Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет352/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

210


немесе жұртқа жеткізушілердің арасында басқа ұлттың өкілдері болды ма екен деген күдік-күмән 

да туады.

«Қаһарланып шабынып, етек-жеңі қағынып, шығып кетті Жезмаңдай»,  бұл бір күнгі қимыл-

әрекеті ғана емес қой, күнбе-күнгі айла-әрекеті, енді бірде Жезмаңдайы Қартаңның сарайда жалғыз 

отырды,  Самарқаннан  кетудің  қарарына  бекінді».  Бұрын  сонды  қазақ  эпостарында  кездеспейтін 

кейіпкер, яғни әйел табиғатына тән емес кесір қылықтың сан түрі  Жезмаңдайдың маңайынан та-

былады. «Бірді бірге соғып, өтірікті шындай қылып» жүретін жандар бүгінде бар, бола бермек. 

«Әйелдер  мен  пілдер  кінәңізді  кешірмейді»  [10]  деп  Гектор  Хью  Монро  қалай  тауып  айтқан. 

«Жезмаңдайдың  кешірім  сұрағанын,  кешіріммен  қарағанын  көрмейсіз,  үнемі  және  үздіксіз  өш 

алу мақсатында жоспар құрады, құрып қана қоймайды, аяқ астынан жоспарын жүзеге асыратын 

«сәтті сағатты күтеді». Жырдағы оқиғалар өткен орындар мен тарихи атаулар, қалалар, өзен, су 

атауларының бірсыпырасы күні бүгінге дейін бары белгілі, соған қарап оқиғаның болғанына күмән 

келтірмейсің, ал Арыстанның айтқандары, шынында батырдың сөзіне ұқсайды:

Тарт атыңды, бұра тұр,

Сөзімді менің ұға тұр,

Өрекпімей, ағайын,

Сөзімді менің ұға тұр.

Сөзі ірі Арыстанның іс-қимылы да кесек, Арыстан ақырғанда дауысынан шошынған жасақтар 

аттарын тастай қашты да кәдімгі қазақ жырларына тән құбылыс қой, болмаса: 

Тірі қалған жасақтар,

Түсінде көріп бақырды.

Түнімен ұйықтай алмады.                                                                                                                                        

 

Өңі  түгіл  түсінде  үрейі  ұшқан  жасақтардың  жөн-жосығы  Арыстанның  айбатын  айғақтай 



түсетіндей, болмаса:

Бет келген әрбір кісіні 

Бақидың салды жолына 

немесе: 


Бұл Түктабан дойылда 

Жоқ қылыш найза сойыл да...

Көрдіңіз бе, жырда біресе Түктабан, біресе Арыстан болып жүретін  батырдың қолында қаруы 

да  жоқ,  бұл  да  бұрынғы  батырлар  жырында  сирек  кездесетін  кейіпкер.  «Жолы  болғыш  жігітті 

терең  суға  батырсаң  да,  біраздан  соң  аузына  балықты  тістеп,  су  бетіне  қайта  шығады»  [11]  деп 

поляк ақыны Юлиан Тувим тұспалдағанындай, Түктабанның табаны таятын жері жоқ. Жырдағы 

жауыздық пен жымысқылық, қулық пен сұмдық, бақай есеп пен бақталастық тартысы жасырын 

жүріп жатады.

«Келе  жатты  бейшара,  құдай  басқа  салған  соң,  көнбесіне  не  шара?»    –  деп  жырда 

бейнеленгеніндей бейшараның күнін кешкендер де «Жеті қағанда» баршылық. Батырлар жырының 

көркемдік ерекшеліктері көбінесе теңеулерден түзілгені болмаса, ал салыстыру атаулының бәрі де 

сәтті бола бермейтіні белгілі. Әйтсе де жырда жиі кездесетін теңеудің бірі – алаторғай, бұл біздің 

бәз-баяғы жырлардағы бозторғай, қараторғай емес. «Арбағанға түсетін алаторғай мен емес» немесе 

«алтын садақ қазақты» деген теңеулерде бізге беймәлім, әйтсе де түсініктемелерде көрсетілгендей, 

садағын былай қойғанда, қазақ сөзі түрікшеге аударғанда баю, байлық деген мағынаны білдіреді 

екен. Сонымен қатар ақ кебін, ақжал ат, ақсақал, ақ жолбарыс, ақ орда, ақ шағыл, ақ келін, ақ маңдай 

т.с.с. сөздер де ұлт ұғымымен үндесіп жатады. 

 

Эрнест  Хемингуэйдің  пікірінше,  «жазушы  жазатынын  тек  қана  жазу  керек,  ал  оны  айту 



әурешілік» [12]. Ал ауыз әдебиеті үлгілері әуелі айтылып, ауыздан-ауызға тарап, өзінше өзгерістерге 

ұшырап  жеткен  жазбалар.  Бұл  жағынан  қарағанда,  қанша  қаған  болса  да,  қазаққа  жұмақ  орнат-

пайтыны белгілі ғой. Дегенмен сол кезеңнің кестелі суреттері мен сөздері қазақ ауыз әдебиетінің 

қанжығасын  майлап,  қазанын  толтырады.  Бұл  жағынан  алғанда,  қолжазбаның  кітапқа  айналуы 

құптарлық  қадам.  «Алуан-алуан  сөз  айтты,  ащы-тұщы    аралас»  деп  жырдың  өзінде  айтылатын-

дай,  көркемдік дүниесінің төрт құбыласы түгел деуден аулақпыз. Десек те, сол заман, сол замана 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет