Бақылау сұрақтары:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы, мазмұны неде?
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы дегеніміз не?
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізін қалаған ғалымдарды атаңыз?
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының басқа технологиялардан айырмашығы неде?
Жоспары:
ДЖИК СО – ұжымдық оқыту әдісі.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Лекция мақсаты: педагогикалық технологиның даму динамикасы туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Лекция мәтіні:
Жоба 80-ге жуық стратегиялардан тұрады. Бұдан ары
қарай солардың кейбірімен таныстыра кетейін:
ДЖИК СО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым төрт адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1,2,3,4-ке санау арқылы бірлер бір бөлек, екілер бір бөлек, үштер бір бөлек, төрттер бір бөлек өз алдына “жұмыс” тобын құрайды.
Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің бір бөлігін бірлер, екінші бөлігін екі санын алғандар, үшінші бөлігін үшінші нөмірлі топтарға, төртінші бөлігін төртінші нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет[17].
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға , сол арқылы ойлауға үйренеді.
ДЖИК СО – стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру , оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасты үйренеді [18].
Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына Сол жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен Сол әсер еткен үзінділер жайлы
тұстар, үзінділер жазылады. Пікірлер жазылады (нені еске
түсіреді, себеп салдары қандай,
қандай сұрақ бар т.б.).
Венн диаграммасы.
Кесте 8 Екі құбылысты «Венн диаграммасы» арқылы салыстыру
қыс жаз
Біз жобадағы әдістердің тек бірнешеуін ғана сөз еттік. Қалғандары осы тақырыпта арнайы ұйымдастырылатын диплом жұмыстарында талқыланады.
“Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар – оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды [21].
Мектеп өмірінің мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға , мектепке керегі де осылар.
Достарыңызбен бөлісу: |