Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министінің


«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім бағдарламасын меңгергісі келетін тұлғалардың білім деңгейіне алдын ала қойылатын талаптар



бет6/16
Дата21.06.2023
өлшемі174,64 Kb.
#102801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
! 07

«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім бағдарламасын меңгергісі келетін тұлғалардың білім деңгейіне алдын ала қойылатын талаптар



Мамандығы

Оқыту мерзімдері

«Медбикелік іс» мамандығы бойынша Жоғары колледждерге түсетін тұлғалардың білім деңгейіне қойылатын талаптар

030200 0
«Мейіргер ісі»
Біліктілігі «Қолданбалы бакалавр»

3 жыл 6 ай

Жалпы орта білім немесе техникалық және кәсіби білім

030200 0
«Мейіргер ісі»
Біліктілігі «Қолданбалы бакалавр»

1 жыл 6 ай



030200 0 «Жалпы практикадағы медбике», «мамандандырылған медбике» біліктілігімен
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білім немесе 030100 0 «Фельдшер» біліктілігімен «Емдеу ісі» біліктілігімен, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы «____»____________
№ _______ бұйрығына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің міндетін атқарушының
31 шілде 2015 жыл № 647 бұйрығына
4-қосымша
5В110100 – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру бакалавриат стандарты

  1. Жалпы ережелер




  1. 5В110100 – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша осы жоғары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 175 бабының 3 тармағына сәйкес әзірленді және білім алушылардың даярлық деңгейіне, білім беру мазмұнына, олардың типтеріне, түрлеріне және меншік нысандарына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, жоғары оқу орындарында білім алушылардың оқу жүктемелерінің ең көп көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.

Осы стандартта келесі терминдер мен олардың анықтамалары қолданылады:

  1. біліктілік сипаттамалары – қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік даму жүйесінде және тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, шеберліктер мен дағдылар.

  2. біліктілік талаптары – қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік даму жүйесінде және тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, шеберліктер мен дағдылар.

  3. дипломдық жұмыс (жоба) – студенттің және курсанттың (бұдан әрі – студент) таңдалған мамандық саласындағы өзекті проблеманы өз бетінше зерделеу нәтижелерінің жинақталуы болып табылатын бітіру жұмысы;

  4. клиникалық база қазіргі заманғы әдістері негізінде ұйымдастыру-әдістемелік, оқу материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейі бар, дәрігерлерді, ғылыми кадрларды даярлау мен қайта даярлауды жүзеге асыратын, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының және медициналық көмектің барлық түрлерін көрсететін жергілікті ұйымдардың базасында қызмет жасайтын жоғары оқу орнының немесе денсаулық сақтау ұйымының клиникасы

  5. ментор (ұстаз) – клиникалық базада клиникалық және дипломалды практикалардан өту барысында студенттердің теориялық және практикалық машықтарының бекітілуіне септігін тигізетін білікті мейіргер;

  6. дуальді оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын ұсына отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

  7. кәсіби практика - болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыстың түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;

  8. жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – үлгілік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;

  9. бакалавриат – білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім;

  10. кәсіби құзыреттер – құқық қорғау органдары жүйесінде және тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, шеберліктер мен дағдылар;

  11. міндетті компонент – үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің ең аз көлемінің тізбесі;

  12. оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – мамандық бойынша үлгілік оқу жоспары мен студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде білім беру ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты;

  13. тіркеуші кеңсесі – (бөлім, сектор) білім алушының оқу жетістігінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрін ұйымдастыруды және академиялық рейтингін есептеуді қамтамасыз ететін қызмет;

  14. таңдау компоненті – жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдай алатын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің тізбесі;

  15. транскрипт – оқу кезеңіне сәйкес кредиті көрсетілген пәндер тізімінен тұратын және әріппен, санмен бейнеленген үлгерім бағасы берілген арнайы үлгідегі құжат;

  16. үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ҮОБ) – оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын әдебиетті анықтайтын және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтың үлгілік оқу жоспарының міндетті компонентіндегі пәннің оқу құжаты;

  17. үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ) – Қазақстан Республикасының жоғары және ЖОО-нан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші мен осы стандарт негізінде әзірленетін, міндетті компонент пәндерінің тізбесі мен кредиттердің ең аз көлемін және практиканың, қорытынды аттестаттаудың барлық түрлерін көрсете отырып, пәндер циклі бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен көлемін регламенттейтін, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін оқу құжаты;

  18. элективті пәндер каталогы (бұдан әрі – ЭПК) – зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдер) және зерттеуден күтілетін нәтижелерді (студенттердің алатын білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете отырып, пәннің қысқаша сипаттамасын қамтитын таңдау компоненттері бойынша барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі;

  19. эдвайзер – мамандығына сәйкес білім алушыларға академиялық ұстаз қызметін атқаратын, оқыту барысында білім беру бағдарламасын таңдау және мңгеруде білім алушыларға пәндерден жеке оқу жоспарын құруға көмектесетін кафедра оқытушысы.

2. 5В110100 - «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша жоғары білім беру бағдарламасын іске асыру үшін тұлғаларға қойылатын талаптар осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген.
3. Қазақстан Республикасының ЖОО бакалаврлар даярлауды:
1) 5В110100 - «Мейіргер ісі» мамандығына арналған МЖМБС және үлгілік оқу жоспарына;
2) академиялық күнтізбеге;
3) студенттердің жеке оқу жоспарларына;
4) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына;
5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.
4. Жоғары білім берудің МЖМБС:
1) жоғары білім берудің және оқытудың мазмұнын айқындайды, осы стандарттың 2-қосымшаларына сәйкес;
2) білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне және даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.
5. Стандарт талаптары:
1) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларын;
2) білім беру бағдарламаларын;
3) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларын;
4) студенттердің жеке оқу жоспарларын;
5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде міндетті.
2. Білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар

6. Жоғары білім беру 5В110100 – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «бакалавр» дәрежесін және біліктілік бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған.


7. Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП), базалық пәндер (БП) және бейіндеуші пәндер циклдері міндетті компонентті және таңдау компонентін қамтиды.
8. Міндетті компонент пәндерінің тізбесі және көлемі, осы стандарттың 3- қосымшасына сәйкес 5В110100 - «Мейіргер ісі» мамандығының үлгілік оқу жоспарымен айқындалады.
9. Жылдамдатылған оқу мерзіміндегі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша Міндетті компонент пәндерінің тізбесі және көлемі, осы стандарттың 4- қосымшасына сәйкес 5В110100 – «Мейіргер ісі» мамандығының үлгілік оқу жоспарымен айқындалады.
10. Таңдау компоненті нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі мен еңбек нарығының сұранысын, нақты ЖОО-ғы ғылыми мектептің қалыптасуын, сондай-ақ білім алушының жеке қызығушылығын ескереді.
11. ЖБП циклінің мазмұны үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 20%-ын немесе 28 кредитті құрайды. Оның ішінде 21 кредит міндетті компонент пәндеріне бөлінеді: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шет тілі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Таңдау компоненті ЖБП цикл пәндерінің жалпы көлемінен кемінде 7 кредитті құрайды.
12. БП цикліндегі пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 55%-ын немесе 69 кредитті құрайды.
13. БП цикліндегі міндетті компонентке әрбіреуі кемінде 2 кредит көлемінде «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» және «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәндері енгізіледі.
Көрсетілген пәндер тілдік және тиісті мамандықтар бойынша бейіндеуші кафедраларға бекітіледі.
14. Бейіндеуші пәндер цикліндегі пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе 32 кредитті құрайды.
15. Оқытудың қосымша түрлері міндетті компонент болып табылатын «Дене шынықтыру» пәнінен және кәсіби практикадан тұрады.
16. Оқытудың қосымша түрлерінің міндетті компонентін меңгеру мемлекеттік білім беру тапсырысы шегінде қамтамасыз етіледі.
17. «Мейіргер ісі» мамандығының ерекшеліктерін ескере отырып білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемшарты білім алушылардың теориялық оқудың 129-дан астам кредитін меңгеруі болып табылады.
18. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тәсілдерін, студенттің өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау формаларын таңдау арқылы жүзеге асырылады.
19. Үш тілде білім беру бағдарламасын енгізген ЖОО оқытуды үш тілде жүзеге асырады: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Екі тілде білім беру бағдарламасын енгізген ЖОО оқытуды екі тілде жүзеге асырады: қазақ және орыс тілдері.
Бұл ретте әртүрлі тілдерде оқытылатын пәндердің пайыздық арақатынасын ЖОО айқындайды.
20. Дуальді оқыту элементтерін енгізген ЖОО білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды теориялық оқыту мен өндірістегі практикалық дайындықты үйлестіру негізінде жүзеге асырады.
Бұл ретте пәннің оқу материалының 50 %-ына дейіні тікелей клиникалық базада меңгерілуі тиіс екені көзделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет