Қазастан республикасы білім және ғылым министрлігі


Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асыру тетіктері



бет13/87
Дата07.01.2022
өлшемі294,72 Kb.
#17078
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   87
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асыру тетіктері

1. Әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету:

  • мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті және кіріктіріп оқытудың әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздерін әзірлеуді, ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру процесіне қосу аясында оларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыруды;

  • ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын бейімдеуді (білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды, базалық пәндер бойынша оқытудың пәндік нәтижелері мен дағдыларын, оқу процесін ұйымдастыру шарттарына қойылатын талаптарды);

  • ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқыту нәтижелерін мониторингілеу және бағалау жүйесін әзірлеуді, инклюзивті білім беру шарттарына баланың оқу жетістігін критериалды бағалауды бейімдеуді;

  • үйден оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеуді;

  • ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқыту шарттарына типтік оқу жоспарлары мен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын бейімдеуді көздейді.

Кадрлық қамтамасыз ету:

  • инклюзивті тәжірибені іске асырушы ұйымдардағы қызмет шарттарына педагогтардың дайындығын қамтамасыз ету;

  • педагогикалық мамандықтары бар жоғары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу жоспарына «Инклюзивті білім беру» және «Арнайы педагогика негіздері» пәндерін қосуды;

  • инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарға арналған педагог кадрлардың, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың ерте жастағы балалары үшін дефектолог-мұғалімдер мен педагогтардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасын жетілдіруді;

  • ЖОО-да мүгедектерге білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында штаттық қызметкерлерді: тьюторды, арнайы психологты, сурдоаудармашыны қосатын арнайы құрылымдық бөлім құруды көздейді.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету:

  • инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін метептердегі материалдық-техникалық базаны арнайы оқу-әдістемелік, техникалық көмекші компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету және қолжетімді «кедергісіз орта» құру есебінен нығайту механизмдерін игеруді;

  • білім беру ұйымдарын және жоғары оқу орындарын білім беру бағдарламаларын меңгеру тиімділігін көтеретін көмекші техникалық құралдармен (тифло-, сурдо-және т.б. техникалар) қамтамасыз етуге және мүгедектерге арналған оқу кабинеттері мен аудиториялардағы арнайы орындардың болуына қойылатын талаптарды әзірлеуді көздейді.

Инклюзивті білім беруді дамытуды ақпараттық қамтамасыз ету:

  • қоғамды, үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға қоғамның толеранттық қарым-қатынасын қалыптастыруды, сондай-ақ балалар құқығын қорғауға бағытталған бағдарламаларды жергілікті атқарушы органдармен әзірлеуді көздейді ;

  • әр білім алушының компенсаторлық техникалық және көмекші құралдарға ерекше білім алу, әлеуметтік, оңалту мұқтаждықтары, қажеттіліктері мен барлық білім беру деңгейлерінде көрсетілетін түзету-педагогикалық қолдау түрлері мен көлемі туралы мәліметтері көрсетілуі тиіс мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау жүйесін ақпараттандырудың техникалық-экономикалық негізін әзірлеуді көздейді;

Жүзеге асырудың негізгі шарттары:

  • нормативтік-құқықтық негіздерді жетілдіру;

  • ғылыми, оқу-әдістемелік, кадрлық, қаржылық-экономикалық және басқа да ресурстардың шоғырлануы;

  • әлеуметтік-педагогикалық шарттарды құру;

  • ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге және кәсіби бағдарлау мен өзін-өзі дамытуға жағдай жасау;

  • балалардың жеке мүмкіндіктері мен білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалануды қамтамасыз ететін интерактивті оқыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет