Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет275/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

164


1) Антикалық дәуір,

2) Орта ғасырлар

3) Жаңа заман [2, 78]. 

Сонымен бірге, тарихтың әр кезеңінде адам баласының өмір сүру мекеніне, айналысқан негізгі 

кәсібіне, ашқан ұлы жаңалықтарына байланысты да тарихты дәуірлеудің түрлері кездеседі: «Эпоху 

древнего  мира  иногда  называют  потамической  (от  греч.  Потамос  –  река)  считая,  что  она  была 

связана премущественно с культурами, возникающими вдоль речных артерий. Средние века были 

связаны  со  Средиземным  и  Балтийским  морями,  и  поэтому  некоторые  исследователи  называют 

ее  талассийческой  (морской).  Великие  географические  открытия  возвестили  об  «океанической 

цивилизации», в которой определяющими стали океанские пути» [2, 79]. Көрсетілген кітапта мұндай 

мысалдардың  бірнеше  үлгілерін  байқауымызға  болады.  Осы  логикамен  дәуірлеуді  жалғастыра 

беретін болсақ, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері адамзат шартты түрде ғарыштық өркениетті 

бастап кетті. Олай дейтініміз, адам баласы соңғы жарты ғасырда ғарыш кеңістігіне шықты. Яғни, 

адамзат баласы өзінің даму тарихында төрт өркениетті басынан кешіп отыр:

1) Өзендік,

2) Теңіздік,

3) Мұхиттық,

4) Ғарыштық.

Атақты жазушы, ойшыл Альберт Камю тарихтағы ғасырларға баға бергенде он жетінші ғасыр 

– математика, он сегізінші ғасыр – физика, он тоғызыншы ғасыр – биология, жиырмасыншы ғасыр 

– үрей ғасыры деп айтқан екен [2, 80]. Осы пікірді де біз дәуірлеудің бір үлгісі, ондағы ұстанымды, 

дәуірлерге ат қойғандағы мысалды өз алдына жеке көзқарас деп есептейміз. 

Қарастырылып  отырған  кітапта  тарихты  дәуірлеу  ұстанымдарының  түрлері,  оларды 

жасаған  ғұламалардың,  ғалымдар  мен  ойшылдардың  аттары  мен  еңбектері  жақсы  көрсетіледі. 

Солардың  ішінде:  Гесиод,  Иероним,  Августин,  О.Шпенглер,  И.Г.Фихте,  Ф.Шеллинг,  К.Маркс, 

Ф.Энгельс,    Н.Я.Данилевский,  Л.И.Мечников,  Х.Маккиндер,  К.Ясперс,  У.Ростоу,  Э.Тоффлер, 

Д.Уилкинсон,  А.Тойнби,  З.Гекальп  т.б.  ойшылдардың  тарихты  дәуірлерге  бөлу  тәжірибесін 

кең  қарастырып,  олар  ұсынған  дәуірлердің  аттарын  жеке-жеке  көрсете  келіп,  Г.Гасанов  аталған 

күрделі мәселеге байланысты өзінің жеке пікірін танытады: «Уверен, что каждый период мировой 

истории представляет всемирную цивилизацию конкретного периода истории, в рамках которой 

взаимодействуют  отдельные  культуры.  Цивилизаций  в  мировой  истории  было  столько,  сколько 

было периодов мировой истории (в нашем случае мироустройств)» [2, 99]. 

Яғни,  адамзат  тарихында  қанша  өркениет  болса,  тарихта  сонша  дәуір  бар.  Мағынасы  терең 

бұл сұраққа сай түркі халықтарының тарихын қарастырғанда біз олар жасаған өркениетті жетік 

меңгеруге тиісті боламыз. Шын мәнінде өркениет ұғымын адамзатсыз жеке қолдана алмаймыз. Адам 

баласы өркениетті өз қолымен жасайды. Оның табиғаты, өлшемі, пайда болуы, даму ерекшелігі, 

құлазуы,  өшуі  –  күрмеуі  көп  жеке  әңгіме.  Ал  сөз  өнері  әдебиет  –  өркениетті  қоғамның  жемісі. 

Өркениетті қоғам жоқ жерде әдебиеттің де бар болуы мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда ғалым 

Г.Гасанов тұжырымдамасына сай түркі халықтары әдебиетінің тарихы түркі өркениеті тарихымен 

тікелей байланысты екендігін айтамыз. Ендігі мәселе түркі өркениеті табиғатын түсіну. 

Түркі  өркениетінің  адамзат  тарихындағы  үлкен  үлесі  ХХІ  ғасырдың  басына  дейін  терең 

зерттеліп,  ашық  айтылмай  келуінің  үлкен  себептері  мыналар  деп  есептейміз.  Біріншіден,  соңғы 

бес ғасырда адамзаттың тарихы бойынша концептуалдық еңбектерді Еуропа тарихшылары жазып 

келді,  немесе  олардың  зерттеулеріндегі  ұстанымдар  мен  көзқарастар  бар  әлемге  негіз  болды. 

Екіншіден,  түркология  ғылымы  Еуропада  өмірге  келді.  Ол  ғылымның  басында  тұрған  батыс, 

орыс ғалымдары өз зерттеулерінде, алдымен, Еуропаның, Ресейдің мүддесін қорғады. Екі ғасыр 

бойы осы ғылымда біршама жаңалық ашылғанымен, олардың көбі түркілер үшін жасырын қалды, 

немесе  бұрмаланды.  Еуропацентристік  түркология  түркілердің  арғы  тегін  айқындау  барысында 

бұрмалаушылыққа барды. Олар ғұндар, сақтар, шумерлер, аркаимдіктер жайлы тапқан деректерді, 

ашқан жаңалықтарды өте сақ жариялады. Олардың түркілермен байланысына көз жұмып қарады. 

Түркілер мен ол тайпалардың, көне мәдениет иелерінің арасында лингвистикалық, этнографиялық, 

тұрмыстық жағынан жақындыққа күмәнмен қарады.

Адам баласы саналы өмір сүріп, мәдениеттің не екенін қай заманда түсінгені жайында кесіп 

айту қиын. Оның сырын ашу үшін жер-жаһандағы ғұламалардың еңбектерін түгел оқып шығып, 

осы мәселеге байланысты ұстанымдарды, көзқарастарды жеке-жеке саралау керек болар. Ол үшін 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет