Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет385/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Г.О. СЕЙДАЛИЕВА 

Абай атындағы ҚазҰПУ Докторанты

ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ СТИЛЬДЕГІ ТІЛДІК СТЕРЕОТИПТЕРДІҢ ТАНЫМЫ

Мақалада  публицистикалық  стильдің  ерекшелігі  мен  мақсаты,  қоғамдық  өмірде  алатын  орны    сөз 

болады. Публицистикалық мәтін жалпыхалықтық тілдің және ұлттық әдеби тілдің сөздік қорынан бөлек 

арнаулы тілдік бірліктерінің шеңберінде де қалыптасады. Яғни тілдік стереотиптердің қолданыс ерекшелігі 

айқындалады. Және оның танымдық мағынасы ашылады.

Кілт  сөздер:  публицистикалық  стиль,  коммуникация  үдерісі,    тілдік  бірліктер,  тілдік  стереотип, 

әлеуметтік стереотип.

Стиль – тілдің қоғамдық қызметінің әр қилы орайында тілдік бірліктердің белгілі мақсатпен 

жинақталған жүйесі. Сондай тілдік жүйелерден оның стильдер топтары құралады. Олардың бәрі 

бір дәуірде, бір кезеңде пайда болмайды, пайда болғандары бір қалыпта қатып қалатын жүйелер 

емес, үнемі даму процесінде болатын тарихи категориялар. 

Әдеби тілде өзінің атқаратын қызметіне, айтылатын ойдың мақсатына қарай әр түрлі тілдік 

құралдар, сөздер мен тілдік үлгілер  сұрыпталып қолданылып отырады. Жекелеген сөздер болсын, 

әр  түрлі  грамматикалық  тұлғалар  арқылы  бір-бірімен  байланысып  қалыптасқан  сөз  тізбектері, 

т.б.тілдік  бірліктер  сөйлемде  қолданылғанда  өздерінің  негізгі  мән-мағыналарынан  басқа  ойдың 

айтылу мақсатына, айтушының ойға деген көзқарасына, тыңдаушысына әсер ету талабына сай да 

қосымша мәндерді білдіріп тұрады.  

Әдеби  тілдің  стильдің  тармақтарының  болуы  –  оның  басты  сипатының  бірі.  Әдеби  тілдің 

стильдік жүйелерінің негізгілері мыналар: 1. Ресми іс қағаздар стилі 2. Публицистикалық стиль 3. 

Ғылыми стиль 4. Көркем әдебиет стилі. Осының ішінде публицистикалық стильдің ерекшеліктері 

мен онда қолданылатын дайын сөз бірліктерінің стилистикалық қызметіне тоқтала кеткенді жөн 

көрдік. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет