Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


-5 жастағы балалардың сөйлеуін дамыту



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата27.12.2016
өлшемі0,84 Mb.
#585
1   2   3   4   5   6

4-5 жастағы балалардың сөйлеуін дамыту 

4-5  жастағы  мектеп  жасына  дейінгі  бала  өзін  қоршаған  табиғатқа: 

жануарларға,  өсімдіктерге,  ауа-райының  құбылыстарына  деген  белсенді 

түрде қызыға бастайды. Бұл жас кезеңінде «Неге?», «Не үшін?», «Қайдан?» 

деген сұрақтар пайда болады.  

5  жастағы  балалар  үшін  табиғат  жайлы  білу  қажет  болса,  сондай-ақ 

қоршаған орта туралы білулері қажет. 

Балалардың танымдық және сөйлеу мүмкіндіктері едәуір өседі. Мектеп 

жасына  дейінгі  ортаңғы  топтағы  балалардың  білімге  деген  құштарлықтары 

жоғары, әлеуметтік және табиғи болмысты меңгеруде белсенділік танытады. 

Осы  кезеңде  балалардың  сөздік  қоры  2200  сөзге  дейін  жетеді. 

Балалардың  ересектермен  және  құрбыларымен  қарым-қатынас  жасау 

барысында  танытатын  дербестігі  жене  ынталылығын  тәрбиелеу  -  4  жастағы 

балалардың  сөйлеу  дағдыларын  дамыту  бойынша  негізгі  бағыт  болып 

табылады.  Балалар  байланыстырып  сөйлеу  дағдыларын  меңгереді,  сөздік 

қорлары кеңейеді, сөйлемді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құра бастайды. 



Байланыстырып сөйлеуді дамыту 

Балалар диалогтік және полилогтік сөйлеу білігін меңгеріп, айналадағы 

адамдармен қарым-қатынасты жеңіл жасайды.  

Сұрақ  қояды,  қойылған  сұрақтарға  жауап  береді,  құрбыларының 

жауаптарын 

тыңдайды, 

ортақ 

сұхбатта 



ынталылық 

танытады, 

әңгімелесушінің сөзіне кедергі келтірмей сөзін тыңдап содан кейін сөйлейді, 

әңгімелесу  барысында  тәрбиешінің  көмегіне  жүгініп  қойылған  сұрақтың 

мәтініне байланысты түрлі типтегі сөйлемдерді қолданады. 

Балалар  ересектерге  және  құрбыларына  сыпайы  сөйлеу  мәнерін, 

ризашылықпен  сөйлеуді,  ренішін  және  наразылығын  білдіруге  үйренеді. 

Өзінің және құрбылыраның сөйлеу барысында жіберген қателерін жөндейді. 

Монолог  құру  біліктерін  меңгереді:  заттарды  сипаттап  5-6  сөйлемнен 

тұратын  әңгіме  құрайды,  өзінің  көрген-білгенін  айтып  әңгімелеп  береді, 

әдеби туындыларды мазмұндайды. 


10

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ ТІЛДІК 



ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ 

 

Үйрету мен жұмыс тәртібін ұйымдастыру түрлері 

Үйрету іс-әрекетін ұйымдастырудың жетекші түрі - топпен жұмыс істеу 

болып  табылады.  Топтардың  толымдылығы  –  8-12  адамнан  артық  емес. 

Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері 

4-5  жастағы  балаларға  -  аптасына  1  рет,  ұзақтығы  20-25  минуттан,  ал  5-6 

жастағы  балаларға  -  аптасына  2  рет,  ұзақтығы  25-30  минуттан  жүргізіледі. 

Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері 

барысында  алынған  білім  барлық  режимдік  кезеңдердің  үдерісінде 

күнделікті:  сәлемдесу,  киіндіріп  шешіндіру,  тамақ  ішу,  ұйқыға  дайындық, 

ойындар мен серуендер барысында бекітіледі.  

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  тілдердің  үштұғырлығын  дамыту 

бағдарламасының  педагогикалық  пайдалылығы  мектеп  жасына  дейінгі 

балаларға  тілдердің  үштұғырлығын  үйрету  көптілді  тұлғаның  негізін 

қалыптастырудағы 

алдын-ала 

маңызды 

кезеңдерінің 

бірі 

ретінде 


қарастырылуында болып табылады. Тілдердің үштұғырлығы бағдарламалық 

мазмұны  негізінде  балалардың  үйреніп  жатқан  тілдерінде  сөздердің, 

дыбыстардың,  сөйлемдердің  дұрыс  айтылуы  қалыптасады,  сөздік  қоры 

жинақталады,  ана  тіліндегі  және  басқа  тілдегі  сөзді  түсіну  мен  қабылдау 

білігі және жеңіл диалог құруға қатысу білігі қалыптасады. 

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  тілдердің  үштұғырлығын  дамыту 

бағдарламасының  педагогикалық  маңыздылығы  мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың  заманауи  қоғамдағы  жалпы  қолданылатын  тілдердің  негізін 

меңгеруімен  шарттастырылады.  Тек  қана  ана  тілі  емес,  сонымен  қатар 

ұлтаралық  қарым-қатынаста  шет  ел  тілдерінің  ауыз  екі  тілін  меңгеру 

тұлғаның  зияткерлік,  эмоционалдық  және  адамгершілік  дамуымен  тығыз 

байланысты.  

Тілдік  дағдыларды  дамытудың  негізгі  мазмұны  мектепке  дейінгі 

ұйымдарда  тәрбиелеу  мен  оқыту  бағдарламаларының  «Қатынас»  білім  беру 

саласында  анықталады.  «Қатынас»  білім  беру  саласының  мақсаты 

үйретілетін  тілдердің  ауызша  және  ауызша  емес  құралдарымен  қоршаған 

ортадағы  адамдармен  қарым-қатынас  жасауға  қабілетті  мектеп  жасына 

дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. 

Ұйымдастырылыған  оқу  іс-әрекеттері  бойынша  қойылатын  негізгі 

талаптар:  жалпы  уақыттың  5–10  минуты  үш  тілде  жүргізілетін  жалпы 

дамытушы 

лексикалық 

түрлерге 

(сергіту 

кезеңдері, 

санамақтар, 

дидактикалық ойындар, тілдік және фонетикалық дайындықтарға, тақпақтар 

мен ұйқастырмаларға) бөлінеді.  



Балаларға тілдердің үштұғырлығын үйрету әдістемесі  

Ағылшын  тілін  үйрету  әдістемесін  таңдау  барысында  балалардың  жас 

ерекшеліктерін ескеру қажет. 


11

 

1.  Ойын  әдістемесі  балаларды  да,  педагогтарды  да  қызықтырады.  Ол 



қарапайымдылығымен  тиімді:  оқытушы  тілді  үйрету  және  жетілдіруді 

бойынша сабақты  ойын  түрінде  жүргізеді.  Әдістеменің  құндылығы  –  ол бір 

жастан бастап бейімді, әдістеменің көмегімен ауызекі тілді, дұрыс айтылуды, 

орфографияны, грамматиканы және т.б. дамытады. 



2.  Зайцевтің  әдістемесі  үш  жастан  бастап  балаларға  арналған. 

Бастапқыда әдістеме қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға 

әзірленген болатын. Ендігі кезекте оны ағылшын тілін үйрету үшін бейімдеп, 

лайықтады.  «Зайцевтің  белгілі  текшелерінде»  ағылшын  алфавитінің  де 

әріптері пайда болды.  

3.  Глен  Доманның  әдістемесі  сәбилерге  арналған.  Бұл  әдістемеде 

баланың  көру  есі  қатыстырылған,  атаулары  жазылған  суреттер  есте 

сақталады  және  оқуға  үйрету  үдерісін  одан  әрі  жеңілдетуге  көмектеседі, 

карточкаларын  қолдан  жасауға  болады..  Карточкалармен  сәбилермен  ғана 

емес,  сонымен  қатар,  ересектеу,  тіпті  мектепалды  жастағы  балалармен  де 

жұмыс жасауға болады.  



4. Жобалау әдістемесі 4-5 жастағы балаларға  арналған. Тілді үйретуші 

сабақтар  жүйесі  үшін  тақырып  таңдайды,  берілген  тақырып  бойынша 

қызықты бір нәрсе білуде балаларға көмектесетін әртүрлі іс-әрекет түрлерін 

ұсынады. Балалар дербес орындауы үшін (немесе ата-аналарының көмегімен) 

тапсырмалар  алады.  Қорытынды  сабақтың  уақыты  келгенде  балалар 

жобаның тақырыбына ауқымды шығармашылық жұмыстарымен келеді.  



5.  Аралас  әдістеме  –  бұл  жерде  таңдауы  бойынша  түрлі  әдістемелерді 

құрастыруға  болады.  Мысалы,  ойындар  ойнауға,  тақпақтар  мен  әндер 

жаттауға,  жобаларды  әзірлеуге  және  т.б.  болады.  Әдістеменің  құндылығы  – 

әртүрлілігі. Түрлі іс-әрекетті ұсына отырып, баланы қызықтыру жеңілірек. 

Мектеп  жасына  дейінгі  кезеңде  тілді  үйретудегі  барлық  тәжірибелерді 

басшылыққа  ала  отырып,  үйде  өз  балаңызбен  дербес  айналысуға  болады. 

Немесе,  үйретудің  барлық  жас  ерекшелік  аспектілері  ескерілетін  тіл 

мектептерін  таңдауға  көмектеседі.  Сонымен  қатар  Сіз  өз  балаңызға  үй 

жұмысын орындауға немесе оның жаңа еліктіретін ермегіне қызығушылығын 

бөлісе аласыз.  



Дербес шығармашылық іс-әрекет  

Заттық-дамытушы ортаның тілдік кеңістікке енуі үшін:  

-  таспа,  диск  және  басқа  да  тасымалдағыштарда  музыкалық  аудио 

материалды;  

- сөздік үстел үстіндегі – баспа ойындары, құралдар, кітаптар; 

жағдайға 



байланысты, 

рөлдік, 


лексикалық 

мазмұны 


бар 

сахналандырылған ойындар;  

-  ертегілерді  сахналау  мен  тақпақтарды  мәнерлеп  оқуда  балалар 

өздерінің жетістіктерін көрсете алатын ертеңгіліктер, мерекелер қажет.  



 

 

12

 

Жұмыстың түрлері мен формалары  

Мектепке дейінгі оқыту тұжырымдамасының негізін қалайтын кезеңдер 

оқытудың  әдістемелерін,  тәсілдерін,  үлгілері  мен  құралдарының  спектрін 

кеңінен  қолдануға  әкеледі.  Бұл  ретте  балалардың  жеке,  сонымен  қатар, 

олардың  жалпы  мәдени  дамуы  мен  микро  әлеуметтік  ортасы  –  отбасының 

ерекшеліктері ескеріледі.  

Негізгі тәсілдері:  

а) балалардың таныс емес тілде үлкендердің тіліне еліктеуі;  

б) 

көру, 


есту 

және 


әсем 

бейнелерді 

құру. 

Нәтижесінде, 



ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  оқытудың  ауызша  емес  құралдарының 

басымдылығы (суреттер, заттардың графикалық бейнелері мен сөйлемдердің 

құрылымдары, музыка);  

в) оқу-дидактикалық ойындарды қолдану;  

г) жұмбақтар;  

д)  өз  ойын  білдіріп,  өзін-өзі  бағалауды  арттырудағы  психологиялық 

кедергілерді  болдырмайтын  ертегілер  мен  шағын  әдеби  шығармаларды 

драмалау.  



Жұмыс ұстанымдары:  

1. Мадақтаудың түрлі құралдарын ауызша және материалдық қолдану.  

2.  Бала  бойында  баланың  тілдік  қабілетін  арттыратын  педагог  пен 

балалар арасындағы оң қарым-қатынастарды қалыптастыру.  

3.  Оқыту  үдерісінде  педагогтің  ана  тіліндегі  сөйлеуін  5–10%  дейін 

шектеу (бала тілін жаңа үйренетін тілде 90%).  

4.  Лексиканы  жүйелі  енгізу:  лексикалық  тапсырмаларды  арттырып, 

біртіндеп  бекіте  отырып  3  сөзден  бастау.  Соңында  күнделікті  өмірде 

жинақталған сөздік қорын белсендіру.  

5.  Балалардың  қысқа  мерзімді  есін  ескере  отырып,  әрдайым  алдыңғы 

өткен материалға қайта оралып, оны келесі қайталауларға енгізу.  

6.  Сөйлеу  дағдыларын  дамытуға  бағытталған  дұрыс  тілдік 

құрылымдарға үйрету.  

7.  Жұптық  және  топтық  үйретулерге  айрықша  ықылас  бөлу.  Бұл  топта 

қолайлы  психологиялық  ахуал  құруға  және  тілдік  кедергілерді  жоюға 

көмектеседі.  

8.  Педагогтің  сұрақтары  мен  бұйрықтарының  балаға  әсерінің 

жылдамдығын дамытады.  



5-6 жастағы балалардың сөйлеу дағдысына сипаттама 

Мектепке  дейінгі  ересек  жастағы  балалар  ана  тілін  еркін  меңгереді. 

Тілдің белсенді сөздік қоры 2500-3000 сөзді құрайды. Бұл балалардың үлкен 

тәжірибесімен  (алдыңғы  кезеңдермен  салыстырғанда),  олардың  зияткерлік 

қабілеттерінің  дамуымен:  көп  бейнелі  байланысын  құру  іскерлігімен,  бар 

білімдерін  жеңіл  қолдану,  жалпылап,  қорытынды  жасай  білуімен 

байланысты. 


13

 

Қарым-қатынас  адамның  көңіл  күйі  мен  эмоционалдық  күйін  анықтау, 



өзінің  ішкі  дүниесін  түсіну  тәсілдерімен  өзін-өзі  нормаларын  меңгеруге 

бағытталады.  Бұл  жастағы  балалар  үшін  айналасындағы  адамдардың 

тілдеріне  сын  көзбен  бағалау  қарым-қатынасы  мен  өз  ойының  нақтылығын 

қадағалау қабілеттерін дамыту тән.  

Бұл  жаста  балалар  сөздердің  дыбысталуы  мен  мағынасына,  оның 

дыбыстық  түріне,  тілдегі  сөздердің  тіркестері  мен  қабысуларын 

қызығушылықпен таниды. 

Әңгімелесушілердің  назарын  өздеріне  аударудағы  мектепке  дейінгі 

ересек жастағы балалардың талпынысы өзінің тілін мәнерлі, бейнелі етудегі 

әрекеттерінен  байқалады.  Бұл  жаста  балалар  тілдің  дауыс  ырғағының 

құралдарын  қолданумен  ғана  емес,  сонымен  қатар,  тілге  тән  эпитет,  теңеу, 

метафора секілді мәнерлілік құралдарын меңгеруге қабілетті.  

Мектепке  дейінгі  ересек  жаста  балалардың  тілінде  елеулі  дербес 

ерекшеліктер білінеді.  



Мектепке  дейінгі  ересек  жастағы  балалардың  тілін  дамытудағы 

басты бағыттар:  

- байланыстырып сөйлеу және мазмұндылығы (диалог және монолог);  

- тілдің шығармашылығы мен мәнерлілігін дамыту;  

- сөйлеу әрекеттеріндегі жеке қабілеттерін дамыту. 



Байланыстырып сөйлеуін дамыту  

Балалар  өзара  қарым-қатынастың  талдау,  адамдардың  адамгершілік 

қырындағы  қылықтарын,  дәлелді  бағалай  білудегі  мәселелерін  меңгере 

бастайды.  Балалар  диалогтік  және  полилогиялық  сөйлеу  іскерліктерін 

меңгереді:  қоршаған  ортамен  қуана  тілдік  қарым-қатынасқа  түседі.  Олар 

ұжымдық  әңгімелесулерге  қатысып,  сыпайы  түрде  сөйлесудің  қабылданған 

нормаларын:  әңгімелесушіні  мұқият  тыңдау,  сұрақты  дұрыс  қою,  сұратарға 

жауап беру, балалардың жауабын тыңдау, ұжымдық әңгімелесулерге қатысу, 

ортақ  әңгімені  қолдау,  әңгімелесушіні  бұзбай  кезекпен  сөйлеуді  қолдана 

алады.  


Өз  пікірлерін  айналасындағыларға  түсінікті,  ұжымдық  әңгімелесулерге 

қатысып,  ортақ  әңгімені  қолдау;  қарым-қатынастың  міндеттеріне  сүйене 

отырып  әңгімелесушіні  бұзбай  кезекпен  сөйлеуді  есепке  ала  отырып  құруы 

тиіс. Олар үлкендермен және балалармен тілдік байланысын құру тәсілдерін 

білуі тиіс (атымен, атымен және әкесінің атымен атау, өтінішін сыпайы түрде 

білдіру,  кешірім  сұрау,  қызметіне  алғыс  білдіру,  баяу,  достық  екпінмен 

сөйлеу).  

Әңгімелесу  барысында  (тәрбиешінің  көмегімен)  қойылған  сұрақтың 

сипатына қарай сөйлем түрлерімен қолдану.  

Ересектер  мен  құрбыларына  өтініш,  алғыс,  реніш,  шағым  түріндегі 

сыпайы қарым-қатынас үлгілерін білу.  

Өзінің  және  құрбыларының  тіліндегі  қателер  мен  олқылықтырады 

анықтап, оларды жөндеу.  


14

 

Мектепке  дейінгі  ересек  жастағы  балалардың  байланыстырып  сөйлеуін 



дамытудың  басты  міндеті  монологтік  және  полилогиялық  тілін  жетілдіру 

болып табылады.  



Сөздікті дамыту  

Балалар  тұрмыстық  сөздікті,  табиғат  пен  тұрмыстық  заттардың 

атауларын, олардың  қасиеттері мен  сапаларын,  құрылымын,  материалы  мен 

оның  ерекшеліктерін  білдіретін  сөздерді  дұрыс  және  нақты  қолдануды 

белсенді меңгерулері тиіс. Нысанның пішіні, өлшемі мен басқа да белгілерін 

білдіретін сөздерді меңгеруді жалғастыру.  

Ересектер  тобында  (5-6  жас)  балалар  материалдардың  неден 

жасалынғаны,  олардың  қасиеттері  туралы  көбірек  білулері  тиіс.  Кейбір 

заттар мен бұйымдардың дайындалу үдерісін білу (пісіру, жасау, тігу, үтіктеу 

және т.б.). Алты жаста балалардың сөздігі заттардың материалы, қасиеті мен 

күйін жалпылайтын сөздермен толықтырылады.  

Балалар  өзіне  таныс  заттардың  қасиеті  мен  сапасын  анықтауға  қажетті 

зерттеу  әрекеттерін  дербес  қолданып,  оларды  атаулары  тиіс  (сипау,  үрлеу, 

умаждау, қолында өлшеу, иіскеу және т.б.).  

Ересек  топтағы  сөздік  жұмыстардың  жетекші  мазмұны  жалпылаудың 

тегі  мен  түрлерін  жалпылауды  білдіретін  сөздерді  түсініп  қолдану  болып 

табылады.  

Бұл  жаста  балалар  заттарды  салыстыруды,  басты  белгілерін  табу, 

осылардың  негізінде  заттарды  топтарға  біріктіру  іскерліктерін  меңгереді. 

Заттарды  өздеріне  тән  белгілері  бойынша  біріктіру  қабілеттерін  меңгереді. 

Ыдыс-аяқ,  жиһаз,  киім,  аяқ  киім,  көкөністер,  жемістер,  көлік  және  т.б. 

түсініктерді біледі.  

Сөздердің  ұғымдық  мазмұнын  меңгеру  балаларға  сөздердің  ауыспалы. 

басқаша айтылған мағынадағы сөздерді түсініп, қолданудағы жаңа деңгейге 

өтуге мүмкіндік береді.  

5-6  жастағы  балалардың  сөздігін  толықтыру  әлеуметтік  өмірдің 

құбылыстары  мен  оқиғаларына,  адамның  ішкі  дүниесімен  және  сыртқы 

қылықтарына 

қызығушылығының 

артуымен 

байланысты. 

Түрлі 


мамандықтағы адамдардың еңбегімен таныстыру барысында олардың сөздігі 

заттар  мен  еңбек  құралдарының,  жұмысқа  қажетті  техниканың,  еңбек  іс-

әрекеттері мен оларды орындалу сапасының атауларымен толықтырылады.  

Тілдің грамматикалық дұрыстығы  

Мектепке  дейінгі  ересек  жастағы  балалар  тілдің  барлық  негізгі 

грамматикалық  түрлерімен  қолданулары  тиіс.  Балалар  құрбыларының 

тіліндегі  грамматикалық  қателерді  анықтауға  және  оларды  жөндеуге; 

грамматикалық формаларды дербес қолдануға үйренеді.  

Тілдің дыбыстық мәдениеті  

Мектепке  дейінгі  ересек  жастағы  балалар  дыбыстарды  дұрыс  айтуға 

және  сөздерге  дыбыстық  талдау  жасау  іскерліктеріне  үйретіледі.  Олар  ана 


15

 

тілінің  барлық  дыбыстарын  анық,  дұрыс  айта  білулері  тиіс.  Күнделікті 



сөйлесу барысында дыбыстарды дұрыс айта білуге жаттығады.  

Өлеңдерді  оқып,  әдеби  шығармаларды  мазмұндау  барысында  балалар 

түрлі  дауыс  ырғағының  құралдарымен  қолдана  білуі  тиіс:  сарын,  сөйлеу 

ырғағы, қисынды екпін. Бұл құралмен балалар өзіне туған емес (қазақ және 

ағылшын) тіліндеріндегі өлеңдерді оқу және әдеби шығармаларды мазмұндау 

барысында да қолданулары тиіс.  



Монологтік сөйлеу 

Балалар  алдына  қойылған  коммуникативтік  жағдайға  байланысты  тіл 

материалының  бағдарламасына  орай  ойын,  білімдік  және  тұрмыстық 

әрекеттерді  айқындап,  алдын  ала  дайындықсыз  ойындағысын  жеткізу  тиіс. 

Өзінің пікірін айту мөлшері 3 сөз тіркесінен кем емес және тілдік тұрғыдан 

дұрыс рәсімделген болуы тиіс. 

Пікірін  айту  сипаттамадан  (сурет,  бұйым,  ертегілер  кейіпкерлерінің 

әлпеті және т.б.), оқиғадан (дос, отбасы мүшесі, үй жануары және т.б.) тұруы 

мүмкін. 

5  жасқа  толғанда  баланың  сөйлеу  қабілеті  және  танымдық  қасиеті 

жоғарылайды.  Орта  жастағы  балалар  әлеуметтік  және  табиғат  ақиқатын 

меңгеру жолында өте белсенді, білімқұмар, бағынышсыз болып табылады.  

4  жасар  балалардың  тіл  үштұғырлығын  дамытуға  жұмыстарының 

орталық  бағыты  олардың  ересек  адамдармен  және  құрдастарымен  сөйлесіп 

араласудағы  ынтагерлігі  мен  өзіндігін  тәрбиелеу,  монолог  түрлерін  оқу 

болып табылады. 

Балалар  сөйлеу  дағдысына  ие  болады,  сөз  байлығы  артады,  сөйлеуі 

біртіндеп грамматикалық тұрғыдан дұрыс болып қалыптасады. 



Оқытудың  негізгі  қағидалары  қызықтылық,  жүйелілік,  түйіндемелік, 

қол жетімділік, көрнекілік және қарым-қатынас болып табылады.  

«Тілдің  үштұғырлығының  дамуы»  атты  курсты  аяқтаумен  қатар 

лексика-грамматикалық  құрылымдардың  зерттелген  ресми  деректері 

дағдылармен,  белгілі  тақырып  бойынша  айқын  сөйлеу  білу,  оқып  жатқан 

тілдерде өлеңдер мен тақпақтарды білу. 



Монологты  сөйлеуді  үйрену:  (5-6  сөйлемнен  құралған)  заттар  туралы 

әңгімелер,  және  тәжірибе  оқиғаларын  құрастыру;  әдеби  шығармалардан 

түсінігін  айту,  суреттер  бойынша  мәтін  құрастыру.  Ойыншықтар,  суреттер 

бойынша  баяндамалық  әңгімелер  шығару,  жұмбақтар  мен  салыстырмалы 

жұмбақтар құрастыру. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  коммуникативтік  қабілеттерін 

дамыту барлық салаларда жүзеде асады, бірақ мектепке дейінгі мекемелерде 

басты  оқытудың  түрі  балалардың  сөйлеу  қабілетін  дамыту  бойынша 

ұйымдастырылған  оқыту  қызметі  болып  табылады.  «Қатынас»  білім  саласы 

құрылымының  әрекеті  әр  түрлі  өзара  байланыстағы  сөйлеу  жұмысының, 

сөздікті  жетілдіру  және  жандандыру,  грамматикалық  сөйлеу  тіркесін 

қалыптастыру,  дыбыстық  сөйлеу  мәдениетін  және  т.б.  тарауынан  үдеріс 



16

 

ретінде  белгіленеді.  Мектепке  дейінгі  жаста  осы  кезендегі  жасына  қарап 



өзара байланысты монолог сөзін дамыту негізгі мақсат болып табылады.  

Оқыту  тілдерінің  дыбыс  айтылуын  қалыптастыру  барысында  есту 

қабілеті және фонематикалық қабылдау, сөйлеу аппаратының моторикасында 

дамып,    сөйлеу  мүшелерінің  қозғалғыштығының  мәні  артады.  Көптілде 

айтылуын  қалыптастыруда  фонематикалық  есту  қабілеті  міндетті  шарт 

болып табылады.  

Мектепке  дейінгі  балалардың  фонематикалық  қабілетінің  өте  жоғары 

денгейде  дамитындығы  байқалынады;  олар  дыбыстарды  дұрыс  айтады, 

оларда  жіңішке  және  сараланған  дыбыстардың  сөз  түрлерін  және  жеке 

дыбыстар айтуы қалыптасады. Осы жаста сөздің есту қабілеті, нақты дұрыс 

сөйлеу қабілетінің қалыптасуы маңызды болып табылады.  

Сараланған  дыбыстарды  қабылдау  қабілеті  акустикалық  және 

артикуляциялық  дағдыладың  даму  барысында  қалыптасады.  Орыс,  қазақ, 

ағылшын тілінде дыбыс шығару біртіндеп қалыптасып, 3 кезең арқылы өтеді:  

1) артикуляциялық аппарат дайындау;  

2) тұйықталған дыбыстың айтылуын нақтылау; 

3) буындағы дыбыстар, сөзбен, фразалық сөзбен бекіту.  

Бірінші  кезең  сөйлеу  аппаратына  артикуляциялық  қимылдардың 

дайындығына бағытталған. Бұл шараны арнайы ұйымдастырылған дыбыстық 

сөйлеу  мәдениетін  және  қазақ  пен  ағылшын  тілінде  сөйлеуді  оқыту 

қызметінде  іске  асыру  қажет.  Күнделікті  тәртіптік  сәт  уақытында,  таңғы 

гимнастика, жуыну барысында артикуляциялық аппаратты шынықтыру үшін 

жаттығулар  орындауға  болады.  Дыбысты  зертеу  үдерісінің  құрылымы 

фонетикалық  қабілетін  дамыту  әдістемесіне  кірістірілген  «Қатынас»  білім 

саласында  ана  тілінде  оқыту  және  тәрбиелеу  бағдарламасында  толық 

сипатталған. 

Дыбыс  шығаруды  қалыптастыру  дұрыс  мұқамды  құрау  мен  тығыз 

байланысты. Дұрыс мұқам балалардың сөйлеу аппаратының қимылы, дұрыс 

координациясы арқылы қалыптасады. 

Фонетикалық дағдылар педагогтың жетекшілігімен қалыптасады. Оның 

сөйлеуі  арқылы  жаңа  лексика  еңгізіледі.  Сөздің  мағынасы  аудару  немесе 

көрсетілім  арқылы  айқындалады.  Сөзбен  жұмыс  істеу  түрлі  жаттығуларды 

оқшаулы түрде, сонымен қатар дыбыстық үлгілері де жүргізіледі. 

Барлық  балалар  игеруге  міндетті  негізгі  лексикалық  қормен  қатар 

рецептивті  игерілетін  лексиканың  мөлшері:  күнделікті  әдетті  айтылатын 

сөздер, ресми мәтіндермен ұйқастырмаларда кездесетін лексика. 

Жаңа  сөздерді  саралап  айтуды  жөндеу  тек  таза  қолдану  және 

жаңылтпаштарды қолдану арқылы жүзеге асады.  

Сөйлеудің  дұрыс  ырғағы  мен  екпінін  қалыптастыруда  сөйлеу  тынысы 

ерекше орын алады. 

Сөйлеу  тынысы  тыныстық  гимнастиканың  барысында  дамиды.  Тыныс 

гимнастикасында  әр  түрлі  сюжетті  жаттығулар  қолданылады:  («Сағат» 



17

 

«Ұшақ»  «Сорап»  және  т.б.).  Тыныс  гимнастика  әр  түрлі  ойын  жаттығулар 



түрінде  өтеді.  Балалар  мақта  шарларын,  қағаз  сызықшаларын,  айнамаларды 

үрлейді, сабын көпіршіктерін жебереді.  

Ана  тілі  емес  тілдің  өзіне  тән  ерекше  дыбыстарын  өңдеу,  сөз  есту 

дамуының  жалпы  әдістемесі  және  арнайы  әдістмесі  «Тіл  үштұғырлығын 

дамыту» бағдарламасын іске асыру барысында қолданылады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет