Жалбарыну → Бас ию→ Табыну → Құрметтеу лексемалары өмір сүреді. «Культ» концептісі
жүйесіндегі «сыйыну», «жалбарыну», «табыну», «құрметтеу» сөздерінің тілдік-танымдық моделі
ерекше мәнге ие. Культ: 1) сыйыну (Құдай, Алла, тәңір, хақ, раббы, жаббар, жаратқан, жаратушы
ие, жасаған, ием); анимистік ұғымдар (аруақтар культі, жерлеу культі, т.б.); 2) жалбарыну (арбау,
мадақтау); 3) табыну, тотемдік, магиялық (сөз магиясы, киелі сандар, бата, алғыс, қарғыс сөздер;
біреуге табыну немесе біреуді қадірлеу немесе құдайларға табыну, көсемге табыну); 4) құрметтеу,
фетиштік (әулиелі, киелі жерлер, т.б.) діни наным-сенімдерге негіз болады.
«Культ» ұғымының мазмұнын, өрісін, түрлерін анықтайтын фреймдер жүйесін былайша
көрсетуге болады:
1-фрейм:
Зерттеу барысында «Культ» концептісі мынадай концепт-фреймдер жүйесіне бөлінді:
жаратушының құдіретімен тілдесу; жаратушы күштерден көмек сұрау; табиғаттың тылсым
күштеріне жалыну; жан-жануарларды пір тұту; аруақтарды құрметтеу; әулиелі жерлерге мінәжат
ету; тағдырдың жазуы, бұйрығы; Құдай алдында айыпты, күнәһар болмау; басқан түскен қиындыққа
көну; ризашылық білдіру (алғыс, бата, тілек); наразылық білдіру (қарғыс, ұрсу, зеку); тәубешілік
жасау; кешірім сұрау, өтіну; табалау (дұшпандарын); шошыну (жағасын ұстап); бар әлемді жасаушы
ұлы күш, құдырет иесі деп сыйлау.
|