Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет356/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   963
Түйін сөздер: «Культ» концепті, сыйыну, табыну, бас ию, құрметтеу, жаратушы күштер, «Құдай», 

«Алла», «Тәңірі», фреймдер жүйесі.

Тіл  білімінде  культтік  наным-сенімдердің  зерттеу  тарихы  әріден  басталғанымен,  қалыптасу 

заңдылықтары әлі де ашылмаған. Жекелеген кандидаттық диссертациялар мен мақалалар болмаса, 

«Культ»  лексемасын  өз  жұмысымызда  алғашқы  рет  концепт  тұрғысынан  зерттеуге  талпыныс 

жасаймыз. «Культ» концептісі – жалпы түркілік деңгейде әлі күнге дейін толық қарастырылмаған, 

салыстырмалы түрде жете зерттелмеген соны тақырып. 

«Культ»  лексемасы  біздің  жұмысқа  дейін  тарихи-этнографиялық,  діни,  мифологиялық, 

философиялық тұрғыдан ғана қарастарылды. Біздің мақсатымыз культтік ұғымдарды лингвистикалық 

тұрғыдан қарастыру. Олар когнитивті лингвистикаға да, тіл мәдениетіне де, социолингвистикаға 

да, мифологияға да, этнографияға да тікелей қатысы бар ғылымның бірнеше саласының басын бір 

жерге тоғыстыратын ауқымы кең этнолингвистикалық мәселе. Мұны қазақ, қырғыз, өзбек, татар, 

тува, хакас, алтай, шор, якут (саха) т.б. ірілі-ұсақты түркі тілдерінен келтірілген этнолингвистикалық 

материалдардан анық байқауға болады. 

Міне  осы  айтылғандардың  бәрі  де  түркі  тілдес  халықтардың  мәдениеті  мен  тілдеріндегі, 

дүниетанымдық түсінігіндегі культтік фразеологизмдерге жете мән берудің қажет екендігіне көз 

жеткізеді. Әрине, олардың бәрін бір жұмыста түгел қамту мүмкін емес, сондықтан біз оларды қазақ 

тіліндегі тиісті этнолингвистикалық параллелдерді саралаудың бірегей ғылыми-танымдық көрінісі 

ретінде қарастырдық.

Әр  түрлі  этностар  мен  олардың  әлемге  көзқарасының,  салт-санасының,  дүниетанымының 

көрсеткіші болып табылатын құндылықтар дүниесіне қатысты ұғымдар когнитивтік, концептуалдық, 

семантикалық,  структуралық,  этнолингвистикалық,  тақырыптық  және  семиотикалық  тұрғыдан 

көп  аспектілі  мәселе.  Ол  тіл  мен  ойлау,  ойлау  мен  танымның,  сананың  бейнелік,  эмоционалды-

экспрессивтік  ерекшеліктерінен  тұратын,  деректі  және  дерексіз  ұғымды  көрсететін,  тілдік 

құбылыстардың  ішіндегі  номинациялық  және  семиотикалық  моделдері  қалыптасқан  тілдік 

бірліктер арқылы көрініс тапты. Осындай тіл қазынасындағы халықтың жаратылыс құбылыстарын 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет