымын құру идеясын алға тартты. Бұл ұсыныс
қолдау тауып, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы
жарлығымен Қазақстан халықтар Ассамблеясы құрылды [3]. Ол мемлекет басшысы
жанындағы кеңесші орган болып саналды. Ассамблея қызметі Конституцияға,
мемлекет заңдары мен актілеріне, осы органның ережесіне негізделді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекет қаржыландыратын, заңнамалық негізі
бар институтретінде құрылды. Құрылған кезеңнен бастап халықаралық жоғары беделге
ие болды жəне республикада ұлтаралық саясатты, барлық этнос өкілдерінің азаматтық
жұмылуын өркениетті түрде жүзеге асыруының маңызды құралдарының біріне
айналды. Елімізде барлық этностардың теңдігі, олардың тілдері мен мəдениетін қайта
түлету мен дамыту қамтамасыз етілді. Қазақстанда тұратын барлық этностар өкілдері
Конституция негізінде білім алу мен еңбекте табыстарға қол жеткізуге, ана тілін,
мəдениетін, дəстүрлерін өркендетуге, тұрғын үй алуға жəне өз меншігін қорғауға тең
дəрежеде құқылы [4].
Ассамблея мемлекет жүзеге асырып отырған ұлттық саясатта сан алуан ұлт
мүдделерінің
ескерілуін
қамтамасыз
ету,
қоғамдағы
кездескен
əлеуметтік
қиыншылықтар, қайшылықтарды шешу жолында, сондай-ақ қоғамдық пікірді
қалыптастыруға
бағытталған
мемлекеттік
саясатты
жүзеге
асыру
жөніндегі
ұсыныстарды дайындайды. Ассамблея ұлттық диаспоралар арсында жүргізілетін
ұйымдастыру жұмысының орталығына айналды. Олар демократиялық институттардың
жалпы жүйесіндегі орындарын айқын белгілеп алып, өз аймақтарындағы көпұлтты
халықтың күш-жігерін біріктіру жөніндегі алғашқы жұмыс тəжірбиесін жинақтады.
Кеңес өкіметі кезінде қордаланып қалған ұлт мəселелерін ұлттық мəдени
орталықтар көтеріп, Қазақстан халқы ассамблеясының шын мəніндегі демократиялық
орган ретінде айқындалуына септігін тигізді. Ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттар
бірлігін нығайта түсудегі ассамблея миссиясы «Қазақстан-2050» даму стратегиясына
толық сəйкестендірілген.
Елбасы, бұл орайда, Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың өзара
татулығы, бауырмалдығы ішкі саясатымыздың алтын арқауы болып қала беретіндігіне
екпін түсірді.
Бүгінгі күні этносаралық қатынастардың үйлесімділігі тақырыбының мəні мен
маңыздылығы арта одан əрмен түсуде. Елбасы бұдан əрі қарайғы негізгі күш азаматтық
қоғамды сатылап қалыптастыруға, қазақ халқының, республикада тұратын барлық
этностардың
құқықтары
мен
бостандықтарын
қамтамасыз
етуге,
рухани
құндылықтарын дамытуға бағытталуы тиіс екендігін мəлімдеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам жəне азамат
құқығын қорғау туралы баптар Қазақстанды мекендеген этнос өкілдеріне байланысты
нақты жүзеге асуда.
Қазақстанда бейбіт өмір жағдайында еңбектеніп жүрген барша ұлт өкілдері
Республикадағы демократиялық үрдістерге белсене қатысып келеді. Қазақстанда тұрып
жатқан əрбір халықтың салт-дəстүрін жеткілікті дəрежеде меңгеру, əр ұлт пен ұлыстың
51
ауыз əдебиетін, халықтық өнерін, жетістіктерін зерделеу қоғамның рухани дамуына, əр
халықтың өзіне тəн даму ерекшеліктеріне əсер етеді. Еліміздегі əрбір ұлттың өзінің
мəдени дəстүрлері, ғасырлар бойы қалыптасқан əдет-ғұрыптары бар. Сондықтан да,
əрбір ұлттың өзінің тілін пайдаланып, балаларын оқытып, тəрбиелеуге деген
құлшынысы заңды. Қазақстан халық Ассамблеясының нəтижелі қызмет етуі
барысында қазақ халқы мен өзге этностар біртұтас халық ретінде қалыптасып, бір-
біріне қолдау көрсетіп, ортақ Отанымыздың экономикалық жəне мəдени өркендеуіне
өзіндік үлес қосып, қоғамдық өмірдің əртүрлі саласында белсенді еңбек етуде.
Ассамблеяның алдына қойған міндеттеріне: Этносаралық қатынастар саласында
мемлекеттік органдармен жəне азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-
қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді жəне толеранттылықты одан
əрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау, халық бірлігін нығайту, қазақстандық
қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау, дамыту,
сонымен қатар, Қазақстан халқының ұлттық мəдениетін, тілдері мен дəстүрлерін
сақтап, дамыту мен өркендету мəселелерін қойды.
Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі əрбір этностың мүддесін
қорғайтын қоғамдық бірлестік. Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастырушы
институт ретінде қалыптасып болды - деп есептеуге толық негіз бар. Ассамблея
Қазақстан азаматтарын отансүйгіштік рухта тəрбиелеуге, халықтар арасындағы достық
пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді. Ассамблеяның ең жоғарғы
органы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы болып табылады. Ал Ассамблея
заң жобаларын сараптамадан өткізу, мемлекеттік тіл мен еліміздегі барлық
халықтардың тілін жəне мəдениетін дамыту, жастардың бойында қазақстандық
отансүйгіштікті қалыптастыру, халықаралық байланыстар жүргізу, əрбір этностың
мəдени дамуына ықпал ету сияқты, өзге де жұмыстарды жүзеге асырады.
Ел Президенті айтқандай, Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің тарихи
миссиясын, алдына қойған міндеттерін нəтижелі атқарып, ұлттар мен ұлыстарды
бірлікке шақырып, ел тəуелсіздігінің нығаюына үлкен үлес қосып келеді. Елімізде өмір
сүріп отырған этностардың ата-дəстүрлері мен мəдениетін, тілін сақтай отырып
дамуына, олардың тарихи отандарымен байланыстарын нығайта түсуге жүйелі түрде
бағыт-бағдар беріп отырған еліміздегі ұлттық мəдени орталықтар, қоғамдық
бірлестіктер жұмыс істеуде. Қазақстандағы барлық халықтардың тілдерін,қоғамдық -
саяси, əлеуметтік-мəдени жағдайын дамытуға, ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруге
ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын жақсартуға жəне ұлттық мəдениетті қорғаудың
құқықтық тұтқаларын нығайтуға заңдық негіз жасалған. Қазір республикамыздың
барлық мектептері 9 тілде – қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тəжік, украин, татар, неміс жəне
ағылшын тілдерінде білім береді. 15 тіл ана тіл ретінде оқытылады [5]. Қазақстан
тəрізді жартылай этникалық мемлекетте жалпы ұлттық келісімге, азаматтық бірлікке
қол жеткізу негізгі мақсат.Сондықтан да Қазақстанды мекендеп отырған этностардың
тарихи-мəдени мұралары, халықтардың қайталанбас салт-дəстүрлері барлық Қазақстан
халқының ортақ игілігі.Оны қорғап дамыту, өзара байыту, сөйтіп барша
қазақстандықтардың жалпы ұлттық игілігіне айналдыру басты міндет болып табылады.
Қазақстанның динамикалық жəне əлеуметтік-экономикалық дамуы жағдайында
ішкі
саясат
аясындағы
ұлтаралық
келісім
мен
Қазақстан
қоғамының
консолидациялануы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының
басым бағыттарының бірі болып негізделсе, бұл саладағы ортақ қызмет ішкі саяси
тұрақтылыққа бағытталған. Елбасы өзінің атақты Жолдауындағы тоқталған негізгі
басым бағыт ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету мəселесі
болатын. Бұл бағытта Қазақстан өзінің саясатын нығайтып қана қоймай, əлемдік
қауымдастыққа үлгі ел ретінде саналатыны да бекер емес. Қазақстан бүгінде
52
мəдениетаралық жəне конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына
айналғаны белгілі. Қазақстан 2050-Стратегиясында айтылған тарихи уақыттың
жеделдеуі, халық пен қоғамның алдына жаңа міндеттер қоятындығы тарихи шындыққа
айналып отыр [5]. Бұл салада да кешегі күнгі деңгейде қалып қоюға болмайтындығын
соңғы Украинадағы оқиғалар айқын көрсетіп отыр.
Қазіргі таңда посткеңестік елдер түрлі діни, ұлтаралық, мемлекетаралық
қатынастарға, əлемдік геосяси өзгерістердің қатал сынына түсіп отыр. Бұл саладағы
біздің ішкі саясатымызда біраз өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, ақпараттық
тəуелсіздігімізді нығайту, идеологиялық – тарихи кейбір мəселелерді қайта қарап, оны
қоғам ел - мемлекет қажеттеріне жарату күн тəртібіне шығып отыр.
Ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде жалпы адами мəдениеттің құрамдас бөлігі
болып саналатын ұлтаралық қатынас мəдениеті үлкен рол атқарады. Көп ұлтты
Қазақстан жерінде ұлтаралық қатынас өз мəніне ие болған. Ұлтаралық қатынас арқылы
тұтас қоғамның мəдени дəрежесі айқындалады. Ол еліміздегі саяси жəне
экономикалық жағдайға ұлттар мен ұлыстар арасындағы қарым-қатынасқа тікелей
тəуелді. Еліміздегі ұлтаралық қарым-қатынасты, достықты нығайту мемлекетаралық
достықты нығайтуда үлкен рол атқаруда. Қазақстанның бірегей біртұтастықта
қалыптасу жолына деген біздің түбегейлі ұстаным көзқарастарымыз уақыт сынында
шыңдалған. Біз осы айтқан бағыттан көз жазбай, дау-дамайға бой алдырып, ешқашан
ұшқырлыққа ұрынбастан, сабырлы түсіністікпен қоғамымызда қазақ мəдениеті жəне
мұндағы барлық ұлттық топтардың мəдениетін жаңғыртып, жандандыра отырып
сақтау, дамыту бағытында ілгері жылжуымыз қажет. Бұл шаралардың басты бағыты
елімізді мекендейтін бүкіл халықты, барлық ұлттар мен ұлыстарды кең түрде
қатыстыра отырып, елімізді дамыту. Бүгінгі таңда ұлтаралық жəне ұлттардың өз
ішіндегі қарым-қатынас проблемаларына жаңаша қарауды өмірдің өзі талап етіп отыр.
Еліміздегі қандай да бір этностың өзіндік тарихы, өзіндік мəдениеті жəне өзінше
проблемалары бар. Бірақ тұтастай алғанда, оның бəрі олардың əрқайсысы үшін туған
мекенге айналған Қазақстан жерінде дұрыс өмір сүруге деген бір ғана тілекепен келіп
тоғысады.
Достарыңызбен бөлісу: |