Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет50/60
Дата07.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#18776
түріДиплом
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60
...Ілгері Асанқайғы келген екен,

Аралап талай жерді көрген екен.

Ол кезде Түлкібас аталған,

Майлыкент жер сауырысы деген екен.
Ат қойған Майлыкент деп Асанқайғы,

Жері май, шүйгін шөп деп таңырқайды.

Ат қойған Майлыкент деп осы кісі,

Болған соң шөбі шүйгін, жері майлы.
Түлкібас қышлақ керуен сарай,

Өзбектер отыратын бір азғантай.

Біраз үй өзбектер мата сатып,

Шай қойып отыратын жол жағалай.

Атақты Әулие еді Түлкібасы,

Түлкінің басы емес, Түрік басы.

Бейсенбі, жұма сайын зинат етіп,

Түнейді мұсылмандар кәрі-жасы.

Тасты тау көрінеді көз алдында,

Таусылмас диірмен тасы кен алдында.

Дөңгелек төңірегі басы биік,

Қолменен жасалғандай өз алдына
Осылай жаратылған ол басында,

Түріктің қабыры бар ең басында,

Найзадай төбесінің биіктігі

Бес-алты километр шамасында.
Бейсенбі сайын халық ағылады,

Түріктің бейітіне табынады.

Халықтың Әулие деп сыйынғаны,

Түріктің қолбасшысы қабырдағы.
Өз аты бұл кісінің Алдан екен,

Қаратып көп жерлерді алған екен.

Жеңіліп тау басына қашып шығып,

Ұсталып жаудан қаза болған екен.
Өштескен Алданменен жау басында,

Өлтіріп тастап кеткен тау басына.

Кейіннен сөзі өзгеріп Түлкібас боп,

Атанған Түрік басы ол басында.
Түлкінің басы Әулие бола ала ма?

Мұны жұрт Әулие ғып оңала ма,

Ат қойған Майлыкент деп Асанқайғы,

Майлыкент шындық аты жоғала ма?

Дәмді су, майлы топырақ жері дейтін,

Басқа жұрт Майлыкенттің елі дейтін.

Ақтаған тары салса қанар қапқа,

Май басып қаптың беті көрінбейтін.
Ел барма Майлыкентті білмейтұғын

Ол жерден адам бар ма жүрмейтұғын.

Жатса да шаңы шығып малы семіз,

Бұл орта қасиетті жер дейтұғын.
Айнала бұлақ - бастау барлық жағы,

Айтуға есебі жоқ ұзын саны.

Жып-жылы қыстың күні, жазда мұздай,

Мөп-мөлдір қант қосқандай судың дәмі.
Малдары өте семіз майы шыны,

Қосыла май шығады тартса түгі.

Бір асам қазы - құйрық жей алмайсың,

Жерінде май бар деді халық мұны.
Тарихын Майлыкенттің деректедім,

Жер-суын, майын айтып бөлектедім.

Майлы деп атанғанып түсіндірдім,

Айтайын кент атанған себептерін...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет