8. Оқу сағаттарының тақырып бойынша бөліну кестесі.
№
|
Тараулар атауы, реті
|
Лекция
(сағ.саны)
|
Семинар
(сағ.саны)
|
ОБСӨЖ
(сағ.саны)
|
СӨЖ
(сағ.саны)
|
І тарау. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар оқу пәні ретінде
|
1.
|
Кіріспе.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
2
|
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар оқу пәні ретінде.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
3.
|
Оқытудың қазіргі технологиялары.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
ІІ тарау. Педагогикалық технология
|
4. 3
|
“Педагогикалық технология” ұғымы.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
5.
|
“Педагогикалық технология” категориясының генезисі және оған берілген анықтамалар.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
6.
|
Технологиялық кесте және технологиялық карта.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
7.
|
Терминологиялық аппараты, педагогикалық технологияның түрлері.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
8
|
Педагогикалық технологияларды топтастыру.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
9.
|
Педагогикалық технологиялардың даму динамикасы.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
10
|
«Ізденіс» педагогикалық инновациялық технологиялар мен озық іс тәжірибелер зертханасы
|
1
|
1
|
2
|
2
|
11
|
Педагогикалық технологиялардың негізгі алгоритмдері.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
12
|
Бастауыш білім берудің қазіргі заманғы жалпы педагогикалық технологиялары, оларға сипаттама және талдау жасау.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
13.
|
С.Н.Лысенкованың технологиясы
|
1
|
1
|
2
|
2
|
ІІІ тарау. Бастауыш мектептің оқу пәндерінің негізінде оқыту технологияларына сипаттама
|
14.
|
Педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендіру және демократияландыру негізіндегі технологиялар.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
15
|
Білім беруді ізгілендіру технологиясы
(Ш.А.Амонашвили бойынша).
|
1
|
1
|
2
|
2
|
16
|
Адамгершілікті қалыптастыруға негізделген әдебиетті оқыту жүйесі (Е.Н.Ильин).
|
1
|
1
|
2
|
2
|
17
|
Оқушының әрекетін белсендіру және интенсивтендіру технологиялары.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
18
|
В.Ф.Шаталов технологиясы
|
1
|
1
|
2
|
2
|
19
|
Модульдік оқыту технологиясы
|
1
|
1
|
2
|
2
|
20
|
Модульдік оқыту технологиясы(М.Жанпейісова бойынша)
|
1
|
1
|
2
|
2
|
21.
|
Оқыту процесін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі технологиялар.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
22
|
Оқытудың компьютерлік технологиясы
|
1
|
1
|
2
|
2
|
23
|
Дифференциалды оқыту (саралап) технологиясы
|
1
|
1
|
2
|
2
|
24.
|
Оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
25
|
Оқушының білім деңгейін жетілдіру технологиялары.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
26
|
Дамыта оқыту технологиялары.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
27.
|
Дәстүрлі және дамытушы оқытудысалыстыру кестесі
|
1
|
1
|
2
|
2
|
28.
|
Дамыта оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі
|
1
|
1
|
2
|
2
|
29.
|
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
|
1
|
1
|
2
|
2
|
30.
|
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының
стратегиялары
|
1
|
1
|
2
|
2
|
|
Барлығы:
|
30
|
30
|
60
|
60
|
. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
Жоспары:
Білім беру парадигмасы.
Педагогикалық технология – бүгінгі өмір талабы.
Лекция мақсаты: парадигма және педагогикалық технология ұғымдары туралы, олардың білім берудегі мәні туралы түсінік қалыптастыру.
Лекция мәтіні:
1. Қай мемелекеттің де негізгі тірегі – асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. “Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады” (Қазақстан – 2030 бағдарламасы). Әрине, “келешектің иесі - жастар”. “Жастар өзінің ата – анасынан гөрі заманынан көбірек ұқсас келеді” (И.С.Кони). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осғын орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан - 2030” стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған “Білім” мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл- ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, “жалпыға білім беру” моделін “әр адамға таңдау бойынша білім беру” моделіне көшуге негізделген.
2. Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болды.
Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Оқу құралында қазіргі заманғы жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері, мақсаттары, міндеттері жан-жақты ашылып, оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың жолдары көрсетіледі.
Сондай-ақ, оқу құралында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың жеке басының дербес және дара ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырудың жолдары айқындалады.
Бақылау сұрақтары:
Қоғам дамуының маңызды факторларын атаңыз.
Білім беру қандай мақсаттарды көздейді.
Бүгінгі педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістер туралы айтыңыз.
Жоспары:
Білім беру жүйесінің басты сипаты.
“Білім” мемлекеттік бағдарламасы.
Оқытудың қазіргі технологиялары.
Лекция мақсаты: білім беру жүйесінің сипаты, «Білім» бағдарламасы және оқытудың қазіргі технологиялары туралы түсінік қалыптастыру.
Лекция мәтіні:
Білім беру жүйесінің басты сипаты.
1. Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени –ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі – адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты – білім беру жүйесінің Білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байии түсуде. Атап айтқанда:
есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше, қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.
“Білім” мемлекеттік бағдарламасы
2. 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған “Білім” мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамытудың 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттарын айқындайды.
Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш және орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімнің негізгі аспектілерін қамтиды. Білім жүйесін одан әрі дамытудың басымдықтарын айқындайды. Сондай-ақ білім деңгейлерінің әрқайсысы үшін қойылған мақсаттарға жету үшін нақты шараларды мазмұндайды.
Бұл маңызды құжат оқу жомпарларын, жаңа ұрпақтың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешенін ендіру, балалар мен жастардың экономикалық, экологиялық, құқықтық, азаматтық білімі бойынша қазіргі заманғы оқу бағдарламаларын енгізу, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және ендіру, үздіксіз білім жүйесін дамыту арқылы білім мазмұнын жаңартуды көздейді.
Бағдарлама оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу мен ендіруде қажетті қайта құрулардың жүзеге асырылуын, қоғамның әрбір мүшесінің кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды қамтитын үздіксіз білімді дамтуды көздейді.
“Білім” мемелекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты-сапалы білімге кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін тиімді дамытуы үшін жағдай жасау.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
азаматтардың білімінің барлық деңгейлері мен сатыларына қол жеткізуге арналған конституциялық құқықтарын қанағттандыру үшін жағдайлар жасау;
білім беру жүйесін басқаруды жетілдіру;
білімнің және білім беру бағдарламасының сапасын арттыру, білім беру қызметтерін таңдауды ұсыну;
тәрбие жұмысын жетілдіру, оқу мен тәрбие үрдістерінің бірлігін қамтамасыз ету;
Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануы үшін жағдай жасау.
Бақылау сұрақтары:
Білім мазмұнын анықтайтын негізгі факторларды атаңыз?
“Білім беру” ұғымын түсіндіріңіз.
Білім беру реформасы нені көздейді?
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі өзгерістерді көрсетіңіз?
“Білім” мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын атаңыз?
Білім мазмұнындағы жаңаша өзгерістерді атаңыз.
Оқытудың қазіргі жаңаша технологияларының негізгі бағыттарын көрсетіңіз.
Жоспары:
Қазіргі технологиялар туралы түсінік.
Білім берудің жаңа мазмұны
Лекция мақсаты: педагогикалық технологиның даму динамикасы туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Лекция мәтіні:
1. Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипаттталады:
есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.
Қазір Респулика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалылыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан, әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бақылау сұрақтары:
Білім мазмұнындағы жаңаша өзгерістерді атаңыз.
Оқытудың қазіргі жаңаша технологияларының негізгі бағыттарын көрсетіңіз.
Жаңа технологияларының оқу тәрбие үрдісіне тигізетін ықпалы.
Жоспары:
“Педагогикалық технология” ұғымы туралы.
Педагог ғалымдардың “педагогикалық тех-
нология” ұғымына берген анықтамалары.
Лекция мақсаты: педагог-ғалымдардың «педагогикалық технология» ұғымы туралы анықтамаларын талдау.
Лекция мәтіні:
1. Біз алдымен “техника”, “технология”, “оқыту технологиясы”, “білім беру технологиясы”, “педагогикалық технология”, “жаңа педагогикалық технология” терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ажыратуымыз керек. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде “технология” ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн. “Техника” терминінің екі мағынасы бар екені айқын:
өндіріс құралдарының жиынтығы;
бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жинағы.
Білім беру саласындағы технологиялық идеялар жаңадан пайда болған жоқ. Оқытуды технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Ян Амос Коменский айтқан болатын (А.Кузибецкий).
Шетел мамандары оқыту технологиясының үш кезеңде мұғалім бірде-бір көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға білім берген. “Бұл кезде-оқыту технологиясының функциясын адамдар тәжірибесі атқарған” дейді А.Талызина. Екінші кезеңде – кітап басып шығару игерілген соң оқыту технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр түрлі дидактикалық материалдар көмекке келді.
Қазіргі кезеңде де оқыту технологиясы үлкен өзгеріске душар болып отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ) жәрдемге келді. Қазір және болашақта білім беру саласына ғылыыми-техникалық революция толық еніп, оқытудың мазмұнына және технологиясына зор ықпалын тигізетіні даусыз.
“Оқыту технологиясы” (ОТ) терминін алғаш рет АҚШ-та қолдана бастады. Польшаның белгілі дидакторы У.Куписевич пен Ф.Янушкевич оқыту технологиясы жалпы дидактиканың бір бөлігі ретінде оқытудың ең оңтайлы жолын анықтайтынын терең түсіну керектігін қолдады.
ОТ дидактиканың жетістіктерін педагогикалық практикаға кеңінен енгізіп, таратады.
2. Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: “Технология –бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы” делінсе, Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология-бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі.
М.В.Кларин “Педагогикалық технология-бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті”,-деп анықтайды.
Грек сөзі істегі, шеберліктегі, өнердегі
амалдардың жиынтығы
қандай да бір
процесті жүргізу
әдістері мен
тәсілдері
Кларин М.В.
Монахов В.М.
Чошанов М. Беспалько Б.П. Селевко Г.
Педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық –педагогикалық нұсқауларының жиыны.
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу – тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
Бір технологияның өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Бірақ мұғалімдер оны өз тәжірибелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды.
Бақылау сұрақтары:
“Технология” ұғымын түсіндіріңіз.
“Педагогикалық технология” ұғымына берген педагог-ғалымдардың түрлі пікірлері.
“Педагогикалық технология” ұғымының мағынасын атаңыз.
Жоспары:
Педагогикалық инновация туралы түсінік.
Жалпы инновация түрлері.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу шарттары.
Лекция мақсаты: педагогикалық инновация ұғымы туралы, жаңа технология шарттары туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Лекция мәтіні:
1. ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі – білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті.
ҚР-ның орта білімді дамыту Тұжырымдамасында қазіргі мектептер:
практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіруі;
еліміздің материалдық-қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т.с.с. міндеттерді көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.
Мектеп практикасымен танысу барысында мұғалімдердің инновациялық технологияларды біртіндеп қолдануға ұмтылғаны байқалды. Бірақта олар инновациялық әдіс-тәсілдердің жалпы әдістерден айырмашылығы, оларды қолданудың тиімді жолдары қандай деген мәселелерді анық-айқын біле алмайды.
Инновация (латын сөзі in – в, novis - жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И.Ожегов сөздігі бойынша: инновацияны бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
1957-1964 ж. Он жылдық тарихқа американдық білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде енеді.
Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың білімді көтеруді ұйымдастырушыларда, т.с.с.
Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қорытындыға келеді: “Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс”- дейді.
Инновациялық технологияларды қолданып, дамыту мәселелерін басқа елдердің педагогтары да қарастырады.
90-жылдардың бас кезінде орыс ғалымдары Днепрова В.И., Золвязинский, Лазареваның еңбектерінде “инновация” ұғымы пайда болады. Олар “инновация” ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды.
М.М.Поташник, А.С.Лоренсов “жаңалық” дегенді құрал ретінде (яғни, жаңа әдіс, жаңа технология) ал, “инновацияны” осы тәсілдерді меңгеру үрдісі деп санайды.
Қазақстан мемелекетінде “инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдыққа жатады. Ең алғаш “инновация” ұғымы қазақ тілінде анықтаған ғалым профессор Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі”-деген анықтаманы ұсынады.
2. Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады:
Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал, жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғандай мектептердегі бүгінгі үлгерім көрсеткіші, берілген білім сапасы формализм мен субъективтіліктен әлі арыла алмауда, осыған орай, ғалымдар жаңашыл-мұғалімдер бұл мәселелерді шешу бағытында біршама істер атқаруда. Инновация дегеніміз – белгілі бір жүйедегі ішкі өзгеріс. Педагогикалық инновация – педагогикалық жүйедегі жаңашылдық.
Педагогикалық жүйе құрылымын кей ғалымдар (И.П.Подласый, В.П.Беспалько, т.б.) оқушылар тәрбие мақсаты тәрбие мазмұны тәрбие үрдісі мұғалімдер тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары түрінде қарастырады (тәрбиелей отырып оқыту жағдайында).
Білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:
Мақсат ---мазмұн---форма---әдіс----оқыту көрнекілігі тізбесі жаңа мазмұнға ие болғанда ғана педагогикалық жүйедегі жаңашылдыққа жол ашылады. Ал жаңа технологияны қолдану төмендегі кезеңдер арқылы іске асады: оқып үйрену ---меңгеру -----өмірге ендіру ---дамыту.
3. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:
оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылылығы, дүние жүзілік қауымдастықтығы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық және телекоммуникациялық технологиясын игеру міндетіміз.
Бақылау сұрақтары:
“Инновация” ұғымын түсіндіріңіз.
“Инновация” ұғымына анықтама беріңіз.
Қазақстанда “инновация” ұғымын анықтаған кім?
Инновацияның түрлерін атаңыз.
Жоспары:
Проблемалық оқытудың технологиялық кестесі
Оқыту технологияларының классификациясының кестесі
Лекция мақсаты: технологиялық кесте, карта ұғымы туралы түсінік қалыптастыру.
Лекция мәтіні:
1. Проблемалық оқытудың технологиялық кестесі
Жаңа білім, білік, дағдыны оқыту қызметінің мазмұны
Жаңа б.б.д.,
ойын дамыту
Ақпарат
Достарыңызбен бөлісу: |