Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
214
диссертациялық жұмысында халықтық наным-сенімдер мен ырымдарға қатысты қазақ тіліндегі
тұрақты тіркестерді этнолингвистикалық тұрғыда қарастырылды [10].
Түркі халықтарының мекені, этногенезі, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы мен кәсібі, әдет-
ғұрпы, мәдениеті мен өнері, әдебиеті мен музыкасы, тілі, ділі ұқсас болғанымен оларды түркітануда
үш үлкен топқа жіктейді. Біз қарастырып отырған қыпшақ тобындағы – қазақ, қарлұқ тобындағы
- өзбек, қырғыз-қыпшақ тобындағы – қырғыз халықтарының тілінің арасындағы ортақ түркілік
ұқсастықтары мен әр топтың өзіне тән айырмашылықтары бары белгілі және олардың болуы да
заңды. Өзге де ТМД елдері сияқты, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан да егемендікке қол жеткізіп,
тәуелсіздік алып, өздерінің тарихын жаңа тұрғыда жазып, түркі негізді тілдеріне бәрі де ерекше мән
беруге кірісті. Қазір бұл үш ел мызғымас, берік одақ құрып отыр.
Тегі бір қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының достық тамыры тереңде жатыр. Мың жылдықтан
бері келе жатқан ортақ тарихы бар, мәдениеті мен дәстүрі, тілі мен діні бір, жері мен суы да бір.
«Қазақ, қырғыз - бір туған. Жүзіміз ұқсас, жүрегіміз бір, тіліміз ұқсас, тілегіміз бір» дегенді
бауырлас екі халық қайталаудан танбай келеді. Өйткені қырғыз бен қазақ – егіздің сыңарындай,
ырым-сырымы бір, дүниетанымы, менталитеті ұқсас, тағдыры мен тарихы ортақ, ежелден сырлас,
мұңдас халық. Қазақтар «Өзбек өз ағам» десе, өзбектер қазақты «қанатым, қамқор бауырым»
дейді. «Қозақ иолдашың болса, иолдан адашмәйсан» - деп өзбек ағайындар қазақ бауырларын
жоғары бағалаған.
Культтік лексиканы зерттеу - дінді зерттеу емес, ол тіл арқылы халықтың ертедегі рухани
байлығын, рухани-мәдени өмірін, дүниетанымдық болмысын, наным-сенімін, әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлерін жан-жақты қарастыру, байымдау болып табылады. Культтік атаулар – кез келген
халықтың тілінен орын алған ауқымы кең этнолексикалық қабатты құрайды [11].
«Культ» концептісінің жан-жақты қырларын сан алуан лексикографиялық дереккөздер
талпыныс жасайды. Лексикографиялық деректер культ концептісінің тілдік репрезентанттары
түрлерінің семантикасын, олардың бейнелік мағыналарын ашуға және әр лексеманың уақыт
ағымындағы мағыналық өзгерістерін анықтауға жол ашады.
Қырғыз тіліндегі сөздікте берілген мағыналарды жинастырсақ, қырғыз тілінде аталмыш
лексеманың мынадай мағыналары тіркелген. Культ: 1. Табынуу, сыйынуу. Байырқы элдерин күнгө
табынышы; 2. рел. Диний ырым-жырымдардын жыйнағы. Ыймам, поп, т.б. [12, 315].
Қазақ тіліндегі атеистік сөздікте: Жаратылыстан тыс күшке байланысты діни әрекеттер
жиынтығы делінген. Онда діни табынудың екі түрі айтылады: 1) магиялық 2) мейрімденушілік.
Культ латынның «cultus» - «күту», «сыйлау», «құрметтеу» деген сөзінен алынған [13, 144].
Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздікте: Культ - күтім, құрметтеу. Культ – ерекше
тылсым күшке сену бағытында жасалатын қимыл, әдет-ғұрып, салт-жоралар жиынтығы.
Культ – орталығы түрлі ғибадат етер заттары бар храм, табынатын үйлер. Көп жағдайда көркем
шығармашылықтың классикалық үлгісі де культтік қызмет атқарады. Культтің негізгі түрлері –
магия (қоршаған ортаға бір тылсым күштің әсер етуі, арбау); тілек тілеп жалбарыну, шарапат күту
(Құдайға, рухқа, Аллаға, Аруаққа жалбарыну); қасиеттілер культі [14, 139].
Мифологиялық сөздікте: «Культ» лексемасы латынның «cultus» — «сыйыну, табыну,
жалбарыну, бас ию, құрметтеу» мәнінде жұмсалатын сөзіне қатысты қалыптасқан.
Культтің тарихи түрлері: тотемдік культ, шамандық культ, жерлеу культі, алғашқы қауымдық
культ, кәсіптік культ, аграрлық культ, отбасы культі, құрбандық шалу культі, т.б. Кейде культ
обьектіге байланысты бөлінеді: күн культі, ай культі, аспан культі, су культі, от культі, тау культі,
аруақтар культі, тірі жәндіктер культі және т.б.» [15, 555].
Қазақ және қырғыз тілдерінің лексикографиялық деректерінде тіркелген мағыналардың
ұқсастықтарымен қатар бірқатар алшақтықтары да байқалады. Екі тілдегі лексемалар
мағыналарының сан жағынан алшақтылығының өзі екі халықтың ұғымдық, дүниетанымдық
ерекшеліктерін аңғартады.
«Культ» ұғымы қазақ және қырғыз этникалық мәдениеттері үшін әмбебаб категория болып
табыла отырып, мағыналық және басқа компоненттерінде көрінетін өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен
өзгешеленеді.
Лексикографиялық дереккөздерде тіркелген мағыналарынан байқағанымыздай, аталмыш
ұғым қазақ және қырғыз халықтары үшін жоғары дәрежелі абстракциясы бар ұғымдарға жатады.
Жоғарыдағы деректер бойынша культ лексемасының тіркелген мағыналарынан абстрактілі,
материалдық емес, бір затты құрметтеуге, киелі заттарға табынуға, жаратушы күштерге сыйынуға,
|