Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министінің



бет10/16
Дата21.06.2023
өлшемі174,64 Kb.
#102801
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Үйдегі мейіргерлік күтім

Әр түрлі клиникалық жағдайлардағы мейіргерлік үй күтімнің көрсеткіштері мен мүмкіншіліктері. (науқастар, жара күтімін қажет етушілер, мүгедек науқастар, неврологиялық аурулары бар науқастар, жүрек жүйке жүйесі)
Үй жағдайындағы күтім негізгі принциптері. Үй жағдайында мейіргер күтім жасауы, науқастың жалпы жағдайы мен оның негізгі диагнозына байланысты жоспарланып іске асырылады.
Науқасты ары қарай жургізу мен қызметінің бағалануы нәтижелері. Үй жағдайындағы мейіргерлік күтім дәрігермен, науқас жанұясымен, әлеуметтік жұмысшымен, пән аралық командамен, қамқоршысымен бірге іске асырылады.
Құжаттарды дұрыс жүргізу

КҚ-1.
КҚ-3.
КҚ-5.

БПМ 11

Әлеуметтік маңызы бар аурулар



«Әлеуметтік маңызы бар аурулар» мен әлеуметтік маңызы бар ауруларды туындататын факторларының қауіптілігін анықтау. Әлеуметтік маңызы бар ауруларды анықтайтын нормативті-құқықтық құжаттар түрі мен әлеуметтік-медицина көмегінің көлемі, жеңілдіктер тізімі мен түрлері.
Науқастарды диспансерлік бақылаудан өткізу, клиент оның ішінде жұмысқа жарамсыздығын анықтау. Туберкулезбен ауыратын науқастардың күтімі мен медициналық көмегін ұйымдастыру. Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастардың күтімі мен медициналық көмегін ұйымдастыру. АИТВ ВГ аурулармен ауыратын науқастардың күтімі мен медициналық көмегін ұйымдастыру. Қант диабетімен ауыратын науқастардың күтімі мен медициналық көмегін ұйымдастыру. Емдік-диагностикалық іс-шараларға сәйкес қаржымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Әлеуметтік маңызы бар аурулары бар науқастар қызығушылығы мен құқығын қорғау.
Әлеуметтік маңызы бар ауруларды жеке, жанұялық және популяциялық деңгейдегі алдын алу іс- шаралары; коммуникациялық технологиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының тиімді пайдалану.

БҚ-1.
БҚ-2.
КҚ-1.
КҚ-2.
КҚ-4.

БПМ 12

Психикалық денсаулық және адикция

Психикалық денсаулық және жеке даму, критерийлері мен факторлары.
Жүйке - психикалық бұзылыстар түрлері. Аддикциидің биологиялық механизмдері, аддиктивті мінез-құлық, аддикций түрлері. Аддиктивті мінез-құлықтың пайда болу факторлары (биологиялық, әлеуметтік және психологиялық). Психогигиена, психопрофилактика мен психотерапия. Кеңес беру және мейірбикелік күтім.
Интоксикация кезіндегі дәрігерге дейінгі медициналық көмек, жіті және созылмалы психоз туындаған психикаға белсенді әсер ететін заттар.
Мейірбикелік процессі кезіндегі наркологиялық ауытқулары бар науқастар күтімінің ерекшелігі.

БҚ-2.
БҚ-3.
КҚ-3.
КҚ-4.

БПМ 13

Герантологиядағы мейіргер ісі

Геронтология түсінігі. Геронтология ғылым ретінде даму тарихы. Жас бойынша жіктеу. Қартаю теориясы. Қартайған ағзаның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Қазақстандағы медициналық-әлеуметтік көмектің ұйымдастыру принциптері.
Егде және қарт тұлғаларға медициналық-әлеуметтік көмек негізіндегі заңнамалық-құқықтық құжаттар туралы. Мейірбикелік қызметті ұйымдастыру міндеттері мен олардың рөлі. Егде жас топтарындағы тұлғаларға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде қамтамасыз ету және сақтау. Қарт науқастардың жалпы жай-күйін бағалау.
Әлеуметтік әл-ауқаты және экономикалық немесе жоғары қауіп-қатер тобындағы, денсаулығының нашарлауы бойынша егде жастағы науқастың қауіпсіздігі. Егде және қарт жастағы мейіргерлік күтім ерекшеліктері.
Егде және қарт жастағы тұлғалардың аурулар ағымы мен мейіргерлік күтім көрсету ерекшелігі.
Егде және қарт жастағы тұлғалардың күтімі жайлы дәлелденген басқарулар.
Егде және қарт жастағы тұлғалардың негізгі дәрі-дәрмектік терапия мәселелері. Геронтопсихология. Қалыпты психологиялық және патологиялық қартаю. Ұзақ өмір сүрудің белсенді тұжырымдамасы. Геронтологиялық науқастармен жұмыс кезіндегі коммуникативтік машықтар ерекшеліктері. Егде және қарт жастағы тұлғаларға жақсы көңіл - күй мен денсаулығын отбасы қатысуымен қолдауын қажет етеді. Отбасы және қоғамдағы мейіргердің науқасты оқытуы және тиімді коммуникация құрудағы рөлі

БҚ-2.
КҚ-1.
КҚ-2.
КҚ-4.
КҚ-5.

БПМ 14

Созылмалы аурулар кезіндегі мейіргерлік күтім

Созылмалы аурулар кезіндегі мейіргерлік күтім жүзеге асыру көрсеткіштері мен алғышарттары. Технологиялар мен клиникалық дағдылар жүзеге асыру қауіпсіздігі науқастың жас ерекшелігі мен созылмалы ауруларына байланысты науқас - орталықтандырылған мейіргерлік күтім қолданылады, жеке ерекшеліктерінін әр түрлілігін қоса алғанда. Науқастың жағдайының функциональды жақсаруы мен өмір белсенділігін созу үшін мейіргердің күтімін ұйымдастыру, жоспарлау. Созылмалы аурулары бар науқастарды оқыту мен кеңес беру.
Денсаулық мектептерінің жұмысын ұйымдастыру. Медициналық көмек көрсетудің интегрирленген моделі негізіндегі БМЖК-лардың өзара іс қимыл мен әлеуметтік қорғау қызметінің әрекеті.
Ұзақ уақыт медициналық-әлеуметтік күтім қызметі, әртүрлі санаттағы науқастардың үй күтімінің паллиативтік көмегі.Мейіргерлік үй күтімі дәрігермен, науқастың отбасымен ынтымақтастығы тығыз байланыста. Керек жағдайларда әлеуметік жұмыскермен де байланыста болу.

БҚ-1.
БҚ-2.
КҚ-1.
КҚ-5.

КПМ 01

Терапиядағы мейіргер ісі

Тыныс алу ағзасының ауруларында мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Қан айналу жүйесі аурулары кезіндегі мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Асқорту жүйесінің аурулары кезіндегі мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Зәр шығару жүйесінің аурулары кезіндегі мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Тірек-қимыл жүйесі, эндокриндік жүйе және қан аурулары кезіндегі мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Терапиялық ауруларда мейірбикелік қатысуды жоспарлау. Тыныс алу ағзасының ауруларында мейірбикелік қатысуды жоспарлау. Қанайналу ағзасының ауруларында мейірбикелік қатысуды жоспарлау. Асқорту ағзасының ауруларында мейірбикелік қатысуды жоспарлау. Зәр шығару ағзасының ауруларында мейірбикелік қатысуды жоспарлау. Тірек-қимыл аппаратының, эндокринді және қан ауруларында мейірбикелік қатысуды жоспарлау.

БҚ-3.
КҚ-1.
КҚ-2.

КПМ 02

Алғашқы медициналық-санитарлық көмектегі мейіргерлік іс

Алғашқы медициналық-санитарлық көмектегі (бұдан әрі – АМСК) кіріспе, мақсаттары және міндеттері. Халықтың денсаулығын нығайту және сақтау бойынша шаралар. Қазақстандағы АМСК-тің саясатының негізгі қағидалары. АМСК-тің нормативті-құқықтық және қаржылық даму негіздері. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулар профилактикасындағы мейіргердің рөлі. Амбулаториялық-емханалық жағдайларда медициналық құжаттама жүргізу. Балалар емханасының жұмысын ұйымдастыру. Денсаулық топтарын және қауіп топтарын анықтау. Определение групп здоровья и групп риска. Босанғанға дейінгі патронаж. Жаңа туылу кезеңі және бір жасқа дейінгі патронаждық бақылауды ұйымдастыру. Емхананың егу кабинеті, мейіргердің міндеттері, егу күнтізбесі, вакциналарды сақтау. Диспансеризация. Диспансеризация жүргізудегі мейіргердің рөлі. Егу кабинетіндегі жұмыс. Иммундауға қатысатын мейіргерге қойылатын негізгі талаптармен танысу. Емдеу-профилактикалық мекемелерімен, санитарлық бақылау қызметімен, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен және медициналық сақтандыру ұйымдарымен байланыс. Аурулардың алдын алу және азайту жөніндегі профилактикалық іс-шараларын жоспарлау. Жүрек-қан тамырлары жүйесі, тыныс алу органдары және т.б. аурулар кезінде халыққа АМСК ұйымдастыру қағидалары.

БҚ-1.
БҚ-2.
БҚ-3.
КҚ-1.
КҚ-2.
КҚ-3.
КҚ-4.

КПМ 03

Мейіргер ісіндегі менеджмент

Менеджменттің заңдары мен қағидалары. Ұйым түсінігі денсаулық сақтауда басқару нысаны ретінде. Ұйымда басшының еңбек және ролінің сипаттамасы. Ұжым және оның құрылысы. Ұйымның ақпараттық жүйесі. Биомедициналық және медициналық (дәрігерлік) этика және медициналық деонтология денсаулық сақтаудағы менеджменттің орта факторы ретінде. Басқару психологиясының мақсаты, міндеті, мазмұны, арнайылығы. Басқару функциясы. Жоспарлау функциясы, ұйымдастыру функциясы, ынталандыру функциясы, бақылау функциясы. Ынталандыру түсінігі және оның басқарудағы ролі. Еңбекті ынталандырудың теориясы. Басқарушылық міндеттерді шешу психологиясы. Денсаулық сақтау жүйесінде басқарушылық міндеттер, олардың арнайылылығы және шешім ерекшеліктері. Жалпы медицинада және денсаулық сақтауда басқарушылық міндеттерді шешудің стратегиясы және тактикасы. Денсаулық сақтау жүйесінде басқару міндеттерін шешудің стратегия және тактика ерекшеліктері. Медициналық ұйымдарда келіспеушілік жағдайында қолбасшылардың мінез – құлық стратегиясы. Емдік – профилактикалық мекемелерде басқару міндеттерін шешу әдістері.

БҚ-4.
КҚ-1.
КҚ-2.
КҚ-3.
КҚ-4.

КПМ 04

Мамандандырылған мейіргерлік көмек

Мамандандырылған мейіргерлік көмек: мақсаттары, міндеттері. Заманауи мейіргерлік технологиялар. Кардиохирургиядағы және Каржиологиядағы мамандандырылған мейіргерлік көмек. Онкологиядағы мамандандырылған мейіргерлік көмек. Фтизиатриядағы мамандандырылған мейіргерлік көмек. Дерматовенерологиядағы мамандандырылған мейіргерлік көмек. Психоневрологиядағы мамандандырылған мейіргерлік көмек. Эндокринологиядағы мамандандырылған мейіргерлік көмек. Наркологиядағы мамандандырылған мейіргерлік көмек. Интенсивті терапия және жан сақтау бөлімшесіндегі мамандандырылған мейіргерлік көмек.

БҚ-1.
БҚ-4.
КҚ-1.
КҚ-3.
КҚ-4.

КПМ 05

Мейіргер ісіндегі көшбасшылық

«Көшбасшы», «көшбасшылық» түсінігі. Басқару стилін анықтайтын негізгі факторлар, Басқару стилінің типологиясы және түсінігі. Басшылар түрлері. Басшының беделі: анықтау, оның құрамы. Табысты басшының тұжырымдамасы. Көшбасшылықтың негізгі теориялары: ситуациялық, ситуационные, мінез-құлықтық, мотивациялық. Билік, биліктің түрлері және формалары, билік көздері мен құралдары. Ықпал ету, сендіру. Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық жағдай. Басқару қызметіндегі шығармашылық. Командадағы жұмыс: команданың негізгі ерекшеліктері, командалық жұмыс формасының артықшылықтары. Ұйымдастырушылық мәдениет түсінігі. Ұйымдастырушылық мәдениеттегі менеджердің рөлі. Көшбасшының көшбасшылық қасиеттерінің құрылуы. Корпоративтік мәдениет: корпоративтік мәдениет нормалары мен құндылықтары. Мейіргер ісіндегі мотивация. Мотивацияның негізгі теориялары. Командадағы жұмыс. Табысты команда атрибуттары.

БҚ-2.
БҚ-3.
КҚ-3.

КПМ 06

Мейіргер ісіндегі зерттеуді ұйымдастыру

Ғылыми коммуникация (Зерттеу саласында халықаралық құқық және этика реттеу негіздері): QPBR, GLP, GCP, GCLP. Мәселенің койылуы, гипотезаның құрылуы. Ғылыми-зерттеу жобасының мақсаттарын және міндеттерін анықтау. Зерттеу дизайны – негізгі қағидалар. Зерттеулерді талдау және тұжырымдар мен ұсыныстарды тиянақтау. Жалпы талаптар және ережелер. Зерттеу жұмысын рәсімдеу. Теориялық-эксперименттік зерттеулердің талдауы және ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есептерді дайындау және тұжырымдамаларды тиянақтау. Ғылыми материалдарды баспаға шығаруға дайындау. Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша баяндама және презентация дайындау. Практикалық мейіргерлік іс ғылыми зерттеулер нәтижелерінің трансферті.

БҚ-4.
КҚ-2.
КҚ-3.

КПМ 07

Паллиативтік көмек

Паллиативтік көмек философиясы. Паллиативтік көмектің және пациенттер күтімінің мазмұны, бағыты, мақсаты және міндеттері. Философия паллиативной помощи. Содержание, предназначение, цели и задачи паллиативной помощи и ухода за пациентами. «Инкурабельді пациент» анықтамасы және паллиативтік көмек. Паллиативтік көмекке көрсеткіштер. Паллиативті көмек көрсетудің реті, жаңашыл тәсіл. Жан-жақты паллиативтік көмек (медициналық, психо-әлеуметтік және рухани), мультидисциплинарлы тәсілді пайдалана отырып (қажетті дайындығы бар дәрігерлердің, мейіргерлердің). Қатерлі ісіктен емделген, бірақ хирургиялық емдеу, радиация, химиотерапияның салдарын көріп жүрген пациенттерді тексеру қағидалары. Үйдегі және стационардағы паллиативті көмек көрсетуге волонтерлар мен туысқандарды оқыту.

БҚ-2.
КҚ-1.
КҚ-3.
КҚ-5.

Ескертпе:


5В110100 – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім берудің оқу бағдарламасы келесі құзыреттерді игеруді қарастырады:

БҚ-1.

Оқыту.
Сын тұрғысынан ойлау және шешім қабылдау арқылы үздіксіз кәсіби дамуын ұйымдастыру, мақсатты бағытталған және жан-жақты оқу үшін жауапкершілікті өзіне алады, ақпаратты талдайды және бағалайды.
БҚ-1.1. Жеке даму: өзінің кәсіби дамуын үздіксіз жетілдіру үшін жауапкершілікті ала отырып, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін ескере отырып, адам/науқастарға, отбасы және топтарға мейіргерлік көмек береді.
БҚ-1.2. Жеке даму: өзінің кәсіби дамуын үздіксіз жетілдіру үшін жауапкершілікті ала отырып, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін ескере отырып, адам/науқастарға, отбасы және топтарға мейіргерлік көмек береді.
БҚ-1.3. Ақпаратты басқару: әр түрлі пәндер бойынша сенімді, озық, ғылыми-негізделген ақпаратты, мейіргер ісі бойынша өзін-өзі жетілдіру үшін озық білім алуға байланысты технологиялар мен ресурстарды пайдалану арқылы мәселелерді шешіп және көмек беру.
БҚ-1.4. Сыни тұрғыдан ойлау және шешім қабылдау: Жұмыстың талдау және шешу мәселелері мен мейіргерлік күтімнің нәтижелерін жақсарту үшін жеке тұлғалар, отбасы және қоғам үшін ғылыми-негізделген шешімдер қабылдауға сыни ойлау дағдыларын қолдана арқылы мейіргер жұмысы мен сапасының нәтижелерін жақсартуға қабілетті.

БҚ-2.

Кәсіпқойлық.
Мейіргер ісі теориялар мен принциптерін сыни тұрғыдан түсінуді көрсетіп, құқықтық стандарттарға сәйкес кәсіби этика және құпиялылығын ұстанады және стандарттар ұйымдастыру, олардың іс-әрекеттері мен нәтижелері үшін тиімділігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған оң жұмыс ортасын сақтауға жауапты бола алады.
БҚ-2.1. Кәсіби этика: кәсіби этика қағидаттары сақтайды, пациенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында/клиенттердің нормалары; құпиялылығын сақтайды және жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығын қамтамасыз етеді.
БҚ-2.2. Рөлдер мен жауапкершілік: істің мәні теориялар мен қағидаттарын түсінеді, өз қызметінде өз рөлін түсінеді, құқықтар мен шектеулерді; Республика Үкіметінің нормативтік құқықтық кесімдерін және ұйымдастыру талаптарына сәйкес өз іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін жауапкершілік қабылдайды.
БҚ-2.3. Рефлективтік мінез-құлық: дербес және топтық іс-әрекеттердің тиімділігін талдау, тұтастай алғанда мамандар мен ұйымдардың операциялар тобы, олардың жұмысына өзгерістер енгізуге және топ жұмысының қорытынды нәтижесі үшін жауапкершілікті өз мойнына алады.
БҚ-2.4. Қолайлы жұмыс ортасы: құндылықтар және жұмыс ортасының жағдайын қолдайды, тиімді уақытын басқару ұйымының мәдениетін арттыруға, күшті командалық рухты сақтап қалу және қолайлы психо-эмоционалдық климат үшін жауапкершілікті қабылдайды.

БҚ-3.

Коммуникация.
Өз бетінше бақылауларды пайдалана отырып, әр түрлі жағдайларда түрлі адамдармен өзара іс-қимылды жан-жақты және тиімді технология және қарым-қатынас дағдыларын көрсете алады.
БҚ-3.1. Коммуникативті дағдылар: Әртүрлі жағдайларда жеке тұлғалармен, пациенттермен, отбасылармен, топтармен, ұжыммен және де басқа мамандармен кәсіби, тиімді және нақты байланыс және қарым-қатынас көрсетеді, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлей біледі.
БҚ-3.2. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялары: кәсіби міндеттерді орындау кезінде ақпараттық және қарым-қатынас технологияларын, қауіпсіз медициналық ақпараттық желіні пайдаланады.
БҚ-3.3. Төзімділік: әр түрлі мәдениеттер, сенімділік, дәстүрді және салауатты өмір салт тұрғысынан халқына ынтымақтасуға, ұлтқа құрмет көрсетеді.

БҚ-4.

Инновациялар.
Аналитикалық және шығармашылық мейіргерлік жұмыс контекстінде кешенді және күтпеген мәселелерді шешу және басқару мүмкіндігі, мейіргерлік күтім инновациялық технологияларды тиімді пайдаланады.
БҚ-4.1. Шығармашылық: түрлі тапсырмалар және мәселелерді шешуде шығармашылық көзқарас танытады, халыққа сапалы денсаулық сақтау қызметін ұсыну үшін жаңа және жетілдірілген кәсіби білімдерін қолданады.
БҚ-4.2. Инновациялық әлеуметтік өзара әрекет: көп бейінді командада күтім сапасын жақсарту мақсатында жаңа білімдерді және идеяларды тиімді құрады және тиянақтайды.
БҚ-4.3. Заманауи технологияларды пайдалану арқылы жетілдіру: қазіргі заманғы тенденциялар және мейіргер ісінің дамуына сәйкес инновациялық технологияларды дұрыс пайдалана біледі.

КҚ-1.

Клиникалық мейіргерлік күтім.
Дәлелді медицинаның принципіне негізделген, өзбетінше шешім қабылдауға, іс-әрекеттер мен оларды құжаттауға жауапты, заманауи әдістерді қолдана отырып, қауіпсіз пациентке бағытталған жоғары сапалы мейіргерлік күтімнің ең алдыңғы қатарлы дағдыларын демонстрациялайды.
КҚ-1.1. Қауіпсіздік: кез келген жағдайда тез өзгеретін ситуациялар, стандартты жағдайда үздіксіз және шұғыл түрде бағалай отырып, қазіргі заманға сәйкес әдістерді қолданады, қоршаған орта мен қызметкерлер, топтар,отбасылар, жеке тұлғалар/пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен көмектесу үшін технологиялық жетістіктер мен кәсіби дағдыларын, ғылыми білімдерін тиімді қолданады.
КҚ-1.2. Клиникалық дағдылар мен білім: дәлелді медицина принциптеріне негізделген заманауи клиникалық және теориялық білімді қолдана отырып өзбетінше мейіргерлік диагноз қоя білуге қабілетті, сонымен қатар, мейіргерлік күтімнің түрлі жағдайларында мейіргерлік процесстерді жүзеге асыру үшін алдыңғы қатарлы және де жан-жақты клиникалық, теориялық және технологиялық дағдылармен білімге ие.
КҚ-1.3 Пациентке бағытталған мейіргерлік күтім: үздіксіз күтіммен қамтамасыз ете отырып, отбасылар мен топтар, пациент пен жеке тұлғалардың денсаулық жағдайын жақсарту үшін топпен және өзбетінше клиникалық шешімдерді қабылдау мен ойластыру, күрделі жағдайларды есепке ала отырып шұғыл ойлануға қабілетті, соңғы нәтижеге сүйене отырып пациентке бағытталған интегрирленген жоғары сапалы мейіргерлік күтімге жасауға қабілетті болу.
КҚ-1.4 Мейіргерлік күтім бойынша құжаттар: қажетті компьютерлік технологияларды қолдана отырып медициналық ұйымдағы мейіргерлік құжаттарды өңдеп және құрастыру, үйлестіру, жүргізуге қабілетті болу, пациенттің денсаулық жағдайын бағалай отырып өзбетінше, уақтылы және дұрыс мейіргерлік процесті құжаттау, мейіргерлік электронды амбулаториялық карталар таксономиясы мен классификация жүйелеріне негізделген нәтижелер және диагноз қоюға араласа білу.

КҚ-2.

Ғылыми тәсіл және дәлелді мейіргерлік практика.
Нәтижелерді бағалау мен жүзеге асыру үшін дәлелді медицина принциптеріне негізделген клиникалық практиканы дамыту үшін басшылық пен стандарттарды құрастыру, ғылымға негізделген ақпараттарды шұғыл бағалау мен қолдау, ізденуге қабілетті, мейіргерлі іс саласындағы ғылыми зерттеу процестерін ұйымдастыру мен дағдыларды басқаруды демонстарциялайды.
КҚ-2.1. Дәлелдемеген негізделген шешім қабылдау мен ақпаратты интерпретациялау: дәлелдеме мен ақпаратты шұғыл бағалай білуге қабілетті болу, ақпараттандырылған шешімді қабылдау, дәлелді медицина принциптеріне негізделген мейіргерлік практиканы жүзеге асыру үшін мейіргерлік және биомедициналық зерттеулерді, әлеуметті нәтижелерге негізделген шешімдерді жүзеге асырудағы жоспарлауды клиникалық бағалауды жүргізу.
КҚ-2.2. Мейіргерлік іс саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларын жоспарлау мен жүзеге асыру: денсаулық сақтаудың басты талаптарын ескере отырып әртүрлі деңгейдегі мейіргерлік қызметтерді көрсетуді жетілдіру үшін мейіргерлік іс саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру және зерттеу жоспарларын құра білуге қабілетті болу, мейіргерлік практиканың заманауи кедергілерін анықтай білу.
КҚ-2.3. Практика үшін дәлелді медицина принциптеріне негізделген стандарттар мен басшылықты әзірлеу: мейіргерлік күтімнің озық ғылыми -негізделген әдістері мен пациентке күтім жасау үшін клиникалық басшылықты әзірлеуге қабілетті, клиникалық практикадағы мейіргерлік істегі ғылыми зерттеу нәтижелерін қолдануды демонстрациялау, пациенттің құндылықтары мен клиникалық тәжірибесімен ғылыми зерттеудің нәтижелерінің интеграциясы және дағдыларын қорытуды демонстрациялау.

КҚ-3.

Мейіргер ісіндегі менеджмент және мейіргерлік қызметтің сапасы.
Барлық деңгейлерде әртүрлі сарапшы/кәсіпқойлар арасындағы кедергісіз ынтымақтастықты кәсіпаралық қызметтердің тиімділігі мен сапалы принциптеріне сәйкес қаматамасыз ету, медицианлық ұйымдардағы мейіргерлік қызметті басқару мен мейіргерлік күтімнің сапасын арттыру және басқара білу.
КҚ-3.1. Мейіргерлік істегі менеджмент: медициналық ұйымдардағы мейіргерлік күтім саласындағы қиындықтарды өзбетінше тиімді шешу жолдарын табу және де стратегиялық жоспарды жүзеге асыру мен әзірлеуге қабілетті болу, ресурстар мен мейіргерлік қызметкерлерді тиімді басқарады, зерттеу нәтижелері негізінде тиімді мейіргерлік күтімді ұйымдастыру алады. Жоғары сапалы нәтижемен қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдардағы мейіргерлік күтім саласында ұсынылған маркетингтік қызметтерді дамытады.
КҚ-3.2. Басқару мен ынтықмақтастық: топтар мақсатқа жету үшін кәсіпқойлар арасындағы ынтымақтастықты дамытады және шұғыл бағалайды, жанжалды басқару әдістерін тиімді қолданады және басқарудың түрлі стилдерін бейімдейді, командалық жұмысты үйлестіру үшін қажетті басқарудағы түйін принциптерін, топтар мен қызметкерлердің потенциалын, кәсіби дамудың жоғары құндылығын мойындайды.
КҚ-3.3. Сапасы: нормативті-құқықтық актілерге сәйкес ұсынылған мейіргерлік күтім мен қызметтің сапасын бағалауды және қамтамасыз етуді өзбетінше жүргізеді. Мейіргерлік қызметтің сапасын жақсарту үшін басқару шешімін қабылдауда жауапкершілікті алады және шешім қабылдай алады. Мейіргерлік практиканың сапасын арттыру үшін мейіргерлік күтімдегі халықаралық инновациялық идеяларды түсіну және мойындау. Ұйымдағы құжаттарды басқарудағы жауапкершілікті мойнына алады.

КҚ-4.

Денсаулықты нығайту.
Жедел, стратегиялық және тактикалық деңгейлерде отбасы мен қоғамда, жеке тұлғалардың денсаулығын нығайту мақсатында белсенді жұмыс жасауға қабілетті.
КҚ-4.1. Салауатты өмір салты мен мінез-құлық стратегиясы: жекешеленген деңгейде денсаулықты нығайту шеңберінде стратегияны шұғыл бағалай білуге, отбасы мен ұйымдар деңгейінде өмір сапасын жақсартуға қабілетті бола білу.
КҚ-4.2. Әлеуметтік мәні бар ауруларды жүргізу: тұрғындармен отбасы деңгейінде, жекеленген деңгейде әлеуметтік мәні бар аурулардағы денсаулықты нығайту бағдарламаларын әзірлеу мен олардың тиімділігін бағалай отырып, тұрғындардың денсаулық жағдайын сараптай білу.
КҚ-4.3. Денсаулықты нығайту саласындағы саясат: ұлттық және аймақтық, жергілікті жер деңгейіндегі денсаулықты нығайту стратегиясын әзірлеуге қатысу үшін алдыңғы қатарлы дағдылармен білімді меңгеру.

КҚ-5.

Оқыту және тәлімгерлік.
Мейіргерлік практикада оқыту және санитарлық ағарту, жекелеген тұлғалардың/пациент, отбасы, топтарды бекіту үшін мінез-құлық дағдыларын, функционалдық, автономдық және салауатты өмір салтын қабілетті оқытуды жүзеге асыруға мамандардың тәлімгерлік жасауы және тәлімгерлікте ғылыми негізделген қызмет түрлерін меңгеруі тиіс.
КҚ-5.1. Оқыту: мейіргерлік күтім қауіпсіздігі мен тиімділігін, сапасын арттыруға бағытталған түрлі қызмет түрлері бойынша кәсіпқойлар дайындау және оқытуға қабілетті болу.
КҚ-5.2. Топтарда және отбасы, жеке тұлғалар/пациенттерді оқыту:салауатты өмір салтына үлес қосу үшін пациентке бағытталған әдісті оқытуды қолдана отырып күнделікті өмірде өзіне өзбетінше күтім жасау, функционалды мүмкіндіктерін кеңейтуде кеңес беру мен нұсқаулықтар жүргізу, оқытады, ынталандырады, топтар мен отбасы, жеке тұлға/ пациенттердің потенциалды мүмкіндіктерін нығайтуға өзбетінше әрекет етеді.
КҚ-5.3. Оқыту құралдары мен әдістері: жоспарлауға, әзірлеуге, жүзеге асыру мен сараптауға және ақпараттың нақтылығымен сенімділіген бағалай алатындай болу, жеке тұлға/ пациенттерде, отбасы мен топтарда мейіргерлік іс саласындағы ғылыми негіздегі жетістіктерге негізделген ақпараттарды қабылдау мен жеке сипаттамасын ескеру.

5В110100 – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
бакалавриат стандартына 3-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет