Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министінің


В110100 – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бакалариаттың білім беру бағдарламасын іске асыру үшін тұлғаларға қойылатын талаптар



бет9/16
Дата21.06.2023
өлшемі174,64 Kb.
#102801
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
5В110100 – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бакалариаттың білім беру бағдарламасын іске асыру үшін тұлғаларға қойылатын талаптар



Мамандықтар

Медициналық жоғары оқу орындарына түсушілерге қойылатын талаптар

5В110100 – «Мейіргер ісі»

Базалық орта білім.
Орта кәсіптік білім (барлық мамандықтар).

5В110100 – «Мейіргер ісі» (жылдамдытылған оқу мерзімі)

Кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар орта медициналық білім.
Қолданбалы бакалавриат «Мейіргер ісі».



Ескерту:


«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат базасында білім алушы, 1080 Қаулысының 82-тармағына сәйкес, жоғары оқу орны есептеп, транскриптіне міндетті түрде енгізетін алдыңғы білімде меңгерген пререквизиттеріне қарай өзінің жеке оқу жоспарын құрастырады және тиісті мамандық бойынша, бірақ алдыңғы білім деңгейін ескере отырып, қолданыстағы білім беру бағдарламасы негізінде жоғары оқу орны дербес анықтайтын жеке оқу мерзіміне және білім беру бағдарламасының көлеміне ие болады.

5В110100 – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша


мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
бакалавриат стандартына 1-қосымша
Жалпы білім беру пәндерінің міндетті компоненттерінің мазмұны



Цикл индексі (пән)

Пәндердің атауы мен негізгі бөлімдері

Пәннің мазмұны

Құзреттілікті қалыптастыратын код

ЖБПМ 01

Қазақстанның қазіргі заман тарихы



Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері. Қазіргі кездегі «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні туралы түсінік. Тарих, жеке тұлға, мемлекет. Тарих және өркениет. Бүгінгі Отан тарихының қызметі мен принциптері. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын әлемдік тарихи үдерістер аясында қарастыру. Ұлттық тарихтың құндылықтары. «Қазақстан Республикасында тарихи сананың қалыптасуы концепциясы». Бүгінгі Қазақстанның тарихын кезеңдерге бөлу. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын зерттеудің негізгі әдістері. Отан тарихын зерттеудегі жаңа теориялық-концептуалдық ұстанымдар. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша деректер мен зерттеулер. Отан тарихын зерттеудің ерекшеліктері. Қазақстанның бүгінгі таңдағы ұлттық тарихының өзекті мәселелері.

БҚ-1.
БҚ-2.
БҚ-3.

ЖБПМ 02

Философия

Философия пәні. Философия пәні, мақсаты мен қызметі. Ежелгі әлем философиясы. Қазақтардың философиясы. Ежелгі Шығыс философиясы. Антикалық философия. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. Жаңа заман философиясы. Еуропалық Ағартудың 18 ғасыр философиясы. Классикалық неміс философиясы. 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басындағы философия. Қазақ философиясы. Әлемнің философиялық түсінік негіздері. Онтологияның орталық санаты ретіндегі болмысы. Даму принциптері: диалектика және синергетика. Танымның шекаралары мен мүмкіндіктері. Ғылыми танымның өзгешелігі. Даму мен ізденудегі философия. Философиялық антропология. Әлеуметтік философия. Заманауилықтың ғаламдық шақырылуын философиялық түсіну.

БҚ-1.
БҚ-2.
БҚ-3.

ЖБПМ 03

Шет тілі

Шет тілдерін үйренуге фонетикалық, орфографиялық, лексикалық және грамматикалық ережелер. Фонетика: шет тілінің айтылу және ырғақтық-интонациялық ерекшеліктері, тілдің дыбыстық жүйесінің рецепциясы және репродукциясы. Орфография: тілдің әріптік дыбыс жүйесі, негізгі орфографиялық ережелер. Лексика: сөзжасам үлгілері; көлемі базалық тілдің 2500 бірлігін құрайтын, монымен қатар, мамандықтың бейініне сәйкес келетін терминдердің лексикалық минимумы; қолдану салалары бойынша лексиканы саралау. Грамматика: негізгі сөз таптары – зат есім, сын есім, сан есім, үстеу, етістік, есімдік, көмекші сөз; жай сөйлем мен күрделі сөйлемнің құрылымы; сөзжасамның негізгі модельдері. Оқу: оқудың танысу, іздеу, зерттеу және қарау машықтарын қалыптастыру. Сөйлеу: зерттелген тақырыптар аясында диалог пен монолог сөйлеу машықтары. Жазу: шығарма және жеке және іскерлік сипаттағы хат жазудағы ақпараттық дағдыларды жүйелі дамыту. тілдік нормаларға сәйкес мамандық бойынша шет тілінен қазақ (орыс) тіліне мәтіндерді аудару. Тыңдалым: күнделікті, ақпараттық, кәсіптік сипатта тыңдауда дыбысты қабылдау

БҚ-1.
БҚ-2.
БҚ-3.

ЖБПМ 04

Қазақ (орыс) тілі

Қазіргі қазақ (орыс) тілінің фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, морфологиялық, синтакситік нормаларының негізгі ұғымдары. Сөйлемнің деңгейінде: жай және күрделі сөйлемдердің құрылымындағы субъектілік предикаттық қатынас, жай, салалас құрмалас бағынықылы, сабақтас құрмалас бағынықылы сөйлемдердегі объектілік, анықтауыштық, пысықтауыштық мағыналарының айтылуы. Жалғаулықсыз сөйлемдердегі салаластық және сабақтастық қатынастардың айтылуы. Мәтіннің деңгейінде: әр түрлі түрдегі мәтіндердің құрылысы мен байланысу түрлері, қазіргі қазақ тілінің әр түрлі стильдерінің (публицистикалық, көркемдік, ресми-іскери) ерекшеліктері, сөйлеудің ғылыми стилінің ерекшеліктері: ғылыми баяндаманың, сын-пікірдің, андатпаның, түйіндеменің құрылысы. Сөйлеу әрекеті деңгейінде: оқу, түсінік беру, компрессия, мәтіндердің мазмұнын баяндау. Әр түрлі түрдегі рефераттардың, түйіндемелердің, андатпалардың, сын-пікірлердің жоспарларын жасау және жазу. Әр түрлі түрдегі монологтардың, диалогтардың, полилогтардың, сөйлесу әдептерін құрастыру

БҚ-1.
БҚ-2.
БҚ-3.
КҚ-1.

ЖБПМ 05

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Қоғам дамуының шешуші секторларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі. АКТ стандарттары. Компьютерлік жүйелерге кіріспе. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы. Бағдарламалық жасақтама. Операциялық жүйелер. Адам-компьютер өзара әрекеттестігі. Деректер қоры жүйесі. Деректерді талдау. Деректерді басқару. Желілер және телекоммуникациялар. Киберқауіпсіздік. Интернет технологиялар. Бұлтты және мобильді технологиялар. Мультимедиялық технологиялар. Smart технологиялар. E-технологиялар. Электрондық бизнес. Электрондық оқыту. Электрондық үкімет. Кәсіби саласындағы ақпараттық технологиялар. Индустриалық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму перспективалары.

БҚ-1.
БҚ-2.
БҚ-3.
КҚ1.

БПМ 01

Кәсіби қазақ (орыс)тілі

Кәсіби қазақ (орыс) тілінде мамандықтың пәндік саласына кіріспе. Кәсіби қазақ (орыс) тілі адамзат қызметінің белгілі бір саласына қызмет көрсетуші (мамандық ерекшелігін ескеріп) тәртіптік феномен ретінде. Пәндік-тілдік материалды меңгеруді қалыптастыру негіздері. Негізгі санаттық-ұғымдық аппарат оның кәсіби қазақ (орыс) тілдік мәнерінде. Қазақ (орыс) тіліндегі кәсіптік терминология. Арнайы кәсіпке бағдарланған материал және оны берілген кәсіптік жағдаяттарда пайдалану. Мамандық бойынша пәндік сала мазмұнының қазақ (орыс) тіліндегі сипаттамасы. Кәсіптік құзырет: қазақ (орыс) тіліндегі мәтіндерді бағдарлау, кәсіптік мазмұндағы монологтық пікір айту және т.б. Кәсіби қазақ (орыс) тілінің мамандық пәндерімен байланысы. Кәсіби қазақ (орыс) тілін трансформациялау және дифференциациялау.

БҚ-1.
БҚ-3.

БПМ 02

Кәсіптік бағдарланған шет тілі

Кәсіби бағдарланған шет тілінде мамандықтың пәндік саласына кіріспе. Кәсіби бағдарланған шет тілі адами қызметтің белгілі бір саласына (мамандық ерекшелігін есепке алғанда) қызмет ететін пәндік феномен сияқты. Пәндік-тілдік материалды меңгеруді қалыптастыру негіздері. Шет тілдік мәндегі базалық санаттық-ұғымдық аппарат. Кәсіби шет тілі терминологиясы. Арнайы кәсіби бағдарланған материал және оны берілген кәсіби жағдаяттарда пайдалану. Мамандық бойынша пәндік сала мазмұнының шет тілдегі сипаттамасы. Кәсіби құзырет: шет тіліндегі мәтіндерге бағдарлану, кәсіптік мазмұнда монологтық пікір айту және т.б. Кәсіби бағдарланған шет тілінің пәндерімен байланысы. Кәсіби бағдарланған шет тілін трансформациялау және саралау.

БҚ-1.
БҚ-3.

БПМ 03

Анатомия, физиология және патология

Адам ағзасы. Әртүрлі жас санаттарындағы және мүшелер мен жүйелердің әр түрлі жағдайындағы функционалды жүйе. Жүрек қызметін реттеу. Гемодинамика негіздері. Тыныс алу үдерісінің негізгі кезеңдері. Ас қорыту қағидаттары мен тетіктерін реттеу. Роль гипоталамо- гипофизарно-надпочечниковой системы в регуляции деятельности организма. Нерв жүйесінің қызмет етуінің негізгі заңдылықтары. Жалпы нозология. Жалпы этиология және патогенез. Сыртқы этиологиялық факторлардың ағзаға ауру тудыратын әсері. Ағзаның реактивтілігінің және патологиядағы тұқым қуалаушылықтың рөлі. Жасушаның жалпы патологиясы. Жарақат морфологиясы. Дистрофиялар, классификация. Морфологиялық көріністер мен нәтижелер. Некроз. Қан айналым бұзылыстары. Қабыну туралы жалпы ілім. Аллергия. Заттектер алмасуының бұзылыстары. Жұқпалы процесс патофизиологиясы. Онкопатология.

БҚ-1.

БПМ 04

Дәлелді мейіргер ісі негіздері

Дәлелді медицинаға кіріспе, анықтамасы, негізгі принциптері, даму тарихы. Дүниежүзілік даму тарихы, тәжірибесі. Қазақстанда және ТМД елдерінде Дәлелді медицинаның алатын орны. Мейіргер ісінде ғылыми зерттеулердің дизайны, жіктелуі туралы түсініктеме. Дәлелділіктің иерархиясы, дәрежелері. Зерттеулерді жоспарлау, нәтижелерін толтыру. Медициналық мақалаларды жазу дағдылары. Дәлелді медицинаның 5 кезеңі. Интернеттен, электронды базалардан мәлімет іздеу. (BM және EBN). Клиникалық эпидемиологияның принциптері мен әдістері. Медициналық ақпараттарды талдау және сынап, бағалау. Клиникалық зерттеулерді әдістемелік сапасын бағалау. Дәлелді медбике ісінде этика сұрақтары. Ғылыми зерттеуге қатысатындардың рөлі мен құқықтары. Медбике ісінде клиникалық нұсқау, сапасын бағалау. AGREE сұрақнамасының құрылымы. Медициналық аудит. Медициналық көмекті жақсартуда медбикенің рөлі. Дәлелді медбике практикасын дамытудың әдістері мен стратегиясы. Зерттеу нәтижелерін медбике практикасында қолдану. Ұйымдастырудағы өзгерістердің модельдері, оларды практикаға енгізудегі кедергілерді жеңу.

БҚ-1.
БҚ-4.
КҚ-2.
КҚ-3.

БПМ 05

Хирургиядағы мейіргер ісі

Хирургиядағы мейірбике ісі. Хирургиялық және онкологиялық көмектің ұйымдастырылу жүйесі. Асептика және антисептика. Науқас пен қызметкерлердің жұқпадан қауіпсіздігі. Анестезиологияның жалпы сұрақтары. Десмургия. Қанкету және гемостаз, тез арада қан жоғалту. Трансфузиялогияның негізгі сұрақтары. Хирургиялық және онкологиялық аурулардағы мейірбикелік үрдіс. Травматологияның, реаниматологияның негіздері. Хиругиялық операциялар. Жедел және созылмалы хирургиялық жұқпалар. Күйіктер, үсіктер, оның емі. Іштің жіті аурулары, тамырлардың аурулары, қанайналудың бұзылуы, қантамырларының аурулары. Тоғышарлық аурулар. Пластикалық хирургия. Жеке хирургия.

БҚ-1.
БҚ-3.
КҚ-1.

БПМ 06

Жедел және шұғыл медициналық жағдайлардағы мейіргерлік күтім

Шұғыл жағдайлардағы мейірбикелік күтімді көрсетілудің ұйымдастырылуы. Шұғыл көмек кезіндегі мейірбикенің этикасы мен деонтологиясы. Жедел коронарлы синдром.Жүрек ритмінің бұзылысы. Гипертониялық криз. Жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі. Тыныс жеткіліксіздігі. Бронхиальді астма. ӨСОА. Пневмониялар. Жедел ми қанайналым бұзылысы. Эпилепсия. Комалар. Метаболикалық комалар. Шұғыл көмекті қажет ететін жедел жұқпалы аурулар. Тамақ токсикожұқпасы. Педиатриядағы терминальді жағдайлар. Шұғыл көмек пен күтім ерекшеліктері. Гипертермиялық синдром. Педиатриядағы күтім мен шұғыл көмек ерекшеліктері. Хирургия және гинекологиядағы жедел іш. Әртүрлі этиологиялы қан кетулер. Шок. Бас-ми жарақаты. Кеуде мен құрсақ қуысының жарақаттары мен зақымдары. Күйіктер. Суықты жарақат. Преэклапсия. Эклампсия. Стоматологиядағы шұғыл жағдайлар. Анафилактикалық шок. Есекжем. Квинке ісігі. Лайелла синдромы. Кенеттен және аз уақытты естен тану. Психикалық кызметтің бұзылысы.

БҚ-1.
КҚ-2.
КҚ-3.

БПМ 07

Педиатриядағы мейіргер ісі

Бөлімшеде санитарлық-эпидемияға қарсы режимді қамтамасыз ету. Науқаста клиникалық тексерудің негізгі әдістері. Науқасты тексерудің жалпы жоспары. Сырқатнама схемасы. Науқасты субьективті тексеру. Неонаталдық кезеңде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Жаңа туған нәрестелерді скринингтік тексеру. Балалар скринингі. Балалардың тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Асқазан-ішек аурулар кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Қан айналымы органдарының аурулар кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Балалар ауруларын біріктіріп жүргізу. Жүрек-өкпе реанимациясын жасау: «ауыздан ауызға» және «ауызбен мұрынға» әдістерімен қолдан дем алдыру, бұлтарма жүрек массажы. Балаларда шұғыл жағдайлар кезінде көмек көрсету (анафилактикалық шок, бронх демікпесі, гипертермия, тырыспа, ларингоспазм)

КҚ-1.
КҚ-2.
КҚ-5.

БПМ 08

Акушерия және гинекологиядағы мейіргер ісі

Гинекологиялық патология және кеңінен тараған негізгі акушерлік жағдайлар туралы дәлелді білімдер; Акушерлік және гинекологиялық аурулардың ең көп таралған жағдайында мейіргерлік үрдісті іске асыру. Жүкті және бала емізетін әйелдер үшін фармакотерапияның ерекшеліктері. Отбасын жоспарлау мәселелері бойынша адамдарды, науқастарға және отбасыларына кеңес беру; Балалық шақ кезеңдердің кең таралған патологиялардың негізгі көріністері туралы дәлелді білімдер; Ең көп кездесетін балалық жас аурулары кезінде мейіргерлік үрдісті жүзеге асыру. Ең көп кездесетін балалық жас аурулары кезінде балалар ауруларын біріктіріп жүргізу. Әртүрлі жастағы балаларға арналған фармакотерапияның ерекшеліктері.

БҚ-1.
КҚ-2.
КҚ-4.

БПМ 09

Ішкі аурулар пропедевтикасы

Пациентті клиникалық тексерудің негізгі әдістері. Тыныс алу органдарының аурулармен ауыратын пациенттерді тексеру. Қан айналым органдарының аурулармен ауыратын пациенттерді тексеру. Гепатобилиарды жүйе және ас қорыту органдарының аурулармен ауыратын пациенттерді тексеру. Зәр шығару органдарының аурулармен ауыратын пациенттерді тексеру. Эндокриндік жүйе аурулармен ауыратын пациенттерді тексеру. Аллергоздармен және буын аурулармен ауыратын пациенттерді тексеру. АИТВ инфекциясы туралы түсінік. Ішкі органдардың түрлі патологиясы бар ауруларды курациялау. Оқу сырқатнамасы.

БҚ-3.
КҚ-1.
КҚ-2.

БПМ 10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет