Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата24.12.2016
өлшемі1,31 Mb.
#352
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 
 
ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тəн даму тарихы бар. Ол тарих сонау 
көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген 
археологиялық  зерттеулердің  нəтижесінде  анықталған  ежелгі  мəдениеттің 
үлгілері  дəлел  болады.  Мұның  өзі  қазақ  өнерінің  республика  жерінде 
мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн жəне тағы басқа көне түркі тайпаларының 
мəдениеті мен төркіндестігінің айғағы. 
Қазақ халқы – кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне 
мəдениеттің  тікелей  мұрагері  жəне  сол  дəстүрді  дамытушы,  жаңғыртып 
байытушы.  Бұл  процесске  əр  кезеңде  Қазақстан  жеріне  жан  –  жақтан  келген 
көшпелі  тайпалар  мен  халықтардың,  сондай  –  ақ,  Оңтүстік  Сібір,  Орта  Азия 
мен орыс халқының да мəдениеті де əсер етті.Сайып келгенде, жергілікті көне 
мəдениет  сырттан  келген  мəдениет  элементтерінің  сан  толқынын  бойына 
сіңіріп,  үнемі  жақсару,  жаңғырту  үстінде  болды.  Осындай  толассыз  дамудың 
нəтижесінде 19  –  ғасырдың екінші  жартысымен 20  – ғасырдың  басында  қазақ 
халқының  дəстүрлі  қолөнері  өз  дамуында  айтарлықтай  жоғары  деңгейге 
көтерілді. Міне осы жоғары өрлеуді қазіргі заман талабына сай, қазақ халқының 
дəстүрлі  қолөнерін  əрі  қарай  дамыта  беруді,  жастарды,  келешек  ұрпақты  осы 

 
77 
салада оқытуды тереңдету мақсатында мен болашақ ұлттық мектептің моделін 
жасадым. Оның себебі əрбір өскелең ұрпақ өзінің қолөнер шеберлігін арттырып 
үйреніп, оны өзінен кейінгі ұрпақтан  - ұрпаққа жалғастыру.  
 
Астананың  барлық  мектебінде  болмасам  да  біразында  болдым. 
Байқағаным  мектептерде,  оның  ішінде  ер  балаларды  қазақ  халқының  қолөнер 
бұйымдарын үйрету, оқыту процесстері нашар екен. Сол себепті мен осындай 
ұлттық  мектептің  моделін  жасап,  ғылым  жəне  білім  министрлігіне  ұсыныс 
жасауды жөн көрдім.  
 
Менің  жасаған  моделімнің  сыртқы  пішіні  кəдімгі  ашық  тұрған  кітап, 
жанында тағы бір мектеп ғимараты орналасқан - ол жабық тұрған екі кітапша, 
олар бірінің үстінде бірі жатыр. Екі ғимарат бір – бірімен екінші қабат арқылы 
байланысқан, бөлмелері кең, ауасы таза, коридорлары да кең, терезелері үлкен 
–  үлкен.  Əр  сыныпта  төрт  терезеден,  ішінде  телефон,  телевизор,  тақта. 
Мектептің  ішінде  асханасы,  компьютер  сыныптары,  ойын  залдары.  Үшінші 
қабатта  бокс  залдары  бар.  Ал  жеке  орналасқан  екі  қабатты  ғимаратта 
оқушыларға  қазақ  халқының  қолөнер  туындылармен  айналысуына  толық 
мүмкіндік бар. Онда арнайы шеберханалар мен  жеке сурет, дизайн, модельдеу 
архитектура бөлмелері бар.  
 
Шеберхана  ағаш  жəне  зергерлік  бұйымдар  жасау  үшін  арнайы 
жабдықталған. Шеберханада 10 – 15 оқушы бір мезгілде еңбекпен шұғылдана 
алады.  Жалпы  мектеп  400  –  450  балаға  арналған.  Оған  оқушыларды  конкурс 
арқылы қабылдайды. Оған талантты, қолынан іс келетін  балаларды тарту. 
 
Қазақ  қолөнерінде  ою  -  өрнек  өте  кеңінен  қолданылады.  Халық 
шеберлерінің  қолынан  шыққан  бұйымдардың  ою  -  өрнекпен  безендірілмегені 
өте аз кездеседі. Ою - өрнек қолданбалы қолөнер бұйымдарының тұтыну жəне 
эстетикалық мəн – мағынасын аша түседі.  
 
Сондықтан  қолөнер  шеберлері  жасаған  заттардың  əрқайсысының  қалай 
əшекейленіп, өрнектелгеніне жеті зер салған жөн. 
 
Ою  -  өрнек  өнері  ежелгі  замандарда  қалыптасып,  халқымыздың 
тарихымен,  тұрмыстағы  əдет  –  ғұрып,    салт  -    дəстүріне  сай  дамып, 
түрлендіріліп,  жетілдіріліп  отырған.  Жер  жүзіндегі  барлық  халықтарда  дерлік 
ою - өрнек өнері көне замандарда қалыптасып, дамып бүгінгі күндерге дейін өз 
қасиетін  жоймай,  ірі  рухани  мəдениет  үлгісі  ретінде  сақталып  келеді.  Халық 
шеберлері ою - өрнекпен, сəулетті ғимараттарымен, киім – кешек, жиһаз, қару – 
жарақ,  ат  əбзелдерін,  зергерлік  əшекей  заттарын  т.б  .тұрмыста  тұтынатын 
заттарын  безендіріп  отырған.  Міне  осы  əдет  –  ғұрыпты  əрі  қарай  сөндірмей 
жалғастыру біздің міндетіміз. 
 
Əдемілік  пен  əсемдікке  құштарлық  адамзатқа  тəн.  Көркем  бұйымдар  мен 
зəулім ғимараттар  -  көз қуанышы. Ол жанды сергітеді. Ежелгі адамдар жын – 
шайтаннан қорғану   жəне өзін - өзі сəндеу үшін тəндерін нақыштап, киімдерін 
əшекейлеп, үйлеріне тұмар іліп қоятын. Осының нəтижесінде ою - өрнек пайда 
болды.  Ою -  өрнек латынның  «оrnamentum»  сөзімен  мəндес.  Оның  аудармасы 
əшекей,  өрнек,  бедер  деген  мағынаны  білдіреді.Көшпелі  қазақтар  табиғаттың 
əдемілігіне сүйсіне отырып, өз айналасының сұлулығына аса мəн берген. Оған 
дəлел халықтың ежелгі қолданбалы өнерінің маңызды бөлігін ою -өрнектердің 

 
78 
құруы.  Ежелгі  шеберлер  үшін  шабыт  көзі  табиғат  өсімдіктер  мен  жануарлар 
əлемі болған.  Олар ыдыс –  аяқты,  киім  –  кешекті,  қару  –  жарақты, үйлер  мен 
ғибратханаларды  тамаша  əшекейлеген.  Тіпті  ұлттық  билердің  де  өзіндік 
ерекшеліктері болған. Бишінің түрлі өрнектер жасап қозғалуы үлкен шеберлікті 
талап еткен. 
 
 Дүниежүзілік  бəсекеге  түскен  белсенді  қоғамымыз  ұрпағының  енжар, 
самарқау  болғанын  көтермейді.  Қазіргі  кездегі  мақсат  –  жан  –  жақты  білімді, 
өмір  сүруге  бейім,  өзіндік  ой  –  толғаны  бар,  адамгершілігі  жоғары  қабілетті, 
қарымтап  алға  басқан  өмір  ағымына  ілесіп,  өз  мүддесі  мен  халық  мүддесін 
қатар алға алып жүретін ойлы, ұғымтал, көреген, ынтымақшыл, жауапты, іскер 
жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Бүгінгі  мұғалім  жылына  бір  –  екі  рет  өткізілер 
ашық  панорамалық  сабақтарды  ғана  емес,  кез  келген  дəрісте  оқушының 
шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етуі қажет. Қандай ортада болмасын 
өзінің  айтар  ойы,  өмірге  деген  көзқарасы  қалыптасқан  оқушыны  дайындау 
арқылы  ғана  ісіміздің  оңға  басатынын  ұмытпағанымыз  жөн.  Бала  жүрегінің 
пернелерін дəл табу оңай емес. Бүгінгі мұғалім шəкірттерді қаталдықпен емес, 
мейірім шуағымен, ағыл – тегіл білімімен ғана баурап ала алады. Сабақ жүргізу 
барысында  мұғалімнің  барлық  оқушыға  бірдей  талап  қойып,  олардың  жеке 
қабілеттерін  ескермеуі  ұтымсыз  екені  айтылып  келеді.  Шығармашылықпен 
жұмыс  істейтін  оқушылар  үшін  бұл  талап  тиімсіз  екендігі  өз  алдына,  біз 
олардың  алдына  балта  шауып,  өз  қабілеттерін  жарыққа  шығаруына  тосқауыл 
болуымыз кəдік. 
 
Тəжірибе – қашан да тағылым көзі. Мұғалім түрлі жұмыстар атқарып, оны 
көпшілікке ұсынып, жалдатып, пікірін біліп отырса, сонда ізденіс болмақ. Осы 
орайда, шəкірт жүрегіне жол табар билікті, қадірлі ұстаз болу үшін мұғалімнің 
үнемі 
ізденіс 
үстінде 
болып 
тұру 
керектігін 
ескере 
келіп,оның 
шығармашылықпен,  ғылыми  –  зерттеу  жұмыстарымен  ұдайы  айналысып 
отыруы, күнделікті сабақ жоспары секілді, оқытушыға аса қажет дүниенің бірі 
екендігі туралы айта кету орынды. Жақсы ұстаз өзі біліп қана, сол білгендерін 
шəкірттеріне  үйретіп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар,  оқушы  бойындағы 
қабілетті  дəл  тауып,  оның  сол  талантының  ашылуына  ұйытқы  бола  біледі. 
Яғни,  «Бұлақ көрсең көзін аш». 
 
Қазіргі  таңда  еліміздің  білім  беру  саласында  реформалау  ісі  жүріп 
жатқандығы  белгілі,  білім  беру  мазмұнына  бұрынғыдан  өзгеше  көзқарас 
қалыптасуда,  ұлттық  менталитет  дамуда.  Педагогика  ғылымы  мен  оқу  тəрбие 
үрдісінде елеулі өзгерістер еңгізулуде.  
 
Қазіргі  білім  беру  саласында  оқытудың  жаңа  педагогикалық 
технологияларды меңгермейінші сауатты, жан – жақты жəне білікті маман болу 
мүмкін  емес.  Жаңа  педагогикалық  технологиялар  адамгершілік,  рухани, 
азаматтық жəне көптеген адами қабілеттердің қалыптасуына игі əсерін тигізеді, 
өзін - өзі дамытып, оқу тəрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
 
Бүгінгі күнде ғылымға жəне тəжірибеге негізделген жаңа технологияларды 
меңгермейінші,  оны  ұлттық  менталитетпен  үйлесімді  етіп  ұйымдастыра 
білмейінші,  болашақ  үшін  кəсіби  құзырлы,  шебер  маман  даярлау  да  мүмкін 
емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің кəсіптік келбетінің қалыптасуына 

 
79 
мол септігін тигізеді, əрі тұтас педагогикалық үрдісті үйлесімді ұйымдастыруға 
қол жеткізеді. Оқу орындары, əрбір мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық 
жаңалықтар  мен  өзгерістерге  лайық  қарым  –  қатынастар  жасалуы  керек. 
Оқушылардың  ғылыми  қоғамын  құруда,  оның  мүшелерін  таңдауда  түрлі 
үйірме,  қолөнер  шеберлігіне  таңдау  жұмыстарына  көңіл  бөлуде  көп  мəн 
бар.Əрбір  жасты  өзі  қызығатын  ісіне  тарта  білу  –  оның  шығармашылық 
жұмыспен  өз  қалауымен,  беріле  айналысуына  бастау  болады.  Мысалы  біздің 
№37  орта  мектепте  авиаүйірмесі,  қолөнер  үйірмесі,  өзім  өткізетін  «ескерткіш 
жазу»  мрамор,  гранит  тастарына  жазу,  портрет  салу  сияқты  сыныптан  тыс 
сабақтар баршылық. 
 
Жаңа педагогикалық технологияларда көрсетілген негізгі мəселелердің бірі 
оқушының  оқуға  ынтасын  арттыру,  ұжымға,  ортаға  қызығушылығын  ояту. 
Оқушыға білімнің тыңбай оқу нəтижесінде келетінін ескертіп отыру керек. Өзі 
өзіне  келіп  құйған  бұлақтарды  қабылдай  берсе  ғана  үлкейетіні,  іздеген  адам 
сирек те болса, табатыны, іздемеген ешуақытта таппайтындығы, құр оқып қана 
қоймай, сол оқыған нəрсені іске асыру, өмірде қолдана білу қажеттігі айтылып 
отыруы  шарт.  Сөз  соңында,  мұғалім  үнемі  оқып,  ізденуді  тоқтатқан  күні 
мұғалім  болудан  да  қалатындығы  туралы  даналық  сөзді  естен  шығармайық 
дегім келеді. 
 
Алдыңғы  арба  қайда  жүрсе,  соңғы  арба  да  сонда:  біздердің  алдымызда 
егемен  еліміздің болашағы отырғандығы əрдəйім жадымызда жүргей. 
 
 
 
Ж*нісбек
 С. 
Бейнелеу  нері жəне технология пəніні* м ғалімі 
№7 мектеп гимназиясы, Жез азған  аласы 
 
 
  ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ  ПАТРИОТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУДЕГІ 
МАҢЫЗЫ 
 
 
Еліміздің  ұлан  -  ғайыр    даласы  тарихи  ескерткіштерге  тұнып  тұр. 
Егемендік алғанға дейін де барды танытып, барынша аян етуге талай талпыну 
болғанын  білеміз.  Бірақ  осы  көкейді  тескен  мақсат  қағаз  жүзінен,  мінбеде 
айтылған  сөздерден  əрі  аспады.  Оның  негізгі  себебі  біздің  тарихымыз  сол 
кездегі саясатқа байланысты билік басындағыларға қажет болмады. Еліміз қазір 
бүкіл əлемге танылды. Егемен еліміздің саяси - əлеуметтік тəуелсіздігін баянды 
етудің  тегеуірінді  бір  кепілі  мəдени  –  рухани  жаңғыру.  Демек  саяси  - 
əлеуметтік тəуелсіздігімізді мəдени рухани азаттықпен ұластырғанымызда ғана 
еліміздің егемендігі, халық тағдырына қатысты мұраттарымыз өміршең болады. 
Елімізде  соңғы  жылдары  мəдени,  рухани  саланы    дамытуға  көп  көңіл  бөлініп 
жатыр, оның ішінде Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың қолдауымен «Мəдени мұра» 
бағдарламасы бойынша орындалып жатырған жұмыстар - ол ерекше. «Мəдени 

 
80 
мұра» бағдарламасына байланысты Елбасының «Ұлытау-ежелгі, тарихи астана, 
қазақ  халқының  алтын  бесігі,-ұлттық  символымызды  қалыптастырып, 
дамытуымыз  керек»  деп  көптенгі  ойды  іске  асыруға  қозғау  салған  болатын. 
Ұлытаудың  тарихи  ескерткіштері  ел  өткендегісін  көз  алдыға  елестетер 
көріністер, бұл біздің қазақ халқының үлкен мақтанышы жəне зор мəртебесі.  
Жалпы өнер рухани байлықтың тұнып тұрған қайнар көзі болып саналады. 
Соның  ішінде  тоқталып  отырғанымыз  –  бейнелеу  өнері.  Бейнелеу  өнерінің 
адамға сыйлар рухани байлығы ұлан ғайыр. 
Ертеден  бастап,  қазақ  халқы  осы  бейнелеу  өнеріне  өте  жақын,  жəне  біте 
қайнасып  келе  жатырғаны  белгілі.  Халықымыздың  қол  өнер  шеберлерінің 
тіккен  киім  кешектері,  киіз  үйдің  іші  сыртын  безендіруге  қолданған  адам 
таңғаларлық керемет ою өрнектері, ағаштан ойып жасаған ер тұрман, темірден 
жасалған  зергерлік  бұйымдары  қазіргі  таңда  бүкіңл  əлемді  таңқалдырып 
отырғанына  куəміз  жəне  біз  оны  мақтанышпен  көрсете  аламыз.  Тəуілсіздік 
алғанға  дейін  осындай    ата  бабаларымыздың    қолымен  жасалған  сəндік  қол 
өнері  туындыларын  көре  тұра,  қазақ  халқы  көшпенді  болғандықтан  өнерге, 
оның  ішінде  бейнелеу  өнерімен  байланысы  болмады  деген  пікірлерді  естіп 
келдік.  Қазір  алғашқы  дизайнерлік  шешімдердің  үй  тұрмысында  қолданылуы, 
біздің  ұлы  шеберлерімізден  бастау  алғанын  мақтанышпен  айтуымыз  керек. 
Жалпы  дүние  жүзінде  дизайн  шешімдерінің  алғашқы  бағытының  қалыптасып 
дамуына  біздің  ертедегі  қол  өнері  шеберлеріміздің  тікелей  əсері  болды  деп 
айтуымызға əбден болады. 
Егемендіктің  алғашқы  кезеңдерінен  бастап  ақ  мəдени  салада  үлкен 
өзгерістер  байқалып,  өнерде  жаңа  өзіндік  көзқарастар,  бағыттар    қалыптаса 
бастады.  Жахандану  заманында,  алпауыт  елдермен  бірге  ең  бастысы  ұлттық 
ерекшелігімізді  сақтап  қалу,  əрбір  қазақ  азаматының  негізігі  борышы  болмақ. 
Бұл  бүгінгі  күннің  көкейкесті  мəселесінің  бірі.  Өйткені  дəл  осы  кезде  неше 
түрлі  ағымдар  мен  бағыттардың  бəсекеге  түсіп,  арасынан  ең  көркемі, 
қарапайымы  халыққа  қажеттісі,  əсіресе  Батысқа  елкітеп  келе  жатырған 
жастарымызға  еліне  деген  сүйіспеншілігін  қалыптастыруға  ой  тастап  тəрбие 
беретін, ұлттық сезімге тəрбиелейтін, өз мəдениетіне, өнеріне мəн беріп, соны 
жандадыратын  тарихи  ескерткіштерімізге  ерекше  көңіл  аударуымыз  қажет. 
Ондай  қажетті  бағыттарды  үсті  үстіне  дамытып,  өз  ұлтымыздың,  еліміздің 
өнерін, ұлттық құндылықтарымызды дүниежүзіне  көрсете білуіміз керек. 
Қазақ бейнелеу өнерін қалыптастыруда ұлтымыздың мақтанышы, алғашқы 
кəсіпқой  суретшіміз  Əбілхан  Қастеев  ағамыздың  еңбегі  ерекше.  Бірақ  қазіргі 
уақытта  əртүрлі    ағымдардың  пайда  болуы,  реализм  бағытына,  оның 
қаншалықты  өмірге  қажеттілігі  жайлы  теріс  пікір  айтушылар  пайда  болуда. 
Қалай  дегенде  де  Əбілхан  атамыздың  шығармашылық  жұмыстары  біз  үшін, 
Қазақ  халқы  үшін,  қайталанбас  əлемдік  зор  туынды  екендігі  белгілі.  Мұны 
айтып  отырған  себебіміз,  қазіргі  шығармашылық  көрмелерде  жас 
суретшілердің    батыстың  мағанасыз  салынған  суреттеріне  еліктеулерін  көп 
кездестіретін  болдық.  Біз  мектеп  қабырғасынан  бастап,  ұлттық  рухымыз  бен 
болмысымыздың  соншалықты  жалаңаштануына  жол  бермеуге  қызмет 
жасауымыз  керек.  Жезқазған  қаласының  №7  мектеп  гимназиясында  бейнелеу 

 
81 
өнері жəне технология сабақтарында осы Ұлытау-Жезқазған өңіріндегі тарихи 
ескерткіштер мен тасқа салынған суреттерді оқыту арқылы оқушыларға ұлттық 
тəрбие  беруге  ұйымдастырылып    жатырған  мəдени-тəрбиелік    жұмыстар 
жетерлік. 
 Еліміздің  орта  мектептерінен  бастап,  жоғары  оқу  орындарының  өнерге 
байланысты  мамандықтарының  оқу  бағдарламалары  өзінің  Отанын,  салт 
дəстүрін,  əдет  ғұрпы  мен  жерінің  сұлулығын,  өз  менталитетімізге  тəн 
тапсырмалармен  толықтырылған  жөн  деп  ойлаймын.  Өйткені  сол  арқылы 
ұрпақты  тəрбиелеп  салт  санамыз  бен  өзіміздің  ұлттық  бояу  түсімізге  тəн  əдет 
ғұрпымызды  келешекке  жеткізетін  біз  боламыз.  Бұл  біздің  егемен  еліміздің 
беделі  жоғары  елдер  қатарында  болуына  қосатын  мойнымыздағы  парызымыз, 
себебі,  өз  отаныңды,  ұлттық  өнерімізді  бізден  артық  түсініп,  бізден  артық 
жеткізетін біз, яғни қазақ халқы.  
Əрбір шығармашылық өнер белгілі бір мағыналық терең ойды білдіретін, 
əрі  көркем  туынды  болу  керек,  мағанасы  төмен,  бейнелеу  өнерінің  ешқандай 
талабын сақтамай құр шимай сызықтардың біздің халқымызға ешқандай қажеті 
жоқ  деп ойлаймыз. Əрине бұл жерде суретші  өмірдің тура жансыз көшірмесін 
жасауға  міндетті    емес.  Ол  өмірдің  материалынан  мəдениеттік  көзқарас 
қалыптастыратын  ерекше  туынды  жасауға  міндетті.      Бұл  жерде  атақты 
орыстың  суретші-ұстазы  В.Крымовтың  бір  естелігін  айтып  кеткен  дұрыс 
сияқты.  Бірде  суретшілердің  көрмесіне  барып,  жаңа  бағытқа  бет  алған  бір 
суретшінің жұмысын көрдім, керілген кенепке ешқандай бояу жағылмаған, тек 
ортасына  үлкен  бір  көр  шегені  қағып  қойған.  Көрмеге  келген  көрермендер 
мынаны «қай нақұрыс» жасаған деп күбірлесіп өтіп жатыр. Екінші бір жұмыста 
стол  үстіндегі  шай  жабдықтары  бейнелеген  натюрмортты  көріп  «қандай 
керемет»  деп  тоқтап  мұқият  зер  салып  қарайды.  Міне  осыдан  қарапайым 
халықтың  əдемі  мен  жаманды  ажырата  алатынын,  ненің  қажет,  ненің  қажет 
емес екендігін түсінетінін байқауға болады.  
Əрине,  айналадағы,  өзге  елдердегі  болып  жатқан  жаңалықтарды,  шет 
елдердегі жақсы өнер туындыларынан хабардар болу,  оны білу, көру, тыңдау  
қажет,  бірақ  біз  үшін  ол  тек  салыстырма  ретінде  пайдаланғанымыз  жақсы.   
Өнер  арқылы  өскелең  ұрпақты  тəрбиелеп,  еліміздің  болашаққа  деген  сенімін 
нығайта  түсу  біздің  міндетіміз.  Туған  еліміздің  əлемдегі   өркениетті  елдермен 
терезесі тең болуына, еліміздің жастарының санасы терең, əрі жан жақты, білім 
жоғары,  елінің  патриоты  болуы  басты  шарт.  Қазіргі  таңда,  кез  келген 
суретшіміз ұлттық ерекшелігімізге сəйкес, əлемдік деңгейге көтеріліп, елімізді 
əлемге  танытып  жатыр.  Қазіргі  таңда  мəдениет  саласында  елімізді  алдынғы 
орында  əлемге  танытып  жүрген  спорт  пен    өнер  салалары  екені  даусыз. 
Сондықтан  біз  шет  елдердің    өнер  бағыттарына  еліктеп,  шет  елде  көрме 
ашамын, оларды таң қалдырам, сол арқылы танымал боламын деу таяз түсінік 
деп ойлаймын.  
Біз, болашақ жастарымызға əрбір елдің мəдениетін, өнерін дамытуға ықпал 
жасайтын, ерекше орны бар тарихи ескерткіштерді, тасқа салынған суреттерді, 
адамның  рухани  байлығын  жетілдіретін  ұлттық  өнерімізді  қастерлеуді 
қалыптастыруды, оқыту барысында тиімді қолдана білейік. 

 
82 
 
Əдебиеттер:  
 
1. Е. Төлепбаев.  Картинаны көру мен оқудың арасы жер мен көктей Нұр 
Астана , республикалық саяси - қоғамдық газеті. № 30 қаңтар 2008  
2. С.Ə. Аманжолов. Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы, 2006 ж.
 
 
 
 
Ахманұлы Субхан  
Е)У редакциялы  баспа б ліміні* аға маманы 
$аза   ол нерін жа*а заман  нерімен  штастыру 
 
Мəдени  мұра  бағдарламасы  өнер  мамандарының  шығармашылық 
тəжірибесін  дамытуға  шынайы  белсенділік  танытып  келеді.  Мəдениетіміз 
ұлттық  шеңбермен  шектелмей,  əлемдік  мəдениет  кеңістігінде  өмір  сүруі  тиіс. 
Қазақстандық  бiлiм  берудiң  ұлттық  моделi  əлемдiк  бiлiм  беру  кеңiстiгiне 
ықпалдастырылған  жəне  жеке  тұлға  мен  қоғамның  қажеттiлiктерiн 
қанағаттандыруға  бағытталған,  көп  деңгейлi  əрi  үздiксiз  бiлiм  беру 
сипаттарымен ерекшеленбек.  
Қазақ халқының мəдениетi мен өнерi, қазақ жерiнде тұратын өзге халықтар 
өнерi  мен  мəдениетiнiң  бiрлiгi  ұлттық  өзiндiк  сананың  дұрыс  қалыптасуының 
маңызды  факторы  болып  табылады.  Сонымен  қатар,  ол  өзiне  ең  жақсысын, 
əлемдiк көркем мəдениеттiң озығын, өскелең ұрпақтың оқуы мен тəрбиесiндегi 
əлемдiк тəжiрибесiндегi оң жетiстiктерiн алуы тиiс. 
Қазақ    елінің    топырағынан    жаратылып,  жоғары    дəрежелі    білім    алып, 
қазақ  қолөнерін  жоғары  бағалап, талдау  жасап, ою-өрнекті  топтастырып  бір  
жүйеге  келтірген  этнограф  тарихшы, əдебиетші, өнер  танушы  аталарымыз  
Ш.Уəлиханов, 
Ə.Марғұлан, 
Ө.Жəнібеков, 
Х.Арғынбаев, 
Т.К.Бəсенов 
т.б.жұмыстарын  айта  кетуімізге  болады. Қазіргі  таңда, жас  елде  көне  өнер  
түріне    сүйіспеншілік,  оны    үйрету    процестері    көптеген    елді  мекендерде, 
ауыл-қалаларда  тез  дами  бастады. Мектептерде  үйірмелер, арнаулы  сабақтар  
жүргізіліп,  көрмелер  ашылды. Көптеген  шағын кəсіпорындар, кооперативтер 
киім, кілем, ыдыс, ағаш  бұйымдарды  жасауда  ою-өрнектерді  көптеп  қолдана  
бастады [1]. 
 
Жалпы  қазақ  халқының  дəстүрлі  қолөнері  18  түрлі.  Олар  негізінен 
мыналар:  ағаштан  бұйымдар  жасау,  жүннен  бұйымдар  жасау,  арқан-жіп  есу, 
киіз  басу,  киізден  бұйымдар  жасау,  кілем  тоқу,  теріден  бұйымдар  жасау, 
сүйектен,  тұяқтан  жəне  мүйізден  бұйымдар  жасау,  металдан  бұйымдар  жасау, 
ши  тоқу,  ер-тұрман  жасау,  кесте  тігу,  киім  тігу,  аяқ-  киім  тігу,  сабын  жасау, 
бояу жасау.  
Қазақ  қолөнерінде  жас  жеткіншектердің  ой  өрісі  мен  білімін, 
дүниетанымын  кеңейтуде  ою-өрнектің  алатын  орны  айрықша.  Этнограф 
ғалымдардың  пайымдауынша  осы  уақытқа  дейін  ою-өрнектің  200-дей  түрі 

 
83 
анықталып отыр. Соның ішінде мүйіз тектесі қазақ ою-өрнектерінің төркіні деп 
саналады. 
Қолөнер  –  қашаннан  халықтың  күнделікті  тұрмыстық  қамтамасыз  етуге 
қызмет  атқарады.  XIX  ғасырда  жəне  XX  ғасырдың  басында  қазақ  халқының 
дəстүрлі  қолөнерінің  ішінде  киіз  үйдің  сүйегін,  ағаш  төсек  жасау,  ағаш 
өрнектеу, кесте тігу, өрнек тоқу, киіз басу кең өрістеді. Бір ғажабы осы уақытта 
жастарға  арнап  ер-тұрман,  белдік,  қыз-келіншектерге  арнап  сəукеле,  шашбау, 
білезік, сырға жасауға сұраным артты. Бұл əрине, халықтың тұрмыс деңгейінің 
жақсаруы мен рухани жан-дүниесінің дүр сілкінген кезеңі болса керек. Жалпы 
қазақ қолөнерінің дамуында əр дəуірдің өзіндік табы бар. 
Əрине,  адамзат  қоғамы  алға  жылжыған  сайын  қазақ  халқының  дəстүрлі 
қолөнерінің бірқатары жаңа түрге ие болып, кейбірі күнделікті тұрмысқа қажет 
те  бола  қалмағаны  ақиқат.  Бұл  күндері  фарфордан,  тоттанбайтын  металдан, 
эмаль  жалатылған  темірден,  пласмассадан,  жасанды  талшықтардан  жасалған 
сəнді  жиһаз,  бұйымдар  көп.  Халқымыз  ғасырлар  бойы  тұтынып  келген, 
көптеген  мүліктердің  түрлері  мен  сапасы  да  үсті-үстіне  жаңаруда.  Бірақ  қазақ 
қолөнері  бұнымен  халық  тұрмысын  да  өзінің  ежелгі  маңызын  жоғалтып 
отырған  жоқ.  Олай  болса,  қазақ  халқы  қолөнердің  бай  мұраларына  қазіргі 
заманға  сай  жаңаша  сипат  бере  отырып,  оларды  жетілдірудің  техникалық 
жүйесін  қалыптастыру  қажет-ақ.  Зергерлік  өнердегі  əсемдік  жəне  бағалы 
заттарды  сыйлық,  естелік  ретінде  көптеп  шығару  да  республиқалық  деңгейде 
ойластырылатын мəселе. 
Рас,  ел  ішіндегі  бірқатар  қолөнер  шеберлерінің  қазіргі  таңда  жасап, 
халыққа  таратып  жүрген  бұйымдарының  бірқатары  эстетикалық  жағынан 
жоғары талапқа сай емес. Қолөнер шеберлерін оқыту, үйрету істерінің де ұмыт 
қалуынан  бүгінгі  қазақ  қолөнері  көп  жерлерде  өздерінің  заңды  даму 
гармониясын  таба  алмауда.  Тек  ағайынды  Тұрсынжан  Махмұт,  Айтберген 
Құлмановтар XVI-XVII ғасырлардағы қару-жарақтың жəне зергерлік заттардың 
үлгісін  түрлендіріп,  қазақ  қолөнерін  қайта  жаңғыртуда  [2].  Алайда  елімізде 
халық  өнерінің  бұйымдары  тек  қана  мұражайлар  мен  көрмелерде  ғана  тұруға 
тиіс  деген  теріс  бір  көзқарас  қалыптасып,  шеберлер  қолынан  шыққан  асыл 
бұйымдарды күнделікті тұрмыста пайдалануға мəн бермеуде. Бүгінгі таңда осы 
жағына  басымдау  мəн  берілсе  –  оны  қызыға  жасайтын  қолөнершілер  де 
көбейіп,  тұтынушы  адамдар  да  молая  түсер  еді.  Бүгінгі  ұрпақтың  міндеті  осы 
жойыла жаздап, қайта жандана бастаған қолөнер шеберлігін қайта түлету. Оны 
халық арасына кеңінен насихаттау. 
 
Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Самұратова Т. Бейнелеу өнері тарихы. –Астана: ЕҰУ, 2010.  
2. www.zashtar.biz 
 
 
 
 
 

 
84 
Жантілесова
 А. 
Технология жəне бизнес колледжіні* 
о ытушысы, суретші 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет