Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министінің


Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар



бет7/16
Дата21.06.2023
өлшемі174,64 Kb.
#102801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

21. Жоғары білімнің мақсаты 5В110100 – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша дербес жұмыс жасау үшін жоғары білімі бар мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға сай келетін білікті, бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.


22. 5В110100 - «Мейіргер ісі» мамандығы шеңберінде ЖОО 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 117 бабының 2 тармағына сәйкес бекітілген Ұлттық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.
23. Білім беру қызметін ұйымдастыру академиялық күнтізбенің, оқу сабақтарының кестесінің негізінде жүзеге асырылады. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшем құралдары «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын 43 тармағына сәйкес оқу жоспарлары (типтік, жеке, жұмыс) мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдердің ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.
24. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.
Оқу жоспарлары Үлгілі ереженің 43 тармағына сәйкес ҮОЖ, ЖОЖ, және ОЖЖ бөлінеді
25. Үлгілік оқу жоспары (ҮОЖ) осы стандарт негізінде 5В110100 – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша әзірленеді және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбексыйымдылығы және әрбір оқу қызметінің түрі (практика, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты жазу және қорғау) кредитпен айқындалады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
26. ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын ЖОО таңдау компонентіндегі барлық пәндердің жүйеленген, аннотацияланған тізбесі болып табылатын элективті пәндер каталогын (ЭПК) әзірлейді.
ЭПК-де әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. ЭПК студенттерге элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
27. 5В110100 – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде студент эдвайзердің көмегімен жеке жұмыс жоспары (ЖОЖ) құрады. ЖОЖ әрбір студенттің жеке білім алу траекториясын айқындайды.
ЖОЖ-ға ҮОЖ-дан міндетті компонент пәндері және оқу қызметінің түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) және ЭПК-дан таңдау компоненті пәндері кіреді.
28. ОЖЖ оқу жылына 5В110100 – «Мейіргер ісі» мамандығының ҮОЖ-ы мен студенттердің ЖОЖ-ы негізінде әзірленеді және оны ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы еңбекті қажетсінуі, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері мен бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) айқындалады.
29. ЭПК, ЖОЖ және ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын әзірлеу және бекіту тәртібін ЖОО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (№ 6976 нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген). Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесінің (бұдан әрі- Ереже) 15, 16, 19 тармақтарына сәйкес өз бетінше айқындайды.
30. Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және оларды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
31. Барлық оқу пәндерінің мазмұны үлгілік және оқу жұмыс бағдарламаларымен (силлабус) айқындалады.
32. Міндетті минимум мен ЖОО ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі шеңберінде алынған білім деңгейі бақылаудың әртүрлі түрлері арқылы қамтамасыз етіледі.
33. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылауды және олардың оқу пәндері немесе модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр академиялық кезең мен оқу жылы аяқталған кезде), Ереженің 64 тармағына сәйкес, Тіркеу (бөлім, сектор) кеңсесі ұйымдастырады және бақылау мен бағалау оқытудың қорытынды нәтижесіне бағытталуы тиіс.
34. Тіркеу кеңсесі білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын есепке алады, ол студенттердің белгіленген үлгідегі транскриптінде, Ереженің 2 қосымшасына сәйкес бекітілген түрде көрсетіледі.
Транскрипт білім алушыға білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.
35. Бітірушілердің білімін, іскерлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды қорытынды аттестаттау кезінде жүзеге асырылады.
36. ЖОО бітірушілерін қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жоспарларында көзделген мерзімде өткізіледі.
37. Қорытынды аттестаттау мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру және дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау түрінде немесе мамандық бойынша және қосымша екі бейіндеуші пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру түрінде жүзеге асырылады.
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау дипломдық жұмысты (жобаны) жазудан және қорғау рәсімінен тұрады. Бұл ретте дипломдық жұмыс (жоба) бітірушінің талдау және зерттеу қабілеттерін анықтау және бағалау мақсатын көздейді.
38. Білім беру мазмұнын жоспарлауды, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу тәсілін ЖОО кредиттік оқыту технологиясы негізінде өз бетінше жүзеге асырады.
39. Оқу процесін жоспарлау кезінде ЖОО осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес 5В110100 - «Мейіргер ісі» мамандығы бакалавриатының білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.
40. Білім беру бағдарламаларының құрылымы білім беру мазмұнын айқындайтын оқу жұмыстарының түрлерінен қалыптастырылады.
41. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы:
1) жалпы білім беретін, базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын теориялық оқытуды;
2) оқытудың қосымша түрлері – кәсіптік практиканың түрлерін, дене шынықтыруды, әскери дайындықты және т.б.;
3) аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды.
Бұл ретте бакалавриаттың білім беру бағдарламалары модульді оқыту қағидаты бойынша құрылады.
42. Оқу жұмысының еңбекті қажетсінуін есепке алу оқытылатын материалдың көлемі бойынша жүзеге асырылады және оқытудың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті студенттер мен оқытушылардың еңбек шығынының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді.
Кредиттер білім беру бағдарламасының жекелеген пәндерінің және/немесе модульдерінің (элементтерінің) шартты «бағасын» көрсетеді. Жалпы еңбекті қажетсіну ұғымына лекциялық, практикалық (семинарлық), зертханалық, студиялық сабақтар, студенттердің өзіндік жұмысы, курстық, есептік-графикалық жұмыстар (жобалар), кәсіптік практиканың, тағылымдамалардың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту кіреді.
43. Теориялық оқытудың жалпы еңбекті қажетсінуі оқытылатын оқу пәндерінің тізбесімен анықталады.
44. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің көлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте пән, әдетте, кемінде 3 кредит көлемімен бағаланады.
Ерекше жағдайда пәнді 2 кредитпен бағалауға жол беріледі.
45.Әр бір пәннің қайталанбайтын аталуы болу керек.
46. Білім алушылар әрбір оқу пәнін бір академиялық кезеңде меңгеріп, оны аяқтаған соң емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады. Кәсіби практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар) бойынша қорытынды бақылау білім алушылардың оқу жұмысының аталған түрлерін қорғау түрінде өткізіліп, белгіленген бағалар шкаласы бойынша бағаланады.
47. ЖОО-ның білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларына қолданыстағы заңнаманың нормаларын іске асыратын пәндер міндетті түрде кіреді.
48. Бакалавриатта білімді меңгерудің нормативтік мерзімі «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 1080 Қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – №1080 Қаулы) Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 64 тармағына сәйкес 4 жылды құрайды.
49. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгерген және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесі немесе біліктілік және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет