Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
318
Кейбір малы көп оғыздар иеліктеріндегі асыл тұқымды, сымбатты жүйрік сәйгүліктерді бағумен
айналысқан. Мұндай аттарды оғыздар «югрук-ат» және «чепар» деп атаған [1]. Ауқатты оғыздар
арасында түйенің ең ірісі - қос өркешті бактриан түрін өсіруге мамандалған [1]. Сонымен қатар
кейбірі арнайы асыл тұқымды қой өсіріп, қаракөл терісін өндірумен айналысқан. Ибн-Хаукальдің
дерегі бойынша, оғыздардың қойларының ішінде терісі ерекше, қара, қызыл және алтын түсті,
бұйраланған терілі қошақандар жоғары бағаланған [3]. Оғыздарда мал өсірудің мамандалған
саласының бөлектеніп шығуы еңбек өнімділігін арттырып, қоғамдағы жіктелу процесі одан әрі
тереңдетіп отырған.
Көшпелі оғыздарда мал өсірудің түрлері одан әрі дамып және тармақтанып, сала-салаға бөліне
отырып,алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісін туғызып,егіншіліктен малшаруашылығы бөлінді.
«Бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісінен, қоғамда бірінші ірі екі топ пайда болды: мырзалар және
құлдар, қанаушылар мен қаналушылар» [4]. Демек, осыған келіп бай ақсүйектермен қатар қатардағы
қауым мүшелері де қалыптасқан. Оған дәлел, оғыздар қоғамында аса бай феодал құдалыққа мың бас
түйені, мың бас жылқыны, мың бас қойды қиналмастан беретін болған [5]. Ибн Фадлен малшыларды,
егіншілерді және қолөнершілерді – негізгі материалдық игілікті өндірушілерді оғызша «әр» (ер)
деп атаған. Сонымен, мал шаруашылығындағы жіктелу процесі одан әрі тереңдеп, мырзаларға
қызмет ететін жұмыскерлер топтары қалыптаса бастаған. «Диван мугат ат-тюрк» еңбегінде
көрсеткендей ерлер киім тігіп, қой сауып, малды күткен [1]. Ал үстем етуші топтағылар өздерінің
малшаруашылығында малайдаушы, бақташы, қара бақташы, сыйыр бақташы, жылқышы және
түйеші сияқты осысаладағы жұмыс жасайтын жұмыскер топтарын пайдаланған. Оғыздар топтары
арасында жарлы және кедейлер бай оғыздардың үй жануарларын бағып күтумен айналысқан. Орта
ғасыр деректерінде оғыздардың малшаруашылығында құлдар еңбегін қолданғандығы туралы
мәліметтер аз кездеседі. Себебі, экстенсивті малшаруашылығында құл еңбегі тиімсіз болған. Билеуші
топтағы бай оғыздар мал шаруашылығымен айналысатынжұмыскерлерін атқаратын жұмыстарына
ынталандыру мақсатында немесе үй иесінің қауіпсіздігін қорғау кезінде көрсеткен ерліктері үшін
«бас атбегі» етіп тағайындап отырған» [5]. Сонымен мал шаруашылығындағы жіктелу процесі
арқылы қалыптасқан таптар қатынастары негізінде оғыз қоғамында кіріптарлық пен қанаупайда
болды. Ал үстем етуші топтағылардың жеке меншігін қорғайтын мемлекеттік қажеттілігі мен оны
қалыптастыру күн тәртібіндегі ең басты мәселе болды.
Оғыздар мемлекетінде мал өсіруші оғыздармен қатар отырықшы және жартылай отырықшы
тұрғындар егіншілікпен айналысқан. Оғыздардың бір бөлігі қалалармен қорғандар маңында мекен
еткен. Кейбір қала- қорғандарының тұрақты тұрғындары бау - бақша, жеміс жидек және жер
өңдеп, егіншілікпен айналысқан. Махмуд Қашқаридің дерегі бойынша, отырықшы елді мекендерге
Қарнақ, Сюткент, Фараб және Сығанақ жатқызған [1]. Сырдарияның жағалауында қоныстанған оғыз
тайпалары бидай, арпа, тары өнімдерін егумен айналысқан. Оғыздардың отырықшы тайпаларында
әр түрлі дәнді дақылдармен қатар, негізінде тары егу белең алған. М. Қашқаридің еңбегіндегі
«Тарыг –пшеница у всех тюрок и лишь у огузов - просо» [1], деген дерек осыны аңғартады. Себебі
ежелден жартылай көшпелі оғыздар арасында мал өсірумен қатар жер өңдеп, тары еккен егіншілерді
оғызша «тарыгчи» деп атаған. Демек, отырықшы тайпалар ежелден егіншілікті мал өсіру мен үнемі
ұштастырып отырған. Бұл жайлы С.П.Толстов та өз еңбегінде келтірген: «Протоогузское и огузское
населениенижней Сырдарьи не было действительно кочевым, а скорее полуоседлым» [6]. Демек
оғыздарда малшаруашылығы егіншілікпен өте тығыз байланыста, тең дәрежеде дамыған.
Орта ғасыр зерттеушілері оғыздарда өндірілген дәнді дақылдармен қатар, жеміс ағаштары, бау-
бақша өнімдерін және олардың аттарын жазып келтірген. Мысалы: тары (тарыч), бидай (буғдай),
алма (алма), қауын (кавун), сәбіз (кешур), сары өрік (сари урик), алмұрт (армуд), анар (нар) [1].
Бұл дерек те да оғыз елінің жеміс-жидекпен қамтамасыз етілгенін көрсетеді. Отырықшы және
жартылай отырықшы тұрғындар қалаларда және қорған маңында - тұрақты мекен-жайларында жер
өңдеп, егіншілікпен айналысқан. Сонымен қатар солтүстік аймақта орналасқан қала - қорғандар
Даранда мен Дарку тұрғындары да ерте кезден жер жыртып, осы кәсіппен айналысқан. Бұл жерлерді
мекендеушілердің елеулі бөлігі мал шаруашылығы күйреген оғыздар мен шығыс пен батыстан
келген колонистерден құралған [1]. Сырттан келген колонистер жергілікті тұрғындармен араласып,
сіңісіп, егіншілікте, кен өндіретін өндірістерінде және шаруашылықтық басқа да салаларда бірігіп
еңбек еткен.
Қазақстанның Шығысы, орталығы және батыс өңірлерінде орта ғасырға тән жоғарғы
технологияға негізделген металлургиялық орталықтардың пайда болғандығы қазіргі кезде
|