Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
320
болған – Жанакент қаласы, бұл жерге Сырдария арқылы Хорезмнен керуен қайықтармен астық
әкелінген [1].
Оғыздардың Батыс Қазақстандағы тұрғындары құндыз терілерінАрмения және Византияға
шығарған. Хазар және Бұлғар көпестері арқылы оғыздар да шығарылған терілері Закавказияға және
Кіші Азияға жеткізілген [1]. Оғыз көпестері Ыстамбұлға барып, қолға түспейтін, сирек кездесетін
қымбат дүниелер алып отырғандығы туралы деректер «Қорқыт Ата» кітабында жазылған. «Оғыз
бегі Бай Бураның ұлына арнап, теңіз құлыны Бозайғырды, қалауы қатты садақты, алты қырлы
Күрзіні, өткір қылышты алғандығы айтылған». Сондай – ақ, «Бай Бура Бек көпестерін шақырып,
ұлым өскенше Рум (Рим) еліне барып, ұлыма жақсы тарту әкеліңдер» – деп те бұйрық беріп отырған
[5]. Демек, оғыздардың өркениет елдерімен сауда – саттық қатынастарының өте тығыз байланыста
болғандығын көрсетеді. Ибн Фадленнің мәліметінде Мусайаби динарлары көшпелі оғыздардың
қолданыстарында болғаныайтылады. Оғыздардың Орта Азия айналыста Хорезм, Мауераннахр,
Хорасан билеушілері шығарған монеталары қолданылады [1]. Демек, оғыз елінде ақша жүйесінің
қалыптасуы мен монеталар шығаруға зор әсерін тигізіп отырды.
Батыс түрік қағанаты күйрегеннен соң, оғыз мемлекеті Орта Азиядағы Шаш (Ташкент),
Самарканд, Бұхараны өз ыңғайына қаратқаннан кейін, ІХ ғасырдан бастап Сырдарияның қағаны
Джабуйя бейнесі басылған монета шығарыла бастады [9]. Өркениетті елдерімен экономикалық
қарым-қатынастар жасау арқылы өзінің теңгелерін шығарып, ақша жүйесін қалыптастырған
оғыздар тайпалары елдік, халықтық дәрежеге дейін көтерілген. Бірақ оғыз халқының қалыптасуы
патриархалдық- феодалдық қатынастардың даму негізінде, яғни көшпелі мал шаруашылығы
үстемдік жағдайда болған. Сондықтан нақты қалыптасқан әлеуметтік- экономикалық күштер
оғыздардың тарихи тағдырына бұл процестің одан әрі аяқталуына кедергі жасаған.
Қорыта келе, ІХ – ХІІ ғасырлар оғыздар тарихында ең маңызды әрі өте курделі саяси
эконормикалық даму кезеңі болған. Ең бастысы, Оғыз мемлекетінің пайда болуы кезінде ел
ішінде шаруашылықтағы алғышарттардың қалыптасуы болды. Ол, кешенді дамыған егіншілік
пен мал шаруашылығы және металлургияның негізінде пайда болған қолөнер мен сауданың
өркендеуі қоғамдық еңбек бөлінісін шығарған, қоғамдық тартарды қалыптастырды. Тәуелсіз оғыз
мемелекетінің қалыптасу процесін айқындайтын негізгі дерек ретінде оғыздардың өз теңгелерін
шығарып ақша жүйесінің қалыптасқандығы дәлел бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |