Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі



бет64/69
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#23608
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
Курсты ма саты мен міндеті

Бақылау сұрақтары:

Дамытушы оқытудың маңызы, мазмұны неде?

Дмытушы оқыту дегеніміз не?

Дамытушы оқытудың негізін қалаған ғалымдарды атаңыз?

Дамытушы оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашығы неде?

Дамытушы оқытудың міндеттерін атаңыз?

Жоспары:

  1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының құрылымы.

  2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы


Лекция мақсаты: педагогикалық технологиның даму динамикасы туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.

Лекция мәтіні:

RWCT құрылымы: үш фазадан тұрады. Үлгінің үш фазасы өздерінің қызметтеріне байланысты аталды:

  • Қызығушылықты ояту;

  • Мағынаны тану;

  • Ой толғаныс немесе ҚМО.


Алғашқы фаза – Қызығушылықты ояту оқушылардың бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізуге күш алуларына және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі. Осы алғашқы фазада оқушылар бірінші рет болашаққа көз жүгіртіп, ұғынып, жаңадан таныстырылған тақырыптарға зерттеу үшін өз алдарына мақсат қояды.

Қызығушылықты ояту – оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам болып табылады. Олар өз еркімен саналы түрде алға жылжитындықтарын немесе үйретілетін тақырыпқа енетіндіктеріне шешім қабылдайды. Сонымен қатар оқушылардың жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын-болмайтындықтарын шешуі де алғашқы фазада іске асады [10].

Дәстүрлі оқытуда Қызығушылықты ояту фазасы көбіне қалып кетіп жатады. Мұғалімдер оқушылар мектепке дайындалып келеді деп ойлаулары мүмкін. Кейде солай болады, бірақ көп жағдайдаларда ең алдымен не күтілетінін анықтап, оқушының қызығушылығын оятып алып, бұрынғы құрылым мен блімді санасына сіңіріп, тек сосын ғана ары қарай үйренетіндей орта құру керек. Тіпті үйренуге дайындықпен келгендер үшін де Қызығушылықты ояту фазасы ұзақ, әрі мағыналы оқудың қажетті психологилық негізін салады. ҚМО құрылымының алғашқы фазасы үйрену процесін алға жылжытуға бағытталған.

Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану, Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. өйткені үйрену – енжарлықтан көрі белсенділікті талапететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен ой бөліседі, тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа блім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады[11].

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу).Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. ОЛ бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында

V – “білемін”;

- - “білмеймін”;

+ - “мен үшін жаңа ақпарат”;

-? - “мені таңқалдырады” белгілерін қойып отырып, оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі [12].

Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы тжаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға , яғни байланыстар құрауға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:





Ал Мағынаны тану фазасы болса, оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, видеокассета, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қай қайсысы болмасын, осы екі фаза оқушыларды ақпараттар мен мазмұнмен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы білім мен сенімдермен байланысқандығы жөнінде хабардар болу. Тиімді түрде білім алу үшін оқушылардың сабаққа мақсаткерлікпен, ойлампаздықпен, өзінің түсінгенін бақылай, жаңа ақпараттарға дұрыс жауап қайтара отырып және ақпараттың жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастыра отырып, белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдаулары қажет.

Мағынаны тану фазасында оқушылар жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып және ақпараттың жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастыра отырып, белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдаулары қажет.



Ой толғаныс – үйрену процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Оқушылардың алған білімдері ұзағынан, мазмұнды болып, шындыққа ұласуы үшін бұрынғы мәліметтерімен жаңа мәліметті біріктіре алудағы уақытпен, құрылыммен қамтамасыз ету – бұл фазаның мақсаты.

Бұл фаза саналы талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе келесі бір зерттеуді бастауға шақырумен айғақталады. Бұл – үйрену жеке сипатқа ие болатын сәт.

Ой толғаныс фазасында үйренуші жаңа білімді өз меншігіне алады. Ой толғау процесі арқылы оқушылар өздерінің ойын нақтылайды, құрбылыстары мен мұғалімнен кері байланыса отырып, мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді. Оқушылар осы процеске жетпейінше олардың үренетіндері бар болғаны біреудің идеясы немесе сенімі. Мәліметті басқаның идеялар “патшалығынан” бөліп алу арқылы ғана өзіндік етуге болады. Шын мәнінде, көптеген үйренушілер үшін жаңа мәлімет бұрынғы үйренгендеріне мүлде қарама-қайшы болуы мүмкін. Өзара жақсы идеялар үйренушіге ой толғаныссыз саналы түрде жете қоймайды.

Тақырып туралы ой толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру, назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі , үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни, нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне , ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

ҚМО құрылымы үйрету процесін түсінудің үлгісімен қамтамасыз етеді және оқушыларды үйретудің ең жақсы жолын көрсететін нұсқайды ұйымдастырудың механизмі ретінде қызмет атқарады. Бұл – мұғалімдер өз сабақтарында қолданған және түрлі құрылым фазаларының мақсаттарына жетуге көмектескен стратегияларды біріктіре алатын үлгі .

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі қандай дейтін болсақ, ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап, өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу (үйрену) ісін ұйымдастырушы деуге болады.



Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:

  • Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

  • Оқушыларға ойланып-толғануға , ойын ашық айтуға рұқсат беру.

  • Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

  • Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.

  • Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.

  • Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

  • Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал, оқушылардың осыған байланысты:

  • сенімділікпен жұмыс жасау;

  • бар ынтасымен оқуға берілу;

  • пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

  • өз пікірін ашық білдіруді

талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

  • Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

  • Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

  • Осы ақпаратты үйрене отырып, мен бірдеңе жасай аламын ба?

  • Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? Деген сұрақтар төңірегінде ойлауға үйренеді[16].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет