Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет884/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   880   881   882   883   884   885   886   887   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

556


төмендеген  ресей  рубліне  өз  өнімдерін  арзанға  беруге  мүдделі  емес.  Қазақстандықтар  ресей 

тауарларын сатып алу арқылы қаржылай Ресей экономикасын қоректендіріп, біршама қуат берді. 

Еуразиялық экономикалық одақтың өз жұмысын қалыпты және мүшелеріне тиімді жүргізуде 

әлеуметтік  факторлар  әсері  ерекше  маңызды.  Кез  келген  мемлекеттік  және  мемлекетаралық 

экономикалық  шара,  қызмет  тікелей  немесе  жанама  түрде  әлеуметтің  қатысуы  және  олардың 

мүддесі негізінде жүзеге асырылатын ескерсек, бұл мәселе де терең талдауды талап етеді. 

Әлеуметтің  базалық  құндылықтары,  оның  өзгеріске  түсуі,  өмір  сүру  деңгейі  мен  жағдайы, 

демографиялық ахуалы, еңбек етуі мен демалу мүмкіндігі, діни-наным сенімі, әлеуметтің табысы 

мен шығыны, болып жатқан басты оқиғалар мен олардың әлеуметке ықпалы, бұқаралық-ақпарат 

құралдарының  қызметі  т.б.  көптеген  факторлар  Еуразиялық  экономикалық  Одаққа,  оның  ішінде 

Қазақстанда да  әлеуметтің көзқарасын қалыптастырып айқындайды.

ЕАЭО  құрамындағы  елдердің  ұзақ  жылдары  бойы  қалыптасқан  имиджі  оларға  екінші  осы 

одақ  құрамына  кіріп  отырған  елдер  тұрғындарының  қолдауын  немесе  қарсылығын  тудырады. 

Олар  өздеріндегі  екінші  бір  ел  жөніндегі  қалыптасқан  базалық  құндылықтар  негізінде  оларды 

қабылдайды немесе оларға сенімсіздік білдіреді.

Сонымен қатар, аймақтық не мемлекет ішінде болып жатқан оқиғалар әлеуметке ықпал етеді. 

Бұл да құрылған экономикалық ұйымдарға қолдау жасауына немесе наразылығына әкеледі.

ЕАЭО-тың құрылуын оның құрамына Қазақстанның енуін қазақстандықтар әркелкі қабылдады. 

Одақ тек экономикалық Одақ па, ол келешекте саяси сипат алып кетпейді ме деген сұрақ туғаны да 

ақиқат.


Әлеуметтің табысы мен шығыны тұрғысында тұрғындар ЕАЭО халыққа қандай пайда береді, 

оның артықшылығы неде, қандай қауіп тууы мүмкін деген сұрақтар да қояды. Бұқаралық ақпарат 

құралдарының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты әлеуметтің көзқарасын қалыптастырудағы 

рөлі ерекше. 

Сондықтан,  әлеуметте  ол  ЕАЭО  құрамындағы  елдер  халықтары  болсын  немесе  шекаралас 

аймақ  тұрғындарында  болсын  экономикалық  одаққа  белгілі  бір  ұғым  мен  қабылдау  негізінде 

түсініктері қалыптасады. Бұл ЕАЭО деген әлеуметтің қатынасын айқындайды. Ресей экспортының 

Қазақстанға  жыл  сайын  артуы,  ал  Ресейге  Қазақстан  экспортының  кемуі  тұрғындарда  әртүрлі 

қайшылықты  көзқарастар  тудырады.  Қазақстандық  тұрғындар  оны  бірнеше  аспектіде  бағалауы 

мүмкін. Мысалы, 1. Ресей қазақстандық өнімді жасанды әртүрлі кедергілер қою арқылы Ресейге 

кіргізбей  отыр,  керсінше  өз  өнімдерін  біздің  елге  еркін  өткізуде.  2.  Ресей  өзінің  экономикалық 

басымдылығын  пайдаланып  отыр.  3.  Ресей  қазақстандық  өнімнің  өздерімен  рынокта  бәсекеге 

түсуге мүдделі емес т.б. болуы мүмкін. Әлеуметтік факторлы толық бейтараптандыру мүмкін емес 

бірақ, тиімді жол қажет.

Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің дамуы мен одан әрі кең қанат жаюына технологиялық 

инновацияның ықпалы өте маңызды. ЕАЭО елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да технологиялық 

инновация  қандай  деңгейде,  олардың  шығарған  өнімдері  әлемдік  және  аймақтық  рыноктарда 

бәсекеге қабілетті ме, әлде аталған Одақ елдері шеңберінде ғана қолданысқа түседі ме деген сұрақ 

туады. 

Технологиялық  бәсекелестіктің  дамуы,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  қаржыландыру,  өзара 

байланысты, тәуелді технологияның дамуы, қолданыстағы технологияның деңгейі мен өзгеріске 

түсу динамикасы, жаңа технологиядағы өзгеріс пен адаптация, өндірістік қуаты, деңгейі, ақпарат 

және  коммуникация,  интернет  ықпалы,  технологияны  сатып  алушы  тұтынушылар,  технология 

бойынша  заңдар  мен  нұсқаулар,  инновация  әлеуеті,  технологияға  қол  жетімділік,  лицензиялау, 

патенттер, интеллектуальдық меншік потенциалы қандай да болмасын экономикалық одақтардың 

қалыптасуы мен дамуына, келешегіне ықпал етеді. 

Технологияны  экономикалық  одақ  құрамындағы  елдер  өздері  шығарады  ма,  әлде  басқа 

елдерден сатып алады ма, оның деңгейі қандай, ол бәсекеге түсуге қабілетті ме осы мәселе Одақтың 

экономикалық оның ішінде экспорттық әлеуетін көрсетеді.

Қазіргі  кезеңде  Қазақстанның  экспортында  технология,  жабдықтар  емес  шикізаттық  бағыт 

басым болғандықтан, сұранысқа ие инновациялық технологиялар болмағандықтан Қазақстан басқа 

елдерден  қажетті  технологияны  алады.  Ресей  мен  Белорусь  салыстырмалы  түрде  Қазақстаннан 

басымдылығы болғанымен, әлемдік рынокта дамыған елдер технологиясына тәуелді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   880   881   882   883   884   885   886   887   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет