Ќазаќстан республикасы білім жѕне ѓылым министрлігі


Ф.Ғабитова. “Өртеңге өнген гүл”



бет23/26
Дата21.06.2023
өлшемі445,5 Kb.
#102803
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Қазақ аруы хрестоматия

Ф.Ғабитова. “Өртеңге өнген гүл”




Мәншүк Мәметова

Мәншүк Мәметованың тағдыры халқының басына төнген зауалды шақпен тұспа-тұс келген еді. 1922 жылы дүниеге есігін ашқан қаршадай қызды ел басына төнген нәубет – 1932 жылғы аштық та, 1937-38 жылдардағы зауал-репрессия да айналып өтпей, жас жүрегін пәршелеп кетті...


Бұған дейінгі жазылған кітаптар мен естеліктерден оқығанымыз Мәншүктің алдыңғы қатарлы интеллигенция отбасында тәрбиелегендігі. Бұл – қосып-алары жоқ ақиқат. Ресми қағазда оның аты-жөні Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова болып жазылады да, естеліктерде әкесі Ахмет деп айтылады. Мұның екеуі де дұрыс. Мәншүктің әкесі Жиенғали – Ахметтің туған ағасы. Қызы үш жасқа келгенде, Саратовта университетте оқып жүрген Ахмет пен Әминаның бауырына салған. Мәметовтер әулеті үшін бұл елеулі оқиғаны Әмина апай былай әңгімелеп берген еді: «1925 жылы күзгі каникулда елге келдік. Бөкейлікте тұратын Ахметтің ағасы Жиенғалидың ауылына ат арбамен бардық. Алдымыздан қайынағамыздың үйелмелі-сүйелмелі балалары жүгіріп шықты. Ішінде көзі қарақаттай, тұлымшағы желбіреген, қараторы, кішкентай сүп-сүйкімді қыз бала қатты ұнады.
Атың кім сенің, – деп едім:
– Моншақ, – деді ол көздері күлмең қағып. Содан кете-кеткенше ол маған әбден бауыр басып алды. Жиенғали қайнағамдар азамат соғысынан кейінгі қиын-қыстау шақта әбден титықтап, шаруалары шайқалыңқырап қалған екен, оның үстіне шиеттей бала-шаға. Ахаң екеуміз ақылдасып, кетерде қолқамызды айттық. Қайнағамыз да, абысынымыз Төлша да ақылды адамдар еді:
– Бауырларыңа салдық қызымызды. Өлмесе адам етіп шығарыңдар, өлі қалса амал не, құдайдан тілеген бір ұрпақ еді, сендерге ғана сұраусыз қиып отырмыз, - деді екеуі. Сөйтіп, Саратовқа үшеу болып оралдық. Қаңтар айы поездың іші аңырап тұр. Кішкентай пысық Мәншүк қолды-аяққа тұрмай, вагонның ішін кезіп кетеді. Ақыры болмаған соң:
– Өліп қаласың ғой, поездан құлап кетіп, - деп ұрысып едім:
– Әжем айтты ғой, өлсе сұрамаймын деп, - деді жұлып алғандай етіп. Кіп-кішкентай кезінде де тым өжет еді, бар болғыр».
1928 жылдың қаңтар айында жас мамандарды жолдамамен Семей қаласына жібереді. Ахмет аға облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы, Әмина апай Кеңестік партия мектебінде әдебиет пен тілден сабақ береді. Семейде кішкентай Мәншүктің мейірімділігін аңғартатын бір оқиға болды.
Үй күтуші әйелге еріп базарға барған ол үйге өзінен де кішілеу, көзі сығырайған ап-арық қара баланы ертіп келеді.

  • Мына бір байғұс баланы бір үлкен кісі қинап, халыққа өнер көрсеткізіп, ақша тауып тұр екен. Біз ертіп алдық, - дейді ентіге кіріп. – Бізбен бірге тұрсын деп ертіп келдім.

Баланың кім екенін анықтап білсе, ешкімі жоқ жетім, қытай баласы екен, әлдебір пайдакүнем цирк итіндей соңынан ертіп, халыққа өнер көрсеткізіп қинап жүр екен. Сол бала бір жылдай Мәметовтер отбасымен бірге тұрады. Келесі жылы олар Саратов қаласына қайта барып, Ахмет ординатураға, Әмина аспирантураға түседі.
1931 жылы Алматыға оралады. Ел басына төнген нәубәт аштық келгенде Маметовтер отбасы астанада болатын. Елден ұзақ уақыт хабар-ошар келмейді. Жылдың аяғына таман үйге түнеріп келген Ахмет Әминаға Жиенғалилардың аштық құрбаны болғанын естіртеді.
Бір жылдан кейін 1933 жылы Орал облысын кадрмен күшейту мақсатымен Мәметовтерді туған жерге қайта жолдайды. Есін біліп қалған қаршадай Мәншүк туғандарын көргенше асығып, сарғая сағынып келгенімен, ешкімді кездестіре алмай, құса болады. Бұл оның жас жүрегінің бірінші рет жаралануы еді. Әйтсе де сәби жүрек ең қымбаттыларынан ойда жоқта айырылып қалғанын толық сезіне алған жоқ, өйткені әкесі мен шешесі қасында еді. Мәншүк Оралда 3-сыныпта оқып жүрді. Ахмет те, Әмина да жұмыс басты, көбіне іссапарда болады. Мәншүк сондықтан да жазда пионер лагерінде демалады. Пионер лагері бау-бақшаның арасымен ағып жатқан Деркүл өзенінің жағасына орналасқан. Ол кездегі пионерлердің тәрбиесі ерекше әскери тәртіпке келіңкірейтін. Қаршадай Мәншүктер Лениннің, Сталиннің, тіпті Чапаевтың өмірбаяндарын жатқа білетін. Соларға еліктеп адал болуға, Отанға қызмет етуге кәдімгідей дайындалатын. Деркүл өзенінің тұсы ер Чапай суға кеткен маңнан алыс емес еді. Бір күні Мәметовтерге қыздарың ауырып қалды деген хабар келеді. Екеуі қатты қобалжып, суыт келсе, Мәншүк түскі ұйықтайтын уақыт кезінде суға кетіп қала жаздаған көрінеді. Оқиға былай болыпты:
Жәнібек ауданынан келген Әсия деген құрбысы жүзу білмей, басқа балалардың мазағына қалып жүреді. Сол қыз басқалар ұйықтап жатқанда, жүзіп үйренуге Мәншүкті ертіп, өзенге барған. Тереңді аңғармай, Әсия суға кетуге айналады. Сол кезде Мәншүк оны құтқаруға жанұшыра ұмтылып, көмектеспекші болғанда жанталасқан қыз оны да су түбіне алып кете жаздайды. Әйтеуір жағада жүрген біреулер көмекке келіп, екеуі де аман қалады. «Алды-артыңды ойламай біреу үшін суға кетіп қала жаздадың» - деп Әмина апай қызына әбден ренжиді. «Жолдасыңды құтқаруға ұмтылған құттай жүрегіңнен айналдым» - деп Ахаң әбден риза болады.
1934 жылдың аяқ шетінде Мәметовтер отбасы Алматыға қайтып оралды. Ахаң астанада тері жәәне венерологиялық ауруларды емдеу ғылыми зерттеу институтын ұйымдастырып, оның алғашқы директоры болды.
Ұлы Отан соғысы басталып, елді тағы да үрей бейледі. Күн сайын ер-азаматтарын аттандырып, зар илеп қалған кәрі аналар мен сүйген жарлар, шеттей бала-шағалар. Радио күн сайын арнайы хабар беріп, совет әскерлерінің ойсырай жеңіліп, шегініп келе жатқанын айтады. Қабылдау бөлмесінде отырған Мәншүк шамырқанды, шегінген жауынгерлердің жігерсіздігіне намысы келеді. Ол соғыс басталған бойда іштей қалайда майданға кетемін деп бекінген. Сол ойын іске асыру үшін өзі өтініп, әскери комиссариаттың есігін тоздырады. Бірақ оның тілегін ешкім тыңдамады. «Қыздардың еңбегі тылда да керек» деп шығарып салады. Енді Мәншүк жазба түрінде өтініш жасай бастайды. Бірақ үш рет жазған арызына да «болмайды» деген жауап алған соң, сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің секретары Ахметжан Қойшығұловтың қабылдауына барады. Мәншүк хатшыға өзінің не үшін майданға барғысы келетінін әбден түсіндіріп, көзін жеткізіп, рұқсат алып шығады. Сөйтіп, 1942 жылдың жазында Алматыда құрылған 100-атқыштар бригадасының құрамында 20 жасар Мәншүк өз еркімен майданға аттанады.
1942 жылдың жазында Алматыда құрылған 100-атқыштар бригадасының құрамында 20 жасар Мәншүк өз еркімен майданға аттанады.
Бір жылдан кейін 1943 жылы қараша айында, Невель қаласының түбіндегі қанды шайқаста, кішкене кеудесі шер мен мұңға толы, қаршадай қазақ қызы Мәншүк ерлікпен қаза тапты. Кескілескен ұрысты көзімен көргендердің айтуынша, Мәншүк үш пулеметтің ортасында оң қолын батып бара жатқан күнге созған күйі үзіліп кеткен екен...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет