№ 3 (106) 2015
317
И.Ш. ЖҰБАНИЯЗОВ
т.ғ.к., Болашақ университеті, Қызылорда қаласы
ОРТА ҒАСЫР ДӘУІРІНДЕГІ ОҒЫЗДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІЛІККЕ ӨТУ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Мақалада оғыздардың мемлекеттілікке көшу қарсаңында оның шаруашылығында алғышарттардың
кешенді түрде қалыптасуы мен қатар, орта ғасырға тән жоғарғы технологияға негізделген металлургия
және сауданың негізінде өз монеталарын шығару мен ақша жүйесінің қалыптасуы мемлекеттіліктің
болғаны деп көрсетілген.
Түйін сөздер: мал шаруашылығында жіктелу процесі, батыстан келген колонистер, автохонды
оғыздар мекені, металлургиялық орталықтар, ақша жүйесінің қалыптасуы.
ІХ–ХІІ ғасырларда оғыздар Орталық Азияда әлемдік кеңістіктегі мемлекеттерге өзін
мойындатқан, сыйлата білдірген ерте феодалдық мемлекетті құрғандығы белгілі. Соңғы уақыттарда
оғыздар тарихын зерттеушілердің құнды концептуалдық тұжырымдар мен пайымдауларға
қарамастан зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде оғыздар тарихы жалпы деңгейде немесе басқа
тайпалар құрамында қосарласа қарастырылады, сондай ақ бұл деректерде мазмұны жағынан
аңыздарға негізделген тұстары басым. Сондықтан, осы аталған еңбектердің көлеңкелі тұстарын
ескере отырып оғыздар тарихына байланысты бірнеше теориялық тұжырымдарды ұсынуға зор
мүмкіндіктер беріліп отыр. Ол, біріншіден, оғыздардың мемлекеттілікке көшу қарсаңында оның
алғышарттарының қалыптасуын шаруашылықта кешенді түрде көрсету. Екіншіден, орта ғасырға
тән жоғарғы технологияға негізделген металлургияның пайда болуын анықтау. Үшіншіден,
мемлекеттің қалыптасқандығын айқындайтын негізгі дерек ретінде оғыздардың өз теңгелерін
шығарғандығын көрсету.
ІХ ғасырдың І жартысында оғыздар шаруашылығының барлық саласында қарқынды даму
кезеңі басталған еді. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысатын үш түрі қалыптаса бастады.
Оның біріншісі – Сырдарияның ортаңғы және төменгі алқабы, Аралаймағындағы шөл мен
шөлейттерде және Батыс Қазақстан далаларында үй жануарларын өсіріп, көшіп-қонып жүруі.
Екіншісі – жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, көктемгі, жазғы, күзгі жайлаулары
мен уақытша тұрақтайтын қыстақтары қалыптасып, одан әрі даиу кезеңі басталуы. Үшіншісі –
шалғайдағы мал шаруашылығы тұрақты отырықшылыққа негізделуі мен маусымды уақыттарда
кішігірім қашықтыққа көшіп-қонып жүруі.
Орта ғасырдағы деректерде көбінесе оғыздардың көктемде, жазда және күзде қозғалыста
болатындығы жазылған. Олардың бір бөлігі жазда Сарысу мен Ұлытау бөктеріндегі құнарлы
жайылымдарға кететіндігі айтылады [1]. Көшпелі оғыздар ең қашық аймақтағы шөл және шалғынды
далаларға көшіп-қонып жүретін болған [1]. Әсіресе, өзендердің жағалаулары оғыздар үшін қысқы
жайылымға айналыпотырған. Бирунидің мәліметінде олардың ірі қара малдары қысқы қонысқа
Сырдарияның төменгі жағына бара жатқандығы келтіріледі [1]. Ал Әл-Идриси оғыздардың Батыс
Қазақстан жерінде жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп қонуы туралы жазған [1].
IX ғасырдың II жартысы оғыз көшпелілерінің малшаруашылығы өркендеп, экономикаға
тиімді, географиялық ортаға бейімделген мал өсірудің әр түрлі саласы қарқынды дамыған кезең
болды. Орта ғасыр деректері бойынша, бұл кезеңде оғыз қоғамында әлеуметтік жіктелу қарқынды
даму үстінде болған. Көшпелі оғыздарда негізгі мүлік теңсіздігі малға жеке меншіктік болуынан
байқалады. Ибн Фадлен оғыздардың атақты байларында аса көп мал табындарының болғандығы
жөнінде мәлімет көтерген. Олардың арасында тіпті кейбір адамдарда 10000 бас жылқылары
болған [2]. Оғыздарда негізінен қой, жылқы және түйе өсірген. Әсіресе олар малшаруашылығында
ең маңыздысы етті- сүтті бағытты ұстаған. Оғыздардың жылқылары мен қойлары семіздігімен
ерекшелінген. Ибн әл – Факихтің келтірген мәліметінде оғыз қойларының «өте ірі және олардың
үлкен құйрықтары жерге сүйретіліп жүретіндігі» [1] жазылған. Ал жылқыларының негізгі бөлігі
аласа бойлы болса да, сүттілігі және майлы – еттілігімен ерекшелінген. Оғыздар арасында үлкен
топтағылар түйе өсіру шаруашылығымен айналысқан. Орта ғасырдағы тарихшылар оғыздардың
түйелері Хорезм мен Селжүк түйелеріне қарағанда аласа болып келетіндігін баяндаған. Сонымен
қатар олар ешкі өсірумен шұғылданған. Бірақ үй жануарының бұл түрі малшаруашылығында аса
үлкен роль атқармағандығы байқалады. Орта ғасыр деректерінде ешкі табыны туралы мәліметтер өте
сирек кездеседі. Оғыз феодалдары байю мақсатында мал өсірудің әр түрлі саласында мамандалған.
|