Бақылау сұрақтары:
Деңгейлеп оқыту технологиясын сипаттап беріңіз.
Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Деңгейлеп оқыту технологиясының төрт деңгейін ашып көрсетіңіз
Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшеліктерін атаңыз.
“А”, “В”, “С” деңгейлеу бағдарламасының айырмашылықтары мен ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
Жоспары:
Дамыта оқыту дегеніміз не?
Дамыу оқытудың негізін салушылар.
Дамыта оқыту ұстанымдары.
Лекция мақсаты: дамыта оқыту ұғымы туралы, дамыта оқыту технологиясының негізін салған ғалымдар туралы түсінік қалыптастыру.
Лекция мәтіні:
1. Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-әдістемелік бағытқа ынталанджыру, жаңа бизнестік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараььандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен арқаратын белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерініңәрекеттестік ерекшелігінде, танып-білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялартүрлерінде және т.б.
2. Әлемдік педагогиканың, көбінесе жүгінетіні – Л.С.Выготскийдің идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин және Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л.С.Выготскийдің идеялары Еуропа елдерініңі көптеге университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ оны жалпы білім беретін мектептерде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда.
Дамыта оқыту – білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте және мектептен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашақты болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал.
Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде қолданыс тауып келеді. Қазіргі кезде Мәскеуде “Дамыта оқыту” халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың президенті-академик В.П.Зинченко.
“Эльконин мен Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі” бойынша Мәскеудің психология институтының зертханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның меңгерушісі – дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі Элконин Даниил Борисовичтің ұлы, ізбасары профессор Эльконин Борис Данилович.
Достарыңызбен бөлісу: |