ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ
147
ўхшайсиз. Бугун бизникида меҳмон бўлинг, Ҳотамтой
олдига эртага борарсиз.
Муқбил ўзича: «Айни муддао бўлди» деб севиниб,
ҳалиги одамнинг уйига борибди. Уй эгаси Муқбилни
яхшилаб меҳмон қилибди. Вақт ярим кечадан оғганда
уй эгаси Муқбилдан сўрабди: - Яхши йигит, Ҳотамтойда
нима ишингиз бор эди? - Ҳа, зарур ишим бор эди. Сиз
уни танийсизми? Ўзи қандай одам? - Ҳа, Ҳотамни
танийман, у шу шаҳарнинг каттаси бўлади. Шундай
бўлса ҳам бошқа шоҳлар сингари тахтда ўтирмайди,
фақир сингари халқ орасида юради. У кишида қандай
ишингиз бор эди? - деб яна сўрабди уй эгаси. Шунда
Муқбил анча ноқулай аҳволга тушиб, бироз жим
қолибди. Ўзича: - Ҳотамтой халқ орасида юрса,
фуқарога ёмонлик қилмаса, ёмон одам эмас экан-да»,
деб ўйлабди, кейин бундай дебди: - Мен жуда ҳайрон
бўлиб қолдим. Юртимиз подшосининг амри билан
Ҳотамнинг бошини олиб кетгани келган эдим.
Гапингизга қараганда Ҳотам жуда баҳодир йигит
кўринади. Мен энди у билан майдонда қандай олишар
эканман? Уй эгаси Муқбилдан: - Ҳотам сизга нима
ёмонлик қилган эди? - деб сўрабди. - Ҳотам-ку менга
ёмонлик қилган эмас, - дебди Муқбил. Сўнгра Ҳотамни
нима учун ўлдиргани келганини бирма-бир айтиб
берибди. - Сиз бу кеча яхшилаб дам олинг, - дебди уй
эгаси, - эрта билан сизни Ҳотамга олиб борай.
Муқбил уй эгасидан миннатдор бўлиб, уйқуга
кетибди. Тонг отибди. Эрталаб нонуштадан кейин
Муқбил: - Қани, Ҳотамнинг уйини менга кўрсатиб
қўйинг, - дебди. Уй эгаси: - Ҳотам мен бўламан. Подшоҳ
айтган отни бисотимда бошқа нарса бўлмага
-
нидан,
кеча сўйиб, сизга овқат қилдим. Сиз ошиқ йигит
экансиз, сиз учун битта бош эмас, мингтаси ҳам қурбон
148
бўлсин, - деб Муқбил олдига тиз чўкиб, бошини
тутибди. Муқбил Ҳотамнинг мардлигини кўриб, йиғлаб
юборибди. Сўнгра бундай дебди: - Йўқ! Сизнинг
бошингизни кесадиган қўлим қирқилсин! Подшоҳ
қизини бермаса, бермай қўя қолсин. Мен сиздек
сахийнинг қурбони бўлай! - Ҳотамнинг бир ўғли бор
экан, отасига қараб дебди: - Меҳмон тўғри айтадилар.
Барибир, сиз бошингизни берганингиз билан: «Бу бош
Ҳотамники эмас», деб учинчи шарт қўйишдан
тоймайди. Сўнгра Муқбилга қараб: - Отам сиз билан
бирга борсинлар, агар отамнинг боши билан сиздек
муҳтож кишининг ҳожати чиқадиган бўлса, мен
мингдан мингга розиман, - дебди. Ўғлининг сўзини
Ҳотам маъқуллаб дебди: - Мен биронта муҳтож одам
ҳатто бошимни сўраб келганда ҳам аямайман, деб аҳд
қилган эдим. Энди муродимга етдим. Муқбил нима
қиларини билмай, ноилож Ҳотам билан йўлга тушибди.
Улар бир қанча кундан кейин Бухоро шаҳрига етиб
келибдилар. Муқбил Ҳотамни ташқарига қўйиб, ўзи
подшоҳ саройига кирибди. Подшоҳ Муқбилни кўриши
билан дарҳол: - Қани, Ҳотамнинг боши билан отини
олиб келдингми? - деб сўрабди. - Ҳотам сахий йигит
экан, билмасдан мен унинг уйига бориб, меҳмон бўлиб
қолибман. Бисотида бошқа нарсаси бўлмаганидан
отини сўйиб, мендек бир мусофирни меҳмон қилди.
Менинг аҳволимни билиб, бошини қиличга тутиб
берди. Лекин мен шундай мард, сахий кишининг
бошини эмас, ўзини тириклайин олиб келдим, - дебди.
Подшоҳ: - Қани Ҳотамнинг ўзи! - деб қичқирибди.
Муқбил подшоҳдан Ҳотамни бошлаб келишга ижозат
сўрабди. Подшоҳ бош қимирлатиб ижозат берибди.
Муқбил Ҳотамни подшоҳга рўпара қилибди. Ҳотам
подшоҳга салом берибди. Подшоҳнинг ранги қочиб,
баданига титроқ турибди. Кейин Ҳотам подшоҳга
ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ
149
қараб: - Сиз йўқлаган Ҳотам мен бўламан, - дебди.
Подшоҳ Муқбилга қараб: - Мен сенга «Ҳотамнинг
бошини келтир», деган эдим. Сен буни тириклайин
олиб келибсан, - деган экан, Ҳотам: - Мен ўз юртимда
бошимни бу йигитга тортиқ қилган эдим, унамади.
Ноилож ўзим бирга келдим. Мана, марҳамат, бошимни
кестиринг, шу бечорани муродига етказинг, - дебди.
Подшоҳ Ҳотамни ўлимга буюрибди. Жаллод
Ҳотамни олиб кетаётганда Муқбил чидолмабди: бир
мушт уриб жаллоднинг юзини тескари қилиб қўйибди,
кейин подшоҳга ғазаб билан: - Сен қандай номардсан!
Шундай
бегуноҳ,
мард,
олийжаноб
йигитни
ўлдирадиган бўлсанг, қизингни бермай қўя қол! Агар
ўйлаганинг одам ўлдириш бўлса, Ҳотам ўрнига мени
ўлдир, - дебди. Подшоҳ тутоқиб бўғилибди ва Муқбилга
қараб:
- Ўлдирсам сендан қўрқаманми! - деб жаллодни
чақирибди, Муқбилни ўлимга буюрибди:
Шу пайт ичкаридан Меҳринигор югуриб чиқиб,
ўзини Муқбилга ташлабди. Подшоҳ ғазаб билан: - Уни
ҳам ўлдиринг! - деб буюрибди. Шунда Ҳотам: - Эй, хоин
подшоҳ, сенда раҳм-шафқатдан асар ҳам йўқ экан, ҳар
қандай йиртқич ҳайвондан ҳам баттар экансан! - деб
югурганича бориб, подшоҳга ҳужум қилибди. Бунга
қарши подшоҳ қилич ўқталган экан, Ҳотам подшоҳнинг
қиличли қўлини маҳкам ушлаб, юзига бир тарсаки
урибди. Подшоҳ тахтдан ағдарилиб тушибди. Ҳотам
Муқбилга қараб: - Тахтга чиқиб ўтиринг, йигит, —
дебди. Халқ золим подшоҳни уриб ўлдирибди, эл-юрт
сўрашни Муқбилга топширибди. Сўнгра Ҳотамнинг ўзи
бош бўлиб Меҳринигорни тўй-томошалар билан
Муқбилга олиб берибди. Эл-юрт тинч ва фаровон умр
кечира бошлабди.
150
Шундай қилиб, Муқбил тошотар билан Меҳринигор
иккиси мурод-мақсадига етибди.
МҮКБИЛ ТАСАТАР
Бар екен де, жоқ екен, бұрынғы заманда Бұхара
елінде бір қатал патша болыпты. Патшатың қызы
болыпты. Қыздың аты Мехри, демек «қайырымды», ал
«Нигяр» - сұлу деп атаған. Шынымен де ол соншама
сұлу болған, оның көз алдында айдың беті сөніп
қалады екен.
Мехри-Нигяр қаншалықты сұлу болса, соншалықты
күшті және батыл болыпты. Әдемі киініп, әсем болып
жүргенді жақтырмайтын, жиі қайырымды азамат
сияқты киініп, әскери атпен аңшылыққа шығатын.
Бір күні Мехри-Нигяр сегіз жүз батыл азаматтармен
аңға шықты. Оның жігіттерінің бәрі арқан лақтырудан
ісмерлер болған, әлдекім жұлдыз ұстаймын деп
дәлдесе, арқанды лақтырса, сол жұлдызды оңай алады.
Мехри-Нигярдың өзі садақ оғын тартып жіберсе –
аспанда ілініп тұрса да, кез келген нысанаға тигизеді.
Ұзақ па, кысқа уақыт па Мехри-Нигяр аң аулады, бір
күні биік таулардың етегіне жетті. Осы таудың етегінде
киік жайылып жүр екен. Мехри-Нигяр өзінің
нөкерлеріне қарап айтты: - Киікті қоршап, оны тірі
ұстап аламыз! Сегіз жүз аңшы қоршап алды. Барлық
жағынан ысқырып арқандар ұшты. Бірақ киік барлық
арқаннан жалтырып кетіп, Мехри-Нигярдың қасынан
жүгіріп қашып кетті.
Қыз ашуланды да, атты шауып киіктің артынан қуа
жөнелді. Аңдаусыздан бұталардың арасына, қатты
ақырып, жолбарыс секіріп шықты. Мехри-Нигярдың
аты бір шетке ырғып түскен кезде, қыз ерден құлап
қалды. Мүмкін, оған көмекке жақын тұрған малшы
ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ
151
келмегенде, жабайы аң оны жұлқылап тастайтын еді.
Малшы сақпаннан тас атып, жолбарыстың басын
жарды. Аң Мехри-Нигярдан екі қадам қалғанда құлап,
өледі, бірақ малшы оған қараған да жоқ. Бейтанысқа
орнынан тұруға көмектесе жүгірді, қараса, ақ бетінен
қара бұйра шаштары төгілген, ол бұрын көрмеген сұлу
қыз жатыр екен. Малшы қызға тұруға көмектесті, ал ол
ұялғаннан сөз айта алмады.
Онымен бірге аңға шыққан жігіттер де осы кезде
келіп жетеді. Олар аттарынан түсір, таң қалып, не
болды? деп сұрайды
Ал Мехри-Нигяр атқа қарғып мініп, саусағынан
сақинасын шешіп алып, оны малшыға беріп, атты
сауырынан салып жіберіп, шауып кетеді.
Мейлі ол өзінің үйіне дейін шапсын, ал сіздер малшы
туралы тындаңыздар.
Малшы таулықтар тегінен шыққан еді. Оның аты
Мүкбил, демек «бақытты», ал «тасатар» деген атақ
оның атына сақпанмен ептілікпен тас атқанына
байланысты жалғанған.
Мехримен қоштасқаннан кейін, байғұс Мүкбил оны
сағына бастады, өзінің үйіне әрең жетті. Ал үйіне
келгеннен кейін, тіпті ауырып қалды.
Тау елі мазасыздана бастады. Олар малшыны жақсы
көретін және сыйлайтын, өйткені Мүкбил тасатар
олардың малын бағып, малды жабайы аңдардан
қорғайтын. Қандай да болса бір аң малдардың қасында
жақындаса, малшы бір сәтте оның басын таспен
жаратын. Жабайы аңдар Мүкбил тасатардан қатты
қорқатын. Мүкбил ауырып қалғаннан кейін жыртқыш
аңдар тау халқының мал-жанына тыныштық бермепті.
Мүкбилдің қартайып қалған ата-анасы бар екен.
Олар баласының кеселін ойлап, қатты күйініп,
152
жылайды екен. Тау елі күнде ауруға шалдыққан
Мүкбилға күнде келіп, оның денсаулығын біліп тұрды.
Бір күні басқалармен бірге бір данышпан шал келді. Ол
Мүкбилдың қасына отырып, одан көз алмай оның
көзіне қарап былай деді: - Балам, шыныңды айт, сенің
ауруың анау-мынау емес, ғашықтық дерті, бұл саған
қайдан келді? Кімге ғашық болып қалдың? Шопан
жатқан жерінде көз жасын көл-көсір етіп: - Е, ата, несін
сұрайсыз! Менің дертім жазылмайтын дертке ұқсайды
ғой, - депті. Бірақ, шал айтқанан қайтпайды: - Жан
балам, жүрегіңдегі қайғы-мұңыңды айт. Егер сен ғашық
болған қыз аспандағы ай болса да, алып береміз, - депті.
Сөзден сөз туа келе, Мүкбил тасатар патша қызын
ажалдан қалай құтқарды, ол өзінің сақинасын қалай
сыйлады ол өзінің оған қалай ғашық болып қалғанын -
бәрін айтып берді. Шал осының бәрін тау еліне айтып
берді. - Мүкбил тасатар патшаның қызын сүйіп қалды, -
деді ол. – Біз қандай да болмасын амал табуымыз керек.
Тау елі топталып ойлана бастады. Біреулері айтты:
- Патша өз қызын малшыға бермейді. Басқалары
олармен келіскен жоқ. - Байқап көрейік, адамдарды
жіберейік – берсе береді, бермесе, тағы да ойланамыз.
Ақыр аяғында солай шешті, данышпан шалды бас
қылып патшақа құдаларды жіберді. Міне, құдалар
сарайға келді. Патша оларды көріп: - Ия, қандай
шағыммен келдіңдер? – депті. Данышпан шал оған
барлық мән-жайды баяндап берігеннен кейін, - біз сізге
құдалықпен келдік дейді.
Патша ашуланды. - Ей, надандар! – деп айқалады ол.
– Маған құда болуға келуге қалай дәттерің жетті! Әлде
мені өздеріңе тең деп санайсындар ма? Ол құдаларды
зынданға тастасын деп бұйрық берді.
ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ
153
Содан мың нөкерді шақырды. - Шығыңдар тауға! –
деді ол, - олардың барлық мал мен мүліктерін тонап,
маған Мүкбилды ұстып әкеліңдер!
Аш аңдар сияқты, патшаның баскесерлері жұлқынап
тауға ұмтылды, адамадарды өлтіріп, мал мен мүлікті
тонай бастады.
Мүкбил тасатардың әкесі тау еліндегі бақытсыздық
туралы баласына айтып берді. Мүкбил сол сәтте
орнынан тұрып, өзінің ауруы туралы ұмытты. - Бұл ел, -
деді Мүкбил, - мен үшін бәлеге қалды!
Сақпанын ұстап патшатың баскесерлеріне қарсы
жүрді. Мүкбил тасатар баскесерлердің көбісін өлтірді,
тек біразы қашып үлгерді. Тірі қалаған баскесерлер
патшаға келіп былай деді: - О мырза! Мүкбил – қауіпті
адам. Тіпті өзіне ешкімді жақындатпайды, ал сақпанмен
қақса, - кез келген адам
бірінші тастан құлап, өледі. Біз
қашып үлгердік, қалғандары мерт болды депті.
Патша одан қатты ашуланды. Тағы да мың
баскесерді жинап, өзі басқарып, жорыққа шықты.
Мүкбил тасатар тар шатқалда кездесіп өз сақпанын
іске қосты, ол тас лақтырғанда, - баскесерлер жерге
құлайды.
Патша қараса, оның жорығынан ештеңе шықпайды,
Мүкбилға адамды жіберіп айтады: - Жарайды. Айт оған
– мен оған қызымды беруге келісемін. Тек бір шартым
бар: Мүкбил тасатар маған әр қолымен төрт, барлығы
сегіз жолбарыс алып келсін.
Патшатың тілегін естіп, Мүкбил тасатар келісіп
былай деді: - Мен ол шартты орындаймын, бірақ
алдымен патша зынданда жазықсыз жатқан біздің
құдаларды босатсын. Патша қалаға қайтып, құдаларды
босатты.
154
Ал Мүкбил тасатар жолбарыстарды іздеуге шықты.
Орман ішінде бір қалың бұтаның арасында жолбарыс
ұйықтап жатты. Мүкбил тасатар аңды байқап,
дыбыссыз жақындап, оны алқымынан ұстап алды.
Жолбарыс күресуге тырысты, бірақ малшы
алқымын одан да қатты қысты, басының үстінен
көтеріп, кішкентай мысық сияқты жерге ұрды. Содан,
аң оянып үлгергенше, мұрнынан шығыршақ өткізіп
қалың шынжырмен ағашқа байлап қойды. Солай
Мүкбил тасатар тауларды кезіп, сегіз жолбарыс ұстады.
Оларды таяқпен ұрып, теуіп, қорқытыпты, ал аңдар
болса мойындарын жерге дейін иіп, оған бағыныпты.
Мүкбил жетінші күні, әр қолында төрт жолбарыстан
ұстап, кешке қарай қыстағына барады. Мүкбилдің
аман-есен олжамен оралғанын көрген қыстақ халқы
қатты сүйсініпті.
Мүкбил таңертең ерте екі қолында төрттен сегіз
жолбарысты жетектеп, сарайға барады. «Мүкбил
тасатар шартты орындап сегіз жолбарыс әкеле жатыр»
деп қалада абыржу басталды: адамдар үйлерінде
тығылды, ал көбісі қашып кетті.
Патша өзінің күзетшілерінен оқиғаны естігенде,
көңілі құлазиды. «Мен малшы жолбарыстарды
аулағанда, өліп қалады деп ойладым, бірақ бәрі
керісінше шықты!» - деп ойлады және істейтін басқаша
ешбір лажы жоқ – ол Мүкбил тасатармен кездесуге
шықты.
- Пәлі, балам, пәлі! – деді ол. – Шартымды
орындапсың. Тек сен аңдарды қалаға кіргізбе: тағы
біреуі босанып кетсе, адамдарды зақымдауы мүмкін.
Тауға апарып өзің шеш, жіберем десең – жібер, өлтіргің
келсе – өлтір. Ал содан кейін, сен өз сөзінде тұра алады
екенсің – саған тағы да бір шартым бар. Екінші
шартым: сен маған Таи қаласынан Атымтай
ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ
155
жомарттың басын әкеліп беруің керек. Атымтайдың
адал аты бар – соны маған айдап келесің. Екінші
шартымды орындасаң, мен саған қызымды беремін.
Мүкбил тасатарға патшаның өз сөзінде тұрмағаны
ұнамады, бірақ ол былай ойлады: «Мүмкін ол Атымтай
тонаушы шығар, болмаса патшаға оның басы неге
керек. Мейлі, солай болса, қарсы шықпаймын,
патшатың екінші шартын орындаймын да жақсы тірлік
жасаймын – адамдарды тонаушыдан құтқарамын».
Үйіне қайтып Мүкбил тасатар тау елімен қоштасып,
алыс ұзақ жолға шықты. Ол ұзақ жол жүріп, тура төрт
ай болған кезде Таи қаласына жақындады. Кеш батып
бара жатқан мезгіл еді.
Мүкбил тасатар қайда түнеп
шығамын деп ойлаған сәт еді, кенеттен біреуді көреді:
қырық жастағы бір адам, қарапайым киінген, үлкен
арнада жылқысын жуындырып жатыр екен.
– Атымтай қалада ма әлде демалыста
ма?– деп одан
сұрайды Мүкбил. – Атымтай қалада, – деп жауап береді.
– Сіз, шамасы, жолаушысыз, менің үйімде түней
салыңыз, ал ертең Атымтайға барарсыз.
Мүкбил-
тасатар келісті. Ол адам Мүкбилды жақсы күтіп алып,
жақсылап қонақ етті, содан кейін ғана сұрады: - Ал сіз
Атымтайға қандай шаруамен келдіңіз?
- Ол маған өте
қажет – деп Мүкбил тасатар жауап берді. – Сіз ол
адамның қандай екенін білмейсіз бе?
- Иә, - дейді үй
иесі - Мен Атымтайды білемін. Ол біздің еліміздің
билеушісі болып табылады. Тек ол басқа патшатарға
қарағанда, жоғары тақта отырмайды, қарапайым адам
ретінде, өз халқының арасында тұрады, – деді де
қайтадан Мүкбилге бұрылып қарады. – Ал енді
Атымтайға қандай шаруамен келдіңіз?
Мүкбил ыңғайсызданып: «Қалай сонда? – деп
ойлайды, – Атымтай көрініп тұрғадай, мүлдем
156
қарақшыға ұқсамайды. Егер де ол халықтың арасында
өмір сүріп жатса, өзін қарапайым адам ретінде ұстаса,
ол халыққа жамандық жасауы мүмкін
емес». – Сізге не
айтарымды да білмеймін, – деп ол иесіне жауап берді. –
Мен оның басын шабуым керек.
Үй иесі таң қалды: - Бірақ, сізге Атымтай қандай
жамандық жасады? - Маған Атымтай жаман ештеңе
істеген жоқ, - деп жауап берді Мүкбил тасатар және ол
Атымтайды не үшін іздеп жүргені айтты. – Ал,
жарайды, – деді үй иесі, – сіз бүгін демалыңыз, ал ертең
мен сізді Атымтайға алып барамын.
Таң атты. Мүкбил былай дейді: – Ал енді, маған
Атымтайдың
үйің көрсетесіз бе? Ал үй иесі оған: – Сіз, –
дейді, – Атымтайдың үйіндесіз, өйткені Атымтай – бұл
мен. Патша алып кел деген жылқыны мен кеше сойып,
сізге дәм ұсындым, өйткені менің үйімде ешқандай
азық жоқ. Сіз өз бақытыңыз үшін ұмтылдыңыз, ал мен
ант бердім: егер де бір адамға адамға бақытты болу
үшін менің басым қажет болса, басымды да аямаймын.
Міне ол! – Үйдің иесі басын иіп, Мүкбилдың алдында
тұрды.
Атымтайдың мұндай жомарттығына таң қалған,
Мүкбил тасатардың көзіне жас келді. - Жоқ, - деді ол, -
Мен сіздің басыңызды алмаймын. Осындай адам өмірі
үшін, сіз сияқты адамға, мен өз бақытымды құрбан
етуге қарсы емеспін.
Атымтайдың үлкен ұлы бар екен. Ол әкесіне қарап,
былай деді: - Қонақ дұрыс байламға келді. Сонымен
қатар, патша бұл жолы да өз сөзінде тұра алмай, үшінші
тапсырма ойлап табады. Егер де сіз, қонаққа көмек
көрсеткіңіз келсе, онымен бірге патшаға барып және
сол жерде бір нәрсе ойлап табарсыздар.
Атымтай онымен келісті. Сол күні олар Мүкбил
тасатармен жолға шықты. Олар Бұхараға жетіп, патша
ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ
157
сарайына келді. Патша Мүкбилды көріп, сұрайды: -
Қалай енді, Атымтайдың басын алып келдің бе?
Жылқыны алып келдің бе? - Атымтай өте жомарт және
кең пейілді адам, - деп жауап берді Мүкбил тасатар. –
Мен оның үйінде қонақ болған кезде, ол өзінің
жылқысын сойып, маған алыстан келген қонақ деп, дәм
ұсынды. Кейін, менің келген себебімді біліп, ол өзі
қылыштың астына басын қойды, бірақ мен басын
алғам жоқ, тек оның өзін ертіп алып келдім.
Патша бозарып және ашудан дірілдеп: - Қайда енді,
Атымтай? – айқай салды ол.
Атымтай иіліп, былай деді: - Міне бұл мен, Атымтай.
Патша тіпті тағынан атып тұрды, Мүкбилға
бұрылып қарап, қайтадан айқай салды: - Мен саған
Атымтайдың басып алып кел деп бұйрық бердім, ал сен
оны тірідей жеткіздің!
Атымтай алға шығып, былай деді: - Мен үйде
қонаққа басымды ұсынғанмын, алайда ол бас тартты.
Сондықтан да мен өзім келдім. Егер де саған менің
басым қажет болып жатса, кесіп алуға бұйыр, тек осы
жас жігіттің тілегін қанағаттандыр.
Патша баскесерді шақырып, Атымтайды алып кетіп,
басын шауып тастауға бұйрық берді. Бірақ баскесер
Атымтайдың қолын ғана ұстап еді, Мүкбил тасатар
баскесерді шапалақпен салып жібергені соншалық,
оның беті бір жаққа
қисайып кетті.
Содан Мүкбил патшаға бұрылып қарап, былай деді: -
Мұндай мәртебелі адамды өлтіруге бола ма?! Егер де сіз
біреуді міндетті түрде өлтіруге қаласаңыз, онда мені
өлтіріңіз! - Солай ма! – деп патша айқай салды. - Әй,
баскесер! Мүкбилады алып, өлтіріңдер.
Кенеттен, ішкі бөлмеден Мехри-Нигяр жүгіріп
шығып, Мүкбилдың мойнынан асылды. Ызаланған
158
Патша айқай салды: - Оны да өлтіріңдер! Сонда
Атымтай қайтадан алға шығып, таққа жақындап,
былай деді: - Ей, қанқұмар патша, сенде рахым-шапағат
жоқ екен, жыртқыш аңнан да бекер екенсің! – деп
патшаға сес көрсетіпті. Оған қарсы патша қылыш
көтерген екен, Атымтай оның қолын мықтап ұстап,
жұдырықпен қойып жіберіп еді, ол тағынан жығылып
түсті.
Атымтай Мүкбилге қарата: - Таққа шығып отыр,
жігіт, - депті. Халық залым патшаны ұрып өлтіріпті.
Халық қуана-қуана Мүкбил қойшыны өздерінің
билеушісі қылып сайлады. Кейіннен Атымтай өзі бас
болып, Мехри-Нигярды той-тамашамен Мүкбилге
қосыпты. Ел-жұрт тыныштық пен бейбіпшілікте өмір
сүре бастапты.
Сөйтіп, Мүкбил тасатар пен Мехри-Нигяр екеуі
мұрат-мақсаттарына жетіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |