Өзбек тілінде жасалған атаулар арнайы қабат құрмайды. Аймақ топонимиконында ондаған ойконимдер ғана кездеседі. Олар негізінен өзбектер тығыз отырған Түркістан, Созақ, Сайрам өңірлерінде кездеседі. Ескі картада «Саратовский оазис» деп, Созак жеріндегі өзбек диаспорасының ежелден қоныстанған жері көрсетілген (Қарамұрт, Құрамазбек текті этнотопонимдер, Тахиатепа, Палванташ, Думочак, Бабайқорған, Жүйнек (Иойнәк) т.б.).
Кірме қабат атаулары. Түркі жұрттары ерте уақыттарда-ақ иран
тектес халықтармен тығыз мәдени, сауда байланыстарын жасаған. Иран
және араб тілдері негізінде жасалған топонимдер аймақта сан жағынан аз
қабат құрайды. Көбіне араб, иран тілдік элементтері қос тұлғалы
атаулар жасауға қатысады. Мысалы, бірінші компоненті түркі, қазақ
тілінде, екінші компоненті иран тіліндегі -кент, -абад, -рабат, -кәри, -жап,-
сарай ойконимдік, гидронимдік апеллятивтерінің бірігуінен жасалатын
атаулар жиірек кездеседі (Шымкент. Сүткент, Отрабад, Назамабад,
Таскәріз, Айғыржан, Көксарай т.б.). Алайда бұл тілдік элементтер өте ерте
кезден бері қазақ тілінің топонимдік жүйесінен табиғи номинация актісі
арқасында орын алғандықтан өте-мөте қазақыланған атау ретінде
қабылданады.
Монғол текті атаулар - монғол тілінен ауысқан және қазақ-монғол тілдеріне ортақ атаулар деп екі топта қарастырылады: Ораңғай, Дегерес, Төлағай, Жошы, Боралдай т.б. және Сарымсақсу, Аксүмбе, Өлеңді т.б.
Орыс тілінде жасалған топонимдер. Қазак топонимдік жүйесінің мейлінше үлкен өзгеріске ұшырауы орыс тілінен енген атауларға байланысты болды. Орыс тіліндегі кірме топонимдердің орын тебе бастауы Қазақстанның Ресейге косылуынан бастау алады. Қазақстанның көп жерлеріндегі ұлттық топонимия жүйесіндегі халықтық атаулар түбегейлі өзгеріске ұшырап, отаршыл атаулармен ауыстырылды.
Оңтүстік облыстың ең шұрайлы өңірі Түлкібас, Қазығұрт, Сайрам, Шымкент аймағына қоныстанып, ондағы көптеген елді мекен атаулары орысшаланды. Ал, орысы аз қоныстанған Жетісай, Шардара, Темірлан, Арыс, Түркістан, Созақ өңірлерінде орыс тіліне деген жалаң ұранның жетегімен қазақ шолақ белсенділері көптеген елді мекен атауларын орыстандырған болатын.
Осы шұрайлы жерлерге бұрынғы 18 орыс поселкесіне қосымша тағы да бірқатар елді мекендер пайда болып, қоныс аударушылар арта түсті, олардың басым бөлігі Ресейдің еуропалық бөлігінен еді. Бұл әкімшілік аймақ 6 қырғыз (қазақ) болысын қамтыды: Түлкібас, Майлыкент, Машат, Қарамұрт, Бадам және Қазығұрт; 7 сарт қыстағы болды: Қара-Бұлақ, Манкент, Машат, Сайрам, Қарамұрт, Янгалык және Сұлтан-Рабат; 11 орыс елді мекені қанат жайды: Дорофеевка, Манджурия, Георгиевка, Петропавловка, Қасқа-су, Майбұлак, Каменная балка, Красноводск, Черная речка, Беловодск, Антоновка.
Алайда Оңтүстік аймактың топонимдік жүйесінде ұлттық үрдіс кейбір тарихи кезеңдерде бәсеңдегенмен барлық кезде басым болған. Бұл қазақ халқы ежелден тығыз орналасқан Оңтүстікте аса күшті демографиялық фонның болуымен түсіндірілсе керек. Аймақ топонимиконындағы ғасырлар, мыңжылдықтар бойы сақталып, ежелден басқыншыларға (араб-иран, жоңғар, орыс, кеңестік идеология) жеңілмей, көне топонимдер бүгінгі күнге жетуі олардың зор мәдени әлеуетінің, тұрақты демографиялық фонның (алдымен түркілік кейіннен қазақ үлттық негіздің) үнемі болуымен түсіндірілсе керек.
«Оңтүстік Қазақстан облысы топонимдік жүйесінің лексика-семантикалық, апеллятивтік сипаты»
2.1 Аймақ жер-су атаулар жүйесіндегі реликтілік топонимдер. Оңтүстік Қазақстан аймағының XX ғасырдың басына дейінгі айқын топонимдік көрінісі 1906 жылғы «Сырдария губерниясы Шымкент уезінің картасы» мен 1908 және 1910 жылдардағы «Шымкент уезіндегі қырғыз жерін пайдалану жөніндегі материалдарда» нақты бейнеленген. Мұндай деректер «Туркестанские ведомости» газетінде (1870-1917) молынан кездеседі. Айталық, 1884 жылы Құрама үйезі Қазақ, Қанжығалы, Шыназ, Аққорған, Зеңгіата, Орал, Піскент, Боқа, Иіржар, Тойтөбе, Оспан ата, Қорда болыстарына белінсе, 1906 жылы Шымкент үйезіне Шымкент, Түркістан қалалары, Темірлан мен Ермолова поселкелері мен Сайрам, Қарақұлақ, Ақтас, Арыс, Бадам, Боралдай, Бөржар, Қазығұрт, Қарамұрт, Қошқарата, Майлыкент, Машат, Темірлан, Ванновский, Беловодский, Георгиевский, Байырқүм, Сарыкөл, Сырдария, Бөген, Шаян және Арыстанды деп аталатын болыстар мен ауылдар қарады.
Тарихи атаулардың қалыптасу, орнығу, даму барысынан ғасырлар бойы келе жатқан елді мекен, жер-су атауларының тарихи және халыққа әсер етуші процестерін, сонымен қатар тілдің динамикалық өсу, қалыптасу жолдарын көре аламыз.
Аймақтық топонимдерді зерттеу, талдау негізінде біз тарихи нысандардың, атаулардың ғылыми-танымдық қасиеттерімен қатар, өзіндік саяси ықпалының да мол екеніне көз жеткіздік. Сондай-ақ Оңтүстік өңірде көне реликтілік топонимдердің ғасырлар бойы сақталып, күні бүгінге дейін қазіргі топонимдік жүйеде қызмет етуі, біріншіден, оның аймақ өмірінде әркашан үлкен мәдени-әлеуметтік маңызға ие болғандығы мен Ұлы Жібек жолының бойына таяу орналасуы, екіншіден, жергілікті түркі тілдік негіздің әр кез басым болуымен түсіндіріледі.
Көне тұлғалы ойконимдер. Топонимдердің қоғам өміріндегі басты міндеті - географиялық объектілерді бір-бірінен бөліп көрсету. Ғалым А.В.Никонов «Топонимдердің біздің өмірімізде атқаратын қызметі мен рөлі адрестік», - дейді [35]. Нақты бір өлкедегі жер-су атау жүйесін зерттеу сол өлкенің тарихын зерттеудің негізі болып саналады. Себебі аймақтық географиялық атаулар әрқашан белгі жүйеге негізделіп дамиды [36].
Күрделі тұлғалы ойконимдер: Төрткөл, Шәуілдір, Мыңбұлақ, Ақсүмбе т.б., жалаң тұлғалы ойконимдер: Нұра, Шаға, Шұбар, Монтайтас, Тоғанас, Масат, Машат, Келтемашат, Ибата, Иқан, Бағыстам, Рақпантау, Бүргем, Дербісек, Тұрбат, Бажы, Тұрлан т.б.
Оңтүстік Қазақстан өнірі ойконимдерін семантикалық құрамына қарай бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады: Антропонимдердің қатысуы арқылы қалыптасқан ойконимдер. Бұларға тән атауларға біз Кеңес өкіметіне дейін қойылған және осы уақытта да жалғасып келе жатқан антропоойконимдерді жатқызамыз. Мысалы: Бөгенбай, Қосай, Көшербай, Бабажан, Есқара, Елікбай, Қаратай, Берден, Бұхарбай, Сармантай, Қырқымбай, Шарайым, Сауранбаж т.б.
Оронимдерден немесе оронимдік терминдердің қатысы арқылы пайда болған ойконимдер. Бұлар негізінен екі сөздің бірігуі арқылы бір елді мекеннің аты болып қалыптаскан: Бесқонақ-шоқы аты; Төрттәбе- шоқы аты; Үшшоқы - шоқы аты; Ақбиік- ауыл аты; Қызылбел -белес аты, т.б.
Өсімдік және зоофорлык атаулардан құрылған ойконимдер екі негізде жасалынады: а) өсімдіктер атауы негізінде: Қаражантақ, Доланасай, Актоғай, Жусанды, Дермене, Алмалы, Ақтерек, Шілік т.б.); ә) жан-жануарлар атауы қатысуымен жасалған: Айғырұшқан, Шошқакөл, Киіқадыр, Абадант.б..
Түркістан орта ғасырларда Иасы/Ясы деп аталғандығы туралы көптеген жазба ескерткіштерде кездеседі. Э.Қайдар: «Көне Түркістан (Ясы) қаласының орны (ІХ-ХУІІ ғғ.), ол Шорнақ пен Қарашық өзенінің аралығында қазіргі теміржол бойында» - дейді. Иасы/Ясы көне түркі Jasi 'дала', 'жазық' дегенді білдірсе, қазіргі татар, әзербайжан, түркімен тілдерінде язы 'дала', 'жазық', алтай тілінде азы 'дала', хакас тілінде чазы 'дала', 'алкап' деген мағынада қолданылады. Қазіргі Молдава жерінде Ясы топонимі кездеседі.
Сызған деген атау Ақдауыл мен Көкдауылдың арасын бөлген сызыктан екен деген аңыз бар.
Оңтүстік өңіріндегі Бабаата, Құмкент, Жартытөбе, Ақколтық, Таукент, Жыныс, Сарыжаз, Қоңыркұм, Жуантөбе, Абыз, Тасты, Шу, Қыземшек, Қайнар, Таскөмірсай, Қарасуан, Қарағүр, Аксүмбе атты ойконимдердің қай-қайсысы болмасын өзіндік тарихымен, ел аузындағы аңыздарымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |