Үштұғырлығы тілдерінің дамуы барысында келесі ерекшеліктерді
ескеру қажет:
- оқытудағы тілдердің сөз әрекеті белсенді түсіну және айту үдеріс
ретінде қалыптасуы керек;
- оқыту әдістемесі қызмет принципінде (қолда бар мотивы, мақсатқа
сәйкес қойылған тепе-тең тәсілдер мен мақсаттар) тұрақтау керек;
- қарапайым пікір айту дағдысы (сөз таңдау, оның өзгеруі, ұйқас ойын
жеткізіп таңдау) арқылы қалыптастыру қажет;
- мектепке дейінгі жастағы балаларға сөйлеу жағдайында және
оқытылып жатқан тілдегі қарым-қатынаста тұспалдама дағдыға оқыту қажет.
Тіл үштұғырлығына қарасты тілдер, ұйымдастырылған күрделі жүйені
құрайды. Оларды игеру қарым-қатынас кезінде жаңа сөздерді пайдалану
арқылы тек белгілі сөздік қорын есте сақтаумен жинақталған жағдайда ғана
мүмкін.
Сөздік жұмыс тілдер үштұғырлығын оқытудың алғашқы кезеңінде
басым болып табылады, себебі тілдерді тәжірибеде игеру алдын ала пасив
сөздікті жинақтаусыз мүмкін емес. Актив сөздікке жаңа сөздерді енгізу,
бейнелер көру арқылы: ойыншықтар, нақты пішіндер, табиғи заттар,
сюжеттік суреттер, фотосурет, сызбалар арқылы нәтижіле болып табылады.
Жаңа сөздер айтылғанда өте мінсіз, айқын, ашық болуы тиіс. Меңгерілетін
тілге енгізілетін жаналықтар келесі кезеңдерден өтуі қажет: педагогтың
үлгісіне сүйене отырып жаңадан естіген сөздерді елестетіп қалыптастыра
білуі; сөйлеу кезінде оларды танып және түсінуі.
Оқыту барысында жаңа сөздер және сөз тіркесі енгізілгенде өз ретімен
енгізілуі қажет. Жаңа сөздер алғашқы рет енгізілгенде, балалардың назарын
оларға және ерекше айтылуына аудару қажет. Бірақ балалардың
жаңалықтарды шамадан тыс қабылдамауын қадағалау қажет.
Белсенді сөйлеуінде пайдаланатын сөздер біртіндеп енгізіліп және
жүйелі түрде қайталанып тұруы қажет. Белсенді сөздікті толықтыру
барысында фразалық сөйлеу біртіндеп күрделене жүзеге асуы қажет.
Мағыналы мәтіндердің, тақпақтар, өтірік өлеңдер, санамақтардың екпін
мен мәнерлеп айтылуына аса назар аудару қажет.
Айтылу жағынан сөйлеуін жетілдіру, есту ықыласын дамыту, есту
арқылы сөйлеуін жетілдіру үшін мынадай әр түрлі тәсілдер қолданылады:
- оқытылатын тілдің дыбыстарын және сөздерін дұрыс айтудағы
педагогтың үлгісі;
- кейіпкер және бұйымдарды келтіру барысында дұрыс екпінді қолдану;
18
- бұйымдар мен кейіпкерді сахналау кезінде дұрыс екпін пайдалану;
- балаларға қажетті мәнерлі құралдар таңдау үшін қарастырылған
сұрақтар;
- жеке сөздер, сөйлем, логикалық екпін қоюдың (қосылып, жекеше)
қайталау жаттығулары;
- сөйлемдерді әр түрлі екпінмен (қуана, қаяулы, немқұрайлы) айтуға
шығармашылық тапсырмалар;
- рөлмен оқу.
Жаттау немесе жатқа оқу өте қөп пайдалануға болады (ертеңгілікте
орындау, сәбилердің алдында көніл көтеру, туыстардың сыйлығына және
т.б.). Осы жаттығулар баланың күш-қуатын жұмылдырады, бірақ (бөгде) ана
тілінен басқа тілде өз қалауынша айтуға қызықтырады.
Мектепке дейінгі жастағы ересек балалардың мәнерлеп сөйлеуі өте әр
түрлі болып қалыптасады, сондықтан ұйымдастырылған оқыту қызметінде
бірнеше әдіс-тәсілдер қолданылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың қабылдау ерекшеліктерін ескере
отырып, педагогтан жеңілдеткен түрде еске сақтау тәсілдерін қолдану талап
етіледі. Балалар лексикалық мәліметті нақты бекіту барысында, оны бірнеше
рет қайталау қажет. Баланың сөздік қорын бұрын белгісіз ұғым мен
түсінікпен толықтыру үшін, қайталау барысында тек белгілі ғана емес жаңа
да лексиканы пайдалану қажет.
Бастапқы кезеңінде орыс тілінде оқытылатын топтардың қазақ,
ағылшын тілдерін оқыту барысында лексикалық, грамматикалық және
фонетикалық дағдыны қалыптастыруға үлкен назар аудару қажет. Ол
дағдылар болмаса сөйлеу өнері айтарлықтай сапалы болмайды, балалар
дұрыс айтуды және окытудағы тілдердің сөйлеу қалыптылығын сақтай
алмайды.
Күнделікті
әртүрлі
тұрмыстық
жағдайда
жүзеге
асырып,
ұйымдастырылған оқу қызметі және дидактикалық ойын барысында
өздігінен әртүрлі сөздіктерді қолданады. Маңызды тілдесуді ұйымдастыруда,
балалардың сөйлеуге назарын аударуда, баланың жинақталған сөз қоры
құрамының байлығын пайдалануда педагогтың рөлі маңызды болып
табылады.
Театр әрекетінде, сүйікті ертегілердің ерекше үзінділерін сахналауда,
кейіпкерлер диалогін пайдалану, қазақ және ағылшын тілдерін белсендіруге,
грамматикалық құрылымды және жүйелі сөздің дамуына мүмкүндік
туғызады. Мектепке дейінгі жастағы (қазақ және ағылшын) балалардың
тілдерді үйрену барысында дыбыс мәдениетін меңгеру, балалардың
анағұрлым белсенді сөздікті толықтыру барысын қарқындатады, тіл
үштұғырлығы жағдайында тіл байланысын кеңейтеді.
Оқытылатын тілдердің дыбыстарын дұрыс айтуды қалыптастыруға
оқыту барысында сөйлеу жаттығуларын өткізу қарастырылған. Мұндай
жаттығуға дыбысты жеке, сөздің, сөйлемнің ішінде айту кіреді. Педагог
19
балаларды әрбір үйретілетін дыбыстың артикуляциясымен таныстыруға және
оның барлық балалармен дұрыс айтылуын қадағалауға міндетті.
Тілдің үштұғырлығының дамытудағы жұмысты дұрыс ұйымдастыру
және дұрыс жоспарлау үшін балалардың сөйлеу мүмкіндіктерін дамыту мен
байытудың жалпы жағдайын анық білу қажет.
Оқытудағы алға басу көбінесе балалармен жұмыс жасаудың
құрылымына тәуелді. Ұйымдастырылған оқу әрекетінің алғашқы кезеңінде
(2-3 минутында) баланы қазақ және ағылшын тілдерінде еркін қызықты
араласатын күйге түсіретін, кернеу мен шығармашылықты шешетін оқыту-
ойнату әрекеттерін пайдаланған дұрыс.
Балалардың белсенділігін арттыру үшін олардың қазақ және ағылшын
тілдерінде қарым-қатынас жасауға қатысуын күлімдеп, жақсы рең білдіріп,
келесідей сөздермен мадақтап отырған дұрыс: «Жақсы!», «Жарайсың!»,
«Дұрыс!» және т.б.
Ұйымдастырылған оқу әрекетінде балалардың фонематикалық есту
қабілетін, сөйлеу қабілеттері мен дағдыларын, қарапайым сөйлеуін дамытуға
бағытталған 2-3 минуттық фонетикалық жаттығу («Фонетикалық минут»)
өткізу қажет. «Фонетикалық минут» келесі ойындар ретінде өткізілуі мүмкін:
«Жаңғырық», «Алқа», «Сағат».
Балаларға таныс емес тілдегі жаңа сөздермен алғаш танысу кезінде кең
мағынада көрнекілікті пайдалану қажет. Тек бұйымды көрсету мен оның
атын атаумен ғана шектеліп қоюға болмайды. Шет тілдегі сөз баланың
жадында ешқандай аудармасыз сақталу үшін оның тек есту және көру
қабілетін ғана емес, сонымен қатар басқа талдағыштарды да іске қосу қажет:
түйсіну (бұйымды ұстау), иіс сезімі (мысалға, раушан гүлін иіскеу), татым
(мысалы, қант, балдың дәмін көру). Мүмкіндігінше заттың өзін содан соң ол
заттың әртүрлі жағдайдағы, басқа заттармен салыстырмалы түрдегі
суреттерін көрсету қажет. Мысалы: әр түрлі пішіндегі, әр түрлі көлемдегі
үстел.
20
ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЛЕКСИКАЛЫҚ
МАТЕРИАЛ
Лексика-грамматикалық құрылымдардың тақырыбын таңдау кезінде
балалардың даму деңгейі, уәжі мен қызуғушылықтары, сонымен қатар
мектепке дейінгі ана тілінде сөйлеуде танымдық қабілеті «Қатынас» білім
беру саласы бойынша дамыту жоспарымен сәйкес ескерілуі тиіс. 4-5 жастағы
балаларды ана тілінен басқа (бөгде) тілдермен таныстыру кезінде, осы
жастағы үш тілге оқытудың ерекшелігіне сүйене отырып, пассив сөздіктің
қорын біртіндеп жинақтап, белсенді сөздікке енгізу жұмысының ерекше
маңызды екендігін білу керек.
Екінші кезеңде (4 жастағы балалардың оқыту кезеңіне қарағанда
шамамен 40 пайызға күрделенеді) жаңа лексикалық бірліктер біртіндеп
енгізілу және грамматикалық құрылысты күрделендіру барысында, лексика
көлемі артып және грамматикалық құрылымы өрістейді. 5-6 жастағы балалар
ІІ оқу кезеңнің соңында шамамен 150-180 лексикалық бірліктерді меңгеруі
тиіс.
Әр тақырып өткен соң бақылау жүргізіледі. Ол үшін қайталауға және
бекітуге, сонымен қатар сөздер мен құрылыстарды анықтау үшін қосымша
уақыт бөлінеді.
Ұйымдастырылған оқу әрекеті 4-5 жастағы балалармен аптасына бір рет
өткізілуі тиіс, ал 5-6 жастағы балалармен 20-25 минутқа дейін аптасына екі
рет. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін таңғы (10-нан 12-ге дейін) сағатта
өткізу тиімді болады. Ұйымдастырылған оқу әрекетінің тақырыптық
үлгілеріне және тақырып бойынша үлгі сағаттарына үлгі-нұсқа төмендегідей.
№
р/с
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы
Сағат
саны
Оқыту
тілі
Қазақ
Орыс
Ағылшын
4-5
жас
5-6
жас
1
Танысу
Знакомство
Аcquaintance
2
3
2
Амандасу
Приветствие
Greeting
1
3
3
Жануарлар
Животные
Animals
2
4
4
Көкөністер
Овощи
Vegetables
2
4
5
Жеміс-жидек
Фрукты
Fruit
2
4
6
Жыл мезгілдері
Времена года
Seasons
2
4
7
Киім
Одежда
Clothes
2
4
8
Түстер
Цвета
Colors
2
4
9
Мерекелер
Праздники
Holidays
2
4
21
10
Азық-түлік
Продукты
Products
2
4
11
Менің отбасым
Моя семья
My family
2
4
12
Дене мүшелері
Части тела
Parts of a body
2
4
13
Менің
ойыншықтарым
Мои игрушки
My toys
2
4
14
Менің үйім.
Пәтерім
Мой дом. Квартира My house.
Apartament
2
4
15
Мамандық
Профессии
Professions
2
4
16
Әлеппе
Алфавит
Alphabet
2
4
17
Ойын-сауық
Развлечения
Entertainments
2
4
18
Есеп
Счет
Account
2
4
19
Қорытынды
сабақ.
Заключительное
занятие
Final occupation
2
2
Барлығы:
36
72
Бағдарламаның негізгі материалын балалар ұйымдастырылған оқу
әрекетінің барысында меңгеруі қажет.
Оқу барысында әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдану қажет: ойын
жаттығулар тыңдату, педагогтың дұрыс айту үлгісіне еліктеп қайталау,
балаларға дұрыс мұқамды қалыптастыру, елестету, есте сақтау, ойлауды
дамыту. Тақырыптық суреттер (қолтаңбасымен), әндер, тақпақтар, орыс,
қазақ және ағылшын тілдерінде мультипликациялық филімдерді көрсетуді
өте жиі қолдану қажет. Белсенді лексиканы және сөйлеу стереотипін
жинақтауда, моториканы дамытуға, сөйлеу-ой қабілетін жетілдіруге
мүмкіндік беретін арнайы түрлі түспен бояу жаттығуларды, өңделген
тақырыптық суреттерді нүкте арқылы орындалған белдеу міне осы тәсілдер
негізгі тірек болып табылады. Осының бәрі сабақтың қызықты, жарқын,
естен кетпес болатындай болуына мүмкіндік береді. Баламен даралап тіл
табысу - тілдердің үштұғырлығының дамуының негізі болады.
Барлық грамматикалық материалдар белсенді түрде меңгеріледі. Балалар
әр түрлі мазмұннан тұратын: жалпы, арнаулы, өздігінен сұрақ қою, өз
ризашылығын білдіру, мақұлдау, жақтырмау, естігенін жоққа шығару сияқты
сұрақтарға жауап берулері қажет. Сөз қарқыны дара сөйлеушінің қарқынына
үйлеседі, диалогтағы автор сөзінің саны – әр әңгімелеушіде екеуден кем
емес.
Грамматикалық дағдыны қалыптастыру
Балалардың грамматикалық сөйлеу жағын меңгеру сөйлеу үлгілері,
функционалды түрде пайдаланудағы сөйлеушінің коммуникативтік ойын
білдіру негізінде жасалады. Балалар зат есімінің жекеше түрін және көпше
22
түрін, Present Indefinite Tense, Future Indefinite Tense етістік түрлері, етістіктің
жіктеулерінің 3-ші жақты жекеше түрінде меңгере алады. Сөйлеу үлгісін
дұрыс пайдалану негізінде, сөйлем құрылымын дұрыс меңгеруге болады, ол
балаларға ағылшынша белгеленген сөз реттілігін ұғындырады. Белгілі және
белгісіз артикльдерді одан әрі, жіктеу есімдігі және сұрау есімдігі, тәуелдеу
есімдігі, есептік сан есімінің 10-ға дейін, and жалғаулығын пайдалануды
игереді.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
№
Сабақ тақырыбы
Ай
1
Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер. Амандасу.
қырқүйек
2
Хайуанаттар бағында кім тұрады?
3
Жыртқыштар өздері туралы не баяндайды?
4
Доптарды санап шығындар.
5
Сіздерге қандай түстер ұнайды?
қазан
6
Жануарлар не жасай алады?
7
Біздің достарымыз не жасай алмайды?
8
Алисаның туылған күні.
9
Сау болыңыз, профессор Бук!
қараша
10
Санамақты үйренеміз.
11
Біз нені көріп тұрмыз және ол қандай түстен?
12
Қоржындағы заттар.
13
Қоржыныңда не бар екенін айтып берші.
желтоқсан
14
Сыныпта не бар.
15
Сыныптағы заттардың түстері қандай?
16
Ертегі кейіпкерлері не істей алады?
17
Қандай ертегі кейіпкерлерін ұнатасың?
қаңтар
18
Меруерт қаласы сыйқыршысына өзің туралы айтып берші.
23
19
Рождество және Жаңа жылға арналған құттықтау әні.
20
Меруерт қаласында. Заттарды санаймыз.
ақпан
21
Ғажайып дүкендегі азық-түліктер. Саған не жеген ұнайды.
22
Біздің үй жануарлары немен қоректенеді. Сен нені
таңдайсың.
23
Иттің қайда жасырынғанын айтып берші.
24
Бір заттан қалай көп азық-түлік жасауға болады.
наурыз
25
Қанеки, достарымызды мақтайықшы!
26
Кім үлкен, ал кім кішкентай.
27
Винни-Пухтан тосын сый тақпағы
28
Сурет салып үйренейік.
сәуір
29
Жазда не істейтіндерің жайлы айтып беріңдерші.
30
Алисаға өзіңнің отбасың жайлы айтып берші.
31
Піл баласы Дамбоның ойыншықтары.
32
Ергежейлер үйіндегі ойыншықтарды санап шық.
мамыр
33
Диснейлендте қандай хайуанаттар тұрады.
34
Ағылшын тілінде айтып бер (қорытынды сабақ)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалармен жұмыста келесі
жұмыс түрлері қолданылады:
1. Айтылу жұмыстары
а) «Жанды тіл» ертегісі
б) жаңылтпаштар
в) ұйқастар
2. Ойыншықпен жұмыс.
а) ойыншықпен диалог
б) ойыншықтарды сипаттау
3. Суретпен жұмыс.
24
а) суреттерді суреттеу
б) «Не жоғалды?» ойыны
в) «Суретті тап»
4. Өлеңдерді жаттау және мәнерлеп оқу.
а) өлеңдер байқауы;
б) дауыс ырғағын өзгерте сөйлеу, көңіл-күйдің өзгерісіне қарай
мәнерлеп сөйлеу (жағымды, мұңлы, ашулы және т.б.)
5. Әндерді жаттау.
Әнді «Көрсет»
6. Қысқа әңгімлерді және көріністерді сахналау.
7. Қимыл-қозғалыс ойындары.
8. Қимыл-қозғалыссыз ойындары.
9. Шығармашылық ойындар.
10. Жағдаяттық диалогтарды айту.
11. Сурет бойынша әңгіме.
12. Әріптерді үйрену.
Топтағы жұмыстарды ұйымдастыру
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалар жарты шеңберде немесе
шеңбер бойында тұрады, балалар педагогқа барынша жақын тұрған сайын
педагогты жақсы көреді, жақсы естиді және жылы психологиялық климатты
тудырады, сондай-ақ, әрекет түрлерін тез өзгертуге мүмкіндік береді. Сабақ
тізбелік жүйеде құрылып, уақыт өте келе оқудың кезеңдерін мүмкіндігінше
түрлендіреді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізудің үлгілі жоспары
1. Сәлемдесу.
2. Фонетикалық жаттығу
3. Өтілген лексикалық материалды қайталау.
4. Қимыл ойындарын қолдана отырып жаттығу.
5. Өткенді белсендіру және жаңа лексикалық материалды кіргізу.
6. Өлеңдерді және ұйқастарды жаттау.
7. Ағылшын тіліндегі мультфильмдерді қарау.
25
«Үй хайуанаттары» тақырыбы бойынша лексикалық материал
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
Мысық
Кошка
Cat
Ит
Собака
Dog
Сиыр
Корова
Cow
Шошка
Свинья
Pig
Ат, жылқы, бие
Лошадь
Horse
Саулық, қой
Овца
Sheep
Қой, қошқар
Баран
Ram
Ешқі
Коза
Goat
Өгіз
Бык
Bull
Үй қояны
Кролик
Rabbit
Тұйе
Верблюд
Camel
Есеқ, қодық
Осел
Donkey
«Жануарлар және олардың балалары» тақырыбы бойынша
лексикалық материал
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
Мынау - eшқі
Это- коза
This is goat
Мынау -лақ
Это –козленок
This is a kid
Ешқі -лақтың анасы
Коза – мама козленка
The goat is the kid’s
mother
Мынау –мысық
Это- кошка
This is cat
Мынау –бала мысық
Это –котенок
This is a kitten
Мысық бала мысықтың
анасы
Кошка – мама котенка
The cat is the kitten’s
mother
Мынау –шошқа
Это – свинья
This is a pig
Мынау – торай
Это –поросенок
This is a piglet
Шошқа
торайдың
анасы
Свинья – мама поросенка
The pig is the piglet’s
mother
Мынау –ит
Это собака
This is dog
Мынау –құшіқ
Это щенок
This is a puppy
Ит күшіктің анасы
Собака – мама щенка
The dog is the puppy’s
mother
Мынау –қой
Это - овца
This is a sheep
Мынау –қозы
Это- ягненок
This is a lamb
Қой - қозы анасы
Овца – мама ягненка
The sheep is the lamb’s
mother
Мынау –тұйе
Это – верблюдица
This is a camel
Мынау –бота
Это- верблюжонок
This is a young of camel
Тұйе - ботаның
Верблюдица
–
мама
верблюжонка
The camel is the young of
camel’s mother
Мынау- сиыр
Это- корова
This is a cow
Мынау - бұзау
Это – теленок
This is a calf
26
Сиыр- бұзаудың анасы
Корова – мама теленка
The cow is the calf’s
mother
Мынау- бие
Это - лошадь
This is a horse
Мынау - құлынның
анасы
Это- жеребенок
This is a foal (colt)
Бие - құлынның анасы
Лошадь – мама жеребенка
This horse is the foal’s
mother
«Жабайы жануарлар» тақырыбы бойынша лексикалық материал
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
касқыр
Волк
wolf
түлкі
Лиса
fox
аю
Медведь
bear
тышқан
Мышь
mouse
егеу құйрық
Крыса
rat
коян
Заяц
hare
кірпі
Еж
hedgehog
тасбақа
Черепаха
a turtle
тиін
Балка
squirrel
саршұнақ
Суслик
gopher
жолбарыс
Тигр
tiger
көртышқан
Крот
mole
бұғы
Олень
deer
сусиыр
Бегемот
hippopotamus
керік
Жираф
giraffe
піл
Слон
elephant
маймыл
Обезьяна
monkey
бизон
Бизон
bison
ала құлан
Зебра
zebra
киік
Антилопа
antelope
кенгуру
Кенгуру
kangaroo
сілеусін
Рысь
lynx
суыр
Сурок
marmot
арыстан
Лев
lion
мүйіз тұмсық
Носорог
rhino
Достарыңызбен бөлісу: |