Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министірлігі


Музыканы қабылдау музыка мәдениетінің қалыптасуының маңызы



бет69/70
Дата07.01.2022
өлшемі213,82 Kb.
#19729
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
ГОС 2 (1)

Музыканы қабылдау музыка мәдениетінің қалыптасуының маңызы Музыканы қабылдаудың негізгі саласы, кезеңдері.

     Музыканы тыңдау және оны қабылдау музыкалық іс-әрекеттердің (ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты) барлық түрлерінің нәтижесінде қалыптасады. Музыка тыңдау процесі кезінде балалардың зейінін, эмоциялық сезімдерін, ойлау, түйсіну қабілеттері дамиды. Балаларды музыка тыңдауға үйретудің ең басты міндеті оларға музыканы дұрыс естіп, дұрыс қабылдай білуге үйрету. Музыканы тыңдауға үйрету музыкалық қызметтің барлық түрімен тығыз байланысты. Мысалы әнді айту үшін, оны әуелі тыңдау керек; музыканың ырғағымен қозғалу үшін де биге арналған әуенді тыңдау керек. 

     Музыканы қабылдау қиын процесс, ол баланың музыканы дұрыс естуіне байланысты болады. Музыка балаға жан жақты әсер етеді, яғни музыкалық шығарманың болуы, екпіні, динамикасы осының барлығы музыкалық шығарманың мазмұнын, сипатын білдіреді. 

     Педагог балаларға музыка тыңдатқанда, балалардың музыкалық шығарманы дұрыс түсінуіне көмектесу керек. Музыканы тыңдағанда зейін салып, соңына дейін тыңдауға, музыка жөнінде өз түсініктерін айта білуге баулу қажет. 

     Балалар музыканы жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі қабылдайды. Төменгі сынып оқушылары көңілді, жарқын музыканы және жан-жануарлар мен балалар әлемін суреттейтін музыканы ұйып тыңдайды. 

     Ортаңғы сынып оқушылары әр түрлі халықтар музыкасын және батырлық тақырыбына арналған музыканы ұнатады. 

     Балаларға тыңдататын әр музыканың мазмұны музыкалық тәрбиенің мақсат-мүддесіне сай болу керек. Музыкалық шығарма әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай іріктелуі керек. 1-2 сынып оқушыларына тыңдатылатынмузыкалық шығарма шағын, жеңіл, ойлану ұзақтығы 1-2 минуттан аспайтын, 3-4 сынып оқушыларына тыңдатылатын музыканың ұзақтығы 3-5 минуттай болуы керек. Балалардың көңіл қойып тыңдау мүмкіндігі кеңейген сайын тыңдатылатын музыка ұзақтығы да кеңейе түсетінін ескеруіміз керек.

     Балаларға педагогтың музыка аспабында өзі ойнаған музыкасы өте зор әсер етеді. Бірақ, егер музыка хорға немесе оркестрге арналып жазылса оны грамжазбада тыңдау қажет.

     Музыкалық шығарма балалардың есінде қалу үшін оны бірнеше рет тыңдау керек. 

    Музыканы қабылдау бірнеше кезеңдерден тұрады: 

1.Музыкалық шығармамен танысу, мұғалімнің кіріспе сөзі.

2.Музыкалық шығарманы тыңдау.

3.Музыкалық шығарманы талдау.

4.Жаңа естіген музыкасын бұрынғы тыңдаған музыкалық шығармалармен салыстыру, шығарманы қайта тыңдау.

     1. Мұғалімнің кіріспе сөзі оқушылардың зейінін орындалатын шығармаға аудару мақсатында болуы керек. Тыңдатылатын музыканың мазмұнын толық ашып баяндап берудің қажеті жоқ, олай ету оқушылардың өздерінің ойлау, түйсіну, елестету қабілеттерін дамытпайды, керісінше музыканы тыңдамас бұрын олардың зейінін толық әзірлеп, тыңдап отырғанда нені байқадыңдар, музыка нені баяндар екен, көз алдарыңа нені елестетер екенсіңдер деген сияқты қызықтыра, ынталандыра түсетін тапсырмалар берген дұрыс, мұндай тапсырмалар балалар бойындағы қиялын, шығармашылық қасиеттерін дамытады.  Кіріспе әңгіменің барысында тыңдататын музыканың авторы – сазгер туралы қысқаша түсінік беріп, осы шығармаға байланыстыра баяндау керек. 

     2. Музыканы алғашқы тыңдау барысында жоғарыда айтып кеткендей, оқушыларға тапсырмалар беріп тыңдатамыз да, олардың кім қаншалықты түсініп, байқағандарын талдау кезінде білеміз. Алғашқы тыңдау кезінде сыныпта тыныштықты сақтауды қалыптастыру керек. 

      3. Музыканы талдау эмоциялық қабылдауға кедергі келтіріп, тыңдаушының ойын бөледі. Сондықтан орындаған музыканы тереңдетіп талдау өте қиынға түседі. Музыканың, ырғақтың екпінін жылдам, жай, орындалуын айыра білуге тәрбиелеу кезінде қойылатын сұрақтар, оқушылардың өз түсініктерін толық жеткізе білетіндей болып қойылуы керек. Музыка жылдам ойналып тұр ма, әлде жай ма, орташа ма? Балаларды шығарманың қандай аспапта орындалып тұрғанын тембріне қарай айыра білуге тәрбиелейміз. Бұл ретте музыкалық аспаптардың суреттерін көрсетіп, осы аспаптардың қайсысымен орындалып тұр деп ойлайсыңдар деген сұрақтар қою арқылы жүргізуге болады. 

     4.Жаңа естіген музыкасын бұрынғы тыңдаған музыкалық шығармалармен салыстыру, шығарманы қайта тыңдау.

№30-билет

1)оқытуда басқару және көшбасшылық


Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі.Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз керек.Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз.оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын,кәсібилікке бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет.Бұл тәсілдің аясында көшбасшы- мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып,мұғалімнің тіжірибесі жетілдіріледі.Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды,мұғалімдер оны өз қолымен жасайды.Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін,көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді.Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады.[1.87б]
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.         
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.  
Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары:
·          Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
·         Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
·         Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
·         Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті деп анықталуы мүмкін.
Дамыту жұмыстарын зеттеумен шатастыруға болмайды.МКДЖ бағдарламасы «мұғалім-зерттеуші» түсінігіне емес «мұғалім- дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған.Дамыту бойынша жұмыс белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды.Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар,жалпы мектеп  өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып,рефлекция мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды.Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады,мысалы:әріптестер арасындағы пікірталастар.желіде орналастырылған есеп беруді оқу,оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау,әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабағына қатысу.Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес,диалог үшін ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.

Қазіргі  сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды,  кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді.Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген  ынтасын  арттырады, түсіндірілген  материалдарды саналы  меңгертуге  ықпал жасайды.
Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті. 
Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту..
Әртүрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолдану балалардың тілін дамытып, тілді меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушының нені білетітін, нені меңгеретін, нені меңгергенін білуге болады. Соның нәтижесінде оларда намыс пайда болып, жанындағы оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа дайындалу ынтасы арта түседі.

2) мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы




Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.
Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, жетілдіруде психологиялық-педагогикалық диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады: 
- Мектепке жетілдіру мен оқуға бейімдеу барысы деңгейінің өлшемдері, оқу бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады;
- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;
- Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделуі, сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.
- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;
- Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделуі, сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.[14.150]
Оқуға бейімделу әрекетін талдау психологиялық диагностиканың қолданылу бөлігін анықтайды. Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгенде, мынандай моральді-этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері:
1. Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын келтірмеуі керек.
2. Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың ата-анасының рұқсатымен жүргізілуі тиіс. Балалар мектепке баратын кезге дейінгі уақытта ата-аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады.
3. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар өз балаларының психологиялық зерттеулерінің нәтижелерінің қорытындысын психолог маманнан білуге болады, сонымен бірге психолог, ата-аналарға өз балаларының психологиясына тиісті білгісі келген сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс.
4. Психодиагностикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа факторлардан баланың тағдырын, яғни мектептегі оқуға бейімделуі мен тәрбие мүмкіндігін, ата-аналар мен психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс.
5. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын психологтар психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірге тығыз байланыста болып атқаруы қажет [6.67].
Психодиагностикалық әдістердің көпшілігі мектепке баратын балалардың түсінігіне байланысты психологиясы мен физикалық жағынан сау балалардың, зерттелініп отырған қасиеттер дамуының орта деңгейін сипаттайды және осындай зерттеулердің нәтижелерінен ауытқуы бар балалардың да қасиеттерінің даму деңгейі де анықталады. Егер оның жеке көрсеткіштері нормадан жоғары болса, онда осы бала өзінің дамуы жағынан құрдастарынан жоғары болады, ал керісінше, егер оның жеке мәліметтері нормадан төмен болса онда құрдастарынан қалып қояды. 

Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организімнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылуы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формалары игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды. 

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады .

3)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет