Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Қазақ топонимдерінің негізгі қызметтері



бет51/60
Дата07.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#18776
түріДиплом
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60
1.2 Қазақ топонимдерінің негізгі қызметтері
«Қазақ топонимдерінің лингвомәдени қызметі» Топонимдер әр түрлі қосымша қызметтерге ие болатын сөйлеу, сөз тұлғаларында, нақты сөйлеу шығармаларында, көркем шығармалар мәтіндерінде қолданылады. Қазақ топонимдерінің қолданылу ерекшеліктерін түсініп, зерттеу үшін,топонимдердің мәдениаралық қарым-қатынас актілерінде, тілдер ықпалдаса түйісетін салаларда және әдеби- көркем қостілділікте қолданылу проблемасына назар аудару қажет. Топонимдердің сөйлеуде қолданылуы, әрине, топонимдердің әлеуметтік (элеуметтік-лингвистикалық), этнопсихолингвистикалық, лингвостилистикалық қызметтермен өте тығыз байланысты. Топонимдердің сөйлеуде қолданылуы этномәдени, тарихи, әлеуметтік және т.б. тәрізді экстралингвистикалық факторларға тікелей қатысты.

Ұлттық тіліміздің сөз байлығында қолданылып жүрген қазақ географиялық жалқы атаулары әр түрлі көркем шығармалар мәтіндерінде, өзіндік және бөтен тілдік ортада, түбірлес емес тілдердің ықпалдасуы мен өзара қарым-қатынас жасау салаларында, әр түрлі сөйлеу жағдайларында жүзеге асырылады. [10].

Қазақ топонимдерінің фольклорлік мәтіндегі қолданылуы. Бұл тақырыпшада батырлық, лиро-эпостық жырлар мәтіндері, топонимиялық аңыздар мен әңгімелер, мифологиялық, кейбір көркем шығармалар мәтіндері тәрізді фольклорлық мәтіндердегі тононимиялық атауларға талдау жасалады.

Жалқы есімдер көркем шығармаларда онимикалық кеңістік құрып, сөйлеу мәтіндерінде ұлттық дүниенің өзіндік ономастикалық үлгісін жасайды.

Көркем шығармалардағы жалқы есімде дифференциялдық емес, стилистикалық қызмет жетекші болып келеді, ол ақпараттық-стилистикалық (ұғымдық мағынамен) және эмоциялық-стилистикалық түрінде байқалады [11]. Әдеби шығарманың тұтас мәтінінде жалқы есім оның стилистикалық жүйесінің басты компоненті қолданылады, мәтіннің барлық деңгейдегі семантикалық композициясын жасауда желілік, сюжеттік-образдық, идеялық-мағыналық жетекші рөл атқарады [12]. Эпикалық баяндаудың кеністіктік параметрлерін көрсететін «Қобланды батыр» батырлық эпосында бір қатар қазақ топонимдері кездеседі. Эпикалық кейіпкер – Қобланды батырдың шыққан тегі туралы айта отырып, қарақыпшақтардың жазғы жайылымы мен қыстаулары туралы мәлімет беретін географиялық жалқы атаулар сөз болады.

Қара қыпшақ Қобланды,

Атасы мұнын Тоқтарбай

Көзді көлді жайлаған ,

Қалын қыпшақ жағалай

Қыс-қыстау Қараспан,

Қараспан көкке таласқан.

Әліп танба қыпшақтың

Атағы озған алаштан

Көздікөл және Қараспан топонимдері осы мәтінде эпикалық баяндаудың ұлттық-тарихи (этномәдени) аясын жасайды, осылайша жайлаған (Көздікөлді жайлаған) және қыс қыстауы (қыс қыстауы Қараспан) сөздері арқылы көшпелі малшылар өмірін бейнесін суреттейді..

«Қобланды батыр» эпосының мәтінінде кездесетін топонимдер өздерінің ең басты қызметін яғни кеңістікте бағдар болу жайын – толық түрде атқарады. Егер топонимнің бағыттық қызметі белгілі бір жердегі бағдар міндетін атқарса, фольклорлық мәтінде топонимдер эпостың көркемдік уақытында болып жатқан іс-әрекеттерді, географиялық кеңістіктің ауқымдылығын, басты кейіпкерлердің жүріп-тұру бағытын көрсетеді. Осылайша, фольклорлық топонимдер эпикалық баяндаудың мезгілдік және кеңістіктік бөліктерін біріктіретін өзіндік тірек қызметін атқарады. Мысалы:

Аманбайдың ақтыкен

Асып Бурыл жөнелді...

Қарсы келген Қабақтан

Қарғып Бурыл жөнелді...

Сеңгір-сеңгір таулардан

Секіріп Бурыл жөнелді...

Ол төбе мен бұл төбе,

Бауыры шұбар құл төбе.

Одан да өтіп жөнелді...

Қамыстының Қазды көл

Қоғалының құлы көл.

Қызғыштының қызды көл.

Шағалалы Шалқар көл,

Жекендігі Желді көл,

Құмыра-Қотан қос көлден

Айналасы бес көлден

Бәрінен өіп жөнелді.

А. Жұбанова және Е. Жұбанов «Топологиялық деректердегі аңыз бен ақиқат» атты мақалаларында: «...Қырлы қала, Сырлы қала деген бекіністер, Бесағаш дейтін жылқы жайылымы, Қасқырлық атты тау нақты тарихи географиялық объектілер жоқ жыршы қиялына желеу болған аңыз атаулар ма? – деген сұрақ та туады» десе, Т. Қоңыратбайдың ойынша, ортағасырлық қалаларды, оларды сипаттау кезінде және атаудың өзінің семантикасында архитектуралық ерекшелігін көрсетуден тұрады дейді.

«Қобланды батыр» эпосындағы кейбір фольклорлық топонимдер тек қана поэтикалық қызмет атқарады, себебі не эпостың сюжетіне, не тарихи шындыққа ұласуы байқалмайды. Осындай топонимдердің арасында Қаратау, Алатау, Айнакөл, Шалқаркөл, Иіртау, Сүйіртау т.б. кездестіруге болады.

Топонимиялық аңыздардың кумулятивтік қызметі. Қазақ топонимиялық аңыздары екі түрге бөлінеді. Бірі – тарихи оқиғамен, дәлірек айтсақ, қалмақтар мен қоқандықтарға қарсы соғыстармен байланысты болып келеді де, сол ұрыс болған жерлерді суреттеу арқылы оқиғаны баяндайды. Топонимиялық аңыздың екінші түріне жер-су, мекен атын нақты бір тарихи фактіге қатысы жоқ, бірақ жалпы шындыққа сиятын оқиға арқылы баяндайтын, сондай-ақ белгілі бір жер-судың пайда болуын ешбір мифтік ұғымға байланыстырмай, бірақ қиялға негізделе әңгімелейтін шығармалар жатады. [13].

Біздің ойымызша, топонимиялық аңыздарда қолданылатын топонимдер басқа жанрдағы топонимдермен салыстырғанда, аялық семантиканың едәуір көлеміне ие. Топонимиялық аңыздардың сюжеті де, лексикасы да, әсіресе жалқы географиялық атаулары да семиотикалық жағынан өте маңызды




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет