Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет357/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

213


бағалауға бағытталған культтік ұғымдар, культтік фразеологизмдер құндылық категорияларының 

мағыналық  құрылымындағы,  семантикалық  тұлғасындағы  кодталған  әртүрлі  ақпараттарды 

айқындау тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

  «Культ»  концептісі  қандай  да  болмасын  халықтың  рухани-мәдени  концептілер  жүйесінде 

өзіндік орны бар концептілерінің бірі. Рухани мәдениет адамдардың қоршаған дүниеге көзқарасы, 

діни  танымы,  наным-сенімі,  мінез-құлқы,  қабілеті  т.б.  ұғымдар  арқылы  танылады.  Культ  өзінің 

абстракциялы сипаттамасы бойынша өте күрделі. Мәселен, діннің шығуын, таралуын және түрлерін 

мифологиялық, тарихи, этнографиялық тұрғыдан зерттеушілердің бірі - кеңес одағы кезіндегі атақты 

ғалым С.А.Токаревтің «Ранние формы религии» деген ғылыми еңбегі [1] дүние жүзі халықтарының 

мәдениетіндегі  алғашқы  қауымдық  діни  наным-сенімдердің  шығу  мәселесі  мен  культ  түрлеріне 

арналған. Онда ғалым алғашқы наным-сенімдер тотемизмді, шаманизмді, нагуализмді, магизмді, 

анимизмді,  бақсылық  және  жерлеу  культін,  алғашқы  қауымдық  культ,  кәсіптік  культ,  аграрлық 

культ,  отбасы  культін,  құрбандық  шалу  культін,  тау  культін,  т.б.  діни,  этнографиялық  тұрғыдан 

қарастырды. 

Ертедегі культ концептісінің барлығы дерлік діни наным-сенімдердің негізінде қалыптасқан, 

сондықтан оларды теология, мифология, этнография тұрғысынан қарастыратын ғылыми еңбектер. 

Мысалы,  С.Н.Ақатаев  «Культ  предков  у  казахов  и  его  этногенетические  и  иторико-культурные 

истоки» деген кандидаттық диссертациясында аруақтар культіне, күн культіне, жер-ана культіне 

тоқталады  [2],  Хорезм  өзбектерінің  дінін  зерттеуші  Г.П.Снесарев  «О  причинах  сохранения 

религиозно-бытовых прежитков у узбеков Хорезма» деген зерттеу еңбегінде [3] ислам діні, шаманизм, 

анимизм, магизм және аруақтар культі, табиғат культі, қасиеттілер культін философиялық тұрғыдан 

қарастырады. 

Зерттеу  тақырыбына  тікелей  қатысты  бағалы  деректер  «Мифы,  культы,  обряды,  народов 

зарубежной  Азии»,  «Символика  культов  и  ритуалов  народов  зарубежной  Азии»,  «Культ  солнца 

в  мифологии  якутов»  деп  аталатын  жинақтардан  [4]  табылды.  Ал  ертедегі  діни  наным-сенім, 

әдет-ғұрып,  мифологиялық  нанымдар  жөнінде  қазақ  халқында  Ә.Т.Төлеубаевтың  «Реликты 

доисламских верований в семейной обрядности казахов (ХІХ начале ХХ в.)» [5], қырғыз халқында 

Т.Д.Баялиеваның  «Доисламские  верования  и  их  пережитки  у  киргизов»  [6],  өзбек  халқында 

Г.П.Снесаревтың «Реликты домусульманских верований и обрядов у узбеков Хорезма» [7], алтай 

халықтарында А.М.Сагалаевтың «Мифология и верования алтайцев. Центрально-азиатские влия-

ния» [8] деген еңбектерінде құнды мәліметтер беріледі. 

Түркі тектес халықтардың мәдениетінен, атап айтқанда, наным-сенімдерінен, мифологиялық 

дүниетанымдарынан,  салт-тәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптарынан,  тұрмыс-тіршілігінен  орын  тепкен 

сан-алуан культтік ұғымдар мен культ түрлерінің, культтік фразеологизмдердің зерттелу жайына 

келетін  болсақ,  бұл  да  ғалымдардың  назарынан  тыс  қалмаған  мәселе  екенін  айта  кеткен  жөн. 

Оларды Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Ә.Диваев, М.Аджи, Ә.Қоңыратбаев, 

А.Аманжолов,  Қ.Жұбанов,  Р.Сыздық,  К.Байпақов,  Т.Жанұзақов,  Х.Арғынбаев,  С.А.Қасқабасов, 

А.Махмұтов,  Б.Сағындықұлы,  С.Н.Ақатаев,  О.Сүлейменов,  Ә.Қ.Ахметов,  С.Қондыбай, 

А.Б.Салқынбай, Қ.Аронов, Қ.Ғабитханұлы, т.б. ғалымдардың еңбектерінен де кездестіруге болады. 

Бүкіл әлем халықтарының, оның ішінде түркі тілдес басқа халықтардың наным-сенімдерімен 

байланысты  культтік  ұғымдар,  культ  түрлері  мифтер  мен  аңыздар  туралы  нақты  деректер  бүкіл 

әлем халқының мифологиялық сөздігінде берілген.

Түркі тілдес халықтардың әдет-ғұрпы, мәдени өмірі ортақ болған. Түркі тілдес халықтардың 

толық  тізімі  қырыққа  жетеді.  Олардың  ішінде  алты  тәуелсіз  мемлекет  бар:  Түркия,  Қазақстан, 

Өзбекстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан республикалары. 

Түркі тілдес халықтардың этнографиясы мен тілдері әлі күнге дейін толық зерттелініп болған 

жоқ. 

Түркі  халықтарының  салт-дәстүрінде  ерекше  орын  алатын  табу  мен  эвфемизмдердің 



этнолингвистикалық  жүйесі  және  олардың  этномәдени  негіздері  туралы  ғалым  Ә.Қ.Ахметов 

«Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер» [9] деген тарихи-салыстырмалы этнолингвистикалық 

еңбек  жазған.  Бұл  салыстырмалы  лингвистика,  когнитивті  лингвистика,  социолингвистика,  тіл 

мәдениетіне, этнографияға тікелей қатысы бар ауқымды, кең, өте құнды этнолингвистикалық зерттеу 

жұмысы. Қ.Ғабитханұлының «Наным-сенімге байланысты қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер» деген 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет