Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Топонимикалық атаулар жүйесі қалыптасуының динамикалық сипаты



бет48/60
Дата07.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#18776
түріДиплом
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60
Топонимикалық атаулар жүйесі қалыптасуының динамикалық сипаты

Қазақстан Республикасы картасындағы Ресей патшалығы мен кеңестік заманда қалыптасқан ірілі-ұсақты елді мекен, жер атауларына бүгіндері түбірлі өзгерістер жасалуда. Біртіндеп еніп келген отаршылдық, тоталитарлық топонимдер халықтық негіздегі топонимдермен орын алмастыруда. Бірақ бұлар өзінен-өзі болып жатқан өзгерістер емес. Ол саяси-идеологиялық тартыстың, елін, жерін сүйген саналы зиялы қауымның күш біріктірген алысқан күресінің нәтижесінде жүзеге асуда. Бұл құбылыстың қоғамдық ой-санада елеулі түрде орын алуының басты себебі, еліміздің егемендікке қолы жетіп, халықтың тарихи жадының қайта оралуы мен ұлттық санасының біртіндеп қалыптасу процесінде жатыр. Тарихи таным анықтағандай, халықтың елді-мекен, жер атауларының империялардың басқыншылық саясатынан туындаған отаршылдық, тоталитарлық топонимдер деп аталатын түрлері пайда болды. Мұны жер планетасы бетінде өзгеріске ұшыраған ономастикалық құбылыстардың барлық саласында болып өткен ірілі-ұсақты өзгерістер тарихынан қаныға түсеміз. Бұл іспеттес өзгерістерден қазақ елі жайлаған ұлан байтақ сахарамыз да тыс қалмапты...

Тұран өлкесін, яғни түрік қалаларының бүгінгі ұрпақтары жайлап отырған атамекен қоныстары басқыншылар тарапынан талай рет үлеске ұшырап сапырылысқа түскен топонимдік және антропонимдік аталымдардың тарихи іздері ғасырлар қойнауында белгі беріп жатыр емес пе? Қазіргі қазақ жерінде де бұл құбылыстың жеті қабат қатпарлары сыр бүгіп мүлгуде. Олардың сырына еніп, тілін тауып, мән-мағынасын ұғына білген саналы азаматқа талай тарих бүктемелері жазылып құпиясын ашпақ. Біздің жыл санаумызға дейінгі ғасырлар қойнауындағы ата-бабалар қонысында ұшырасатын қытай, грек, парсы тіліндегі елді мекен, жер атауларының сағымдай бұлдыраған сілемдері аңғарылады. Ал, VII-VIII ғасыр ішіндегі араб басқыншылығы, XIII ғасыр басындағы Шыңғысхан жорықтары, XV-XIII ғасырлардағы ұзақ жылдарға созылған қалмақтардың шабуылы, Орталық Азиядағы түркі халықтарының жерін жаулап, бодандық қамытын мойнына ілген Ресей империясы елдімекен, жер атауларында өздерінің отаршылдық іздерін қалдырды. Арабтар мен орыстардың саяси-идеологиялық миссионерлік бағыттағы әрекеттері жергілікті халықты ұлттық дінінен тайдырып, мәңгүрттік санадағы тобырға айналдырып жібере жаздады. Ал осындай жүйені ұстаған кеңес үкіметі тоталитарлық зорлау, қинау, жазықсыз жазалауды өмірге ендіру арқылы бір қалыпқа түсірілген «үйретінді» менталитетті қалыптастырудың нәтижесінде тоталитарлық топонимді жүзеге асырды. Осы арқылы халықтың тарихи жадының бір саласы ретінде қалыптасқан тұрақты тарихи ұлттық ұғымына айналған елдімекен, жер атауларын зорлықпен өзгертіп, одан қол үздірді. Қазіргі жас ұрпақ өзінің туған жерінің аталу тарихынан мақрұм қалып, нигилистік танымға танылып отыр. Мысал ретінде алатын болсақ, менің туған ауылым ертеде «Майтөбе» деп аталса, ол патшалық Ресей тұсында Майлыкент болысының «5-аулына» айналып шыға келді. Ал, кеңестік дәуірде колхоздандыр.у саясаты тұсында әуелі «Қарасу аулы шаруашылық артелі», соңынан «Көктерек» колхозына айналды. Колхоздарды ірілендіру кезінде «Калинин» колхозы, Жданов колхозы артынан «Қызыл жұлдыз» колхозы атанып, артынша «Жуалы» совхозының «Көктерек» бөлімшесіне айналды. Совхоздың орыс тұрғындары арыз жазып, ол совхозды «Мичурин» атындағы совхозға айналдырып алды. сонымен о бастағы «Майтөбе» ауылының аты сегіз рет басқаша аталып, оның тарихи атынан «Мичурин» совхозының тұрғындары мақұрым қалып, топонимикалық ұлттық санасынан бір ұрпақ өмірі ішінде-ақ көз жазып қалып отыр. [5]

Ономастикалық ғылым салалары бізде кеңестік кезенде арнайы зерттеу нысанасына алынып, ҚР ҰҒА-да ономастикалық бөлім ашылып, онда көлемді еңбектер жарық көрсе де, әсіресе, топонимдер мен антропонимдердің саяси-әлеуметтік астары ашылмай қалды. Бұл саланың отаршылдық саясаттан туындаған саяси-идеологиялық құпия сырлары тіл қатпай жатты. Тіпті, халықтар достығын ұрандап отырған кеңес үкіметінің өзі 1944 жылы Қырым мен Кавказдағы мұсылман халықтарын депортациялап зорлықпен жер аударуға үкім шығарғандағы мақсаты ұсақталған мұсылман түркі ұлттарынан тазартылған жердегі елдімекен, жер атауларын тез арада орыс тілді топонимдермен алмастыру туралы шешімді қатар қолға алған болатын-ды. Бұл құпия саясаттың да астарын енді ғана, яғни тәуелсіздік жылдарында ғана танып біліп отырамыз.

Тұрған жеріндегі топонимдік елдімекен, жер атаулары 895 жылдан бастап арабтар тарапынан карта бетіне түсіріле бастады. Ал, Ресей патшалығы 1914 жылы «Азиялық Ресей атласы» картасын жариялады. Бүгінгі тәуелсіз елге айналған Қазақстан Республикасының карталарындағы елдімекен, жер атауларының қаншалықты өзгергенін танып білем десең осы 1914 жылы жарияланған атласпен салыстыра қарасаң айырма жер мен көктей екендігіне көзің жете түседі. Мұндай өзгерістерге түсудің түп-тамыры, саяси-әлеуметтік себебі қайда жатыр? Әрине, мұның басты себебі Россияцентристік саясаттың күшпен ендірілуінде жатыр.

Кеңес үкіметі алғашқы құрылған жылдарында отаршылдық мақсатпен қойылған ірі-ірі елдімекен, жер атауларын өзгертіп, оларды коммунистік рухтағы топонимдермен алмастырып жатты. Бірақ бұл бағыт ұзаққа созылмады. ҚСРО-ның барлық аймағында Ресей империясы кезіндегі отаршылдық мақсатпен қойылған елдімекен жер атаулары сол қалпында сақталып қалуының үстіне кеңес үкіметі саналы түрде тықпалаған тоталитарлық топонимдер қаптап кетті. Әрине, бұл өзгерістердің бәрі де көп ұлтты совет халқының бұрындары қалыптасқан тарихи жадын өшіріп, бір стандартқа түсірілген «үйретінді» менталитетті орнықтыру мақсатымен бірге ол ұлттарды орыс ұлтына сіңдіріп жіберу, осы арқылы біріңғай совет халқын қалыптастыру саясаты көзделді. Бұл алақол саясаттың бір ғана үстем ұлт мүддесі тұрғысынан жүргізілгені Азия мен Еуропаның шекарасындағы жер айрығы ретіндегі Орал тауы мен Орал өзенінің ар жағы мен бер жағына назар аударып көз жүгіртсең-ақ болды, екі аймақтағы елдімекен, жер атаулары арасындағы теңсіздік бадырайып тұрады. Қазақстан жері де отаршылдық, тоталитарлық орыс атауларымен шұбарланып тұтастығынан айрылғаны ешқандай дәлелді қажет етпейді. Яғни, қазақтың тіліне орыс тілін қосақтап сөйлейтін шала қазақтардың тіліндей жер атаулары да алашұбарланып дүбәрәленіп кеткен. Міне, осы құбылыстардың қозғаушы күшіне айналған саяси-әлеуметтік себептердің тамырын іздегенде Мағжан ақын осы құбылыстың түп төркінін ерте сезініп, келер ұрпақтың есінде жүрсін дегендей:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет