Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет380/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

227


тұрғандығына  байланысты»  [5,  239]

 

деген  пікір  айтты.  Бастауын  фольклордан    алатын  балалар 



әдебиеті Ы. Алтынсарин, Абай шығармашылығы арқылы негізі қаланып, С. Дөнентаев, С. Көбеев, 

Б.  Өтетілеуов,  Т.  Жомартбаев  шығармалары  арқылы  өрістеп,  ХХ  ғасыр  басындағы  жанрлық-

стильдік,  көркемдік  ізденістер  нәтижесінде  кәсіби  балалар  әдебиетінің  іргесі    қаланды.  Cыншы 

Қ.  Ергөбек    «Арыстар  мен  ағыстар»  еңбегінде  қазақ  зиялы  қауымының    балалар  әдебиетінің 

қадірін ерте түсінгенін айтады. «Жиырмасыншы жылдардың аяғында І.Жансүгіров, С, Мұқанов, 

Ө.  Тұрманжанов  секілді  қаламгерлердің  тікелей  балалар  әдебиетімен  шұғылдануы,  өздерімен 

бірге қаламдастарын тартып, көптеген мәселелерді ортаға салып, ойласып шешуі-әдебиеттің бұл 

саласына  ерте  зер  салына  бастағанын  аңғартады»  [6,  255].  20-жылдар    әдебиетіндегі  алашшыл 

және кеңесшіл жіктелудің әсері балалар поэзиясына салқынын тигізбей қалмады.  Бұл жағдайдың  

белгілі бір уақыт аралығында ұлттық балалар поэзиясындағы көркемдік дәстүрдің көмескі тартуына 

себепкер болғанын жоққа шығара алмаймыз. Ұлттық әдебиеттің даму тарихындағы маңызды арна 

саналатын  балалар  поэзиясының  тууына  М.Жұмабаев,  С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров,  Б.Майлин 

секілді қаламгерлердің шығармашылығы зор  ықпал етті. М. Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегінің 

жазылуы  ақынның  бала  тәрбиесі  ісіне  қаншалықты  ыждағаттылықпен  қарағанын  аңғартады. 

Аталмыш еңбекте Мағжан:  “Жанды дұрыс тәрбие қылу” дегеніміз – “қандай да болмасын бір іспен 

айналысатын,  азды-көпті  өмір  тәжірибесі,  білімі  мен  дағдысы,  икемі,  дүниетанымы,  сенімі  мен 

талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды” [7, 53] тәрбиелеуді алға тартты. М.Жұмабаев ұлттық 

балалар поэзиясының болашақ көркемдік болмысы қандай болуы қажеттігін танып, 20-жылдардағы 

балалар әдебиетінің бет-бағдарын айқындау жұмысына белсене қатысты. 

Өткен ғасырдың 20-жылдары қазақ балалар әдебиеті жанрлық тұрғыдан  байыды. Фольклорлық 

мұра авторлық дүниеге арқау болып қана қойған жоқ,  поэзия, проза, драматургия саласы  балаларға 

арналған дүниелермен үздіксіз толығып отырды. Мысал мәндес оқиғалы өлеңдер, жаңа заманның 

жаңалығын  танытуды  мақсат  еткен  танымдық  өлеңдер,  әдеби  ертегілер,  пейзаждық  поэзия  мен 

проза  үлгілері,  суретті  кітапшалар  мен  балалар  ойындары    жиналды.  Мысалы,  М.  Дулатов  «Ай 

құлақ», «Дүмпілдек» (қырғыз ойыны), «Марламқаш» секілді ойын түрлерінің ержесін үйретеді. І. 

Жансүгіров балаларға арналған кітаптардың алғашқы авторларының бірі  болды. Оның “Малта”, 

“Шәркей”, “Одақ” атты шығармалары 1929 жылы әрқайсысы жеке-жеке бөбектерге арналған суретті 

кітапшалар болып жарық көрді. Балалар әдебиетіндегі  танымдық өлеңдердің  басында С.Сейфуллин 

поэзиясы тұр. “Самұрық”, “Автомобиль”, “Баспахана”, “Тізушілер” сияқты өлеңдерде ақын жаңаны 

таныстырумен ғана шектелмей, сол жаңалықты игеру, меңгеру қажеттігін алға тартады.    

М.Жұмабаевтың балаларға арналған шығармалары жаңашылдыққа толы.  Ақынның “Немере 

мен әжесі”, “Ата, бата”, “Сал, сал білек, сал білек”, «Ақ қала», «Әже», «Бесік жыры» өлеңдерінің  

табиғаты  әрқилы.  “Немере  мен  әжесі”    диалог  үлгісінде,    “Ата,  бата”  өлеңінде  ата  мен  немере 

әрекеттерінің  суреті  мен  диалогы  кезек  қолданылады.  “Сал,  сал  білек,  сал  білек”  өлеңі  халық 

әдебиетіндегі тақпақ дәстүрінде жазылған. Мағжан қазақ балалар әдебиетіне мысал мәндес қызық 

оқиғаға құрылған шығармалар да жазды. “Көк теке”, “Төбет”, “Мысық пен ет”, “Қойшы бала мен 

күшік”,  “Ескендірдің  екі  мүйізі”  өлеңдерінде  сурет,    әрекет  өте  әсерлі  берілген.    “Батыр  Баян”, 

“Қорқыт”, “Ертегі”, “Оқжетпестің қиясында» секілді эпикалық дастандарынан тыс “Қойлыбайдың 

қобызы”, “Жүсіп хан”, “Өтірік ертек”, “Қаныш бай қиссасы” тәрізді шығармалары ұлттық балалар 

поэзиясының асыл мұрасы екендігі дау туғызбайды. 

Мағжанның  балаларға арналған өлеңдері мазмұны мен пішіні үйлесім тапқан көркем туындылар 

болып  шыққан.  Ақынның  балалар  танымына  дөп  тиетін  көркем  образдары  назар  аудартарлық. 

Анасы бесіктегі бөбегін «сая жаным», «жас бөрі», «жас жолбарыс» деп жырға қосса,  «Ақ қала» 

өлеңіндегі «Күміс қарға көбіктей; Сүңгіп алып сүліктей», «Беттері болды бүлдірген; Сар даланы 

күлдірген; Күлкілері меруерт» деген жолдардың  бала тұрмақ ересек адамның көз алдына  әсерлі 

сурет әкелетіні даусыз.

С.Сейфуллинің балалар поэзиясындағы орны ақынның “Балалар”, “Жеткіншегім, тартынба”, 

“Ананың хаты”, “Анаға жауап”, “Келіншектің бесік жыры”, “Қырғыз Алатауында”, “Қарлы аязда”, 

“Далада” өлеңдері арқылы танылады. “Келіншектің бесік жыры” С. Сейфуллиннің  ұлттық көркемдік 

дәстүрді  жаңа  тәрбиелік  мақсатқа  лайықтап,  жаңа  мазмұнда  жаңғыртқан  балалар  әдебиетіндегі 

озық үлгісі болды. 

Ақын  І.Жансүгіров:  «Балалар  үшін  жазам    деушілер  ауыз  әдебиетінен  үйренуі  керек  екенін 

айта келіп,... ел әдебиетінің ұғымдық жағы – сөз орамы біздің туғызатын барлық әдебиетіміздің 

сыртқы  тоны  болуы  керек...  Ендігі  туатын  әдебиеттің  ішкі  мәні  қазіргі  әлеуметтік  қоғамшыл 

тәрбиеге қабыса тууы керек» -деп жазады [8, 10]. І.Жансүгіров “Бұлт”, “Жанартау”, “Жазғытұрым”, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет