Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет15/43
Дата25.12.2016
өлшемі5,42 Mb.
#400
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43

Литература
1.
 
Мандельштам  О.Э.  Полное  собрание  сочинений  и  писем.  В  тёх  томах.  –  Том  первый. 
Стихотворения.  –  М.:  Прогресс-Плеяда,  2009.  –  808  с.  –  Том  второй.  Проза.  –  М.:  Прогресс-
Плеяда, 2010. – 760 с.  
2.
 
Литературный  энциклопедический  словарь  /  Под  общ.  ред.  В.М.  Кожевникова,                           
П.А.  Николаева.  Редкол.:  Л.Г.  Андреев,  Н.И.  Балашов,  А.Г.  Бочаров  и  др.  –  М.:  Сов. 
энциклопедия, 1987. – 752 с. 
3.
 
Адамович Г.В. Стихи, поза, переводы. - СПб.: Издательство «Алетейя», 1999. – 560 с. 

 
 
147 
4.
 
Лермонтов  М.Ю.  Стихотворения.  Поэмы.  Маскарад.  Герой  нашего  времени.  -  М.: 
Художественная литература, 1972. - 768 с. - (Библиотека всемирной литературы). 
5.
 
Иванов  Г.В.  Собрание  сочинений.  В  3-х  т.  Т.  1.  Стихотворения.  –  М.:  «Согласие»,  1993.  –         
656 с. 
6.
 
Лермонтовская  энциклопеция  /  АН  СССР.  Ин-т  рус.  Лит.  (Пушкин.Дом);  Науч.  -ред.  Совет 
изд-ва «Сов. энцикл» М.: Сов. Энцикл., 1981. – 746 с.  
7.
 
Адамович  Г.В.  Собрание  сочинений.  Литературные  заметки.  Кн.  1  («Последние  новости» 
1928-1931). – СПб.: Алетейя, 2002. – 786 с. 
8.
 
Вацуро В.Э. Лермонтов // История всемирной литературы: В 9 т. – М.: Наука, 1989. –Т. 6.– С. 
360-369. 
9.
 
Ахматова А.А. Собрание сочинений: В 6 т. Т. 1. Стихотворения. 1904-1941. – М.: Эллис Лак, 
1998. – 968 с. – Т. 2. В 2 кн. Кн. 2. Стихотворения. 1959-1966. – М.: Эллис Лак, 1999. – 528 с.   
 
 
 
ОӘЖ 82.512.122.06 
 
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ РОМАНТИЗМ 
 
Исақ Н.Н. 
(Астана қ., «Астана» университеті) 
 
 
 
Абайдан  кейінгі  дәуірдің  ең  атақты  ақыны  -  Мағжан  Жұмабаев  ХХ  ғасырдың  
қазақ поэзиясында алатын орны алабөтен. Әр заманның өзіндік стилі, қыры, ойшылы, 
ақын  болады  десек,  ақын  –  заманының  ұлы.  Заманның  бағыты  әдебиетіне  әсер  етпей 
тұрмайтыны белгілі. Жаңа идея, тың ой, тосын образдар әлемі дүниеге келе бастайды. 
М.Әуезов  20-шы  жылдардағы  әдебиеттің  даму  сипатын  саралай  келіп,  жаңа  дәуір 
ұсынған бағытты “сыршылдық” деп атады. 
Сыршылдық  –  романтизм  бағытының  негізгі  көркем  шарттарының  бірі. 
Романтизм    «ағылшынша  -romanticism,  немісше  -romantic»  –  кейіпкерлері  әдетте 
болмыстың  ырқымен  келіспейтін,  жақсы  өмір,  бақыт,  азаттық  үшін  күресетін  күшті 
жандар  болып  келеді.  Романтизм  –  тарихи  құбылыс.  Оның  әсері  айтарлықтай  болып, 
көркем  өмірдің  барлық  саласын,  философияны    тарих  және  филология  ғылымдарын, 
табиғаттанудың  көптеген  салаларын,  тіпті  медицинаны  да  өзіне  бағындырып  алды  . 
XVIII  ғасыр  ортасында    «романтика»    сөзі    ағылшын  поэзиясында  шығармашылықты 
таныту  мақсатында  қолданылады.  XX  ғасыр  басында  Б.Күлеев,  М.Жұмабаев 
поэзияларында романтизм биік деңгейде көрінді. 
Мағжан  шығармасындағы романтизмнің көркемдік жүйесі көп десек болады. 
Ж.Аймауытовтың  «Мағжанның  ақындығы  туралы»  (1927ж)  мақаласында 
«Мағжан  романтизмге  салынып,  көшпелі  дәуірдің  рухын  айнаға  түсіріп  отыр  деуге 
болады» [1. 157 б.] деген пікірінде ақын романтизмнің табиғатын танудың негізі жатыр 
деп ойлаймыз. Әдебиеттегі романтизмнің қайнары – қазақ халқының көшпелі салтында. 
Табиғат  аясында  ғұмыр  кешкен  халықтың  көркем  мұрасында  асқақ  рухта, 
сыршылдықта,  болашаққа  жетелеген  арман  да  болатын.  Мағжан  романтизмі  жаңа 
дәуірдегі  қазақтың  мұңы  мен  шерін,  арманын,  аңсарын  дәл  көрсетті.  Жүректің  сөзі  – 
ақынның  жан  сыры.  Романтиктер  үшін  жан-рух-өте  маңызды.  Жалпы  адамның  жан 
сыры табиғатпен, өнермен байланысты. Ал, шабыт пен ерекше жан сергісін туғызатын 
махабатты  бастан  кешіргенде  ашылмақ.  Демек,  адамның  шын  болмысы  күнделікті 
жағдайлардан  емес,  рухани  қажеттіліктер  мен  жан  сырының  қалауымен  жүрген  кезде 
ғана танылмақ.  

 
 
148 
Мағжан  нағыз  романтик  ретінде  өмір,  өлім,  өнер,  табиғат,  махаббат  жайындағы 
пікірі ерекше.   
«Батыр Баян» поэмасын - романтикалық деп алуымызға болады. Мұнда ақын  
жалғыздықты жырлайды. Қалмақ қызының сұлулығын, әсемдігін автор өз сөзімен 
жеткізгендей болады.  
Заман  мен  ақын,  тарих  пен  ақын,  ел  намысы,  махаббат,  туыс  сезімі  және 
қызғаныш  сияқты  құбылыстармен  астастыра  жеткізуі  «Батыр  Баян»  поэмасын  рухани 
сеніммен,  келешекке  көз  тіккен  үмітпен  аяқтауының  өзі  кез  келгеннің  қолынан  келе 
бермейтін жай екендігіне көзімізді жеткізеді.  
Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат  
Баянсыз қанатымды қалай жаям?!  
Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,  
Келмесе  қандыбалық  батыр  Баян  –деп,  Баянды  өзге  батырдан  жоғары  қояды. 
Мағжанның  поэмасында  бар  батырлар  кездеседі:  Хан  Абылай,  Қанжығалы  Бөгенбай, 
Ер Жәнібек, Жас Жанатай.  
Поэманың  алғашқы  және  соңғы  бөлімдерінде  Мағжанның  толғанысы  бар. 
«Меннен» бастау алған терең лиризм Баянның оқиғасына әдемі үйлесіммен ауысады.  
Екі жас аттарынан ұшып түсті,  
Түскенде бірін-бірі құшып түсті.  
Жүректен атып, ыршып шыққан қанмен  
Жалғыз-ақ «Ах» десті де «Жаным!» - десті.  
«Батыр Баяндағы» жүрек шері, сезім толғауы,  
-Дариға, жазамнан да күнәм басым,  
Тәңірден кешірім болмас, дегенмен алты алаш кешер»,-деп аласұрған Батыр 
Баяндағы жан арпалыс байқалады.  
Романтизм  романтизмге  келіп,  оның  жалпы  жүрісін  өзгертуге  әрекет  жасап, 
шамалары  жетпей,  кейін  одан  кетуге  мәжбүр  болған  романтиктердің  өздерінің    жеке 
бас тарихтарымен де сәйкес келе бермейді.  
Романтиктер  тарих  сахнасын  әр  түрлі  кездерде  кетті.  Бір  елде  оның  ықпалы  20-
шы жылдардың өзінде тоқталса, енді бірінде жетістікке жеткен уақыт болды. Бірақ та 
ғасыр ортасына қарай оны реализм ығыстырып, өткеннің естелігіне айналды.  
Творчестволық  әдіс  екеу  -  романтизм,  реализм.  Екеуінің  де  негізгі  сипаттарын 
Ф.Энгельс  белгілеп  бергені  –  романтизмді  «ерекше  жағдайда  ерекше  характер»  жолы 
ретінде  түсіндірсе,  реализмді  «детальдар  шыншылдығымен»  қоса,  «типтік  жағдайда 
типтік  характер  жасау»  жолы  ретінде  түсіндіреді.  Романтизмді  реализмнен  бөліп 
әкетіп,  араларына  ылғи  шек  қоя  берудің  қажеті  жоқ.  Белинскийше  айтсақ,  «бір-біріне 
кереқар келгенмен, түбінде бір мақсатқа апаратын бағыттас әдістер».  
Бұл сөзімізге дәлел ретінде «Гүлсімге» өлеңін саралайық: 
Ботакөз, сиқырлы сөз, Гүлсім ханым,  
Әр жерде өткізсек те өмір таңын-деп өз жырларын арнайды.  
Бұл  өлеңнен  романтизм  мен  реализм  қатар  келгенін  байқаймыз.  Ақын  көптеген 
кәрі жас ақындар жырлаған мамажай, сылбыр көктемге ұқсамайтын, өзгеше жан. 
Романтизмнің  түп  тамыры  жайлы  айтсақ,  толық  анықтама  берген  германдық 
жазушы  Шеллинг  болды.  Шеллинг  «Тамаша  бір  уақыт  еді...  адам  рухы  барынша 
ашылып,өзін  өмірдегі  бар  еркіндікке  және  оның  не  нәрсе  екендігін  емес,  не  істеуге 
болатындығын сұрауға толық құқылы еді» - деп жазды.  
Бұл бағытты біреулер дұрыс түсінсе, кейбіреулері бұрыс түсініп, әртүрлі кереғар 
ұғымдар  пайда  бола  бастады.  Әр  заманның  өзіндік  стилі  болады  десек,  сол  стильді 
жасайтын, дамытатын да, жаңғыртатында – адам.  
ХХ  ғасыр  басындағы  орыстың  бірінші  буржуазиялық  төңкерісінің  қазақ 
зиялыларына  әсері,  олардың  қауымдасып,  ұлт  азаттығы  жолында  саяси,  мәдени 

 
 
149 
шараларға  көшуі  албырт,  әсершіл  жас  ақын  лирикасының  мазмұнын  белгіледі. 
Табиғаты  өзімшіл,  сыршыл  Мағжан  сол  іс  –шаралар  мен  идеялардың    нәтиежелі 
боларына  сенді,  екінші  жағынан  сол  тұстағы  қазақ    елінің  бодандықтағы  ауыр  халіне 
наразылық  білдіреді.  Лирика  –көркем  әдебиеттің  негізгі  саласының  ,  жанрының  бірі, 
басты  ерекшелігі  –адамның  көңіл-күйін,  сезім    дүниесін  тікелей  бейнелеп  көрсетеді 
.Лирикада ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын 
терең  оймен  суарылған,  нәрленген  жалынды  сезім.  [Ахметов  З.Әдебиеттану  терм-ң  
сөздігі,Алматы,1996 , 133-б] 
Мағжанның «Сүйгеніме» өлеңінен лиризмді байқаймыз.  
Сөзім, көзім айтып тұр сүйгенімді, 
Қуарған, сарғайған, жүз күйгенімді. 
Талған жүрек, жүдеген, солған дене- 
Сүюдің қолына ен тигенімді.  
Е.Тілешовтың  «Суреткер  және  көркемдік  әдіс»  монографиясында  ақынның 
поэзиясы жайлы, романтизм, реализм, сентиментализм, символизм көркемдік әдістерін 
кеңінен  қарастырған.  Негізгі  нысан  ретінде  романтизм  болғандықтан,  автор  ақынның 
романтизмін  қарастыра  отырып,  ондағы  айырмашылық  жайлы,  заман,  уақыт,  туу, 
қалыптасу  себептерін  айқындайды.  Оның  еңбегі  ақынды  арнайы  зерттеумен  бағалы 
десек болады.  
 Асылында,  Мағжан  Жұмабаев  ағартушылық,  сыншыл  реализмдердің  үлгісін 
қабылдағаны  сияқты,  Абайдың  соңғы  өлеңдерінде  философиялық  сарын  көп  болған. 
Бұрынғыдай  өсиет  айтып,  сын  жазып,  өзімен  сырласуын  қойғандай.  Мұндай  үлгілер 
Мағжанда да кездеседі.  
Ақын: «Жатыр» өлеңінде: 
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,  
Кілтін өнер - білім алып жатыр,- демекші, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі 
де жоқ екеніне өзегі өртенеді. Қолында дәулеті бар деген бай-болыстар да, азын-аулақ 
оқыған төрелер де өз басының қамын ойлаумен жүр, қыз балалар малға сатылуда деп, 
ашына жазады. 
Қарап  отырсақ,  романтикалық  образ  қазақ  әдебиетінде,  сонау  Жел  аяқ  пен 
Көрегеннен,  Сәбит  Мұқановтың  «Сұлушашы»,  Жұмағали  Саинның  «Күләндасы», 
Әбділда Тәжібаевтың «Абылынан», және т.б көруге болады.  
Айталық,  махаббат.  Бұл-  өмірде  тұрақты  шындық,  өнерде  мәңгілік  тақырып. 
Хакім Абай:  
Махаббатсыз - дүние бос, 
Хайуанға оны қосыңдар - деген.  
Қазіргінің  махаббатын  бұрынғының    Ләйлі-Мәжнүнің,  Қыз  Жібегі  мен 
Төлегеннің,  Қалқаман  мен  Мамырдың  арасындағы  сезімдерше  суреттесек,  өз 
дәуірімізге сай келер еді.  
Қыз Жібектің ақтығы, 
Наурыздың ақша қарындай.  
 Ақ бетінің қызылы,  
Ақ тауықтың қанындай.  
Міне, ғажап! Осыған ұқсас ақын махаббатты тұтатқан «Әйел» өлеңінде:  
Сезгіш, сүйгіш жан беріп, 
Махаббат, рахмет теңізден.  
Жаратты тәңірі әйелді, 
Бастасын деп бар ерді, 
Туралық, шындық жолына,- деп лирикаға ауады.  

 
 
150 
«Адамның  шынайы  махаббаты  ...тек  қана  бір-бірінің    адамшылық  қасиеттерін 
өзара қастерлеуге негізделуі тиіс»- дейді В.Г.Белинский. [3; 281-бет, Асыл мұра] 
Осы бойда ақынның мына бір шумақ өлеңі еріксіз бойыңды баурап алады.  
Сөзің – сиқыр, есті тұман басқандай,  
Ессіз жүрек дария болып тасқандай. 
Күлкің, күнім, күндей күміс табаққа  
Мінсіз сұлу меруертті шашқандай.  
Ақын терең суреттер арқылы жеткізіп, терең сезімді оята алады. Ақынның әрбір 
айтқан сөзіне, теңеулеріне еріксіз ере бергің келеді.  
Әйел сүйем, бірақ емес сендерше, 
Мен сүйемін, жан-дүниесін бергенше.  
Жан-денесін бірдей алам, улаймын,  
Қысып сүйем, құшағымда өлгенше- дейді ақын «Сырым» атты өлеңінде.  
Ақынның бұл өлеңінде бірге жарасты жастық, махаббат лебіздері де назбен еседі.  
Өткенді  айтып, домбыраны қанша діңгірлетсе де  – одан шын поэзия шықпайды. 
Ал,Мағжан міңгірлемейді, асқақ тебіренеді.  
«Меніңше- бұл өмірде махаббат асқан қазына жоқ» -дейді І.Есенберлин [285-бет] 
Махаббаттың мың түрлі құпиясы бар,  
Жүрек оны жан шыққанша жасырар.  
Ақын  тағдыры  жайында  Бердібаев:  «Кеңес  өкіметінің  орнауы,  оның  әміршіл-
әкімшіл  саясаты  Мағжанның  бірқатар  шығармаларының  романтикалық  пафосын 
дүниеге  әкелді.  Большевиктік  тәртіптерге  көңілі  толмаған  ақын  өз  заманының 
шындығына,  өткен  дәуірдегі  қазақтың  еркін  дәуренін  суреттейді.  М.Жұмабаевтың 
мұндай  шығармаларында  бірінші  қатарға  қоғамның  объективті  заңдылығы  емес, 
осылай болса деген сенімі мен идеалы шыққан. Бұл романтизм еді. [Бердібаев Р. Ақын 
тағдыры. Жинақта: Бес арыс Алматы, 1992, 332 б] 
Романтиктер  өздерінің  кереметтер  мен  қиял-ғажайыптарға  құштар  екендігін 
жасырмайды. Философ Новалис: «Әдеттегі өмір мен тағдырдың өзі романтикаға толы. 
Үлкен болсын, кіші болсын, біз үлкен бір романның ішінде өмір сүріп жатырмыз» - деп 
жазады. 
Мұндағы,  роман  дегеніміз  –  сюжеттік  құрылымы  күрделі,  көп  желілі,  кейіпкер 
бейнесін  ол  өмір  сүрген  уақыт,  ол  тірлік  кешкен  орта,  басқа  прозалық  жанрларға 
қарағанда  ұзақ  уақытты,  байтақ  кеңістікті  қамтитын  көлемді  эпикалық  шығарма. 
[Ысмақова А. Әдебиеттану терминд-ң сөздігі, Алматы. 1996, 175б] 
Қоғам шындығымен келісе алмаған Мағжан ақын өткеннен ем іздемей, болашаққа 
үлкен  үмітпен  қарайды.  Өмірдің  баянсыздығын,  әділеттің  жойылып  бара  жатқанын 
айтады. Ақын өлеңдері, поэмалары барша жұртқа әсер етті десек болады. 
 
 
 
Әдебиет: 
1.
 
Ә.Қ  Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994,157б. 
2.
 
Ахметов З. Әдебиеттану терминдерінің  сөздігі, Алматы,1996 , 133-б. 
3.
 
А.А.Теміралиева. Асыл мұра. Алматы; 2013, 281-285б. 
4.
 
Бердібаев Р. Ақын тағдыры. Жинақта: Бес арыс Алматы, 1992, 332 б. 
5.
 
Ысмақова А. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі, Алматы. 1996, 175б. 
 
 
 
 
 
 

 
 
151 
УДК 512.14 
 
ПОЭЗИЯ ТІЛІНДЕГІ «АТАМЕКЕН» КОНЦЕПТІСІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУ 
ЕРЕКШЕЛІГІ  
 
Искакова А.С., Таласпаева Ж.С. 
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 
 
 
 
Көшпенді түркі халықтары үшін кеңістік ұғымы әрі горизонталды әрі вертикалды 
формада қабылданатыны оның түрлі мифтерде, ауыз әдебиеті үлгілерінде, поэзия мен 
прозада  сақталған  тілдік  бейнелерінен  көрінеді.  «Кеңістік  –  қазақтар  үшін  шексіз 
космос. Осы космоста  олардың  «өз микрокосмосы бар, ол  –  «атамекен» деп аталатын 
олардың  бүкіл  болмысын  өзге  ықпал  етуші,  үйлесімділігін  бұзушы  күштерден 
сақтайтын, ата-бабасынан мұраға алып келе жатқан өздері үшін ерекше «жұмақ, жайлы 
жер» [1, 22 б.].  «Атамекен» ұғымы осы тіркестердің құрамындағы «ата» және «мекен» 
сөздерінің  ассоциативті  мағыналары  арқылы  да  объективтенеді.  Ата  -  «ата-баба» 
мағынасында  әрі  «ежелгі»  мағынасында  алынады,  мекен  –  «тұрақ,  өмір  сүретін,  өсіп-
өнетін территория» деп түсінеміз. Сонда атамекен «ата-бабаларынан мекен етіп, өркен 
жайып  келе  жатқан  жер»  деген  ұғымды  береді.  Атамекен  атауы  кейде  лекика-
семантикалық  мағынасынан  атажұрт,  атақоныс,  туған  жер,  Отан  сөздерімен  де 
ауыстырылып қолданылады. І.Кеңесбаевтің «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» 
«туған жер» сөзіне мынадай анықтама беріледі: «Туған ел – торғын беісік. Туған жер. 
Отан,  өз  елі,  кіндік  кесіп  туып-өскен  жері  [2,  519  б.].  Осындағы  «Отан»  деп 
отырғанымыз – қазіргі ұғым атауы. Адамдар қай кезеңде де, әсіресе, түркі халықтары 
қоғамдасып өмір сүруге  ерте кейінгі орта ғасырларда, айталық, ХІІІ-ХVІІ ғасырларда 
белгілі  бір  этникалық,  территориялық  тұтастықтарға  бөлініп  өмір  сүрген,  оның  ірі-
ірілерін ғылымда хандық деп атап жүрміз. Ал ертеректегі ата-бабаларымыз бұл ұғымды 
Отан, мемлекет, хандық деп атамай, ел, жұрт, байтақ, ел-жұрт, ел күн деген сөздермен 
білдірген»  [3,  44  б.].  Бірақ  көшпенді  қазақ  халқы  үшін  тіл  дамуының  бертінгі 
кезеңдерінде  қалыптасқан  «туған  жер»,  «Отан»  атауларына  қарағанда  «Атамекен» 
ұғымының  мағынасы  әлдеқайда  кең,  әлдеқайда  терең.  Атамекен  ата-бабадан  ұрпаққа 
мирас  болып  қалған  ежелгі  құтты  қоныс,  мекен  [4,  53  б.].  Сондықтан  «Атамекен»  - 
адамзат тарихымен адам баласының ой-санасында жоғары тұратын қасиеті де, қастерлі 
ұғым.  «Атамекен»  кез  келген  ұлт  үшін  аса  маңызды  рөл  атқаратыны  белгілі.  Оның 
ішінде қазақ халқы «кіндік қаным тамған жер» деп қастерлейді.  
Қазақ  танымындағы  «Атамекен»  концептісінің  логикалық  моделі  «Отан»  Туған 
жер»  «Ата  қоныс»  сияқты  күрделі  логикалық  ассоциациялардан  тұрады.  Оны 
тіліміздегі  «Ата  қоныс  —  алтын  мекен»,  «Отансыз  адам  —  армансыз  бұлбұл»  т.б 
паремиологиялық бірліктер құрамынан көруге болады.  
Біз  «туған  жер»,  «ел»  концептісінің  қазақ  танымында  қандай  ұғым  беретінін 
қарастыра  отырып,  халықтың  басынан  кешкен  өмірін,  ұлттық  ерекшелігін, 
дүниетанымын тани аламыз, адамзатты табиғатты, Отанын сүюге тәрбиелейміз. «Туған 
жер»  концептісін  зерделеу  арқылы  адамның  ой  мен  түсінігін  тұжырымдап  тілдің 
этнолингвистикалық  сипатын  айқындай  аламыз.  «Туған  жер»  концепісі  қазақ  халқы 
үшін  ерекше  құнды  дүние  болып  табылады.  Біз  үшін  «туған  жер»  немесе  «ел» 
концептісі  «атамекен»,  «ата-қоныс»,  «ата-жұрт»,  «кіндік  қаны  тамған  жер»  секілді 
модельдердің қатысымен анықталады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын 
мәдени  мұра.  Қазақ  ақын-жазушыларының  ішінде  туған  жер  тақырыбына  қалам 
тартпаған  қаламгер  болмаған  шығар.  Сондай  ақындардың  бірі  –  Сәкен  Сейфуллин. 

 
 
152 
Туған  жер,  ел  тақырыбында  ақын  қаламынан  туындаған  өлеңдері  бірнешеу.  Мәселен, 
«Туған жерім – өз елім». Бұл өлеңін Сәкен ағамыз шет жерде жүргенде жазған болатын. 
Өлеңде ақынның туған жерге деген сүйіспеншілігі тамаша бейнеленген.  
Қайғы ойлаттың естен кетпей туған жер,  
Қаны қашты, әм сарғайды ет пен тер.  
Сені ойласам ішім күйер қапа боп,  
Жүрегімде түйіншектей қайғы шер.  
Ұйықтасам да еш шықпайсың түсімнен,  
Тұрсам-дағы сен кетпейсің есімнен. 
Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім,  
Бәсеке қып, жұмыртқа алған ну көлім, - дей келе шет елде жүргенмен, туған жерін 
сағынатынын, күндіз ойынан, түнде түсінен кетпейтіндігін айтады.   
Ал  «Нұра»  өлеңі  арқылы  отарлау  саясатымен  өз  туған  жеріне  бөгде,  бөтен 
адамдардың келіп, билік етіп отырғанына ақынның жүрегі ауыратынын байқаймыз.  
Сағынып Нұра, мен келдім,  
Бұрынғы иең – байғұсың  
Айрылған сенен көп елдің 
Жатырсың көріп қайғысын.  
Бұрынғыдан қайғылы  
Құстарың да сайрайды:  
Қолдан келер еш не жоқ,  
Жүрек от боп қайнайды, - деген өлеңінде ақын туған жеріне кімнің келгенін ашық 
айтады және олардың ол елді өз еліндей иемденгеніне күйінеді, 
қынжылады. Оны біз «Туған жерім» өлеңі арқылы байқаймыз:  
Өзен өрлеп, суға қармақ салғаным.  
Құрбылармен таласып балық алғаным.  
Сөйткен жерге хохол келіп орнады  
Арманда боп, жылай-жылай қалғаным.  
Ел  аман,  жұрт  тынышта  отырып,  қазақтың  елін,  жерін  басқаға  билетіп  қоюына 
ақын ызаланады, намыстанады, оны мазақ болу деп түсінеді.  
Мекен болдың бір уақыт  
Көшіп жүрген қазаққа.  
Айрылып сенен бейбақыт  
Сорлы  қалды  мазаққа,  -  деп  толғанады.  Өлең  туған  жерге  бағышталғандықтан, 
жер мұңы –халық мұңы, ел мұңы екенін түсінеді. 
Қорытындылай келгенде, С.Сейфуллин шығармаларының біразында «туған жер», 
«атамекен» концептісі ұшырасады. Бұл концепті ақынның ішкі жан дүниесімен астасып 
жатыр.  Мұнда  нәзік  психологизм,  Отанға,  туған  жерге  деген  ақынның  көзқарасы, 
сүйіспеншілігі, патриоттық сезімі ашық аңғарылады[5, 262-264 б.]. 
Әрбір  тілдің  сөз  байлығы  мен  көркемдік  қуатын  сол  тілдегі  көріктей  амалдары 
және  сөздік  қордың  деңгейімен  өлшеу  жеткіліксіз,  сонымен  қатар,  тілдің  байлығы 
ұлттың тілдің тұлғасының танымдық-концептуалды  деңгейімен де өлшенеді. Ол үшін 
сол  ұлттың  концептуалды  әлемі  және  содан  өрістейтін  концептуалды  кеңістігіне 
тұтастай  барлау  жасалуы  керек.  Ілияс  Жансүгіров  көркем  дискурсында  «Атамекен» 
концептісі «дала», «туған жер» мағыналас ұғымдарымен сипатталып, былайша көрініс 
тапқан. «Атамекен» ең алдымен, туып-өскен, өсіп-өнген мекен. Себебі: 
Тудым, өстім, есейдім,  
Ен далам – анам, мен – балаң. 
Ен далам – анам, мен – балаң. 
Туған, өскен есейген, 
Еңбек тулы ел- балаң. («Дала» поэмасынан) 

 
 
153 
Мен өзім тауда туып, тасында өстім, 
Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім; 
Асқарда Аршалыға қозы жайып, 
Бұлттың аспандағы қасында өстім («Құлагер» позмасынан) 
Міне, әрбір адам баласы үшін тұрақтап, өсіп-өнген, мекен етіп, бауыр басқан жері 
– киелі. Ақын танымында дала мен ана ұғымдары – егіз ұғым. Осындағы тау, тас, бұлт, 
т.б.  тілдік  бірліктер  «атамекен»  концептісін  анықтаушы  тілдік  құралдар.  Атамекен  – 
«ғасырлар  бойы  біршілік  етіп,  өмір  сүріп  келген  ата-бабаларымыздың  кең  аспан 
астындағы  құтты  мекені,  кірін  жуып,  кіндігін  кескен  ана-жұрты,  өсіп-өнген  өлкесі. 
Өскен жердің кәусар бұлағы мен салқын самалы, орманды тоғайы мен жазира даласы , 
асқар тауы мен айдынды көлі – бәрі де әркімнің жанымен сезінетін табиғи ортасы». 
Екіншіден,  «Атамекен»-тыныштық,  мәңгілік  орны.  Дала  лексемасының  көркем 
мәтіндегі берілген мәні  - жалпы адамзаттың өмір сүріп, тіршілік  етер ортасы. «Дала» 
лексемасының  ұлттың  рухани-мәдени  құндылықтар  жүйесін  маңызды  орын  алатын 
«қасиетті, киелі мекен» деген ұғымы ақын дискурсында одан әріге тереңдеген [6, 75 б.].  
Өлеңдерінде  «Атамекен»  концептісі  анық  байқалатын  ақындардың  тағы  бірі  - 
Мағжан Жұмабаев. Ол алғашқы өлеңдерінде-ақ, әлеуметтік тақырыптарға 
ден  қойған.  Отан,  туған  жер  тақырыбына  жазылған  жыр  жолдары  бір  төбе. 
Жерлес  ақынымыз  аталмыш    тақырыпқа  бірнеше  өлеңдер  жазған.  «Туған  жерім 
Сасықкөл»,  «Түркістан»,  «Алатау»  сынды  өлеңдерінде  бір  қалаға,  бір  ауылға    ғана 
емес,  тұтас  қазақ  жеріне,  Отанына,  атамекеніне  деген  сүйіспеншілігін  жазған. 
Оқырманның санасына тез сіңіп, тез жатталатын өлеңдерінің бірі «Туған жер».  
Бұл жарыққа аяқ басып тұрған жер, 
Кіндік кесіп,кірім сенде жуған жер. 
Жастық-алтын,қайтіп келмес күнімде, 
Ойын  ойнап,шыбын-шіркей  қуған  жер,  -  деген  өлең  жолдарында  ақиық  ақын 
Мағжан  Жұмабаев  туған  өлкесіне  деген  сағынышын,  балалық  шағы  өткен  ауылына 
деген  перзенттік  махаббатын  білдіреді.  Жастық  шақты  алтынға  бағалап,  өткен 
уақыттың қайтып келмейтінін жырға қосқан.  
Жаратылдым топырағыңнан,сен-түбім, 
Жалғаны жоқ,бәрі сенен жан-тәнім. 
Сенен басқа жерде маған қараңғы 
Жарық  болар Шолпан, Айым, сен  - Күнім,  -  деген өлең жолдарында ақын туған 
елдің  топырағынан  жаратылдым,  -  дей  келе  сол  жердің  аспанындағы  Ай  мен  Күнге 
деген сезімін жырлаған. Яғни, Мағжан туған жердің  тау-тасын,  өзен-көлін ғана емес, 
тіпті, бар әлемге ортақ шуақ төгіп тұрған Күні мен Айын да ерекше жақсы көрген. Ол 
үшін  атамекеніне  қатысты  әр  құбылыстың,  әр  заттың  орны  өзгеше  болғаны  осыдан 
байқалады.  
Түркістан — екі дүние есігі ғой, 
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой. 
Тамаша Түркістандай жерде туған 
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой, - дей келе Мағжан Түркістанда туған жұрттың 
бақытты екендігін айтады. Ол ата қоныс Түркістанды  түркі халықтарының тал бесігіне 
балап, оның қасиетімен киесін арттыра түседі. 
Мағжан  өз  өлеңдерінде  туған  жерге  деген  махаббат  тақырыбын  айрықша  жыр 
арқауы еткен. Ақынға азаматтық та, ақындық та, ұлылық та дарыған. Содан да болар, 
Мағжан  поэзиясы  оқырмандарының  қойын  кітабындай.  Ақын  өлеңдері  өзінің  кіндік 
қаны  тамған,  шырылдап  жарық  дүниеге  келген  туған  жеріне  деген  перзенттік 
сүйіспеншілігіне  толы.  «Туған  жер»  тақырыбына  жазылған  өлең  арқылы  оқырманын 
Отанды сүюге, мейірімді болуға тәрбиелейді. Патриотизммен өрілген,ыстық жүректен 

 
 
154 
шыққан ақын жырлары өскелең ұрпақты ержүрек болуға тәрбиелеп, шығармашылыққа 
баулиды. 
Туған  жер  тақырыбы  барлық  заманда  өзекті.  Әр  заманның  ақыны,  аталмыш 
тақырыпты  жырына  қосып,  атамекеніне  деген  ыстық  ықыласын  білдірген.  Мысалы, 
Кәкімбек Салықовтың «Қызылжар» атты өлеңінде: 
Ақ қайың елі жайдары, 
Сарыарқа алтын айдары. 
Абылай ақ үй орнатқан, 
Қазақтың ғажап аймағы, - дей келе Кәкімбек Салықов солтүстік өңір табиғатының 
сұлулығын  жырға  қосқан.  Небәрі  осы  бір  шумақтың  арқасында  ол  біздің  өңірдің  ақ 
қайыңдар  өлкесі  екендігін,  мұнда  хан  Абылайдың  отау  тіккендігін,  өз  туған  жерінің 
қаншалықты  тарихи  маңызды,  құнды  екендігін  жеткізе  алды.  Яғни,  жылдар  мен 
ғасырларға  созылатын  тарихтың  белгілі  бір  бөлігін  төрт  жолға  сыйғызған.  Бұл  ретте 
ақын  ағамыздың  Отан-анаға  деген  махаббатын  ғана  емес,  зор  мақтанышын  да  анық 
байқаймыз. Атамекенінің тарихи жетістіктерін суреттей келе, ол өз өлкесінен шыққан 
ақиық ақындарға, танымал тұлғаларға, ел мақтаныштарына тоқталады.  
Мағжандай қайсап жаралған, 
Ұлдары арыс сан алуан, 
Атадан мирас нәр алған, 
Қыраны елдің - Қызылжар
Жұмағы  жердің  -  Қызылжар.    Бұл  шумағында  ақын  Қызылжардың  киелілігін 
кеңінен ашты. Кәкімбек Салықов Қызылжарды елдің қыранына да, жердің жұмағына да 
балайды. Демек, осы өлең жолдарымен ол еш нәрсенің туған өлкеге тең келмейтінін, әр 
азамат  үшін  Отанның  алар  орны  бөлек  болатынын  жеткізген.  Мағжандай  арыс  ұлдар 
дүниеге  келген  біздің  өлке  да  ата-бабадан  қалған  мирас,  асыл  мұра.  Сондықтан,  оны 
қорғап,  аялап  өту,  бұрынғы  ақындардың  жырларын  әрі  қарай  жалғастыру,  бүгінгі 
жастардың міндеті.  
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет