Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет796/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   792   793   794   795   796   797   798   799   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

494


аймақтың  дәстүрлі  институттарына,  этномәдени  ерекшеліктеріне,  саяси  тарихына,  мемлекеттің 

геосаяси,  геоэкономикалық,  геомәдени  құрылымдарының  шынайы  жай-күйіне  сай  бейімделген 

модернизациялану (курс адаптированной модернизации) бағытын ұсынды [10].

Ұлттық  қатынастар  процесіндегі  модернизациялану  жаңа  этникалық  рөлдердің,  ұлттық 

институттар  мен  ұйымдардың  туындауымен  ерекшеленеді,  яғни,  модернизация  ұлттың  жаңаша 

бейімделу үрдісіне сай келетін жаңа институттар мен құрылымдардың, ұйымдардың қалыптасуына 

жағдай жасап отыр. Соның негізінде қазақ ұлты өз тарихында алғаш рет ұлттық экономикасын, 

өзіндік ішкі-сыртқы саясатын жүргізіп, қорғаныс кешені, өзінің дербес саяси элитасы мен ұлттық 

қауіпсіздік  органдары  сияқты  құрылымдар  құру  мен  мемлекет  құраушы  этнос  ретінде  ұлттық 

мемлекеттегі басты рөлге ие болып отыр. Қазақы ұлттық мемлекеттің саяси рәміздері (символ) мен 

өзіндік жаңа құндылықтар жүйесі қалыптасты.

Осындай  ұлы  модернизацияға  алғышарт  болған  тоталитарлы  жүйенің  ыдырауы,  күштеп 

таңылған “кеңес ұлты” айдарынан арылу, өз кезегінде Қазақстан халықтарын мәдени-рухани және 

саяси-қоғамдық  келісіммен  жалпыға  ортақ  идеяның  астына  топтасу  мәселесін  де  бүгінгі  күннің 

өзекті мәселелерінің қатарына қойып отыр. Бұл жерде мәселе тек әр ұлттың өз дініне, белгілі бір 

мәдениеті мен ана тіліне, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық идеясы мен өмір салтына бүйрегі 

бұрып,  іш  тартып  тұратындығында  ғана  болып  отырған  жоқ.  Мұндай  ерекшеліктермен,  яғни, 

ұлттардың өмір салты мен ұлттық әдет-ғұрып, неше алуан дәстүрлерімен қанша сыңаржақ болса да 

тоталитарлы жүйенің өзі есептескен болатын.

Ал  қазіргі  жағдайдағы  мәселе  Қазақстан  Республикасының  мүдделерін  тек  бір  ғана  қазақ 

ұлтының мүддесімен ғана ортақтастыруға болмайтындығында болып отыр. 

Елбасымыздың «Нұрлы 

Жол – 

болашаққа бастар жол



» атты жаңа жолдауында жоспарланып отырған  мақсат-міндеттерді 

іске асыру елдегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімге тікелей байланысты деп ерекше атап 

көрсетті [11].

Әрбір қазақстандық азамат осы ақиқатты саналы түрде ұғынса ғана жұмылған жұдырықтай 

болып, «Біз 

 Қазақстан азаматымыз, қазақстандық халықпыз» деп, бірігіп іс-қимыл жасайды, бейбіт 



елде бірге өсіп-өнеді. Мемлекет халқының идентификациясы дұрыс болса ғана қоғамдық келісім 

орнап,  саяси  тұрақтылыққа  қол  жеткізуге  болады.  Яғни,  ел  азаматтары  шығу  тектерінің  қандай 

екеніне қарамастан (ұлты, діні, жынысы, әлеуметтік жағдайы т.б.) өздерінің тағдырларын тұрып 

жатқан  мемлекет  пен  сол  мемлекеттің  негізін  қалап  отырған  төл  (титулды)  ұлттың  тағдырымен 

тікелей  байланыстырып,  азаматтық  сана-сезіммен  өзін  өзі  айқындауы  тиіс.  Республиканың 

көпұлтты құрамы мен ұлттық-мәдени ошақтарының көптүрлілігі қоғамдық келісімге қол жеткізуді, 

ұлттық азшылықтардың тең құқықтылығын қамтамасыз етуді, билікке теңдей қатысуға мүмкіндік 

туғызуды талап етіп отыр. Ұлттың даналығы да, саясаттың икемділігі мен халықтың күштілігі де 

сонда, өз бауырлары тұрмақ, басқалардың өзін жақындатып, мемлекеттің тайқазанында балқытып, 

ешкімді бөтенсітпей, сіңіріп алуында.

Бұл тұрғыда республика халқының басым бөлігін құраушы қазақ этносы қазақы мәдениет пен 

рухани құндылықтар жүйесі әзірге елді жалпылама қамтушы әрі абсолютті келісімпаздық сипатта 

бола алмайтындығын сезініп, мойындайды. Қазақ этносы 

 елдің саяси тұтастығы мен бірлігінің 



өзегі, алайда тұтастық пен бірлік мүдделер мен пікірлердің анағұрлым кең ортақтағы арқылы ғана 

баянды  болмақ.  Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  географиялық  жақындастық  өз  кезегінде  тарих 

пен халықтардың тағдырын да жақындастырады. Ал тағдырлас жақындастық ортақ мүдде, ортақ 

мақсат  бар  жерде  одан  әрі  тереңдей  түседі.  Мақсаттың  ортақ  болмауы  керісінше,  жүз  жерден 

географиялық  жақын  болса  да  жауласу  мен  жанжал  отын  жағады.  Адамзат  дамуының  тарихи 

тәжірибесінде  сан  мәрте  дәлелденгендей,  адам  мен  адамды,  халық  пен  халықты,  мемлекет  пен 

мемлекетті жақындастырушы күш - мақсат пен мүдденің ортақтығы, бірлігі.

Сол  сияқты  Қазақстан  Республикасы  үшін  де  дамудың  күшті  қозғаушы  күші  әрбір  басқан 

қадамды салмақтап, байсалдылықпен бағамдайтын жалпыхалықтық мақсат, жалпыұлттық мүдде 

болып табылады. Біздің пайымдауымызша, оның жалпы мәні төмендегідей:

-  Қазақстан Республикасының өз егемендігін нығайтып, сақтап және әлемдік қауымдастыққа 

мүше мемлекеттерімен тең құқықты әрі өзара тиімді экономикалық, саяси, мәдени және қарапайым 

ғана адами байланыстар жасау бағытынан ауытқымай алға қарай ұмтылып, дамуы;

-  нарықты  экономикаға  көшу  реформасын  табысты  аяқтап,  республиканың  тығырықтан 

шығып, өркендеп көркеюі;

-  Қазақстанда  тұратын  барша  халықтардың  тең  құқықтылығы  қамтамасыз  етіліп,  олардың 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   792   793   794   795   796   797   798   799   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет