Қазақстан Республикасы Білім және ғылым


ҚАЗАҚСТАННЫҢ КІТАП МӘДЕНИЕТІ КНИЖНАЯ КУЛЬТУРА КАЗАХСТАНА



бет13/114
Дата05.03.2022
өлшемі0,64 Mb.
#27086
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   114
Байланысты:
«кітап. Уа ЫТ. О АМ» (1)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КІТАП МӘДЕНИЕТІ КНИЖНАЯ КУЛЬТУРА КАЗАХСТАНА






МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ




Т.Ш. Әбілқасымов


Облыс тілдерді дамыту басқармасы, Павлодар қаласы
Тіл - адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Киелі Кереку өңірінің біртуар перзенті, атақты жерлесіміз Жұсіпбек Аймауытовтың тілімен айтсақ,

«Ана тілі - жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын қазына».

Сондықтан елдігіміз бен ұлттығымыздың баға жетпес қазынасы болып табылатын мемлекеттік тіліміздің қолдану аясын кеңейту барлық қазақстандықтардың парызы болып келеді. Ол үшін ең алдымен қазақ тіліндегі кітап қорын көбейтіп, кітап оқуға деген адамдардың қызығушылықтарын арттыру жұмыстарын қолға алуымыз қажет. Жасыратыны жоқ, соңғы кездері кітап оқуға құмар жастардың қатары азайып барады. Кейбірі оқыса да тек қазақ тіліндегі өзінің мамандығы мен саласына қатысты оқулықтармен шектеліп, қазақтың тарихы мен салт-дәстүрінен, мәдениеті мен озге де құнды қасиеттерінен сыр шертетін ұлы ақын-жазушылардың шығармаларын оқымайды. Әрине, бұл бүгінгі өмір сүріп жатқан дәуірмен де тығыз байланысты. Себебі, қазіргі уақытта қоғам техникаға бағынышты болып отыр. Сондықтан ғаламтор, теледидар, радио тәрізді адам өмірімен тығыз байланысты ақпарат құралдарында кітап оқуға қызығушылықтарын арттыруды қолға алатын жұмыстарды ұйымдастыру керек.

Сонымен қатар қазақ тіліндегі кітап қорын көбейту жұмыстары да жыл сайын қадағаланып отырса, оқырман қатарын көбейтудің бір жолы болмақ. Бұл мәселе облыс әкімі Б.Ә. Сағынтаевтың төрағалығымен өтетін Павлодар облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысында қаралып отырады. Осы жылғы өткен жұмыс тобының отырысында да қазақ тіліндегі кітап мәселесі тағы да қарастырылып, қалалар мен аудандардың әкімдеріне облыс елді мекендерінің кітапханаларын қазақ тіліндегі әдебиеттермен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылсын деген тапсырма берілген болатын. Сондықтан шалғайдағы елді мекен тұрғындары да оқығысы келген кітапты алыстан іздемей-ақ ауыл кітапханасынан таба алады.

Алайда қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев айтпақшы,

«...Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз» деген өлең жолындағындай, ұлы тұлғаларымыздың шығармалары кітап сөресінде шаң басып жатпау керек. Сонда ғана жастарымыздың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі, Отанға деген патриоттық сезімі ұлғая түсетіні сөзсіз.

Уақыт өткен сайын мемлекеттік тілді оқып-үйрететін орталықтар да көбейіп келеді. Қазірде облысымызда олардың саны 18-ге жетті. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің жанындағы оқыту орталығы, «Новое поколение»,

«Langberry» және басқа да жеке меншік орталықтар бар. Мемлекеттік тілді үйренуге шақырған сан алуан мәдени-бұқаралық шаралар жиі өткізілуде. Павлодар қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктері өкілдерінің «Жорға» деп аталатын клубы құрылып, жемісті қызмет етуде. Осында қазақша сөйлеймін деп алдына игі мақсат қойған өзге ұлт жастары көптеп келуде.

XXI ғасыр техниканың нағыз қарыштап дамыған дәуірі болғандықтан, қазақ тілін оқытуда электрондық кұралдар көмегіне де сүйенген жөн. Осы мақсатпен «Жеңіс» атты электрондық оқулық шығарылып, барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарға таратылды. Облыс орталығынан шалғайда орналасқан, өзге ұлт өкілдері тығыз қоныстанған аудандарда мемлекеттік тілді оқыту ұйымдастырылды.

«Тәрбие басы - тал бесік» демекші, жас бүлдіршіндеріміз бен сәбилеріміздің тілі қазақ тілінде шығуына жақсы көңіл бөлу керек. Ол үшін ең алдымен ата-ананың рөлі ерекше болса, сонымен қатар балабақшада алатын тәрбиенің орны да зор екендігін бәріміз де білеміз.

Сол себепті бала тәрбиесімен айналысатын мекемелердің кітап қоры әрдайым қазақ тіліндегі оқулықтарға толы болуы қажет. Осы бағытта Тіл басқармасы мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелерді назардан тыс қалдырмай, жыл сайын бүлдіршіндерге арналған қазақ тіліндегі кітаптармен қамтамасыздандырып отырады.

Сондай-ақ осы жағынан келгенде мемлекеттік органдар да Тіл басқармасы тарапынан барынша көмекке кенелуде. Соңғы екі жылда облысымызға жоғары сапалы әрі өте қажетті оқулықтар көп жеткізілді. Мысалы, 2009 жылы облысымыз 10029 дана, ал 2010 жылы 14200 дана оқу-әдістемелік құралдармен және сөздіктермен қамтамасыз етілсе, 2011 жылы дастархан, шаңырақ, мәдениет, саяхат, білім, денсаулық, кәсіп, қызмет көрсету, сауда, спорт саласымен байланысты 93 мың кітап барлық мемлекеттік органдар мен мекемелерде тегін таратылды. Бүгінде Ертістің Павлодар өңірінің

барлық қаласы мен ауданы, мемлекеттік мекемелері, оқыту орталықтары мемлекеттік тілді үйренуге арналған оқулықтармен, жұмысқа қажетті сөздіктермен толық қамтамасыз етілді.

Облысымыздағы жүргізіліп жатқан мемлекеттік тіл саясатын жүйелі түрде іске асыру мақсатында тілдерді дамыту мәселелері жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, нәтижесі негізінде шығарылған материалдар қалалар мен аудандарға, мемлекеттік органдарға таратылды. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма өңірдің барлық қаласы мен аудандарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, ортақ мақсат жолында бірлесіп жұмыстар атқаруда.

Нәтижесінде мемлекеттік тілді дамытуда жетістіктерге ие болдық. Алдағы уақытта осы бағыттағы игі істер жалғасын табады. Мәселен, өткен жылы елімізде халықаралық саяси шаралармен ерекшеленуімен бірге аса маңызды үлкен еңбек - «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» әзірлеп, қоғам, ел болып талқылап, бекітумен де табысты болды.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында мемлекеттік тілге ерекше көңіл бөліп, өз қолдауын білдірді. Елбасы біздің алдымызға 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға, ал 2020 жылға қарай кемінде 95 пайызға жеткізу жөнінде үлкен міндет қойып отыр. Облысымыздың тұрғындары бүгінгі таңда мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің дамуына, оның мемлекеттік мәртебесінің сақталып, одан әрі нығаюына қолдау көрсетуде. Бұл үрдіс соңғы жылдары Қазақстанда, соның ішінде Павлодар облысында, қазақ тілінде еркін сөйлейтін адамдар санының тек қана ұлты қазақтардың арасында емес, өзге ұлт өкілдері арасында да бірте-бірте көбейіп жатқанынан байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет