Ќазаќстан республикасы білім жѕне ѓылым министрлігі



бет24/26
Дата21.06.2023
өлшемі445,5 Kb.
#102803
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Қазақ аруы хрестоматия

Әлия Молдағұлова

Әлия Молдағұлованың (1925-1944) есімі ұлы ерлік шежіресіне алтын әріптерімен жазылды. Ол 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында Нұрмұхамбет Сарқұлов пен Маржан Молдағұловалардың отбасында дүниеге келеді. Анасы қайтыс болғаннан кейін нағашы ағасы Әбубәкір Молдағұловтың тәрбиесінде болады. Бесқопаның Әліпбай-Қосай қоныстарына сабақтас Таңқай бұлағына Әлияның кіндік қаны тамғаны болмаса, тағдыр оған туған жердің дәмін көп тарттырмады. Қызмет бабымен Әбубәкірге Ақтөбе, Шалқар, Әулиеата, Алматы, Мәскеу, Ленинград қалаларында тұруға тура келді.


Әлия Ленинградтағы №140 мектепте оқыды. Басқалармен бірге ол да 1941-1942 жылдардағы блокаданы бастан өткерді. Блокада кезінде Әлия оқыған балалар үйі Ярославль облысының Некрасов ауданындағы Вятское селосына көшіріледі. Онда Әлия 7-сыныпты бітіргеннен кейін, Рыбинск авиация техникумына жіберіледі. Бұдан соң Мәскеу түбіндегі мергендер даярлайтын Орталық қыздар мектебінде оқиды. Орталық Вешнякидегі бұрынғы Шереметьев усадьбасында орналасқан болатын. Мұнда курсант қыздарға ешқандай жеңілдік болған жоқ. Оларға көздеп атуға, окоп қазуды, жер бауырлап еңбектеуді үйретеді. Кез келген қаруды тез меңгеріп кетуге, қажет сәттерде байланысшылар мен медицина қызметкерлерінің алмастыра білуге де баулиды. 27 ай ішінде осы мектеп 2000 мерген қызды даярлап, оның 1885-ін Отан соғысының майдандарына аттандырады.
1943 жылдың тамызында Әлия 54-ші атқыштар бригадасының құрамында соғысқа кіріседі. 1944 жылдың қаңтарында Новосокольники ауданындағы Казачиха деревнясында азат ету кезінде қазақтың қаһарман қызы Әлия ерлікпен қаза табады.
1944 жылы 4 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Әлия Нұрмұханбетқызы Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол Псков облысында орналасқан Монаховодағы бауырластар зиратында жерленген.
Қазақ халқының даңқты қызының қысқа да мазмұнды ғұмыры әдебиет пен өнер шығармаларында, кино саласында кеңінен насихатталуда. Ақындар өлең арнап, композиторлар ән шығарады. Б.Тәжібаев пен С.Бәйтерековтың «Әлия» әні ерліктің әнұранына айналып, халық жүрегінде ұялады.
...Ленинград құшағында сен өстің,
Сен Пушкиннің жырымен де теңестің.
Қазақ қызы Әлияны бүгінде
Дүниеде білмейтұғын жоқ ешкім, –
деп жырлады ақын Тұманбай Молдағалиев. Әлия есімі – қазақ ұлты үшін қастерлі де құрметті есім.
«...Неміс басқыншыларына қарсы шайқастарда көрсеткен ерлігі үшін әскери бөлімнің командованиесі Әлия Молдағұловаға Совет Одағының Батыры атағын беруді ұйғарды. Құрметті жолдастар, бөлім командованиесі атынан Әлиядай ержүрек, жалынды патриотты тәрбиелеп өсіргендеріңіз үшін зор рақмет. Оның есімі Совет Одағының ұлы халқының есінде мәңгі сақталды.
Біз, сіздерден қазақ халқына өзінің даңқты қызы – жауынгер Әлия Молдағұлова туралы, оның ерліктері мен біздің Отанымызға шынайы берілгендігі туралы айтып беруді өтінеміз», - деп жазған болатын.
Әлия ерлікпен қаза тапқанда 19 жасқа да толмаған еді, оның 1941 жылдан 1942 жылдың сәуір айы аралығында Ленинград блокадасында болған кезінің өзі бөлек бір дастан.
Әлия соғыста таңғажайып ерлік жасады. Ол тамаша соғыс шебері, мерген, барлаушы, сапер, автоматшы, керек кезінде қол бастаған командир міндетін де атқарған. Алты рет барлауға шығып, «қажетті тілді» әкелген. Шабуыл кезінде сегіз рет қайталанбас ерлік көрсеткен, мергендікпен немістің унтер офицерін жайратқан. Әлия туралы оның командирлері де, майдандас достары да оның ерен ерлігімен алынған «Казачиха» деревнясының тұрғындары да жүрек тебірентерлік алғыстар айтады. Әлия туралы көптеген мағлұматтар, тарихи деректер, атқыштар мектебінің комиссары, майор Екатерина Никифоровнаның, соғыста Әлиямен бірге болған саяси жетекші Григорий Вениаминович Вершавскийдің, 54-дербес атқыш курсанттар бригадасының бұрынғы командирі, гвардия полковнигі, Н.Матвеевич Уральскийдің естеліктерінде анық жазылған. Саяси бөлім бастығы В.И.Ефимовтың 1944 жылы 14-19 қаңтар күнгі майдан жағдайы туралы 97-атқыштар корпусының 22-армиясы саяси бөлімінің бастығына жазған саяси хабарында: «Темір жол бойынша батыл шабуыл кезінде қазақ халқының қызы комсомолка, снайпер Молдағұлова Лия өзінің ана тілінде «Отан үшін, алға жолдастар!» деп дауыстап, өзі шабуылға бірінші болып шықты. Оның соңынан жауынгерлер жұлқына ұмтылды, бұл соғыста Молдағұлова ерлікпен қаза тапты», – деген мағлұмат берген. Осы соғыста автоматшылар тобын басқарған Н.Я. Нерушта Әлияның қан майданда қалай от кешкенін айтқанда, жаның тебіренеді.
Әлия Молдағұлованың қысқа өмірінде жасаған ғаламат ерлігін қастерлеп жауынгер достары да оны «батырлардың батыры» деп атап кеткен. Міне, ол мұндай қасиеттерді туған жерінің топырағынан, өскен ортасынан, қазақ деген халқынан, анасының ақ сүтімен бойына дарытқан деп мақтан тұтуға әбден қақылымыз.
Өз жүрегінің әмірімен майданға аттанып, буырқанып, бұрсанған фашистермен арыстандай арпалысып, өліммен бетпе-бет келіп, оларды тізе бүктіре бойжеткендеріміз аз ба еді? Солардың көбі майданнан елге қайта оралған жоқ. Отанды пәк те сәби жүрегімен сүйген уыздай жас қыздар жар да, перзент те сүйе алмай, жастықтың қызығын да көре алмай қыршынынан қиылып кете барды.
Бұраң бел, қиық қас, жау жүрек қыздарымыздың сын сағаттарда ер-азаматтарды шабуылға бастаған кездері де аз болған жоқ. Олардың осындай батырлық іс-әрекеттері басқа жауынгерлерді де батылдыққа баулып, рухын көтерді.
Бізде «ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөз көп айтылады. Олай болса, Отан үшін от кешкен басқа да қыздарымыздың ерлік-істерін болашаққа жеткізе зерттеп, баяндауымыз қажет.
*** *** ***
1970 жылдың қаңтар айында «Қазақфильм» киностудиясы Әлияның өмірі мен ерлігіне арналған деректі фильм түсіре бастады. Ең алдымен Қазақ ССР-ның мемлекеттік архивінде сақталып отырған мына бір құжатқа үңілейік. «Әлия Молдағұлованың әкесі Нұрмұхамбет Сарықұлов 1896 жылы Қобда ауданы, Бесқопа ауылдық советі, осы күнгі «Көксай» колхозында туған…
1925 жылы Нұрмұхамбеттің бұрынғы әйелі – Молдағұлдың қызы Маржаннан Әлия туған. Маржан 1933 жылы «Көксай» колхозында қайтыс болады. Әйелі өлгеннен кейін сол жылы Нұрмұхамбет 8 жастағы Әлияны және кіші баласы Бағдан екеуін ертіп, Ойыл ауданының Қызыладыр советіндегі «Тегісшіл» колхозындағы қарындасы Қанжанның қолына келеді.
Екі жетім баланы асырау қиын болғандықтан, сол 1933 жылы Нұрмұхамбет Әлияны нағашы ағасы Әбубәкір Молдағұловтың тәрбиесіне береді. Кейін, қызмет бабымен Алматыға көшкенде Әбубәкір Әлияны бірге алып кетеді...
Әлия туған әкесі Нұрмұхамбеттің қолынан кеткен соң көбіне Әбубәкірдің тәрбиесінде болған. 1938 жылы Нұрмұхамбет Әлияны алып кетуге Ленинградқа барады. Әлия Ленинградта оқуды бітіргеннен кейін ғана елге бірақ қайтамын деп сонда қалып қояды…»
Бұл жолдар Әлияға Совет Одағының Батыры атаығы берілгеннен кейін көп ұзамай Ақтөбе облыстық партия комитетінің тапсыруымен Нұрмұхамбеттің өзінің айтуы бойынша 1944 жылдың 21 қыркүйек айында Г.Төлеушев пен Н.Абатов жолдастар жазған анықтамадан келтіріліп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет