Ќазаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет4/64
Дата21.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#26039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Д. А. Джумабеков т. . к., ауымдастырыл ан профессор

5. Пәннің қысқаша мазмұны 
Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихы  тәуелсіз  және  егеменді 
мемлекет  –  Қазақстан  Республикасының территориясында  өмір 



 
сүріп  жатқан  қазақ  және  басқа  халықтардың  тарихи  жады. 
Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихы  бүкіл адамзат тарихының  бір 
бөлшегі  болып  табылады,  ол  бүкіл  әлем  тарихының  Евразия  мен 
орталық  Азия  елдерінің  тарихымен  контексте  кіріктіріледі. 
Қазақстанның қазіргі заман тарихы  - ХХ ғасырдан бастап бүгінгі 
күнге  дейінгі  уақытта  Қазақстан  территориясында  орын  алған 
тарихи  үрдістерді,  оқиғаларды,  құбылыстарды,  фактілерді 
қамтып, біртұтас жүйеде қарастыратын ғылым. 
«Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихы»  пәнін  оқытудың 
мақсаты - студенттерді Қазақстан территориясында ХХ ғасырдан 
бастап  бүгінгі  күнге  дейінгі  тарихи,  саяси,  әлеуметтік, 
экономикалық, этникалық және мәдени үрдістер; қазақ халқының 
бүкіл адамзат тарихындағы алатын орнын баса көрсете отырып әр 
студентке  ел  тарихынан  терең  білім  беруді,  отанымыздың 
тарихын сүюшілік пен қастерлеуге үйрету барысында азаматтық, 
патриоттық сенімді қалыптастыру болып табылады. 
Курсты оқытудағы міндеттер: 
- біздің отанымыздың өткенінің  обьективті суретін  таныстыру; 
-  адамзат    тарихындағы 
көшпелілер    өркениетінің 
рөлін 
айқындату; 
- Қазақстанда өмір сүретін этностардың тарихын білу; 
-  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттілігінің  құрылу  және 
қалыптасу жолдарын білу; 
-  Қазақстан  Республикасының  қоғамдық-саяси,  экономикалық 
және 
мәдени 
дамуының 
қазіргі 
замандағы 
кезеңінің 
ерекшеліктерін білу; 
-  халықаралық  қауымдастықтағы  Қазақстанның  лайықты  орын 
алуы,  тәуелсіз  мемлекеттің  қалыптасуы  және  нығаюуындағы 
Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  -  Ұлт 
көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи рөлін саралау; 
- халықаралық қатынастар субьектісі ретінде еліміздің 
мемлекеттердің әлемдік және аймақтық қауымдастығына кіру 
үдерісін зерттеу; 
- Қазақстандық патриотизм мен азаматтық ұстанымды 
қалыптастыру; 
- деректанулық материалды талдай білу; 



 
-  негізгі  оқиғалар  мен  үдерістерді  сыни  тұрғыдан  ой  елегінен 
өткізе білу; 
- тарихи анықтамаларға сүйене білу; 
-  дербес  жұмыс  дағдыларын  қалыптастыру,  конспект  жасау 
әдістемесін игеру; 
-  «Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихы»  пәнін  меңгеруде  тарихи 
картамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет