Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет381/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

228


“Жазғасалым”, “Жазғы таң”, “Жазғы шілде”, “Күз”, “Қыс”, “Жауында”, “Жетісу суреттері” “Мезгіл 

суреттері”  өлеңдері  арқылы  ұлттық  балалар  поэзиясында  пейзаждық  поэзияның  өрістеуіне 

де  зор  ықпал  етті.  С.Қирабаевтың:  “Табиғат  суретін  жалаң  алмай,  жылдың  төрт  мезгіліндегі  ел 

тіршілігімен байланыстыра беру, бала назарын нақтылы өмір суреттеріне аудару Ілияс өлеңдерінің 

ұтымдылығын арттыра түседі. Өлеңдердің бірыңғай басталуы сияқты, қорытындылары да ұқсас. 

Онда ақын балаларды әр мезгілдің талабына лайық еңбекке шақырады” [9, 307] – деген пікірі назар 

аударуға лайық. 

ХХ ғасыр басындағы түркілік әдебиеттегі балаларға арналған саланың қалыптасу, даму жолына 

барлау жасай келіп, бірнеше тұжырым жасалып отыр.  

Біріншіден, түркі халықтары балалар әдебиетінің әр елде өзінше  күш алуына ағартушылық 

және  ұлтшылдық  бағыт  өкілдерінің  мектеп  ашу  ісі  мен  оны  оқулықпен  қамту  мақсатындағы 

еңбектер тікелей әсер еттті; 

Екіншіден, мектеп оқулығына енгізетін балаларға  арналған поэзияға деген  (проза, драматургия) 

зәрулік артты;     

Үшіншіден, балаларға арналған аударма  жинақтар жарық көре бастады;

Төртіншіден, балалар әдебиеті жанрлық-стильдік, көркемдік тұрғыдан байыды:  

ХХ  ғасыр  басындағы  түркі  балалар  поэзиясындағы  үгіт-насихат  жанрындағы  өлеңдер 

бейнелілік пен суретке құрылған танымдық өлеңдерге ұласты. Балалар әдебиетіндегі ұлттық үлгі 

еуропалық дәстүрдің озық туындыларын да шеберлік мектебі ретінде қабылдады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет