Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 6, 8, 10, 12
Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 17, 18
Тақырып №9. Оқушы білім-білігі, дағдысын тексерудің жолдары. (2 сағат)
1. Оқушылардың білімін тексеру.
2. Оқушы білім-білігін, тексерудің әр түрлі жолдары.
1. Оқушылардың білімін тексеру.
Білім тексеруді дұрыс ұйымдастыру, мұғалімге бүкіл сыныптың дүниетану түсініктері мен ұғымдарының қалай қалыптасатынын үнемі көріп, біліп, бағалап отырыуна, ал оқушыларға оқу материалын меңгеру процесінде олардың алға қарай жылжитындарын ұғынуға мүмкіндік береді. Тексеру нәтижесінде балалар білімінің объективті бағасы жинақталады, ал оның тәрбиелік маңызы зор.
Дүниетанудан білімді, іскерлікті және дағдыларды тексеруді ұйымдастыруға қойлатын талаптар төмендегідей:
А. Оқушылардың білімін жеке тексеру, мұғалім мұнда ұсынылған талаптарды арттырмастан және кемітпестен олардың әр түрлі даму деңгейін ескереді.
Б. Балалардың білімін тексеруге ұқыпты түрде дайындалу, сабақтың әр түрлі кезеңдерінде оның мақсатын, түрлерін жеке формаларын анықтау.
В. Оқушылардың білімін тексеруүщін сұрақтар әзірлеу.
Білім тексеру процесінде материалистік көзқарастың негізіндерін қалыптастыру мақсатында өзара байланыс пен өзара тәуелдік белгілеу қажет.
Оқушыларға ұсынылған сұрақтар ойды оятып, олардың танымдық қабілетін дамытатын, ойлауға, талдай білуге, жинақтап қорытындылап, салыстыруға мәжбүр ететін болуы қажет.
Картамен жұмыс істегенде картаны оқуды талап ететін сұрақтар қою керек: Қазақстан қай материкте орналасқан? Мұғалжар таулы қай бағытта созылып жатыр?
Білім тексеру кезінде көрнекі құралдарды: картиналарды, кестелерді, табиғи объектілерді, экрандық құралдарды пайдалану қажет. Оларды бір-бірімен: картаны картинамен, кестені коллекциямен, гербарийді суретпен үлестірген жөн.
Мұғалім оқушылардың білімін тексеруді әр түрлі тәсілмен жүзеге асырады. Ауызша тексеруді жаппай әңгімелесу формасында өткізуге болады, мұғалім сол кезде барлық оқушыларға сұрақ береді. Мұндай кезде мұғалімнің сыныппен тікелей байланысы пайда болады. Оқушылардың бірінен сұраған кезде қалған оқушылардың барлығы берілген жауапты мұқият қадағалап, түзетіп, толықтырып отыруы тиіс Мұғалім жаппай сұрау кезінде сабақ соңынан баға қояды.
Жеке сұрау әдісі дүниетану түсініктері мен ұғымдарының жүйесін, сол оқушының өз ойын тұжырымдап, айта алатынын айқындауға мүмкіндік береді. Жеке сұрау кезінде жаңа материалдың бұрын оқытылған материалмен байланысын анықтап, оқушының материалды өз бақылауларымен байланыстыра білуі өте маңызды болып табылады.
Оқушылардың сұраққа жауап берген кезде негізгісін ашап көрсете білуі үшін бастапқыда белгілі пункттерінен жауап берумен шектей отырып, жоспарлы түрде әңгімелеп беруге үйрету қажет. Шағын жазбаша тексеру жұмысы сирек жағдайларда өткізіледі. Мұндай жұмыстың ұзақтығы 5 минуттан артпаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |