Қазақстан Республикасы Білім және ғылым



бет16/114
Дата05.03.2022
өлшемі0,64 Mb.
#27086
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   114
Литература

  1. Назарбаев Н.А. Лекция Президента РК Н.А.Назарбаева в Евразийском Национальном Университете имени Л Л.Гумилева.

  2. Корет Н.О. Очерки по методике анализа художественного произведения / Н.О.Корет. - М., 1963.

  3. Богданова О.Ю. Художественная литература в жизни общества / О.Ю.Богданова. - М., 1997.

  4. Лекция РД «Ак-Орда».- Астана, 2006.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КІТАП МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРИСТИКА ТАРИХЫНЫҢ, АУЫЗША ДЕРЕКТЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ МАҢЫЗЫ




Л.Қ. Жүсіпова, А.Е. Мажит


С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қаласы
Қазақ халқының тарихи деректерге бай рухани мұрасының зерттелу тарихы бірнеше кезеңдерден тұрады. Әсіресе XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығы тарихына байланысты ауызша, әрі жазбаша мәтін көздері молдығын дәлелдеу қажет емес. Әйтсе де отаршылдық жүйе мақсатына сай келмегендіктен де, сол құнды нұсқаларды зерттеу, жинақтау, т.б. ісіне ашық та, жабық та түрлі тосқауыл қойылып, оның тәуелсіздіктен кейінгі аз жылдар ішінде ғана кешендеп қолға алына бастағаны мәлім.

Қазақ фольклоры туралы ғылым XVIII ғ. бастап пайда болды десек, оның ауызша тарихи дәстүріне көңіл бөлу де осы шамалас уақыттан басталғаны белгілі. Қазақ елі туралы жазған ресей авторларының ішінде: П.И.Рычков, П.С.Палпас, И.Г.Георги, И.Ф.Фальк, Х.Барданес, И.Г.Андреев, т.б. еңбектерін атап өтуге болады. Ал, қазақтың тарихына қатысты аңыз - әңгіме, жыр - шежіре, т.с.с. үлгілерді жинау мен жариялау, сонымен бірге зерттей бастау ХІХ ғасырдың бірінші жартысында аздап болсын қолға алынды [1].

Қазіргі таңда осы бағытта күрделі, әрі құнды зерттеулерімен әйгілі Ш.Ш. Уәлиханов еңбектері, В.В.Радлов пен Г.Н.Потаниннің жазбалары жарыққа шықты. Сонымен бірге бұл уақытта қазақ жерінде орыс географиялық қоғамының бірнеше экспедициялары жүргізілген [2]. Атап айтқанда, Орынбор, Семей, Түркістан, т.б.жерлердегі географиялық қоғамдары бөлімдерінің түрлі бағыттағы жұмыстары мен нәтижелері сол кездегі «Жазбалар» мен «Хабарларда» дүркін- дүркін жарияланып отырды. Қазіргі таңда бұл материалдар да өзалдына арнайы зерттеуді қажет етеді. Қазақтың бай әдеби, мәдени

және тарихи мұрасына қатысты мәліметтерді «Археология, тарих және этнография қоғамының хабарларында», «Орыс археологиялық қоғамы Шығыс бөлімінің жазбалары», «Этнографиялық шолу» сияқты басылымдардан да кездестіре аламыз [3].

1917ж. Қазан төңкерісіне дейінгі ғалымдардың, ағартушы- лардың қазақтар жөніндегі жазбалары қандай мақсатқа бағындырылса да, оның ғылымдағы мәнін төмендетпейміз. Мысалы, Н.Рычков еңбегінде бірнеше аңыз-әңгімелер нұсқалары берілген. Әскери шенеунік ретінде ол тек аңыз-әңгімелердің, фольклорлық шығармалардың мазмұнымен ғана шектеліп, сонымен қатар «аңызды қайдан, кімнен және қашан?» деген сұрақтарға жауап іздеуге тырыспаған [4].

Осындай жалаң баяндауды: И.Георгидің, П.Палластың еңбектерінен де байқаймыз./5/ Бұған қарап отырып, қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерді 2 топқа бөліп жіктеуге болады: олардың бір тобы – жинаушылар болса, екіншілері – зерттеушілер. Сонда жинаушылар тізімінде алғашқылардың бірі болып: П.Палпас, Н. Рычков, И.Георги тұрса, зерттеуші ретінде Ш.Ш. Уәлиханов, В.В. Радлов, Г.Н. Потанинді айта аламыз.

И.Георгидің жазбасында аңыз-әңгімелерді толық баяндауға тырыспағандық байқалса, Петербор Ғылым Академиясының толық мүшесі П. Паллас еңбектерінде керісінше, қазақ елінің тарихына қатысты аңыз - әңгімелерге біршама мән беріп, оларды тек жинаумен шектелмей, оған біраз талдаулар жасап үлгерген. Мысалы, онда қазақ еліне жоңғар шапқыншылығы кезіндегі, қазақтың бір жауырын- шысының қалмақ жауырыншысынан қулығын асырып, жауды жеңуге көмегін тигізгендігі т.с.с. сөз болады [5].

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сол зерттеу бағытын: А.И. Левшин, Е.К. Мейендорф, Г. Спасский, С. Броевский, М. Поспелов,Т. Бурнашев, Ф. Назаров, сол ғасырдың ортасынан бастап А. Вамбери, И. Бларамберг, Л. Мейер, И.Завалишин, Я. Ханыков, Н. Красовский, Н. Балкашин, И. Казанцев, М. Иванин, П. Медведский, Л. Плотников т.б. жалғастырып толықтырып, аталған саладағы еңбектердің толығып, молайып, дамуына едәуір ықпал етті.

ХІХғ. бірінші жартысында Қазақстан жеріне В.П.Васильев, В.И.Даль, Г.И. Данилевский, Е.П. Ковалевский, В.И. Небольсин, М. Поспелов, Н.А. Северцев, Н.В. Ханыков бастаған экспедициялар да болып қайтуының да мәні үлкен болды [6].

Қазақ өлкесі тарихының неғұрлым кеңірек зерттеле бастауы, Ресейдің Шығыстану ғылымының дамуыны да әсерін тигізді. 1789 ж.

«Азиялық мектеп», 1800 ж. Қазан, Харьков университеттерінде

шығыс тілдері мен түркі тілдері де қатар оқытылуы бұған дәлел бола алады [7].

Қазақтың ауызша тарих айту дәстүріне назар аударған, зерттеулер жүргізген ғалымдардың ішінде Г.И. Спасскийдің пікірлері ерекше назар аударарлық. Ол өз жазбаларында фольклорлық шығамаларды сұрыптай келе, қазақтың әдеби, мәдени мұрасының тарихи-этнографиялық мәліметтерімен етене байланыста екеніне көңіл бөлген [8]. Орыс ғалымы А.И. Левшин де өз еңбегінде қазақ тарихының кейбір тұстарын баяндауда аңыз-әңгімелерді қолданған. Сонымен қатар ол қазақтың аңыз-әңгіме, жыр–дастандарын «ғылыми тәртіпке негізделмеген» деген пікір айтады [9]. А.И. Левшинде де орын алған жекелеген қате тұжырымдарды алдымен байқап, дәлелді сын айтқан Ш.Ш. Уәлиханов сол кездің өзінде тарихи мұраны дұрыс зерттеудің тұңғыш рет жаңа жүйесін жасап, ол үлгілерді алғашқылардың бірі болып сұрыптап, маңызды зерттеулерге жол аша алды [10].

Қазақ ғалымдарының ғылыми көзқарасының қалыптасуына ХІХ ғ. 1 жартысындағы ең үздік тарихшылар мен шығыстанушылардың Х. Френк, В.В. Григорьева, В.П. Васильев, П.С. Савельев, Н. Бичурин, И. Березин , А.К. Казембектің еңбектерінің әсері болғанына зерттеуші Ш.Момынова көңіл бөліп, бірнеше құнды деректерге назар аудартқан.

Бұл шағын еңбекте, сонымен қатар, Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) мемлекетінің аталуы жөніндегі, әсіресе соған қатысты термин туралы Ш.Ш. Уәлихановтың айтқан пікірі кезінде назардан тыс қалғандығы сөз болған. Зерттеуші мұнымен шектелмей, Ш.Ш. Уәлиханов еңбегіндегі тың дәйектерге назар аудартады: «...барлық жарлықтарда Алтын деректерде және халық аңыздарында сол бүтін бір елдің немесе халықтың бөлігін айтады» [11]. Расында, Әлемдік шығыстануға үлкен үлес қосқан Ш.Ш. Уәлиханов Шығыс елдері халықтары жөнінде, әсіресе қазақ тарихына қатысты мәліметтерді жинақтап, ғылыми тұрғыда әрі мәнді, әрі ерекше құнды зерттеулер жүргізді.

Сонымен бірге, Ш.Ш.Уәлиханов өз еңбегінде кез-келген халықтың құрылуы жөніндегі ең қиын мәселені шешуге бастайтын әдістеме жасалған. Оның Рашид ад-Диннің «Жәми-ат тауарихын», атақты ориенталист Г.Ю. Клапроттың, көрнекті неміс географы А. Гумбольдтың, орыс авторлары: А.И. Левшиннің, И. Бичуриннің, П.И. Рычковтың, А. Шренктің, А. Ремюзаның, Г. Мейнсдорфтың еңбектерін түпнұсқада оқуы да аталған саладағы ізденіс сапасын биіктете түскен.

Соңғы онжылдықта халықтық шығармаларға деген арабистердің де қызығушылықтары артуы тегін емес, әсіресе көлемі жағынан қомақты, жанры- сира немесе халықтық романға, тарихшы ғылымдар үшін – ауызша тарихи дәстүрге көңіл бөлінуі-бәрінің тарих ғылымы көкжиегін кеңейте түскені белгілі.

Бұл жерде текстологиялық сараптаудың нақты әдістерін қолдану арқылы зерттеудің көптеген мәселелерін әрі жаңаша, әрі кеңірек шешуге болады. Ең алдымен ол ауызша тарихи дәстүрінің, халықтық романдарының қолжазбалық дәстүріне, яғни тізімдердің мейлінше көп болуына негізделген саралау мәніне көңіл бөлуіміз керек. Бұл тұрғыда мәтіндердің әр нұсқасын, яғни қолжазбаны классификациялау (сыныптау) басты міндет болып табылады. Әсіресе тілі және түрі (характер) жағынан фольклорлық жазбаларға жақын қолжазбаларды ашып көрсетудің тарихтанудағы, деректанудағы орны ерекше екенін ескеріп, сол салада түбегейлі зерттеулер жүргізу маңыздылығын дәлелдеу қажет емес [12]. Мәселен, ауызша айту дәстүрінен жазбашаға өту процесін бейнелену үлгісі ретінде танылған аз-Захир Бейбарыс туралы романдық тізім, т.б. (ЛОИВАН шифр: 644) арнайы сараптауда қажет етеді. Бұл жерде текстологияның (мәтіндік) зерттеу әдісі фольклорлық үлгілерді алдымен ұштастыра дәйектеу мәнділігіне назар аударуы керек.

Кеңестік және шетелдік арабистерде арабша жазылған халықтық шығармалардан фольклорлық элементтерді табудың бай тәжірибесі жинақталған.Әсіресе әртүрлі романдардағы мәтіндерді салыстыру маңызды рөль атқарады. Кейбір мәтіндерге ортақ есімдер мен оқиғалар кездесуі де көңіл бөлерлік. Сонымен қатар жазбалардағы жекелеген тізімдер мен жекеленген басылымдар салыстырулар да назар аударарлық. Әртүрлі шығармалардың ішкі байланыстары қолжазбалық дәстүрін зерттеудегі рельефті рөліне мән берілуі керек.

Қеңестік кезеңде шетелдік тарихшылардың еңбектерінің аударылуына көп кедергі жасалынды. 1993 ж. М.Б. Олкоттың

«Қазақтар» атты зерттеуінің (1987ж.) аудармасының үзіндісі берілді. Бұнда да қазақтардың Ресейдің қарамағына өткенге дейінгі тарихы көпшілік бөлігі аңыз - әңгімелерде, яғни фольклорлық үлгілерде, т.б. сақталғандығын атап өтеді:«Осы замандық тарихи деректердің бір жүйеге келмегендігінен қазақ халқының қалай құрылғандығы туралы бірауызды пікірдің жоқтығы орын алып келеді. Олардың еліне еуропалықтардың жолы тіпті де түсе қоймаса, шығыс зерттеушілері далалық көшпелі халықтың тұрмысынан гөрі шұрайлы жерлерде ірге тепкен қалаларда болып жатқан оқиғаларға көбірек көңіл аударды, ал көшпенділердің өздері көбінесе үзік-үзік аңыз - әңгімелерге жақы-

нырақ, ауыздан - ауызға тараған тарихи деректерден өзге жазбаша ештеңе қалдыра қоймады. Қазақ халқының құрылуы туралы біз білетіндердің көбі орыстардың күштеп кіріп, жаулап алған тұсында қазақтармен араласқан орыс эмиссарлары мен ресми адамдарының қалдырған шолулары мен баяндамаларынан тұрады» [13]. Сонымен қатар, бұл еңбекте қазақ хандығының құрылуы тарихына байланысты аңыз-әңгіме мәнісі туралы айтылады.

«Қазақ ордаларының соғыс-саяси мақсаттар үшін құрылғанына жоғарыдағыдай түсініктеме берілгенімен осындай үш орда не үшін құрылды» деген сұрақ қала береді. Алаш пен оның үш ұлы туралы аңыз да, тіпті Аристов қайталап айтқан Қосан деген қазақтың Ақтөл (Орта орда), Алшын (Кіші орда) және Үйсін (Ұлы орда) деген ұлдары жөніндегі әңгіме де қиялдан туғандар. Мұның бәрі, бір орталыққа бағынатын үш орда туралы қажеттілікті шындыққа жанастыру үшіп шығарылуы да мүмкін ғой [14].

XVIII ғ. бірінші жартысында ұйымдастырылған Орынбор экспедициясы құрамында ағылшын суретшісі Дж. Кэстель қатыстырылды. «Кэстль Әбілқайырдың түр-түсін сипаттап, 40 мың әскері болғанымен, оның хандық үкімінің «беделді» сұлтан, батырларға тәуелді екендігін, мысалы, Орынбордан оралған Жәнібек батырға жолығуға Әбілқайыр оның екі күндік жердегі аулына өзі барғанын айтады. Кэстльдің айтып отырғаны Қошқарұлы Жәнібек(1751 ж. өлген) болуы керек. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерде Жақшақұлы Жәнібек деп те айтылды» [15].

Келесі бір ағылшын суретшісі Т. Аткинсонның жазбасында Темір мен Жәңгір арасындағы болған оқиғаларға қатысты ел арасына таралған аңыз-әңгімені арқау еткен: «Қайғылы оқиға қаһарманының әкесі Темір сұлтан қырғыздардың өте көнеден келе жатқан танымал тайпасына жататын, мұның шындық екеніне ешкімнің күмән келтірмейтіндігіне сөз бере аламын. Оның арғы атасы сонау Шыңғыстың өзі болатын» [16].

Қорытындылай келгенде, қазақ ауыз әдебиетіне, фольклорлық үлгілеріне, шежірелеріне, аңыз - әңгімелеріне, т.б. қатысты деректердің ізін ағылшын, француз, грек, қытай, араб, парсы, моңғол тілдеріндегі жазба ескерткіштерден де табамыз. Бұл деректерді табу, аудару, зерттеу, зерделеу тарих ғылымы алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі. Тарих ғылымы үшін фольклорлық мәліметтерді тек жинақтаудан басқа, оларды кімдер, қашан және қалай қолданғанын да анықтау міндеті тұр.

Қазақтың фольклорлық мәліметтеріне сүйеніп жазылған еңбектердің әлі де толық зерттелмеуі, аударма мәселесінің кешендеп

қолға алынбағандығы - болашақ ұрпаққа тарихымыздың нағыз бейнесін жоғалтпай, өзгертілмей дұрыс тілде жеткізілуі тиіс деп ұйғаруға болады.



Әдебиет


  1. Қазақ фольклористикасының тарихы: (революцияға дейінгі кезең).- Алматы: Ғылым, 1998.-432 - б.(10).

  2. Потанин Г.Н. Очерки Северо-Западной Монголии.-Спб., 1881.-Вып.2.; Радлов В.В. Образцы народной литературы северных тюркских племен.- Спб.- 1870.

  3. Қазақ фольклористикасының тарихы: (революцияға дейінгі кезең).- Алматы: Ғылым, 1998.- 432 - б.(19-20).

  4. Рычков Н. Дневные записки путешествия в Киргиз-Кайсацкой степи в 1771г.- Спб.- 1772.

  5. Паллас П. Путешествие по разным провинциям Российской империи.- Спб.-Ч.1.-1773, 1786, 1788,-1809; Георги И.Г. Описание всех обитающих в Российском государстве народов, их житейских обрядов, обыкновений, одежд, жилищ, упражнений, забав, вероисповеданий и других достопамятностей.-Спб.- 1776.

  6. Паллас П. Путешествие по разным провинциям Российской империи.- Спб.-Ч.1.-1773, 1786, 1788,-1809; Георги И.Г. Описание всех обитающих в Российском государстве народов, их житейских обрядов, обыкновений, одежд, жилищ, упражнений, забав, вероисповеданий и других достопамятностей.- СПб.- 1776.

  7. Қазақ ССР тарихы.-Алматы, 1982.-210б.

  8. Спасский Г.И. Народы, кочующие в верху реки Енисея // Сибирский вестник.- СПб.-1818.-Ч.11.-С.10-11.

  9. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд. и степей.- СПб.-1932г.- Ч.1.- С.137.

  10. Валиханов Ч. Ч. Собр. соч. - Алма-Ата, 1961.- Т. 1.- С. 199.

  11. Момынова Ш. Вклад Чокана Валиханова в развитие русского востоковедения. // Отан тарихы.- 2001.-№2. 50-57 б.

  12. Абусеитова М.Х., Баранова Ю.Г. Писменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии XIII-XVIII вв.:(биобиблиографические обзоры).-Алматы: Дайк-Пресс, 2001.-С.426 /11-13/

  13. Есмағамбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде.- Алматы: Атамұра- Қазақстан, 1994.-Б.244.

  14. Есмағамбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде.- Алматы: Атамұра- Қазақстан, 1994.-Б.244.

  15. Есмағамбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде.- Алматы: Атамұра- Қазақстан, 1994.-Б.244.

  16. Есмағамбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде.- Алматы: Атамұра- Қазақстан, 1994.-Б.244.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет