Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министінің


Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар



бет8/16
Дата21.06.2023
өлшемі174,64 Kb.
#102801
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
! 07

4. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

50. Студенттің оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әр пән немесе оқу жұмысының түрі бойынша игеретін кредит санымен өлшенеді.


51. Профессорлар-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу сабақтарын кесте бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша оқытушының студенттермен байланыс жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
52. Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтары үшін 100 минутқа тең.
Практиканың, студенттерді қорытынды аттестаттаудың барлық түрлері үшін бір академиялық сағат 50 минутқа тең.
53. Студенттің оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу жұмыстарының түрлері үшін академиялық сағатпен ілесе жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттық байланыс сағаттары) анықталады.
Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең болуы мүмкін. Студенттің аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісті СӨЖ сағаттарының санымен толығады, осылайша бір кредитке студенттің семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.
Дәрістермен практикалық (семинар) сабақтар кезіндегі студенттің оқытушымен жұмысының байланыс сағаттары жиынтығында әр байланыс сағаты 2 сағат СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
Дене шынықтыру сабақтары қосымша СӨЖ сағаттарымен қамтылмайды.
Практиканың әрбір академиялық сағаты (оқу практикасынан басқа) студенттің қосымша жұмысының тиісті оқу сағаттарымен толықтырылады: педагогикалық практика үшін – 1 сағат, өндірістік практика үшін – 4 сағат.
Қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау бойынша студенттің оқытушымен байланыс жұмысының немесе мемлекеттік емтиханға дайындық және оны тапсыру бойынша студенттің оқытушымен жұмысының бір сағаты (50 минут) болып табылады. Студентті қорытынды аттестаттаудың әрбір академиялық сағаты 6 сағаттық СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
54. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, практикалардан, тағылымдамалармен каникулдан тұрады. Соңғы курста оқу жылына қорытынды аттестаттау кезеңі қосылады.
55. Оқу жылының жалпы ұзақтығы 36 аптадан кем болмауы тиіс.
56. Әрбір академиялық кезең ұзақтығы 1 аптадан кем болмайтын студенттерді аралық аттестаттау кезеңімен аяқталады.
ЖОО академиялық кезеңнің нысанын және оған қоса оны ұйымдастырудың біріктірілген нысанын да дербес анықтайды.
57. Аралық аттестаттау кезеңінде барлық оқытылған пәндер бойынша қорытынды бақылау жүргізіліп, ағымдағы үлгерім бағалары (ағымдағы және межелік бақылаулар нәтижелері бойынша орташа арифметикалық бағалар) ескеріле отырып, пәндер бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
Пән бойынша қорытынды бағада № 1080 Қаулының 75 тармағына сәйкес ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 %-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.
58. Бітіруші курсты қоспағанда, студенттерге оқу жылы ішінде кемінде екі рет жалпы ұзақтығы кемінде 7 аптаны құрайтын каникул беріледі.
59. Кәсіптік практика жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Ол оқу және өндірістік болып бөлінеді.
Практикалардың ұзақтығы студенттің практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативті жұмысын есепке ала отырып, аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемі тиісті практика түрінің оқу сағатымен есептелген еңбек қажетсінуіне көбейтіледі және студенттің апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлінеді.
Практиканың 1 кредитінің еңбекті қажетсінуі оқу практикасы үшін 15 сағатты (50 минуттан), педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік практика үшін 75 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде оқу практикасы үшін 0,5 аптаны, педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика, тағылымдамалар үшін 2,5 аптаны құрайды.
60. Студенттерді қорытынды аттестаттауды аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең студенттің апта бойғы жұмысының нормативті уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде СӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) қарай анықталады.
Қорытынды аттестаттаудың 1 кредиті 105 (15х7) сағатқа тең, яғни 2 апта. Олардың ішінде 15 сағаты студент пен оқытушының байланыстағы жұмысына, ал 90 сағаты СӨЖ-ге арналады.
Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға және оны тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта бөлінеді.
Дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға және қорғауға 2 кредит, яғни тиісінше 4 апта бөлінеді. Бұл ретте 2 кредитке дипломдық жұмысты (жобаны) ресімдеу мен қорғау кіреді. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау процесінің өзі алдын ала кәсіптік практика барысында және теориялық оқытудың соңғы кезеңінде жүзеге асырылады.
61. Білім алушылардың (бітіруші курсты қоспағанда) қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оқу жоспарларындағы академиялық қарызды немесе айырмашылықты жою үшін, игерген кредиттерін өз ЖОО-да міндетті түрде қайта тапсыра отырып басқа ЖОО-да оқу пәндерін оқып-үйрену, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін, екі дипломды білім беру шеңберінде аралас мамандықты меңгеру үшін №1080 Ереженің 79 тармағына сәйкес ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестр енгізілуі мүмкін.
Сонымен қатар академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарындағы айырмашылықтарды жою және қосымша оқу ақылы негізде жүзеге асырылады.
Жазғы семестр, ОҚТ (әскери дайындық) демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы мүмкін.
62. Кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында жылдамдатылған оқу мерзіміндегі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы:
1) ЖОО есептеп, транскриптіне міндетті түрде енгізетін алдыңғы білімде меңгерген пререквизиттеріне қарай өзінің жеке оқу жоспарын құрастырады;
2) «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша, бірақ алдыңғы білім деңгейін ескере отырып, қолданыстағы білім беру бағдарламасы негізінде ЖОО дербес анықтайтын жеке оқу мерзіміне және білім беру бағдарламасының көлеміне ие болады.
63. ЖОО-ның кадрлық құрамына қойылатын талаптар білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарымен және сол талаптарға сәйкестігін растайтын 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің бұйрығымен бекітілген құжаттар тізімімен айқындалған. (№ 11716 нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген).
5В110100 – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша
бакалавриат мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартына 1-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет