36
КӨПТІЛДІ ОҚЫТУДА БАЛАЛАРДЫҢ АЛҒАН БІЛІМДЕРІН БАҒАЛАУ
КРИТЕРИЙЛЕРІ
«Тілдердің
үштұғырлығын
дамыту»
бағдарламасы
бойынша
жоспарланған жұмыс нәтижесі балалардың тілдік қатынасудағы дағдысын
болжаудың тілдік даму индикаторлар талаптары бойынша жасалды:
Ұғыну: Мен туралы, менің отбасым және жақын қоршаған орта туралы
күнделікті қатынасу жағдайда, мен таныс жеке сөздерді және сөйлемдерді
түсінемін.
Дыбыс жазу: Хабарландыру, плакаттағы, немесе каталогтардағы таныс
сөздерді, есімдерді, сонымен қатар жай сөйлемдерді түсінемін.
Айту: Мені қызықтыратын немесе танитын тақырыптар бойынша, жәй
сұрақ беріп оған жауапты да бере аламын.
Диалог − Әңгімелесушім, менің сұрауым бойынша жәй ырғақпен өзінің
пікірін айтса, сонымен қатар мен айтатын нәрсені тұжырымдап берсе, мен
диалогқа қатыса аламын.
Монолог – Мен жай сөйлемдерді және фразаларды қолдана отырып
өзімнің тұрған жерім және таныс адамдар туралы сипаттай аламын.
Мектепке дейінгі балалардың жазу және оқуды игеруінің деңгейі
көрсетілмейді.
Орта топтағы бағдарламаны меңгеру кезеңдері
Аталған бағдарламаны іске асыру нәтижесінің тәсілі жылына екі рет
өткізілетін, аралық (желтоқсан) және қортынды (мамыр), ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетін ашық өткізу барысындағы анықтау-сараптау бағасымен және
мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың мерекелерге қатысуымен
анықталады.
Аталған іс-шараларда балалардың білімін келесі критерийлер бойынша
бағаланады:
жаттанды лексиканы меңгеру және түсіну;
жатталған тақпақтар, өлеңдер және т.б. өзіндік орындау;
ойындарда белсенді қатысу және тапсырманы түсіну;
серіктестің сұрақтарын түсіну және оларға жауап бере алу.
Күтілетін нәтижелер (4-5 жас жастағы балалар үшін):
4-5 жастағы мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу икемділігіне
сипаттама
-
арнайы икемділігі;
-
пассивті сөздік қор;
Балалар педагогтың айтылған сөзін амандасу уақытында жақсы түсінуі,
ана тіліндегі және өзге тілдегі айтылған кейбір тапсырмаларға жауап бере
білуі керек.
37
Диалогтік сөйлеу – қарым-қатынас кезінде серіктестің сұрақтарына
жауап беру, сонымен қатар көргені және естігенінің мазмұнын этикеттік
сипаттағы стандартық көріністе қолдану.
Монологтік сөйлеу – оқытудың белгіленген кезеңіне арналып
қарастырылған тілдік материалы аймағында және тақырыбында меңгерілген
тілдің мөлшерін өз пікірін дұрыс әзірлеп ұсынылған тақырып бойынша
байланыс хабар жасау.
Тыңдау – ұйымдастырылған оқу әрекетін жүргізу бойынша педагогтың
сөйлеуін түсіну, оның пікіріне және өтінішіне адекватты көңіл аударып
(вербалды немесе вербалды емес), педагогтың бірінші ұсынылған немесе
ауызша сөйлеудегі және тақырыптық материалды игеруге құрылған
монологтік сипаттағы хабарды түсіну.
Арнайы дағдылар.
Фонетикалық – өзге тілдегі дыбыстарды саралау, сөзге екпінді дұрыс
қою, тілдің үштұғырлығы бағдарламасы аясында өзге тілдегі сөздерді айту.
Лексикалық – тақырыптар бойынша ұсынылған лексикалық минимумды
игеру. Бұдан басқа, балалар жеке өлеңдер, ұйқастырмалар, санамақтар, әзіл
өлеңдер, әндердің мәтінін білуі керек.
5-6 жастағы балалардан күтілетін нәтижелер:
5-6 жастағы мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу ептілігіне сипаттама
Арнайы ептілік
Диалогтік сөйлеу - қарым-қатынас кезінде серіктестің сұрақтарына
жауап беру, сонымен қатар этикеттік сипаттамадағы стандарттық көріністі
қолдана отырып, көрген және естігеннің мазмұнымен байланысты қолдану.
Оқытылған тілдегі өз сөздік әрекетін дұрыс рәсімдеу.
Монологтік сөйлеу
4-5 жастағы балалардың бағдарламаны меңгеру деңгейі
Төмен. Сөздік қорының төмендігі. Баланың қарым-қатынаста
белсенділігі төмен, түсіндірмеден қашқақтайды, түсіндірме сөздігін
игермеген. Жайылма сөйлемдерді құруда қиналады. Оның сөйлеу тілінде
грамматикалық қателер болады, міңгірлеп сөйлейді. Мазмұндауда
қиындықтар туындайды, ересектің көмегін қажет етеді, оқиғаның жүйелілігін
бұзады.
Сипаттаманың баяндау мазмұны бойынша заттың ерекшеліктерін
көріністі беріледі. Кейбір айтылуы қиын дыбыстар айтылуында бұрмалаудың
болуы.
Орта. Айтарлықтай үлкен сөздік қорының иемденген орнын ауыстыру,
бірақ кейде заттардың атын «Мынау», «Мына зат» сөздерімен ауыстыру.
Бала ауызша қарым-қатынаста белсенді, сұрақтарға жауап береді. Түсіндірме
сөйлеуде көмек қажет етеді. Тілде грамматикалық қателер жиі
қолданылмайды: дыбыстық жағынан сөйлеуі түсінікті, айтарлықтай қатты,
38
эмоциналды. Әңгімелерді мазмұндауда және сипаттама құрастыруда көмекті
қажет етеді. дыбыстарда қателер жібереді.
Жоғары. Жоғары белсенді сөздік, сөйлеуде заттардың нақты атауын
қолданады. Бала сөйлеуде ынталы, барлық сұрақтарға жауап береді, үстеме
сұрақтар қояды. Түсіндірмелі сөйлеудің түсіндіру түрін қолдануда дербестік
және қызығушылық танытады. Барлық дыбыстарды таза айтады,
эмоционалды және сөйлеу мәнері әдістерін қолданады. Әңгімелер мен
ертегілерді өзіндік мазмұндайды, ересектердің азғантай көмегімен сипаттау
және сюжеттік әңгімелер құрастырады, жұмбақтар жазады.
5-6 жастағы балалар бағдарламаларды меңгеру деңгейлері
Төмен. Бала белгіленген байланысты орнатуда қиналады, сондықтан
мазмұндауда, өзіндік әңгімелеуде мазмұнды және мағыналы қателер
жібереді. Әңгіме айту барысында ересектің көмегін қажет етеді. Хабарлы
әңгіменің құрылымдық компоненттерін тастап кетеді. Шығармашылық
әңгімелеуде
дербестік
танытпайды
(қатарластарының
әңгімелерін
қайталайды). Сөздік қоры аз.
Орта. Сөйлеу кезінде бала логиқалық қателіктерге жол береді, бірақ оны
үлкендердің және қурдастарының көмегімен түзейді. Жеткілікті деңгейде
белсенді болмаса да сөйлеп араласуға қызығушылығын білдіреді. Сөйлем
құрастыруда қиналмайды грамматикалық қателіктерді аз жебереді.
Пікірлерді дәлелдейді және үлкеннің көмегімен сөйлеу-дәлелдеу түрін
пайдаланады. Сөйлегені таза дурыс бала жеке дыбыстарды айтқан кезде
қиындықтарды сезінуі мүмкін. Дауыс мықтылығын қадалағанымен сөз
мәнерлілігі жеткіліксіз.
Жоғары. Балаға сөйлеу шеберлігі таныс. Өздігінен ертегі, әңгімелер
құрастыруда жігерлілік білдіреді, өзгелердің әңгімелерін қайталамайды, әр
түрлі мәнерлілік тәсілдерін пайдаланады. Дәлелдемелерге қызығушылықпен
қарап, оларды пайдаланады. Қарым-қатынаста жигерлілік танытып алған
әсерлерімен өз құрбыларымен бөліседі, сұрақтар қоя отырып балаларды
қарым-қатынасқа тартады. Өз құрбыларының сөйлеу барысындағы
қателіктерін байқап, оларды жөндейді. Бай сөздік қорға ие. Жалпылама
сөздермен және түсініктемелермен ешбір қателіксіз пайдаланады. Сөзі таза,
грамматикалық тұрғыдан дурыс, мәнерлі.
39
Қосымша
Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қарым-қатынас»
Бөлім: «Тіл дамыту», «Тілдің үштұғырлығын дамыту»
Тақырыбы: «Тілдің үштұғырлығын қолданатын елдермен танысу».
Қазақстан туралы, ондағы тұратын адамдар туралы, мемлекеттік рәміздер
туралы әңгімелесу. Ресей туралы, оның мемлекет ретінде туы, ән-ұраны мен
адамдары және оның іс-әрекеттері жайлы әңгімелесу. Ұлыбританиямен, оның
ата-бабалық салт-дәстүрлерімен танысу. Балаларды мемлекеттермен және оның
картадағы орналасқан жерімен және сыртқы пішінімен таныстыру.
Мақсаты: үштілдікке кірген тілдерде сөйлейтін адамдар тұратын
мемлекеттер туралы балаларда түсініктерді қалыптастыру.
Білім берушілік міндеті: тілдің үштұғырлығына кірген мемлекеттердің
сыртқы түрі бойынша мемлекеттік рәміздерін ажырата білуге, ол мемлекеттегі
сөйлеу тілдерін атауға; түстері мен жер аумағы бойынша картадан тауып алуға
үйрету.
Дамытушылық міндеті: мемлекеттер атауын сыртқы түрі бойынша көру
арқылы, сөйлеу тілдерін есту арқылы ажырата білу іскерлігін дамыту, басқа
мемлекеттің сөйлеу тілін қайталап, сол елдің белгілерін білдіретін сөздерді атау
арқылы балалардың сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік міндеті: тілдің үштұғырлығына кірген тілдерді үйренуге деген
қызығушылықты тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: мемлекеттер бойынша материалдарды әзірлеу,
мемлекеттің картасын безендіру, мемлекеттік рәміздер үлгілері, тілдің
үштұғырлығын қабылдаған мемлекеттер бейнеленген суреттер, көрсетілімдер.
Сөздік жұмыс: Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания (Англия), қазақ, орыс,
ағылшын тілдері. Мемлекет, ту, ән-ұран, мемлекет рәміздері.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші іс-әрекеті
Балалар іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Тілдің үштұғырлығына кірген тілдерді
меңгеру үшін ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетіне балалар шақырылады. Ортаға өзі
барып келген мемлекеттің адамдарымен,
олардың сөйлейтін тілдерімен таныстыру
үшін саяхатшы кейіпкер - Білгішсымақ
келеді.
Тілдерді
меңгеру
бойынша
сабаққа
қызығушылық танытады,
олар үшін бұрын таныс
емес мазмұнды карталар
мен
суреттерді
қарастырады.
40
Ұйымдастыру-
шылық-
ізденістік
Мемлекетің өзіне тән ерекшелігі
бойынша әр елде әр түрлі тілде
сөйлейтіндері жайлы, мемлекеттер мен
тілдер туралы түсініктер беріледі. Оларды
атап, картада көрсетеді, әр мемлекетке тән
сөйлеу тілінің айтылу ерекшеліктерімен
таныстырады.
Әрбір
мемлекеттің
астансымен
таныстырып, ондағы танымал құрылыстар
мен ғимараттарды көрсетеді - «Бәйтерек»,
«Кремль», «Биг Бэн».
Тәрбиеші балалардан бұрын оларға
таныс болмаған сөздерді атауларын сұрап,
басқа мемлекеттер жүйесінде олардың
орналасқан
орнын
картадан
тауып
көрсетуді ұсынады.
Саяхатшы
Білгішсымаққа
жаңа
мемлекеттер туралы, олардың танымал
жерлері туралы танымдық әңгімесі үшін
рахмет айтады.
Тәрбиешіні тыңдап,
сұрақтарына жауап
береді.
Мемлекет белгілерін
атайды.
Үстел қасына тұрып
мемлекеттердің
ең
белгілі деген белгілері
бейнеленген суреттерді
қарастырады. Тәрбиеші
соңынан
оларды
қайталайды.
Суреттер
бойынша
мемлекеттер
туралы
суреттеуші
әңгімелер
құрастырады.
Рефлексивті-
түзетушілік
Саяхатшы-Білгішсымақ өзінің
суреттерін жинап, балалармен
қоштасады.
Саяхатшы-
Білгішсымақтың
мазмұнды әңгімесі үшін
алғыстарын айтады.
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек:
- әлемде көптеген мемлекеттер бар екенін, ондағы адамдардың ана
тілдерінде сөйлесетін;
- бұрын оларға таныс болмаған сөздерді және тілдерді (ағылшын)
үйрену керектігін;
- жаңа атаулар мәнін.
Нені игереді:
- жаңа мемлекеттер мен тілдер жайындағы түсініктерді.
Нені біледі:
- сөйлеу тілінде мемлекеттердің, тілдердің атауларын қолданады, есту
арқылы біледі;
- омеңгерілген мазмұн бойынша педагогтың сұрақтарына жауап береді.
41
Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қарым-қатынас»
Бөлімі: «Тіл дамыту», «Тілдің үштұғырлығын дамыту»
Тақырыбы: «Сәлемдесу»
Мақсаты: жаңа меңгерілген тілдерде сөздердің ерекшеліктерімен
таныстыруды жалғастыру.
Білім берушілік міндеті: балаларды тәуліктің әр бөлігінде адамдармен
қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қалай сәлемдесу керек екенін үйрету.
Дамытушылық міндеті: меңгерілген тілдерде сәлемдесуді есту арқылы
ажырату, тәуліктің әр бөлігінде (таңертең, күндіз, кешке) сәлемдесудің және
мектепке дейінгі ұйымнан үйге қайтарда немесе үйден шығарда қоштасудың
айырмашылығын түсіну икемділіктерін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: әр түрлі тілдерде (қазақ, орыс және ағылшын тілі)
сәлемдесу және қоштасу формаларына деген қызығушылыққа тәрбиелейді.
Сөздік жұмыс: Сәлеметсіз бе, сәлем, қайырлы таң, қайырлы қүн,
қайырлы кеш, здравствуйте, привет, доброе утро, добрый день, добрый
вечер, hello, hi, good morning, good evening, good afternoon.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші іс-әрекеті
Балалар іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Сөйлеу тілінде олардың сәлемдесудің жаңа
формаларын қолданып және сәлемдесуді
қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ажырата
алуға үйренетіндерін хабарлайды.
Адамдар бір-бірімен жолыққан кезде сөйлеу
тілінде міндетті түрде сәлемдесу сөздерін
қолдану керектігін балаларға көрсету үшін
жұмыста қазақ, орыс және ағылшын
ертегілерінің кейіпкерлері қолданылады.
Әр тілде сәлемдесу әр түрліше естіледі.
Амандасуда олар бір-біріне барынша жақсы
тілектерді қолданады.
Педагог пен қуыршақ
қонақтардың артынан әр
түрлі тілде сәлемдесуді
қайталайды,
оларды
айтылу
формасы
бойынша ажыратады.
42
Ұйымдастыру-
шылық-
ізденістік
Қонақтардың соңынан сөздерді қазақ, орыс
және ағылшын тілдерінде қайталайды.
Ағылшын тіліндегі «Good morning» тақпағы
мен осы тақпақтың әнін тыңдауды ұсынады.
Қонақтардың
өз
ана
тілдерінде
ән
айтатындықтарын хабарлайды.
1. Балаларға тапсырма: таңертең, күндіз,
кешке «Дұрыс амандас».
2.
Балаларға тапсырма: Попрощайся
правильно на казахском, русском и
английском языке.
3. Тапсырма «Good morning» тақпағын
жатта.
4.
Тапсырма «Қонақтарға сәлемдесуді
таңда».
Балалармен бірге қазақ, орыс және ағылшын
тілдерінде
сәлемдесу
формаларын
таңдайды.
5. Тапсырма. Қонақтармен қоштасайық.
Жаңа
сөздерге
қызығушылық
танытады,
өлеңдер
тыңдайды,
жаңа
сөздердің
айтылуына
еліктейді.
Сұрақтарға
жауап
береді.
Тақпақтарды
тыңдайды.
Жаңа сөздерді айтады.
Хормен
«Good
morning»
тақпағын
айтады.
Рефлексивті-
түзетушілік
Қонақтар (қуыршақ) атынан тапсырманың
жақсы орындалғаны үшін балаларға рахмет
айтады.
Қонақтар балаларға тосын сый — тәттілерге
толған қобдишаны береді.
Қонақтарға алғыстарын
айтады.
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек:
- сәлемдесу формасы
- сәлемдесудегі «таңертең, күндіз, кеш» сөздерінің мәні
Нені игереді:
- сәлемдесу формалары туралы түсінікті.
Нені біледі:
- қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі сәлемдесу формаларын есту арқылы
ажыратып, түсінуді және қажет тілде айтуды;
- сәлемдесудің қажет формасын таңдауды;
- сәлемдесу формаларына уақыт бөліктерін сәйкестендіруді.
43
Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қарым-қатынас»
Тақырыбы: «Менің ойыншықтарым»
Мақсаты: қазақ орыс, ағылшын тілдерінде ойыншықтарды атау және
білу іскерліктерін қалыптастыру.
Білім берушілік міндеті: меңгеріліп отырған тілдерде ойыншықтар
аттарымен балаларды таныстыру, ойыншықтармен әрекет.
Дамытушылық міндеті: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ойыншықтар
атауын қоса отырып, пассивті және белсенді сөздік қорларды жинақтау,
оларды сөйлеу тілінде қолдана білу.
Тәрбиелік міндеті: дұрыс сөйлеу тілегін тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ойыншық, қуыршақ, доп, бір дөңгелекті велосипед
игрушки, кукла, мяч, велосипед, toy, doll, ball, bicycle.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші іс-әрекеті
Балалар іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Артикуляцилық жаттығу, бұрын
оқыған сөздерді қайталау, балаларды
жаңа мазмұнды меңгеруге икемдеу.
Алдыңғы сабақта қандай сөздермен
танысқандарын естеріне түсіріп және
оларды қайтадан айтуларын сұрайды.
Балаларға қонаққа Әлия, Таня және
Мэри атты үш құрбының келгендері
жайлы
хабарлайды.
Қонақтар
балаларды
өздерінің
ойыншықтарымен
таныстырғалары
келетіндерін айтады.
Сабаққа,
жаңа
білім
мазмұнына қызығушылық
танытады,
жаттығуды
орындайды.
Балалар
қонақтардың
соңынан ойыншықтардың
атын
қайталайды,
іс-
әрекеттерін
көрсете
отырып,
үстел-үстіне
жайғастырады.
Ұйымдастыру-
шылық-ізденістік
Қонаққа Әлия, Таня және Мэридің
келгенін және олар өздерінің сүйікті
ойыншықтарын көрсеткісі келетіндері
жайлы хабарлайды.
Әрбір
тілде
барлық
ойыншықтардың өзіндік ерекшелігіне
қарай
атаулары
бар
екендігі
түсіндіріледі.
Балалар
кейін
қуыршақтан
өздері
қалаған
ойыншықты сұрап алу үшін, оларды
атап үйренулері тиіс.
Әлия, Таня және Мэри өздерімен
бірге балаларға арнап тапсырмалар
әкелгенін айтады:
1. «Шешуін тап және көрсет»
ойыны (ойыншық туралы жұмбақты
шешеді, сөздегі бірінші дыбысты атап
және оны айтуға тырысады).
Жұмбақтарды
шешеді,
жұмбақта
айтылған
заттарды
атайды,
ойыншықпен
қандай
әрекет
жасауға
болатындығын түсіндіреді.
Меңгеріліп
отырған
материал бойынша тыңдап,
сұрақтарға жауап береді.
Тыңдап, сөздерді естеріне
сақтайды.
3-4 бала ойыншықтарды
атайды.
44
2. «Тыңда, есіңе сақта, ата» ойыны.
Ойыншықтарды атап және оларды
балалардың қайталауын сұрайды.
Ойыншықтардың атауларын бекіту
үшін жұмыстар жүргізіледі, олармен
әрекеттер жасайды.
Оқыту
үрдісінде
қолданылған
сөздердің
мәнін
түсіндіреді,
ойыншықтар мен заттарға ұқыпты
қарым-қатынасты қалыптастырады.
Қайталап оқиды.
Әңгімелеп беруді сұрайды.
3. «Бұл ойыншық қандай?» ойыны
(қазақ, орыс. ағылшын тілдерінде
ойыншықтарды атауға және қимыл-
әрекетті анықтауға).
Заттардың
атауын
білдіретін
сөздердің
айтылу
ерекшеліктерін
анықтайды.
Рефлексивті-
түзетушілік
Бүгінгі
сабақта
немен
айналысқандарын, нені білгендері
жайлы айтуларын сұрайды. Алия,
Таня және Мэри балаларға жақсы
жұмыстары үшін алғыс айтып оларға
тосынсый жасайды (ойыншық толған
сандық).
Қорытынды шығарады.
Оларға
алғыстарын
айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |