Қазақстан республикасы білім және ғылым


 Мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу жүргізудің



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата06.06.2022
өлшемі480,71 Kb.
#36417
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
 
Мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу жүргізудің 
кезеңдері мен рәсімдері 
 
8.1 Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі Еуропалық стандарттар мен 
нұсқаулықтарға (ESG), озық шетелдік тәжірибеге (нұсқаулықтарға) және 
ұлттық стандарттарға сәйкес әзірленген. 
8.2 Аккредиттеу рәсімі келесі кезеңдерді қамтиды:
1-кезең: 
1) 
білім беру ұйымының агенттікке ЖОО мен білім беру бағдарламасы 
қызметінің қысқаша сипаттамасымен аккредиттеу тапсырысын беруі; 
2) 
агенттік пен білім беру ұйымы арасындағы білім беру 
бағдарламасына аккредиттеу жүргізу туралы шартқа қол қою. Шартта 
тараптардың құқығы мен міндеттері, рәсімнің құны, аккредиттеуді жүргізу 
мерзімдері көрсетіледі. 
3) 
ЖОО-мен өзін-өзі бағалау процесі, БСҚА белгілеген стандарттар 
мен нұсқаулықтарға сәйкес өзін-өзі бағалау туралы есепті әзірлеу 
жүргізіледі; 
4) сыртқы аудит басталғанға дейін кем дегенде 3 ай бұрын өзін- өзі 
бағалау есебінің алғашқы нұсқасын агенттікке ректордың қолы қойылған 
және елтаңбалы мөрмен расталған, өзін-өзі бағалау есебін дайындау комитеті 
мүшелерінің қолы қойылған нұсқаны сканерленген электрондық форматта 
ұсыну;
5) есеп бойынша ескертулерге жауап ретінде өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу және өзін-өзі бағалау есебін электронды нұсқада қазақ, 
орыс және ағылшын тілдерінде ұсынуы қажет. 
6) қорытынды есеп сыртқы аудит басталғанға дейін бір немесе бір 
жарым ай бұрын ұсынылуы тиіс. Оның қолдары қойылған және мөрмен 
расталған нұсқасын үш тілде электрондық форматта, сондай-ақ ректордың 
қолы қойылған және елтаңбалы мөрмен расталған, өзін-өзі бағалау есебін 
дайындау комитеті мүшелерінің қолы қойылған нұсқаны бір-бір данадан 
(қазақ және орыс тілдерінде), қосымшамен бірге қағаз түрінде ұсынуы қажет. 
2-кезең: 
7) 
сарапшылар тобының жүмысын регламенттеу агенттік бекіткен 
сыртқы бағалау бойынша стандарттар мен нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі; 
8) 
агенттік Қазақстанның академиялық қауымдастығының, жұмыс 
берушілердің өкілдері, студент және халықаралық сарапшы құрамына енетін 
құзыретті аудиторлар командасын қалыптастырады; 
9) 
команда құрамы тапсырыс беруші ЖОО-на сыртқы аудитке дейін 1-
2 ай бұрын хабарланады. ЖОО тарапынан аудиторлардың біріне теріс түсінік 


15 
күдігі туындаған жағдайда, ЖОО жазбаша түсініктеме берілген хатты тіркей 
отырып, аудиторды ауыстыру үшін агенттікке өтініш беруге құқылы. 
10) сарапшылар тобы өзін-өзі бағалау материалдарымен танысады, 
ЖОО-на барып, сыртқы аудит жүргізеді, соның негізінде сыртқы бағалау 
туралы есепті дайындап, агенттікке тапсырады; 
11) ЖОО-да сыртқы аудитті жүзеге асыру 2-3 күн бойы жүргізіледі; 
12) сыртқы сапар бойынша есеп пен ұсынымдарды сыртқы аудиторлар 
аудит басталған кезеңнен бастап 2 аптадан асырмай дайындайды, комиссия 
төрағасы немесе хатшысы оны агенттікке жолдайды; 
13) БСҚА ЖОО-ның қызметін бағалау бойынша аудиторлар тобынан 
алынған есепті ЖОО-на танысуға жолдайды; 
14) ЖОО есепке пікір, қажет болған жағдайда есеп алынғаннан кейін 
бір апта бойы аудиторлардың қорытынды есебінің жобасына өзгерістер 
енгізу, түзету туралы ұсыныстар береді. 
3-кезең:
15) 
Агенттік өзін-өзі бағалау материалдарымен және сыртқы аудит 
ойынша есебімен танысқаннан кейін Аккредиттеу кеңесіне қорытынды 
дайындайды; 
16) 
Аккредиттеу кеңесі шешім қабылдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет