Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


ЖОО-ДА ӨТКІЗІЛЕТІН ПЛЕНЭР ПРАКТИКАСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата24.12.2016
өлшемі1,31 Mb.
#352
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

ЖОО-ДА ӨТКІЗІЛЕТІН ПЛЕНЭР ПРАКТИКАСЫНЫҢ 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
 
      Бейнелеу  өнері  мамандығы  студенттерінен  болашақ,  бəсекеге  қабілетті 
суретші-педагог даярлау педагогикалық көкейкесті мəселелердің бірі. 
    Бейнелеу өнері үрдісінде, студенттердің кəсіби біліктілігін арттыруда пленэр 
практикасының  алар  орны,  атқарар  ролі,  сурет  салу  шеберлігін  меңгеруде 
тигізер  əсері  мол.  ЖОО-дағы  бейнелеу  өнері  мамандарының  пленэр 
практикасына  өз  деңгейінде  мəн  берілмеуі  жəне  сағатының  қысқартылуы 
салдарынан,  кескіндеме  тағы  басқа  сабақтардың  деңгейі  төмендеуіне, 
студенттердің ойлау қабілеттері бəсеңдеуіне ықпал етеді. 
    Кескіндеменің жабық кабинеттен ашық аспан, табиғат аясына яғни пленэрге 
ауысуынан  натураның  əсерлілігі  артып,  əуестікті  дамытады  жəне  техникаық 
əдіс-тəсілдері  байи  түседі.  Сондай-ақ  пленэрдегі  кескіндеме  студенттердің 
жарық,  ашық  жердегі  заттарды  табиғатттың  бай  түстерін  қолдана  отырып 
жазуы  тəжірибелік дағдысын,  білімдерін арттыруға септігін тигізеді. 
      Пленэр,  бейнелеу  өнерінің  бір  бөлігі  ретінде,  студенттерді  кескіндемеге, 
суретке, мүсінге акдемиялық оқыту процесінің таптыртпайтын элементі болып 
табылады.  Бірақ,  кейінгі  кезде  студенттердің  кескіндеме  жəне  сурет  бойынша 
базалық  білімі  болғанына  қарамастан  пленэрдегі  жұмыстары  нəтижесі 
ойдағыдай  көрсеткіш  бермейді.  Пленэрдің  мамандық  үшін  қаншалықты 
маңыздылығын  түсінбеуі  жəне  оған  деген  жауапсыз,  жеңіл  көзқарас 
салдарынан  осындай  мəселелер  туындап  отыр.  Жағдайдың  осылай  өзгеруіне 
байланысты,  ашық  ауадағы  бейнелеу  яғни  ғасырлар  барысында  суретшілер 
табиғат тілін көркем əдіс-тəсілін, мəнін меңгеру тарихына жүгінеміз./1/ 
     Пленэр  XY  ғасыр  басында  Италия  өнерінде  үлкен  өзгерістермен  көзге 
көрінді.  Қайта  өрлеу  дəуірі  суретшілері  бірінші  болып  табиғатқа,  шабыт  көзі 
жəне  шынайылықты  бейнелеуді  үйренудің  объектісі  ретінде  қарады.  Олар 
жарық пен көлеңке, жазықтықты дəл беру мен бақылауды жəне оның көмегімен 
көлемді  заттардың  формасын  салуды  үйренді.Алғашқы  табиғат  көрінісіне 
арналған  теориялық  жұмыстарды  итальян  суретшісі,  ойшыл  жəне  ғалым 
Леонардо  да  Винчи  жазды.  Ол  алғаш,  ауаға  кез  келген  зат  түсіне  əсер  ететін 
материалды  орта  ретінде  назар  салып,  кескіндемедегі  рефлекс  туралы  ұғым, 
сондай-ақ  сызықтық  жəне  ауа  перспективасы  теориясын  жасады.  Бұл 
заңдылықтармен оның картиналары ерекше сырлы мəнге ие. Қайта өрлеу дəуірі 
суретшілері  өз  картиналарында  негізінен  пейзажбен  салды,  табиғат  деталін 
немесе  фон  ретінде  орындады.  Кейінірек  көптеген  суретшілер  барлық 
шығармашылығын табиғатқа жəне ландшафтқа арнады
.  
 

 
94 
    Табиғатты  бейнелеуде  бұтақ  немесе  гүлдердің  этюдтерін  жасау.  Этюд 
мақсаты  –  бұтақтардың  гүлдермен  немесе  жемістермен  орналасу  өзгешелігін 
үндесті жəне түрлі–түсті бояулар қатынасымен көрсету. 
Гармония  туралы  біздің  ойымыз  табиғат  негізінде  алынады.  Ғажайып 
сезімімізді  тіпті  кішкене  ғана  бөлігі  –  жанды  бұтақтардың  гүлдермен  немесе 
жемістермен  орналасуы  таң  қалдырады.  Өсімдік  өмірінің  бейнеленуі  заңға 
сыйымды тиімді көркем құрылған формалардан жасалынады. 
Бұтақ  жапырақтарымен,  жемістерімен  немесе  түрлі  гүлдерімен  салынған 
түсті  этюд  –  таң  қалуды  ғана  емес,  сонымен  қатар  оның  конструктивті  жəне 
түсті  мəнін  ажырата  білу  де    заттың  өзіне  қарап  жасалған  бай  суреттемесін 
ашады.  Суреттемелеудің  кезінде  өсімдік  элементтерінің  салыну  қиындықтары 
олардың  бірыңғай  гармонияға  сай  орналастыру  мен  олардың  бір–бірімен 
байланысын ажыратып дəлдеу болып табылады.  
Өсімдік формаларының əсемдігін жеткізгісі келетін жас кескіндемеші үшін 
бастапқыда  бұтақ,  жапырақ  жəне  гүлдерді  кескіндеу  оңайлыққа  соқпайды. 
Этюдпен  жұмыс  істеу  процесі  өсімдік  əлемінің  өзіндік  сұлулығы  мен 
пластикасын  ғана  емес,  сонымен  қатар  оның  ашық  аспандағы  түстік 
ерекшелігін, əртүрлі конструктивті формаларды зерттеу болып табылады. 
Өсімдікті  жан-жақты  зерттеп  қарап  анықтап  шыққан  дұрыс,  себебі 
сабақтарының  орналасуын  елестете  отырып  конструкциясын  сезіну,  мысалы, 
қүз  айларының  соңында  ағаштар  жапырақтарынан  жалаңаш  қалған  кездегі 
бұтақтарының өзгешелігін көре білетініміздей. 
Акварель  немесе  гуашпен  салу  техникасындағы  түстердің  ара  қатынасын 
анықтап  білу,  сондай-ақ  майлы  бояуды  қысқа  мерзімді  этюдтерде  қолдану 
тəсілін меңгеруімізге пленэр практикасының үлесі орасан зор. 
Өсімдіктер мен гүлдерді  натурадан салған кезде, бұл тірі көрініс олардың 
есінде  сақталады,  кейінгі  шығармашылық  жұмыста  пайдалана  алады.  Бұндай 
тəжірибелер  есте  сақтау,  натурадан  ғана  емес,  бөлек  есте  сақтай  отырып 
бейнелеу,  олардың  кеңістіктегі  конструктивті  құрылымдық  жəне  түсті 
қатынастарын натурадан көшірмей-ақ салуды беріктетеді. 
Табиғатта бейнелеу заттың формасы мен түстерінің ара қатынасын дұрыс 
түсінуге  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  этюд  натурадан  механикалық  түрде 
көшірме  болмауы  тиіс.  Өсімдіктер  əлемін  бейнелеу  барысында  көптеген 
ассоциативті ойлар туындайды, қиял мен фантазия оянады. Сонымен, осындай 
тəсілмен  пленэрдегі  бейнелеудің  негізгі  ерекшеліктерімен  танысу  бейнелеу 
өнерінің кемелдігінің бір сатысын меңгерумен тең. 
Пленэрдегі  этюдттер  өзінің  спецификалық  ерекшеліктерімен  бейнелеу 
өнері оқытушысының кəсіби шеберлігіне жетуінде қайталанбас мүмкіндіктерді 
қамтиды.  Этюдтерді  орындау  барысында  студенттердің  көркем  жəне 
педагогикалық  қабілеттері,  сондай-ақ  сурет  арқылы  олардың  тез  сурет  салуға 
икемділігі мен мүмкіндігі жетіледі./2/ 
      Қорыта  келгенде,  бүгінгі  күні  еліміздің  алға  қойып  отырған,  «бəсекеге 
қабілетті маман дайындау» тапсырмасын орындауда, болашақ бейнелеу өнері 
оқытушысынан білікті маман даярлау алға тартылып отырған мəселенің бірі.  
 

 
95 
  
ЖОО-да  пленэрлік  практикасын  өткізу  студенттердің  шығармашылық 
қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын дамытып, көркемдік дүниетанымын 
қалыптастырып, болашақ суретші-педагог жетілдіруде маңызы ерекше.  
 
 
                                                   Əдебиеттер: 
 
1.
 
Н.А.Маслов., Пленер,  Москва; «Просвещение»  1984, 241б 
    2.  В.С.Кузин,  Основы  обучения  изобразительному  искусству  в  школе,  М:,    
«Просвещение», 1977 
 
 
 
 
  
Сымағ л
 Г*лжа 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия  лтты  университеті, 
 3 курс студенті  
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д. С.H. Аманжолов 
 
  
ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН 
САБАҒЫН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
 
Қоғам  дамуының  барлық  саласындағы  болып  жатқан  өзгерістерге  сай 
білім беру саласы да өзгеріп жаңаруда. «Білім беру саласын модернизациялау, 
білімнің базалық құрамдылығын ақтауға бағытталуы тиіс жəне оларды үздіксіз 
жаңартып, толықтырып отыру қажет. Ең тəуір білім беру жүйесі жақсы оқитын 
оқушы  мен  нашар  оқитын  оқушының  арасындағы  айырмашылықтың  жоққа 
таяулығы  болып  саналады»,  -  деп  елбасы  Н.Ə.  Назарбаев  көрсеткендей,  білім 
беруді  реформалауды  жүзеге  асырудың  жəне  бір  маңызды  сипаты  қазіргі 
уақыттағы оқыту, білім беру мазмұнын жаңарту қажеттілігі болып отыр. 
 
Ерте  кезде  қолөнер  кəсіпшілігінде  шеберлік  өнері  шеберден  оқушыға, 
көбінемсе  күнделікті  тіршіліктегі  іс-əрекеттер  арқылы  əкеден  балаға  тікелей 
ауысып отырған. Ал, қазіргі заманда керісінше – адамға жаңа өндіріс сипатын 
тез бағытталып, жаңа біліктіліктер мен дағдыларды жылдам үйретіп, əрдайым 
жаңа  технологияны  меңгеріп  жаңа  ақпараттық  заман  көшіне  ілесу  қажет. 
Сондықтан адам баласының «көзі, миы, қолы» міндетте түрде үйлесімді дамуы 
қажет.  Оқушының  қандай  кəсіпті  меңгеруі  алдын-ала  мəлім  емес,  бірақ  оны 
ерте кезден, яғни  мектепке дейінгі  жастан бастап  шығармашылық  əрекеттерге 
дайындау  қажет,  өйтпеген  жағдайда  көздің  көруі  мен  саусақтар  қимылының 
даму  қабілеті  төмендейді.,  өйткені  бала  қанша  жерден  зерделі  де  ынталы 
болғанымен,  кез-келген  істе  практиканың  жоқтығынан  өз  мүмкіндігін  толық 
игере алмайды. Өйткені тəжірибесі жоқ. 

 
96 
 
Қазақстандық білім  берудің ұлттық  моделі  əлемдік білім беру  кеңістігіне 
ықпалдастырылған  жəне  жеке  тұлға  мен  қоғамның  қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға  бағытталған,  көп  деңгейлі  əрі  үздіксіз  білім  беру 
сипаттарымен  ерекшеленбек.  Қазіргі  заман  талабы  өнерде  мектепте  оқыту 
немесе  оқытпау  қажеттілігін  дəлелдеу  емес,  адамзаттың  мəдени  өркениетті 
дамуындағы  жеке  тұлғаның  жалпы  міндетті  көркемдік  шығармашылық 
қабілеттері дамыған белсенді субъект дайындау қажеттілігін берік бекітіп отыр.  
 
Қазақ  халқының  мəдениеті  мен  өнері,  қазақ  жерінде  тұратын  өзге 
халықтар  өнері  мен  мəдениетінің  бірлігі  ұлттық  өзіндік  сананың  дұрыс 
қалыптасуының  маңызды  факторы.  Қазақ  халқы  өзіне  жақсысын,  əлемдік 
көркем мəдениеттің озығын, өскелең ұрпақтың оқуы мен тəрбиесіндегі əлемдік 
тəжірибелердегі жетістіктерді өзіне алуы тиіс. Ежелден бері келе жатқан Қытай 
Халық 
Республикасының 
бастауыш 
мектептегі 
бейнелеу 
өнерді 
оқулықтарындағы  ерекшеліктерін  алып  айтсақ.  Бұл  оқулықтар  «оқу  ағарту 
реформасын тереңдетіп, сапа ағартуын жалпы білім беруді өрмелету жөніндегі 
қаулысын» басшылыққа алған.  
 
9  жылдық  міндетті  ағарту  түзішіндегі  бейнелеу  өнері  оқулығын 
мемлекеттік  өлшемі  «негізінде  орта  бастауыш  мектеп  оқушыларына  бейнелеу 
өнері»  жөніндегі  жалпы  бетті  ағартудағы  білім  беру  бойынша  құрастырылған 
оқулықтар,  бұл  оқулықтар  адамдық  қасиетке  баулиды,  шығармашылыққа, 
сабырлыққа  бір  істің  нəтижесін  шығаруға  көмектеседі  жəне  де  осы  өнер 
арқылы рухани жігерлендіреді.  
 
Бастауыш  сынып  оқушысы  сурет  салу  үрдісінде  заттың  формасын,  тепе-
теңдігін,  перспективалық  қысқаруын  заттың  түсін  көру  арқылы  қабылдай 
отырып  заттың  қабылданатын  ерекшеліктерін  сараптайды,  салыстырады, 
қорытындылайды. Кез келген бейнелеу əрекеті ойдың жұмыс жасауынан, яғни 
анализ,  синтез,  салыстыру,  қорытындылау  абстракция  жəне  нақтылау  арқылы 
іске  асады.  Анализ  дегеніміз  тұтас  нəрсені  ойша  бөліктерге  бөлу,  яғни 
бөлшектеу,  құбылысты  жəне  қырлары  арқылы  белгілеріне,  қасиетіне  бөлу. 
Синтез  –  керісінше  жеке  бөліктерді  ойша  біріктіру.  Анализ  бен  синтез 
шындықты  тануда  ғана  емес,  сезіну  мен  қабылдау  үрдісінде  де  қатысып 
отырады.  
 
Бейнелеу  өнерін  қазақтың  сəндік  қолданбалы  шығармашылығы  арқылы 
оңтайландыру оқытуға мүмкіндік береді.  
 
Қытай  Халық  Республикасының  кітаптарындағы  ерекшеліктеріне 
тоқталсақ,  оқушылар  өжеттілік  пен  жаңалық  жасауға  батылдықпен  елестетуге 
белсене  ой  жүгіртуге  талпынады.  Мысалға  тербелмелі  ойыншықты  айтсақ 
оқушылар  көптеген  материалдарды пайдалана отырып, өздері ойлана  отырып, 
тербелмелі ойыншық жасайды. Оған қажетті материалдардың бəрін оқушылар 
өздері  үйлерінен  əкеледі.  Мысалы,  серіппе,  іші  бос  жұмыртқа  қабығы  қағаз, 
стақан,  сурет  қағазы,  көне  суреттегі  қағаз,  қағаз  цлиндр,  бояу,  қайшы,  желім 
сияқтыларды  дайындайды.  Бұл  жұмысты  оқушылар  өз  бетімен  істеу  арқылы 
шығармашылық  ойлары  дамып,  қолдары  жетіліп  келесі  бір  жұмысқа  деген 
қызығушылығы оянады.  

 
97 
 
Тағы  бір  мысал  келтірсек,  «Алқа  жасау»  туралы.  Алдымен  оқушыларға 
үйден  өздеріне  керекті  материалдарды  жинап  əкелуді  тапсырамыз.  Мысалға 
осындай  материалдар  керек:  түрлі  түсті  қағаз,  жемістердің  сүйегі,  ағаштың 
жапырақтары,  далада  өскен  гүл,  ұсақ  маржандар,  ине  жіп  жəне  скотч  сияқты 
материалдарды  жинайды.  Оқушынгың  көрсеткен  алқа  суреттеріне  қарап 
оқушыларды  алқа  жасауға  деген  қызығушылығын,  яғни  шабытын  оятамыз. 
Үйден əкелінген құралдарды қолдана отырып, өздеріне ұнайтын əшекей бұйым 
жасауға  үйретеміз.  Бұнда  белгілі  бір  қатып  қалған  заңдылық  жоқ,  бұл 
шығармашылық  болғандықтан,  оқушыларды  еркін  қозғалуға,  қолындағы 
əшекейді еркін жасауға мүмкіндік бере отырып, оқушының қолын дамытамыз. 
 
Мен  осылай  оқушыларды  еркін  шығармашылыққа  үйреткім  келеді. 
Мысалға,  мен  қазір  студентпін,  бірақ  мен  Жамбыл  атындағы  №4  мектепте 
практика  өту  барысында  қолданып  көрдім.  Мен  оқушыларды  өнерге  
қызықтыру  үшін,  бейнелеу  өнері  сабағында  ермек  саздан  қоян  жасаттым. 
Оқушылардың барлығы қызығушылықпен іске кірісті. Мен алдымен өзім үйлен 
жасап  əкеліп  қалай  жасайтынымды  көрсеттім.  Əр  бір  бала  өз  бетінше  жұмыс 
жасайды. 
Кейіннен 
сол 
жасаған 
жұмыстарымызды 
салыстырдық. 
Оқушылардың  бəрі  де  қабілетті,  зерек  екені  көрініп  тұр.  Барлығының 
жұмыстары өте тамаша.  
 
Əрбір ұстаз осылай өз шəкіртіне өз білген білімін көрсетсе екен. Ол үшін 
ұстаздың  білімділігі  мен  біліктілігі  мықты  болу  керек.  «Ұстазы  жақсының 
ұстамы  жақсы»  деген  ғой  қазақ  атамыз.  Ендеше  біз,  студенттер  ертеңгі  өз 
шəкіртіміз үшін аянбай еңбектенуіміз керек. 
 
 
 
 
 
Адай
 А. 
Еуразия  лтты  университеті Бей-21 студенті 
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д. С.H. Аманжолов 
 
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН МЕҢГЕРУДЕ СУРЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ 
 
 
Жалпы  суреттің  бейнелеу  өнеріндегі  алатын  орны  ерекше.  Сурет  – 
бейнелеу  өнерінің  негізі  деуге  болады.  Суретсіз  бейнелеу  өнерін  кескіндеме, 
сəулет,  композиция,  мүсін  сияқты  бейнелеу  түрін  суреттен  тыс  қарауға 
болмайды.  Өйткені  кескіндемеші  де,  мүсінші  де,  сəулетші  де  суретке  соқпай 
өте  алмайды.  Қайта  өрлеу  дəуірінің  алыбы  Микеланджело  былай  деген 
болатын: «Нобай жасау өнері – басқаша таалып жүрген сурет-кескіндеменіңде, 
сəулеттің де, мүсіннің де еңбек нүктесі, сурет-кез-келгген «Нобай жасау өнері – 
басқаша таалып жүрген сурет-кескіндеменіңде, сəулеттің де, мүсіннің де еңбек 
нүктесі,  сурет-кез-келгген  ғылымның  қайнар  көзі  мен  түп  тамыры.  Сонымен 
суретдеген  сөзге  анықтама  берер  болсақ,  сурет  дегеніміз  қарындаш,  көмір, 
сангина,  қаламыш,  арқылы  нобай  ретінде  жеңіл  сызып  салған  шығармасын 
атаймыз. 

 
98 
Атақты  суретші  –  педагогтар  сурет  өнеріне  үлкен  баға  беріп,  сурет 
кезкелген бейнелеу өнерінің фундаменті. Суретке баса назар аудару керек.,-деп 
ескерткен,  болатын.  Əрине,  бұл  тезистің  өміршілдігігі  бүгінгі  таңда  да 
анықталып  отыр.  Суретшінің  кез  келген  жұмысы  суреттен  басталады.  Ол 
болашақ  картинасын  бастамас  бұрын  кенепке  анық  нобайын  салып  шығады. 
Сондықтан  да  əйгілі  де  атақты  шеберлердің  қай-қайсы  да  суретке  үлкен  мəн 
берген.  Қайта  өрлеу  дəуірінің  атақты  мүсіншісі  Микеланджоло  бейнелеу 
өнерінің барлық түрлерінің қайнар бастауы мен жан жүрегі сурет деп санаған. 
Ал  көркем  өнер  академиясында  Репинді,  Суриковты  жəне  Серовты  оқытқан 
профессор П.П. Чистяков «Қиял деңгейі төмен  адам картина жаза алмайды»,- 
деп есептеген.  
Қайта  өрлеу  дəуірінің  суретшілері  бейнелеуді  оқыту  əлістеріне 
байланысты  біршама  құнды  пікірлер  айттты.  Олардың  пікіренше  бейнелеуді 
оқытудың  негізі  заттан  қарап  бейнелеу  болу  керек  деді.  Мысалға,  Чепнино 
өзінің  кескіндеме  туралы  трактатында  Байқасаң  салтанатты  қақпа  арқылы 
жетелеп өнерге апаратын ең жетілген жетекші – ол заттан қарап бейнелеу деп 
жазған. 
Осыған  байланысты  тарихи  деректер  бойынша  Ежелгі  герек  суретші  – 
педагогтары  бейнелеу  өнерінңі  басты  мəселелерін  шешуге  талпынып,  өз 
шəкірттерін  бейнелеуге  оқуды  ғылым  арқылы  игеруге  шақырып,  бейнелеуге 
ұсаөқ кəсіп ретінде емес үлкен шығармашылық  Рим империясының суретші – 
педагогтарын  бейнелеу  өнерін  оқытуды  одлан  əрі  дамыту  мəселелері  көп 
алаңдатпады.  Олар  бейнелеу  өнеріне  ұсақ  кəсіп  ретінде  қарап,  бейнелеуге 
дамытуда  тек  үлгіден  көшіру  əдісімен  шектеліп,  əйгілі  грек  шеберлерінің 
жұмыс тəсілдерін қайталады. 
         Сөйтіп  римдік  суретшілер  гректер  жасаған  бейнелеуді  оқыту  əдістемесін 
одан  əрі  дамытып  жетілдірмей  кейбір  оқыту  əдістемелерін  біртіндеп  жоғалта 
бастады. 
         «Живопись  туралы  үш  кітап  еңбегінде»  Леон  Баттист  Альберти  бірқатар 
құнды  əдістемелік  ережелер  ұсынды.  Ол  бейнелеуді  маңызды  ғылыми  пəн 
ретінде  қарастырды.  Өнерге  оқытудың  нəтижесі  болуы  ғылыми  биіктілікке 
байланысты деп жазды. 
         Альберти  оқыту  əдістемесіне  ғылыми  негіздене  бере  отырып,  сурет  салу 
тек  қолды  жаттықтыру  емес,  ақыл-ойды  жаттықтыру  деп  қарастырды.  Бұл 
қағиданы  басшылыққа  алып  кеəіннен  Микиланджело  «суретті  қолмен  емес 
баспен  салады»  деген  болатын.  Қазіргі  суретшілердің  жұмыстарын  талдау 
кезінде  біз  негізіне  мəн  бере  қоймаймыз.      ХХ  ғасырдың  басында  швецария 
педагогі Иоганн Генрих Песталоццидің ықпалымен бейнелеу өнері жалпы білім 
беретін  мектептерде  пəн  ретінде  енгізіле  бастады.  Песталоцци  сурет  салуға 
оқытудың,  əсіресе  бастауыш  сыныптарда  маңызы  зор  екендігін  айтты.  Оның 
айтуынша жазуға үйренбес бұрын сурет салуға үйрену керек, өйткені суре салу 
дағдысы жазуды меңгеруді жеңілдетеді. Дұрыс ойлану үшін қоршаған ортадағы 
табиғатты  дұрыс  көре  білу  керек.  Ол  биіктіліккі  жетудің  бірден  бір  тəсілі  – 
сурет салу дейді.  

 
99 
         Қандайда  болмасын  нақты  суретпен  жұмыс,  заттың  өзіне  қарап  салудан, 
оның платикалық қасиетін оқып білуден басталады. 
         Сурет салуға үйренудің алғашқы кезінде қарапайым бұйымдардың – шар, 
цилиндр,  пирамида  т.б.  сияқты  заттардың  суретін  салып,  көптеген  жаттығу 
жұмыстарын  жасаған  пайдалы.  Мұндай  қарапайым  жаттығулар  жазықтықта 
тұрған  заттардың  кеңістікте  орналасу  заңдылықтарын  дұрыс  ұғынуға 
көмектеседі.  Сол  себептен  алдымен  суретті  жақсы  меңгерген  жөн. 
Суретшілердің  менуарларын  оқып  отырсақ,  атақты  суретшілер  –  Ə.Қастеев, 
Қ.Тельжанов,  А.Ғалымбаева  т.б.  суреттерін  қыл  қалам  арқылы  көп  салған, 
арнайы  уақыт  бөліп,  нобайлар  (наброскалар),  жылдам  салған  суреттермен 
эскиздермен  жиі-жиі  айналысып  отырған.  Сөйтіп,  сурет  өнеріне  қолдарын 
машықтпандырған, яғни қабілеттерін одан ары арттыра түскен.  
         Сурет салуды жетік игеруге күн са  йын  жүйелі  жұмыс  істеу  арқылы 
кəсіби  суретшілік  дəрежесіне  жететінімізді  əйгілі  суретшілердің  өмірлік 
тəжирибиелерінен  көрдік.  Сонда  ғана  біз  сияқты  жас  суретшілер  күнделікті 
еңбектің  арқасында  білікті  тəжирибие  жинақтап,  техникалық  білім  мен 
тəсілдерді  игереді.  Өткен  жəне  қазіргі  заманғы  шеберлердің  сурет  салу 
техникасын  зерттеп  үйренгеніміз  жөн.  Мұндай  ізденістің  өзі  суретшіні  ой-
өрісін кеңейтіп, сурет салудың сан алуан тəсілдерімен танысуына көмектеседі. 
Сонадай-*ақ  сурет  салғанда  қолданылатын  түрлі  материалдарды  игеруге, 
олардың  мүмкіндіктері  мен  қасиеттерін  іс  барысында  танып  білуге  үйретеді. 
Сондықтан  менің  ойымша  бейнелеу  өнеріндегі  суреттің  ролі  ерекше  екенін 
бағалауымыз  керек.  Жаңадан  бүр  жарып,  өсіп  келе  жатқан  жас  шыбықтай 
кішкентай  ғана  бала  бақшадағы  бүлдіршіндердің  жəне  бастауыш  сыныптағы 
оқушылрымыздың  əр  қайсысының  бойында  тұнып  тұрған  өнер  бары  анық. 
Жалпы,  Алла  Тағала  адамзаттың  барлығына,  барлық  білімді  қабылдайтындай 
қасиет  берген.  Өсе  келе  бүлдіршіндеріміз  нені  көп  меңгеріп,  көріп,  естіп 
шұғылданса,  сол  ілім  ары  қарай  дамып,  қонған  ілімдер  бірте-бірте  ескерусіз 
қалатыны анық. 
         Сондықтан біз кəсіби суретші білікті де білімді мамандарды қарасақ, бала 
бақшадағы  бүлдіршін  жəне  бастауыш  сынып  оқушылар  мен  ерекше  жұмыс 
жасауымыз  керек.  Бүлдіршіндердің  қиялып  суретке  қолдарын  дамыту  үшін 
оқыған  ертегі,  əңгіме,  мысал  сияқты  шығармалардағы  басты  кейіпкер  жəне 
өзіне  ұнаған  кейіпкерлердің  суретін  ойша  қалай  елестетінін  қағаз  бетіне  одан 
кейін ермек сазбен жасаса жəне де тек бала бақшада немесе мектепте партада 
ғана отырып  сурет салмай  əсем  де  сұлу  табиғатқа  шығып  яғни  пленэр немесе 
мектеп  ауласындағы  өсімдіктер  мен  жануарларды  натурадан  суретін  салып 
үйренсе,  ол  баланың  ой-өрісіне  біразда  болса  жақсы  əсер  беретіні  анық. 
Мектепте  бізге  бейнелеу  өнерін  солай  өткізбегеніне  кейде  іштей  ұстаздарыма 
деген  ренішім  де  болатыны  бар.  Былтыр  1  курстағы  екінші  семестрдің 
емтихандарын  пленэр  айасында  өткізгенде  ерекше  толқып,  қызық  сезімге 
бөленген едім. Өйткені менің пленэрге бірінші рет шығып суре салуым еді. Бұл 
емтихан  бізге  біраз  көмегін  тигізді.  Себебі  жазғы  практиканы  біз  Зерендіде 
пленэр  айасында  сурет  салды.  Сол  кезде  ондай  көп  қиындық  туғызған  жоқ. 

 
100 
Өйткені  емтихандағы  жəне  қаладағы  пленэр  сияқты  сурет  салудан 
тəжирибиеміз бар болғандықтан шығар. 
           Сондықтан бүлдіршіндеріміз ер жетіп, ертең біз сияқты өнер жолын қуып 
талапкер болып бағын сынағанда бойына жинаған өнері көмекке келіп, қандай 
сынақ  болса  да,  сынақтардан  сүрінбей  өтетініне  сенемін.  Өнер  соның  ішінде 
суре  салу  өнері  –  адам  баласының  жан  дүниесін  тыныштандырып 
сұлуландырып  қана  қоймай,  ендеп  өнерге  деген  құштарлығын  да  арттырады, 
алға қарай жетелейтін өнер сенің өміріңдей жетекшің! 
 
 
Əдебиеттер: 
1.  М.  Мұқашев;  А.  Сейтімов;  Н.Хамзин  «Бейнелеу  өнерін  оқыту  əдістемесі» 
«Фолиат»  баспасы; Астана – 2008 жыл. /1.139/, /1,13/, /1,18/. 
2. Р. Мизанбаев «Живопись»; Алматы – 2005 ж. /2.46/. 
3. Е. Каменева «Кемпір қосақтың түсі қандай»; Алматы «Өнер» 1981 ж. / 3.144/, 
/3,144/. 
 
 
 
 
 
 
 
Мухажанов
 Б.  
3 курс студенті,  Е)У 
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., С.H. Аманжолов 
 
ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА 
ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРҒА ТƏРБИЕ БЕРУ 
 
Қазақстан  Республикасы  тұрақты  дамып  келе  жатқан  мемлекет  ретінде 
халықаралық  білім  одағына  кіруге  тырысуда.  Білім  берудің  басты 
стратегияларының бірі жақсы білім беру дəстүрін сақтау, мектеп жəне жоғарғы 
оқу орын түлектерін халықаралық дəрежеде сапалы бағалануы. 
Бірақ  сол  дəрежеге  жету  үшін  əр  Қазақстан  Республикасының  азаматы 
тарих тереңінде жатқан туған халқымыздың өткен өмірін, кешкен ғымырының 
кемел  болмысын  айшықтай  білу  керек.  Туған  жеріміздің  тарихын,  еліміздің 
маңызды тарихи –мəдени жəне сəулет ескерткіштерін білуі тиіс.  
Болашаққа  жол  ашу  үшін,  біз  ең  бірінші  өткенімізді  білу  парыз.  Тарихи 
жадының  жаңғыруы  ұлттық  намыс  пен  астасып  жататын  қауымдық 
дегдарлықтың оянуы ең алдымен «Біз кімбіз? Біз қайдан келдік жəне қайда бара 
жатырмыз?» дейтін сұрақтарға жауап іздеуден бастау керек. 

 
101 
Қазақ    даласында  тұнып  тұрған  тұмарлы  жəдігерлен  біз  үшін  ең  сенімді 
жəне  көзбен  көріп,  қолмен  ұстауға  болатын  «тарих»  оқулығы.  Ал  Қазақстан 
Республикасының  «Мəдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  сол  «оқулықты» 
тағы бір парақтауға мүмкіндік жасады. 
Дəстүрлі  мəдениетті  жаңарту,  өз  халқының  тарихи  тəжірибесіне  жүгіну  – 
бұл өзі тəуелсіздігіне ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс.  
«Мəдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  атқарылып  жатқан 
барлық  шаралар,  еліміздегі  орындалып  жатқан  басқа  да  игі  істермен  бірге 
əлемдегі  өркениетті  елдермен  тереземізді  тең  деңгейге  көтеруімізге  өз  үлесін 
қосуда.  
Елбасымыздың «Мəдени мұра» бағдарламасы қазақ елінің көптен көміліп 
жатқан тарихының бұлақ көзін ашқаны баршаға мəлім.  
Тарихи  дамуда  кез  келген  халық  өзінің  мəдениетіне  сүйенеді,  өзінің 
кезеңдеріне  сын  көзбен  қарайды,  ұлттық  мұраларға  назар  аударады.  Арқа 
өңірінің  өзіндік  белгісінің  бірі-осы  кең  далада  орналасқан  тарихи 
жəдігерліктермен  көзге  түседі.Сол  ескерткіштердің  бірі  сəулеткерлік 
ескерткіштер. 
Сəулеткерлік  əр  халықтың  өмірінде  оның  материалдық  көркем  мəдени-
етінің ең жоғарғы көріністерінің бірі болып табылады. Ол белгілі бір дəрежеде 
халықтың  тарихын,  əлеуметтік  экономикалық  даму  дəрежесін  көрсетеді. 
Себебі,  халық  сəулеткерлігі  мен  архитектуралық  құрылыстың  көптеген 
туындыларына тарихи жəне өркениеттік мазмұн тəн болуы мүмкін.  
Мысалы,  жай  ғана  Орталық  Қазақстанды,  оның  ішінде  Ұлытау  ауданың 
алатын  болсақ,  Осы  өңірде    700  ден  астам  тарихи-археологиялық  жəне 
архитектуралық ескерткіштер орналасқан, оның ішінде Республикалық маңызы 
бар  12  ескерткіш.  Атап  айтқанда:  Жошы  хан,  Алаша  хан,  Домбауыл,  Лабақ, 
Мақат саханасы, Ерден, Кетебай, Жакуда-Ишан, Басқамыр қалашығы, Ақмешіт 
əулие, Едіге, Айранбай мазарлары. 
 
Халқымыздың ел болып қалыптасуына, бірлік-тірлігіне діңгек болған, исі 
қазақтың айналып соғар түп қазығындай қара шаңырақ қасиетті мекен Ұлытау 
өңірінде бағзы заманнан белгі болып қалған бірнеше ескерткіш, жəдігерлер бар 
Солардың  бірі  өзінің  сəулеттік  құрылысымен,  ерекшелігімен  таңдай 
қақтыратын    «дың»,  «үйтастар».  Ғалым  Ə.Х.Марғұланның  айтуынша  оғыз-
қыпшақ  дəуірінде    «дың»  салу  əдеті  болған.  Олар  өзінің  қалыбы  бойынша  не 
дөңгелек,  не  төртбұрышты  болып  келеді.  Тастан  дөңгелек  үйлер,  мұнаралар 
жасау  ғұн,  түрік  қағанаты  кезінде  ерекше  орын  алған.    Қыпшақ  пен  оғыздар 
төбесінде күмбезі бар ондай ондай тас үйлерді  «дың», «діңгек», «үй тас» деп 
атаған, ол сөздер қазақ пен түрікмен тілдерінде сақталған. Тастан өріп жасалған 
биік  дың    архитектурасының  жиі  кездесетін  жері    Орталық  Қазақстан  оның 
ішінде  Ұлытау  өңірі.  Бұл  өлкеде  бүтіні  бар  ,  бұзылғаны  бар  онға  тарта  дың 
тектес ескерткіштер бар. Осының ішінде ең сəулеттісі  Домбауыл дыңы.  
 
Ескерткіш Кеңгір өзенінің жағасында Жезқазған қаласынан 54 км сотүстік 
бағытта  орналасқан.Домбауыл  дыңының  табаны  төртбұрышты  болып 
төселгенімен,  көтеріле  келе  күмбезге  ұласып  кеткен.  Дыңның  биіктігі  6м 
шамасында, қаланған материялы жергілікті жердің қызыл-сұр граниті. Сыртқы 

 
102 
пішіні    шаршыға  жақын  төртбұрыш,  сыртқы  аумағы  8,90  х  7,00  м,  ал  ішкі 
құрлылымы    3,90м  х  3,45  м.  Ə.Х.  Марғұланның  айтуынша  Домбауыл    жəне 
Қосүйтас,  Қара  дың  Үйтас  дыңдары  бір  үлгідегі    архитектуралық 
белгілер.Дыңның    сыртқы  пошымы  киіз  үйге  өте  ұқсас,  еденіне  топырақ 
жайылып,  оның  үстіне  жалпақ  тастар  төселінген.  Қабырғалары  3м-дей 
көтеріліп  барып  көлденең  бөренелермен  жабылған.  Бұлардың  барлығы  тас 
қалаудың қола дəуірінде қалыптасқан ежелгі дəстүрлерінің белгілері. 
Ел ішіндегі  «дің», «дың» деп аталатын ескерткіштер осы Домбауыл дыңы 
үлгісіндегі  ескерткіштерге  қаратыла  айтылады.  Қозы-Көрпеш-Баян  Сұлу 
кешені де осындай құрылыс. Ə.Х..Марғұланның айтуынша дыңдар Қазақстанда 
Торғай,  Кеңгір  өзендері  бойында  көбірек  кездеседі.  Бұлардың  барлығы  Орта 
Азияға  мұсылман  діні  тарағанға  дейін  VI-IX  ғасырларда  тұрғызылған 
ескерткіштер.  Домбауыл  есімі  тарихи жазбаларда да,  аңыз  əңгімелерде  де  көп 
кездеседі.  Ол  қазақ  шежіресінде,  жыр-толғауларында  жиі  айтылады.Бұл 
ескерткіш жайлы ең алғаш еңбектер жазған Ш.Уалиханов. 
Тағы  да  бір  дың  Ұлытау  ауданының  Егінді  ауылынан  3  шақырым  жерде 
орналасқан.  Есігі  күн  шығысқа  қараған.  Асты  төрт  қырлы  тастан  өріліп 
тоқыған,  оның  үстіне  сүйірленіп  шығатын  биік  күмбез  орнатқан.  Жергілікті 
халықтар оны «Қара дың» деп атайды Себебі ылғи қара тастан өріп шығарған. 
Дыңның  кіре-беріс  ойығы  бұзылған,  ескерткіштің  сақталған  биіктігі  4  м, 
сыртқы  диаметрі  6,7  м,  ішкі  диаметрі2,65  м.  Дыңның  бейнесі  алыстан 
сəулеттеніп  көрініп  тұрады.  Қара  дыңның  көлемі  Домбауыл  дыңынан 
əлдеқайда  кішірек  жəне  тағы  бір  ерекшелігі    Домбауылдікіндей  табаны 
шыршаланып  басталғанымен,  бұл  дың  тарта  қалау  əдісімен  бірден  сүйірленіп 
күмбезге  ұласады.2008  ж  бастап  осы  жерде  Ə.Х.  Марғұлан  атындағы 
археология институты зерттеу жұмыстарын жүргізуде. 
Ұлытау  ауданы.  Малшыбай  селосынан  оңт-батысқа  қарай  2км  жерде 
орналасқан. Салыну тарихы белгісіз. 
Алаша  хан  мавзолейін  зерттеуді  ең  бірінші  рет  Шоқан  Уалиханов 
жүргізген. Ол өзінің «Қырғыз- қайсақ молалары жəне ерте заман туралы» деген 
еңбегінде қысқаша сипаттама берген.  
1946  жылы  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  Орталық  Қазақстан 
археологиялық  экспедициясы  зерттеу  жұмыстарын  жүргізді.  Бұл  экспедиция 
құрамында  архитекторлар  М.Б.Левинсон,  Г.Г.Герасимов  реставрациялауға 
қатысты. 
1973  жылы  жазда  Қазақ  ССР  Мəдениет  министрлігінің  экспедициясы 
өлшеу жұмыстарын жүргізді. Мавзолей күмбезінің кейбір жерлері тесілген. Бұл 
бір камералы, порталды-күмбезді ғимарат. Төртбұрышты күйдірілген кірпіштен 
қаланған. Іргесі текше түрінде қаланып, төбесі күмбезделген. 
Ғимарат төбесі 8 тіреуден жасалып, оның үстінен 16 қырлы зəулім барабан 
орнатылған. Осы барабан үстінен дөңгелете күмбез тұрғызған. 
Күмбездің  тағы  бір  ерекшілігі  оның  үстіне  барабанды  айналып  өтетін  галерея 
бар. Оған үйдің ішінен жоғары көтерілетін басқыш арқылы шығады. Кіре берісі 
киіз үйдің есігі секілді салынған. 
Мавзолей  «алаша кілемше» түрімен нашықталып шығарылған. 

 
103 
Биіктігі -10м. Сыртқы өлшемі- 9,5х12,0м. Ішкі өлшемі- 6,25х6,7м. 
Кірпіштердің өлшемдері-27х27х6см. 25х25х5см. 
Алаша  хан  мавзолейі  жөнінде  ел  аузында  аңыз  көп.Көптеген  зерттеулер 
бойынша мұнда Хақназар хан (1538-1580) жерленген. 
Қазақ  халқы  Алаша  хан  мазарын  əулие  тұтып  сыйлағаны  сонша,  кейінгі 
қазақ хандары осында келіп сыйынатын болған. 
1998жылы Ғимарат толық реставрациядан өтті.  
Ал оқу бағдарламасына келетін болсақ, мектеп бағдарламасында еліміздің 
тарихи  ескерткіштеріне  байланысты  тақырыптар,  сабақтар  жоқ.  «Өстетін  ел 
тарихын таспен жазады, өшетін ел тарихын жаспен жазады» демекші, əр азамат 
өз  жерінің  тарихын,  ескерткішін,  əр  тасын  жеріндегі  білуі  парыз.  Ал  осының 
бəрін  ол  мектеп  қабырғасынан  біліп  шығуы  керек.  Бұнын  бəрі  бүгінімізге 
қажет,  ертеңімізге  керек.  Өйткені  қазіргі  жастар,  мектеп  бүлдіршіндері 
еліміздің болашағы. Біз өткенді, барды білмей жарқын болашаққа қадам жасай 
алмаймыз. 
Əдебиеттер: 
1.
 
Қ.Ахметов. «Ұлытау» Алматы, 2007 
2.
 
А.Марғұлан. Декоративно-прикладное искусство, 1983    

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет